8.3 Теориялық мәліметтер
Көміртекті болаттың механикалық қасиеттері құрамындағы көміртегінің пайыздық мөлшеріне байланысты анықталатынын көміртекті болаттың құрылымын талдау жұмысында оқылған. Болаттың қасиетін құрамындағы көміртегінің мөлшерін өзгертпей термиялық өңдеу арқылы кеңінен өзгертуге болады.
Металды белгіленген температураға дейін қыздырып, осы температурада есепті уақыт ұстағаннан кейін әр түрлі жылдамдықпен суыту процестері термиялық өңдеу аталады. Термиялық өңдеу түрлеріне жасыту, шынықтыру және босату жатады.
Болатты тепе-теңдіктегі күйіне жеткізу үшін аустенитке өзгеруіне дейін қыздырып, соңынан өте баяу суыту (8.1-суреті, пешпен бірге, V1 жылдамдығы) арқылы жасыту жүргізіледі. Жасыту процесінен туындайтын негізгі өнім аустениттің ыдырауының t А1(727oС) өнімі - перлит.
Жасыту - жұмсартқыш термиялық өңдеу түріне жатады. Демек болаттың ең төменгі қаттылығын және кесіп өңдеуге, қысыммен өңдеуге бейімділігін көтереді және бұйымдар жасау процесінде қолданылатын механикалық өңдеулерден бұрын жүргізіледі.
Дайын бұйымдардың, тетіктердің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін ең тиімді механикалық қасиеттері шынықтыру және босату процестерінен тұратын термиялық өңдеудің нәтижесінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |