- «№36 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
-
- Мақсаты:
- Білімділік : Тұрақты ток заңдарын білу,білімдерін күнделікті тұрмыста қолдану ережелерін білу және қолдана алуға дағдыландыру.
- Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға ,өз бетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өздігінен қортынды жасауға үйрету.
- Тәрбиелік: Іскерлікке, ұлтжандылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың ұраны:
- «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
- білімің мен еңбегін екі жақтап»
- Абай.
- Ой түрткі .
- Алғаш ойла, кейін сөйле.
- (сұрақ -жауап) жұмбақ түрінде.
- Әр топқа 4 жұмбақ жасырамын мүмкіндігінше жуабын айтып, жауабыңды толықтыр
- 1) Дүниеде бір дария беті қатқан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қараса ол құдыққа көз жетпейді, Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
- (білім ,ғылым)
- 2).Жоғалмайды ешқашан Түрлендірсең егер де. Басқа күйге ауыстырса, Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
- 3).Диэлектрикпен бөлінген, Екі өткізгіштен тұрады. Зарядттарды қойылтып, Құралдарға бұрады. (Конденсатор)
- 4)Бойындағы зарядты , Ұзақ уақыт сақтайды. Реленің күшімен, Бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
- Қабат-қабат қаптама , Ақылың болса аттама. (Кітап)
- Ток бар жерде біреу бар, Өлшемі вольт, киловольт. Ұмытып кетпе тағы да , Гектавольт және мегавольт. (Кернеу)
- Пайдаланған мені жұрт, Отын және жарыққа. Қызмет етем әрқашан, Түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
- Қол ұстасқан шамдардың, Мін таппайсың бойынан. Бірі қалса сүрініп, Бәрі кетер ойыннан. (Тізбектей жалғау)
- Бір ат бар бесеу ара,өзі жорға, Саламын жорғалатып жолдан-жолға. Найзамен қар үстіне суды құйып, Ғажайып бір іс қылдым осы жолда. (Қалам)
- Тізбектегі ток күші Тармақтарға бөлінер, Өткізгіштер біріккен , Ол нүктені түйін дер. Бұл жұмбақтың жауабы Қандай жалғау шешіңдер. (Параллель)
- Ток күшінің өлшемі Ағып өткен мөлшері Физикалық шаманы Ғалым атына теңеді. (Ампер)
- Үй сайын бір-бір құсты қойдық байлап , Тұрады уақытында көзі жайнап. Ішіне бір тал қылды салып қойғам, Кеш батса жүзі тұрады бал-бұл жайнап (Шам)
-
- 2. Ой қозғау.
- Көп ақылды жиылса, Қиын істі бітірер. (топпен жұмыс.)
- 2 топ
- Тұрақты токтың жұмысын ,қуатын және Джоуль -Ленц заңын анықтайтын формулаларды жазыңдар.
- 3 топ
- Өткізгіштерді қосу туралы жазыңдар
- Ой ашар.
- "Өнер сыры -өрнекте." (карточка бойынша сұлба сызу)
- Кім жылдам? топ мүшелері өзара сайысады.
- 1-топ
- Ток көзінен ,амперметрден,кілттен реостаттан және резистор кернеуін өлшейтін вольтметрден тұратын сұлба сыз.
- 2-топ
- Ток көзінен ,амперметрден,кілттен реостаттан және ток көзінің кернеуін өлшейтін вольтметрден тұратын сұлба сыз.
-
- 3-топ
- Ток көзінен, амперметрден, кілттен шамнан және шамның кернеуін өлшейтін вольтметрден тұратын сұлба сыз.
- 4. Ой дамыту.
- Ескісіз жаңа болмайды,
- Есепсіз дана болмайды.
- (берілген аспаптардан тізбек құрастырып есеп шығару)
- 2- топ
- Ток көзінің ЭҚК-ін күшін және оның ішкі кедергісін анықта.
- 3- топ
- Джоуль-Ленц заңына есеп шығар.
- 5.Ой қорыту.
- Тұлпар дүлділдігімен,
- Адам білгірлігімен.
- ( тест)
- 6.Рефлексия.
- Оқушылар алған әсерлерін айтады.
- 7. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» оқушылардың білімдерін бағалау.
- 8. «Оқу түбі – тоқу» үйге тапсырма.
- Осы тарау бойынша эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |