155
сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп
армандайтын еді халқымыз.
Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты
білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса,
үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып,
баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні
сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын
аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. «Әкесін аман сақтап
қалу үшін жанын қиған ұлдың өлімі – ең бақытты өлім болып табылады» -
деген Баласағұнидың ұстазнамалық тұжырымдамасында осындай керемет
ойлар жатыр.
Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл
келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат
шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе,
әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында
қалған баласы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе,
«орнында бар оңалар» деп бата береді.
Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-
қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың
– жағасы бар» деп арқа сүйенген.
Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып
жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар
сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға –
«жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып,
мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына
сай бейнеленеді:
а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы,
қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты».
ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты,
жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, жау жүректі, жылқыдай мінезді,
бұландай алып, сауысқандай сақ».
б) қабілет-икемі: «Көсем жігіт» – ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» -
дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» - еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері
жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын
баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы – бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән
салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.
«Жомарт жігіт» - дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан
жігіт» - мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы
шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі.
Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта
білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да
парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы
орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ
оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-
156
әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға
негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын
сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық. Ал, керісінше,
жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап,
шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басында асырай алмай жүрген
ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар
тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде
ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз
жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Бала
тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және
мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие
бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие
алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі
мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты.
Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша
қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан
әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең
ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де,
қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін
ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір
міндеті.
Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі.
Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының
салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады.
Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де
осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде,
әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.
Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта тектіден
текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына
айтылған. Жеті атаға дейін, өз руының қыздарына үйленбеуге тырысқан.
Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп дайындаған. Бала дүниеге
келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға тартады деп те
ырымдаған. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер
үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер дейді
дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты
жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай
сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар.
Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың
жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі
келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын.
Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала
ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына
қайдан сіңіреді? Қыздардың - анасына, ұлдардың - әкесіне еліктейтіні анық. Ұл
бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып түсер мықты адам
жоқ: ол көлік айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештемеден
Достарыңызбен бөлісу: |