Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет82/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   174

 
180 
9. Бруменская 
Г.В., 
Карабанова 
О.А., 
Лидерс 
А.Г. 
Возрастно-
психологическое консультирование. Проблемы психического развития детей. – 
М., 1991. 
 
 
 
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР – БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ 
ОЙ-ӨРІСІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ 
 
Лиза Навий, Габбасова Г.А. 
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
guka21@mail.ru
 
 
Ойын  –  ғажайып  феномен  және  ойынға  арналған  зерттеулер  ойынға 
қатысты  сөздердің  көп  мәнділігі  мен  анықталмаушылығы  жөніндегі  пікір 
тұжырымдармен  басталатындығы  кездейсоқ  емес.  Әрине  этимологиялық 
зерттеулерге сүйене отырып ойынның ғылыми ұғымын құрастыруға болмайды, 
дегенмен  бұл  құбылыстың  спецификасын  түйсінуге  болады.  ХХ  ғасырдағы 
көрнекті  Нидерланды  ойшылы  И.  Хейзинга  [1]  «Ойнаушы  адам»  ұғымы 
«Жасаушы  адам»  ретінде  осындай  елеулі  қызметті  бейнелейтіндігін  айтады. 
Шындығында  іс-әрекеттің  қалған  түрлерінің  ешқайсысында  да  адам 
ойындағыдай  өзінің  психофизиологиялық,  интеллектуалдық  мүмкіндіктерін 
көрсете  алмайды.  Ойын  оқытады,  дамытады,  тәрбиелейді,  әлеуметтендіреді, 
көңіліңді  аулайды,  демалыс  сыйлайды.  Баланы  ойыннан  ажырату  –  оның 
дамуының  басты  көзінен:  шығармашылық  импульсінен  және  әлемді  тану 
үрдісін  жандандырудан  айыру  болып  табылады.  Д.Б.Эльконин  [2]  «Мәселе 
ойында  жекелеген  интеллектуалдық  операциялар  дамытылып  немесе  қайтадан 
қалыптасатындығында  ғана  емес,  айнала  қоршаған  ортаға,  өмір  тіршілікке 
қатысты  бала  позициясының  түбірімен  өзгеретіндігінде  және  басқа  да  мүмкін 
көзқарастармен қатар өз көзқарасының бағыты мен координациясының мүмкін 
өзгерісінің  механизмі  қалыптасатындығында»-деп  жазады.  К.Д.Ушинский  [3] 
оқушы  үшін  ойын  –  бұл  «шынайы  ақиқат  және  оны  қоршап  тұрған  шынайы 
әлемге  қарағанда  да  барынша  қызықты  ақиқат»  екендігін  тұжырымдады.  Ол 
балаға  түсінікті  болғандығы  үшін  қызықты  және  бұл  оның  жартысын  баланың 
өзі жеке жасағандығы үшін түсінікті болады. Ойын бала үшін ол талдау жасай 
отырып өзінің барлық тәжірибесімен өмір жөніндегі, адамдар жөніндегі барлық 
жинақталған ақпараттарын тексеретін тек қана бірқатар сараптамалық алаң ғана 
емес.  Ойын  ол  үшін  –  орасан  үлкен  әлем.  Әрі  жеке  өзіндік,  зайырлы  әлем, 
мұнда бала өзінің қалаған нәрсесін жасай алады. Ойынның төмендегі үш қырын 
айқын  белгілеу  жеткілікті:  зайырлылық,  ерте  кезеңдегі  балалыққа  және 
мектептің  алғашқы  жылдарына  тән  өмірдің  жартылай  жабық  әлемі;  әлеуметтік 
тәжірибе  жинақталуын  тексеру  кеңістігі  ретіндегі  сарапшылдық;  және 
танымның алғашқы баспалдағы.  
Ойынды  әралуан  ғылыми  мектептердің  өкілдері  әралуан  ғылыми  пәндер 
шеңберінде  зерттеді.  Философияда,  педагогикада,  психологияда,  тарих  және 


 
181 
өнер  теориясында  «ойын»  термині  әралуан  түсініктемелерге  ие.  Ойын 
модельдері  көптеген  факторлармен  байланысты  үрдістерді  болжамдаумен 
айналысатын  күрделі  жүйелермен  жұмыс  істейтін  білімнің  қолданбалы 
салалары мен ғылымда қолданылады. Ойын экономикалық үрдістерге, ғылыми 
және  көркем  шығармашылыққа,  саяси  күреске,  әскери  өнерге,  психотерапияға 
және  т.б.  ғылым  салаларына  енгізілген.  Қоғамдық  тәжірибеде  соңғы  жылдары 
ғылымда ойын ұғымы жаңаша талдап түсіндірілуде, ойын өмір мен мәдениеттің 
көптеген  салаларына  таралуда.  В.В.Гориневский  [4]  атап  өткендей  ойынды 
зерттеу  өз  өркендеуінің  үш  кезеңін  басынан  кешірді.  Алғашқы  кезеңге  ол 
ойынды  зерттеу  жанұяда  балаларға  тәрбие  беру  мәселелері  мән-мәтініне 
енгізілген  және  күнделіктік,  клиникалық  сипаттауларды  талдауға  негізделген 
20-30  жылдарды  жатқызады.  Екінші  кезең  (40-50  жылдар)  баланың  шынайы 
тәжірибесінің  бейнеленуі  ретіндегі  балалар  ойынының  мазмұнын  зерттеумен 
және  бала  тұлғасының  ерекшеліктерімен  осы  мазмұнын  байланысын 
айқындаумен  байланыстырылады.  Үшінші  кезеңді  В.В.  Гориневский  [4] 
балалар  ойынына  арналған  Ж.  Пиаже  жұмысының  пайда  болуымен 
байланыстырады.  Бұл  кезең  балалар  ойынының  құрылымын,  оның  жас 
кезеңдеріндегі  өзгерістерін  зерттеуге  бағытталуымен  сипатталады.  Ойынды 
зерттеудің  теоретикалық  негіздемелері  ретінде  психикалық  дамудың  жалпы 
концепциялары  алдыңғы  қатарға  шығады,  олармен  сәйкестікте  ойын  табиғаты, 
құрылымы  мен  мазмұны,  оның  пайда  болу  шарттары  мен  индивидтегі  дамуы 
анықталады.  Осыған  байланысты  балалар  ойынын  нақтылы  зерттеудің  негізгі 
үш  бағыты  айқындалады:  когнетивті  даму  мән-мәтінінде  (Ж.Пиаже, 
В.В.Гориневский) [4], әлеуметтік даму және эффективті-мотивациялық саланың 
дамуы.  
Ғылымда  балалар  ойынының  әралуан  тұжырымдаулары  қалыптасты: 
әмбебап ойын ұғымы және спецификалық әлеуметтік мәдени құбылыс ретіндегі 
ойындар.  Дегенмен  бірінші  тұжырым  да,  екінші  тұжырым  да  ойынды  белсенді 
–  жасампаздық  іс-әрекет  ретінде  түсінеді,  бұл  ойынның  тәрбиелеушілік 
потенциалын  зерттеудің  үлкен  мүмкіндіктерін  ашады.  С.А.  Шмакова  [5] 
тұжырымдаған  ойын  феноменінің  мәнін  бейнелейтін  бірқатар  жалпы 
ережелерді пайдаланамыз: 
1.  Ойын–көпжақты  ұғым.  Ол  сабақты,  демалысты,  көңіл  сергітуді, 
ермекті,  жұбануды,  жарысты,  жаттығуды,  тренингті  білдіреді.  Ойын  үрдісінде 
ересектердің  балаларға  деген  тәрбиелеу  бағытындағы  талаптары,  олардың 
өздеріне  қоятын  талаптары  болады,  демек  ойын  тәрбиелеу  мен  өзін-өзі 
тәрбиелеудің  белсенді  құралы  болып  табылады.  Ойын  әралуан  жас 
кезеңдеріндегі  балалардың  дамушы  іс-әрекеттерінің  дербес  түрі,  олардың 
тіршілік  әрекетінің  қағидалары  мен  тәсілдері,  баланың  таным  әдісі  және  оның 
ойындық  емес  сипаттағы  іс-әрекеті  мен  өмірін  ұйымдастыру  әдісі  ретінде 
көрінеді.  
2.  Балалар  ойыны  олардың  іс-әрекеттерінің  көрініс  беруінің  барынша 
еркін,  табиғи  формасы,  онда  қоршаған  орта  сезіледі,  зерттеледі,  өзіндік 
«менінің»,  жеке  шығармашылығының,  белсенділігінің,  өзін-өзі  танытудың, 
өзін-өзі бейнелеуінің көрініс беруі үшін кең кеңістік қамтылады. 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау