Математика сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың ғылыми –әдістемелік негіздері Жобалап оқытудың негізгі қағидасы оқушылардың дүниетанымын дамытуға, өз білімін өзбетімен талқылауға, сыни тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді. - Жобалап оқытудың негізгі қағидасы оқушылардың дүниетанымын дамытуға, өз білімін өзбетімен талқылауға, сыни тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді.
- Жобалап оқыту оқушылардың өзбетімен білім алуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істейді. Жобалап оқыту қандай да бір мәселенің шешімін іздейді, әр түрлі әдіспен бір нәрсені жобалап зерттейді, ал екінші жағынан өзінің білім, біліктілігі арқылы әр түрлі ғылым, техника, технология аймағында шығармашылықпен жұмыс жасайды.
-
- Жобалау нәтижесінде теориялық білімі мен практикалық білімі ұштасып, өмірге сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар жеке тұлға қалыптасады.
- Мұғалімнің міндеті- оқушылардың шығармашылықпен ойлауына дұрыс бағыт-бағдар беру, шығармашылықпен ізденуге мүмкіндік беру, жағдай туғызу, оны шешу жолын жүйелі түрде зерттеп, талдау жасау, жаңалық ашу немесе мәселені өзбетімен шеше білуге, істеген ісіне тұжырым жасауға үйрету.
- Жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеше білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
- Мұғалім мен оқушының іс-әрекет жүйесі
Жоба жеке немесе топтық болады . Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. - Жоба жеке немесе топтық болады . Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
- Оқыту жобаларының жаңашыл классификациясы оқушылардың жетік іс-әрекетіне негізделіп жасалған:
- Практикалық-бағдарланған жоба (оқулықтардан бастап оқыту үрдісінің ұсынбаларына дейін);
- Зерттеушілік жобасы – ғылыми зерттеу жұмысының барлық талабы бойынша қандайда бір проблеманы зерттеу;
- Ақпараттық жоба — қажет мәселе бойынша ақпаратты жинақтау және өңдеу аудиторияға, көпшілікке тұсау кесер өткізген жағдайда ( БАҚ берілген статья, Интернетке берілетін ақпарат);
- Шығармашылық жоба —проблеманы шешуде жоғары шығармашылық авторлық қызығушылық таныту. Өнімдер: альманахтар, видеофильмдер, театрализациялау, өнер бұйымдары т.с.с.
- Рөлдік жобалар — іскерлік ролдік ойындар, нәтижелер.
- Ғылыми жоба.
- Оқыту жобаларының классификациясы
- Құрылымы бойынша жобалар моножоба және пәнаралық болып келеді..
- Моножобалар бір пән шеңберінде немесе бір білім аймағында жүзеге асады.
- Пәнаралық —әр түрлі білім аймағының мамандарымен бірге жетекшілік жасап сабақтан тыс уақытта орындалады .
- Байланыс сипатына қарап жобалар: топішілік, региональдық және халықаралық болып келеді.Соңғы екеуі әдетте телекоммуникациялық жоба ретінде жүзеге асады, Интернет және инновациялық компьютерлік технологиялар арқылы.
- Мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді жоба болып бөлінеді.
-
- Жобаны презентациялаудың түрлері:
- - Баяндама,презентация;
- - Іскерлік ойындар;
- - Видеофильмді демонстрациялау;
- - Экскурсия;
- - Телебағдарлама;
- - Конференция;
- - Инсценировка;
- - Театрализация;
- -Тыңдаушылармен ойындар;
- - Диалог
- - Спорттық ойындар;
- - Спектакль;
- - Жарнама;
- - Прессконференция.
- Егер оқушы оқыту жобасымен жұмыс жасай алатын болса, онда оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамытады.
- Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі.
- Конфуцийдің : Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені – бұл технологияның негізгі ұстанымы.
Достарыңызбен бөлісу: |