Оқу сауаттылығы
Шие тергенде
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы ыдысына салды. Қанат өзі жинаған шиесін тойғанша жеп, содан соң ойнап кетті.
Таза ауада жақсы дем алып, шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды. Жанат әдейі тергенін айтып қолындағы шиесін атасына әкеліп берді. Атасы шиенің біреуін алып, дәмін көрді. Жанатқа қатты риза болып, оның өзін де шие жеуге шақырды. Жанат орманда тойғанынша жегенін айтты, дегенмен, атасының көңілін жықпай, аузына бір-екі шие салды.
-Қанатжан, сен неге отырмайсың? Жанаттың шиесін же, - деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп. Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.
1. Қанат шие теруге кіммен барды?
А) өзі, Жаннатпен
В) әжесімен, Жаннатпен
С) атасымен, әжесімен
Д) Жанатпен, атасымен
2. Атасы Жанатқа риза болды. Себебі,
А) атасына көмектесті
В) атасын шақырды
С) атасын ойлады
Д) Қанатты сыйлады
3. Қанаттың шие термеген себебі
А) ойнап кетті
В) теруді білмеді
С) қиналып кетті
Д) әжесіне көмектесті
4. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды тап
А) өзім дегенді өзегенен теппес болар
В) өзімшілдік өрге апармас
С) өзін ғана ойлаған, өзімшілдік белгісі
С) өсер елдің баласы өзгені де ойлайды
Қоян
Бір мезгілде күн батты. Түн болды. Ауылға жақын жерде бір қоян тұрушы еді. Қоян бір құлағын көтеріп тыңдап, артқы аяқтарымен шоңқиып отырды.
Маңайында қардан басқа ешнәрсе жоқ. Айдың жарығымен қар жалт-жұлт етіп толқын секілді құбылып жатыр.Қоян қырманға қарай орғи жөнелді. Жолда ескі таныстарынан екі қоянға кезікті. Олармен бірге ойнап жүрді.
Ауылда от сөнген. Иттің үргені басылған. Жалғыз-ақ бір үйден баланың жылаған дауысы естіледі. Қоян тез қырманға келіп жетті. Мұнда өзінің жолдастарына кез болды. Бәрі ойнады. Бидай мен сұлыны жеп түннің жартысын өткізді. Бір мезгілде күн шығыстан бозарып таң көрінді. Біздің қоян қайтадан жүгіріп, ініне келді. Екі құлағын арқасына салып, екі көзін ашқан қалпыменен ұйықтап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |