Марапаттау



жүктеу 5,68 Mb.
бет1/12
Дата26.05.2018
өлшемі5,68 Mb.
#18051
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің
27.01.2012 ж.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Марапаттау:

  1. Бірінші проректор Тасмағамбетов Әсет Сембайұлына «Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудағы зор еңбегі үшін» кеуделік белгісін табыс ету.

  2. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қайсағалиева Гүлжахан Смайылқызына «Ы.Алтынсарин» атындағы кеуделік белгісін табыс ету.

  3. Стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры О.В.Юровқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасын» табыс ету.

  4. Педагогика ғылымдарының кандидаты Медешова Айгүл Бақтығалиқызы мен өнертану кандидаты Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызына ҚР Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігін табыс ету.

  5. Республикалық СҒЗЖ байқауының жүлдегерлеріне дипломдар табыс ету.

  1. Попова Елена, Соловей Елена (орыс филологиясы) І дәрежелі диплом

  2. Ханафеева Милия (шет тілі: екі шет тілі) І дәрежелі диплом

  3. Молдашева Айкүн (қазақ тілі мен әдебиеті) ІІ дәрежелі диплом

  4. Елешев Әділжан (музыкалық білім) ІІ дәрежелі диплом

  5. Карташова Ольга (алғашқы әскери дайындық) ІІІ дәрежелі диплом

  6. Иманкулова Лунара (дизайн) ІІІ дәрежелі диплом

  7. Абоимов Александр (информатика) ІІІ дәрежелі диплом




  1. Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының 2011 жылғы қорытындылары. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

  2. І жарты жылдықтағы Ғылыми кеңес мәжілістері шешімдерінің орындалуы туралы. Ә.С.Тасмағамбетов - комиссия төрағасы

  3. Ағымдағы мәселелер

    1. 2010 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грант иегерінің есебі. Ә.М.Мұханбетжанова п.ғ.д., профессор

    2. Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., Р.Б.Сұлтанғалиеваны БҚМУ қауымдасты-рылған профессоры (доцент) атағына ұсыну туралы. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

    3. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ж.С.Жардемовті БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент) атағына ұсыну туралы. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

    4. Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі М.Х.Темірға-лиеваны БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент) атағына ұсыну туралы. Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

    5. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2011-2012 оқу жылындағы құрылымдық бөлімшелері (факультет, кафедра) мен ПОҚ рейтингі индикаторын және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2011-2012 оқу жылындағы құрылымдық бөлімшелері (факультет, кафедра) мен ПОҚ рейтингі туралы ережеге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды бекіту. О.В.Юров - стратегиялық даму және аккредиттеу орталығы директоры

    6. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқу үрдісін қашықтан оқыту технологиялары бойынша ұйым-дастыру туралы ережені бекіту. З.М.Габдуллина– қашықтан оқыту бөлімінің жетекшісі

    7. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сараман, мансап және маркетинг бөлімінің құжаттарын бекіту туралы. Н.А.Хабадашев - сараман, мансап және маркетинг бөлімінің жетекшісі

      1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сараман, мансап және маркетинг сайтын бекіту.

      2. М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерін жұмысқа орналастыру туралы ережені бекіту.

      3. М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің қауымдастығы туралы ережені бекіту.

      4. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жұмыс берушілер кеңесі туралы ережені бекіту.

    8. Ішкі нормативті құжаттардың сақталу мерзімін ұзарту туралы. Б.Б.Жұмағалиева - сапа менеджменті бөлімінің жетекшісі

    9. 2012-2013 оқу жылына жаңа мамандықтар ашу туралы. А.Ж.Құспанова – инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімінің жетекшісі

    10. «М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да бакалавриатта кредиттік оқу жүйесінде ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу» ережесін мен «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру» ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы. Г.С.Қайсағалиева – академиялық мәселелер жөнін-дегі департамент директоры

    11. 6М011000 физика мамандығының 1-курс магис-транты Г.Штыркинаны грантқа ауыстыру туралы. Ш.Т.Мұқанбетова – жоо-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі

    12. 6М010800 дене шынықтыру және спорт маман-дығының магистранты Б.А.Балыковтың ғылыми жетекшісін ауыстыру туралы. Ш.Т.Мұқанбетова – жоо-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі

    13. Ф.ғ.к.А.Ы.Мамыровтың «Қ.Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші» атты монографиясын баспаға ұсыну туралы. А.С.Ниетова – ғылыми хатшы

    14. 30.12.2011 жылғы №5 Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы (Университет мамандықтарының халықаралық аккредиттеуге дайындығы). О.В.Юров – стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры

    15. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржылан-дыру туралы ережені бекіту. О.В.Юров – стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры

    16. Университеттің үздік оқитын студенттеріне атау-лы шәкіртақы тағайындау туралы. Т.М.Дәрішева – ТІ және ӘМ жөніндегі проректор

    17. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2011-2012 оқу жылында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына ұсынылатын жұмыстар туралы. Э.Ж.Имашев – ҒЗЖ бөлімінің жетекшісі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры

_________А.С. Иманғалиев

____. _____. 2012 ж.

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының

2011 жылғы есебі


Орал, 2012


Мазмұны:
1. Университет ғалымдарының зерттеулері, нәтижелері
2. Байқаулар, конкурстар
3. Ғылыми орталықтардың жұмысы
4. Өткізілген ғылыми конференциялар мен іс-шаралар
5. Университетте ғылыми бағытта өткен семинарлар мен дөңгелек үстелдер
6. ПОҚ ғылыми басылымдары мен ғылыми іс-сапарлары
7. Университеттің Жас ғалымдар кеңесі
8. Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары
9. Университеттегі халықаралық ынтымақтастық пен академиялық оралымдылық қызметі жұмыстарының дамуы
Қорытынды
Қаулы жобасы

Құрметті Кеңес төрағасы, әріптестер!
Есепті 2011 жылы университетіміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жаңа талаптар 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заң және ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР БжҒМ-нің бұйрықтарына байланысты. Алдымен 2011 жылы 18 ақпанда қабылданған «Ғылым туралы» Заң ғылымды дамытуда жаңа өзгерістерге жол ашты. Қабылданған заңмен еліміздегі ғылымды қаржыландыру, ғылымға жаңа маман кадрлар дайындау мәселелері түпкілікті өзгерді. Заң аясында ҚР Үкіметі екі қаулы қабылдады.

- 2011 жылы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен «Ғылыми және ғылыми техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру қағидасы» бекітілді. Ол бойынша университетіміз, ғалымдарымыз гранттық, бағдарламалық – нысаналы қаржыландыруға қатыса алады. 2011 жылы шілде айының аяғында Ғылым комитеті 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаржы шегіндегі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты жариялады.

- 2011 жылы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен «Ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субъектілерін бекіту туралы қағидасы» бекітілді. Қаулы бойынша ендігі жағдайда ғылымдағы қаржыландыруға тек қана арнайы аккредиттелген заңды тұлғалар мен жеке ғалымдар қатыса алады. Қаулыға сәйкес университетіміз және 35 ғалымымыз (тізім алдарыңызда) Бақылау комитеті тарапынан аккредиттелген заңды тұлға ретінде танылды. Ендігі мақсат - ғалымдарымыздың ізденіс жұмыстарын жалғастыру.

Міне, жаңа заң мен қаулыларға сәйкес БжҒМ жоғары оқу орындарына тікелей қатысты төмендегідей бұйрықтар қабылдады.

- Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы»

- Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы»

- Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы «ҚР БжҒМ-нің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығы».

Аталған заң, қаулылар және бұйрықтар барлық кафедраларға, деканаттарға таратылды, кейін арнайы кеңес өткізілді, талқыға салынды.

Ғылым мен оны дамыту жолындағы жаңалықтарға байланысты 2011 жылғы және 2015 жылдарға дейінгі кешенді жоспарлар дайындалды және олар бойынша төмендегідей жұмыстар жасалды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары, нәтижелері
1. Университет ғалымдарының зерттеулері, нәтижелері

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қойып отырған талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру жолында ғылыми-зерттеу, инновациялық жобаларды іске асыру бағытында жұмыстанып келеді.

2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде бірқатар нақты жұмыстар жасалды. Химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Д.К.Мендалиеваның жетекшілігімен «Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе» атты ғылыми жоба дайындалды. Жобаны іске асыру мақсатында 2011 жылдың 29 қарашасында М.Өтемісов атындағы БҚМУ Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясымен келісімшарт жасады (№АР/Ү/11/2108, 29.11.2011 ж.). Жобаға бөлінген қаржы 150 млн. теңгені құрады. Бүгінгі таңда жоба бойынша ғылыми зерттеулердің 1- кезеңін жүргізу үшін университетке 60 млн. теңге қаржы бөлініп, оған 10 ғалым-оқытушлары мен магистранттар қатысып отыр.

Қаржыланған жобаларды орындау университеттің ғылыми орталықтарында шоғырланған. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Микробиология және вирусология институтымен жасалған келісімшарт негізінде «Батыс Қазақстандағы мұнай өндіру аумағындағы фаунаға ұзақ мерзімді мониторинг жүргізудің әдіснамалық негіздері» жобасын б.ғ.к., доцент Ж.М.Қарағойшиннің жетекшілігімен 3 млн. теңге қаржысымен игерілді (№4.2/9, 11.03.2011). Осы бағытта «Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав» (2,9 млн. теңге, жетекшісі б.ғ.д., профессор Т. Дарбаева) жобалары жүзеге асырылды (№512, 15.08.2011). Ғылыми зерттеуді орындау барысы жайында есеп министрлікке уақытында тапсырылып отыр.

Осы орталықта Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының тапсырысымен б.ғ.к. Г.С. Қайсағалиеваның жетекшілігімен «Комплексное изучение экологического состояния бассейна р. Урал» (келісімшарт 20.06.2011 ж.) атты атмосфералық ауаны қорғау бағытында құны 2 млн. теңгені құрайтын ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды.

2011 жылдан бастап п.ғ.к. А.Б. Медешованың жетекшілігімен «Балалар үйінің балабақша және мектеп бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» атты жоба іске асты. Оған Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасымен жасалған келісімшарт (Шарт № 33, 04.04.2011 ж.) негізінде 3,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесі: жұмыстың қорытындысы 2011 жылдың 26 желтоқсанында Ғылыми кеңес отырысында тыңдалды.

Университетке Батыс Қазақстан облыстық жануарлар дүниесінің каталогін дайындауға облыстық бюджеттен бөлінген 720 000 теңге қаржы толық игерілді. Нәтижесі: БҚО Жануарлар дүниесінің каталогінің 500 данасы Алматы қаласына басылымға жіберілді.

Университеттің Жас ғалымдар кеңесі облыстық әлеуметтік маңызды жобалар конкурсынан құны 500 мың теңгені құрайтын жобаны ұтып алды. Жоба аясында облыстық «Ержүрек Мәншүк» байқауын мәдениет және өнер факультеті өткізді. Ал филология факультеті облыстық бюджеттен бөлінген 400 мың теңгені игеріп, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Бірнеше жылдан бері университетте дәстүрге айналған «Жас ғалым» инновациялық жобалар байқауы 2011 жылдың 28 қазанында болып өтті. 2009 жылдан бері М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, Технопарк «Алгоритммен» бірлескен түрде өткізілетін бұл байқауға 100-ден аса облыстық, қалалық мектептердің оқушылары мен оқу орындарының студенттері және жас ғалымдары қатысты. Бұл конкурсқа 800 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Жобалар ІТ технологиялар және инженерлік-конструкторлық, экология және биотехнология, әлеуметтік маңызды инновациялық жобалар бағыттарында 80 жоба іріктеу кезеңінен өтіп, олардың 36-сы түрлі дипломдармен марапатталды.

Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде «Студенттік заң клиникасы және Батыс Қазақстан облысындағы құқықтық сауаттылық» жобасымен 500 мың теңгенің грантын ұтып, оны толықтай жүзеге асырды. Нәтижесі: «Заң клиникасы және оның азаматтық қоғам қалыптастырудағы маңызы» оқу-әдістемелік құралы.



Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 2011 жылы университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу және ізденіс жұмыстарына министрліктен, облыстық бюджеттен, өзге мекемелерден 73 596,0 мың теңге қаржы игерілсе, оның ішінде 2,2 млн. теңгені Жас ғалымдар кеңесі игерді. Биылғы жылды өткен 2010 жылмен (7 535 мың теңге) салыстыратын болсақ, 2011 жылғы ғылымға бөлінген қаржы 66 061,0 мың теңгеге артқанын анық байқауға болады.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми-зерттеу жұмыстарына 2011 жылы бөлінген қаржы көлемі



Ғылыми-зерттеу жобаларының атауы

Тапсырыс беруші ұйым

Қаржыландыру көлемі (теңге)

Жоба жетекшісі



Батыс Қазақстандағы мұнай өндіру аумағындағы фаунаға ұзақ мерзімді мониторинг жүргізудің әдіснамалық негіздері

РМҰ «Микробиология және вирусология институты» Ғылым комитеті БҒМ ҚР

3 000 000

б.ғ.к. Ергалиев А.С.



Балалар үйінің балабақша және мектеп бүлдіршіндері арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

МҰ «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»

3 496 000

п.ғ.к. Медешова А.Б.



Комплексное изучение экологического состояния бассейна реки Урал

ЖШС «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы»

2 000 000

б.ғ.к. Қайсағалиева Г.С.



Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав

МҰ «Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы»

2 900 000

б.ғ.д. Дарбаева Т.Е.



Разработка методологии использования и переработки карбонатного бурового шлама, бурового раствора на нефтяной основе

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.

60 000 000

х.ғ.д. Мендалиева Д.К.



БҚО Жас ғалымдар кеңесінің жобалары

МҰ «Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры»

2 200 000

т.ғ.к. Гиззатов С.М.





1-диаграмма. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми-зерттеу жұмыстарына 2009-2011 жылдары бөлінген қаржы динамикасы

Сонымен қатар, университет ғалымдары т.ғ.д., профессор Т.З. Рысбековтың жетекшілігімен Қазақстан тарихының орта ғасырлық бағытын, ХХ ғ.басындағы Батыс Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысты, Кеңес заманындағы БҚО қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына байланысты зерттеулер жүргізуде. Т.ғ.д., доцент Ә.С.Тасмағамбетов пен т.ғ.д., доцент А.М.Нургалиева Қазақстандағы конфессиялардың даму тарихы мен бүгінгі жағдай саласында зерттеулер жүргізіп, оның қорытындысы ретінде монографиялар жарияланды. Т.ғ.д., профессор Ә.Қ.Мұқтар «Мәдени мұра» бағдарламасының бір тармағы болып табылатын «XVIII-XІX ғғ. тарихи тұлғалар» тақырыбында зерттеулер жүргізуде.

П.ғ.д., профессор Ә.М. Мұханбетжанованың бастауыш білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу нәтижесінде «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиялары» атты монографиясы жарық көрді.

2011 жылы 21 қаңтарда М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми зерттеулер, ғылыми инновациялар орталықтары Орталық-Азия жүйесін бірігіп құру туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстан мен Тәжікстанның 23 жоғары оқу орындарын біріктіреді: Алматы технологиялық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Вестминистерст халықаралық университеті, Бухар мемлекеттік университеті, Самарқанд экономика және сервис институты, Андижан инженерлік-экономикалық институты, Каршин инженерлік-экономикалық институты, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті, Үргенші мемлекеттік университеті, TeachEx жоғары білім беру академиясы, Қырғыз экономикалық университеті, Ж. Баласұғын атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Талас мемлекеттік университеті, Ыссық-көл мемлекеттік университеті, Экономика және кәсіпкерлік университеті, Тәжікстан технологиялық университет филиалы, М. Назаршоев атындағы Хорог мемлекеттік университеті, Тәжік технологиялық университетінің Худжанд политехникалық институты, Тәжік мемлекеттік сауда университеті, М.С. Осими атындағы Тәжік технологиялық университеті.

Осы жылы университетте 3 ғылыми-зерттеу консорциумын құру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ:

1. Түркия Республикасы Мимар Синан көркем өнер университеті, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасында «Түркі тілдес халықтардың тарихи тұлғалары және олардың өркениеттің дамуына қосқан үлесі» атты бірлескен ғылыми-зерттеу консорциумын құру туралы келісім-шарт жасалуда.

2. М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Қазан федералдық университеті (Татарстан, Қазан қ.) мен Г. Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты (Татарстан, Қазан қ.) арасында «Духовное наследие тюркоязычных народов (в свете идей евразийства)» атты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-зерттеу консорциумын құру туралы келісім-шарт жасалуда.

3. М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Орынбор мемлекеттік университеті және Санкт-Петербургтің Ғалымдар кеңесі (Ресей Федерациясы, Орынбор, Санкт-Петербург қалалары) арасында «Изучение изменений природы, населения и хозяйства приграничных районов Республики Казахстан и Российской Федерации за период ХVIII – XXI вв. по материалам П.С. Палласа и современных полевых исследований» атты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу бағытында ғылыми-зерттеу консорциумы құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2011 жыл - Қазақстан Республикасындағы ғалымдар үшін маңызды жыл, өйткені 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы қабылданып, осы Заңның 23 бабына сәйкес «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өту» болып отыр. Аталған талапты орындау мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚМУ және университеттің белгілі 35 профессор-оқытушылары мен ғалымдары ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі куәлігін алып, аккредиттелді. Олар:


  1. Имангалиев А.С.

  2. Рысбеков Т.З.

  3. Тасмагамбетов А.С.

  4. Мұқтар Ә.Қ.

  5. Мұханбетжанова А.М.

  6. Бахишева С.М.

  7. Мендалиева Д.К.

  8. Дарбаева Т.Е.

  9. Қайсағалиева Г.С.

  10. Кунашева З.Х.

  11. Кульжумиева А.А.

  12. Мергалиева Л.И.

  13. Серикова Л.С.

  14. Мұқамбетқалиева Р.К.

  15. Донскова Г.А.

  16. Абулкасова Д.Б.

  17. Утаубаева А.У.

  18. Ниязбекова А.Б.

  19. Мамыров А.Ы.

  20. Амельченко В.И.

  21. Қыдыршаев А.С.

  22. Мұқанбетова Ш.Т.

  23. Терещенко Т.А.

  24. Галимов М.А.

  25. Кадисова Г.Н.

  26. Завадская Л.Н.

  27. Гиззатов С.М.

  28. Мүтиев З.Ж.

  29. Айткалиева К.Д.

  30. Бабенко О.А.

  31. Нұрғалиева А.М.

  32. Журасова А.Ш.

  33. Сұлтанғалиева Р.Б.

  34. Ахметова У.Т.

  35. Медешова А.Б.

Бұл куәлік университетке, ғалымдарға мемлекет, министрлік жариялайтын барлық ғылыми-техникалық бағыттағы конкурстарға қатысу құқығын береді.

2011 жылы университет ПОҚ өз зерттеулерін қорытындылап, 2 кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап шықты, Д.М. Жарылгапованың педагогика ғылымдарының кандидаты және А.Б. Тлесованың экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесі бақылау комитетінің қолдауына ие болды.



2011 жылы кандидаттық диссертация қорғағандар:

1. 2011 жылдың 7 маусымында Мұнайдарова Бақыт Бекмұратқызы «Психологические основы профессиональной подготовки учащихся медицинских колледжей» тақырыбында 19.00.00 «Психология ғылымдары» мамандығы бойынша Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында Низами атындағы Ташкент педагогикалық институты жанындағы диссертациялық кеңесте кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі: псих.ғ.д., профессор Х.Т. Шерьязданова;

2. 2011 жылдың 13 қазанда Имашев Эдуард Жүсіпұлы «Тенденции и приоритеты пространственного развития Западно-Казахстанской области» тақырыбында 25.00.24 «Экономикалық, әлеуметтік, саяси және рекреациялық география» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы, Пермь қаласының Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі: г.ғ.д., проф. Р.Г. Сафиуллин.

Егер өткен жылдармен салыстырар болсақ, оны төмендегі кестеден көруге болады.







2009 жылы қорғағандар

2010 жылы қорғағандар

2011 жылы қорғағандар

1

А.С. Тасмагамбетов

С.М. Бахишева

Б.Б. Мұнайдарова (Өзбекстан)

2

Х.С. Мухамбеткалиев

А.М. Нургалиева

Э.Ж. Имашев (РФ)

3

Л.И.Мерғалиева

Н.А. Адельбаева

А.Б. Тлесова (қайта аттестатталды)

4

О.А. Бабенко

О.В. Насс (РФ)

Д.М. Жарылгапова (қайта аттестатталды)

5

А.С. Иргалиев

М.С. Саркулова




6

Р. Сұлтанғалиева

С.М. Ғиззатов




7

А. Турченко

Н.Ж. Даулеткереева




8

Н. Антонова

І.Ө. Хасанова




9

Н.К. Буланова

А.Т. Ерғалиева




10

Д.М. Жарылғапова (РФ)

М.Қ. Әжіғалиев




11

Н.С. Тілеуханов

М.Ғ. Дюсенғалиева




12




Ж.Қ. Мұханғалиева




13




А.С. Аманбаев




14




Ж.К. Тастаева




15




А.Г. Муханбетчина




16




Г.А. Донскова (қайта аттестатталды)




Соңғы үш жылда бекітілген диссертацияларды талқылайтын болсақ, 2009 жылы 3 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 2010 жылы 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты қорғады. 2011 жылы 2 ғылым кандидаты дәрежесіне ғылыми жұмыстарын қорғады. 2011 жылы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне профессор ғылыми атағын алу үшін университеттен Х.С.Мухамбетқалиевтің кандидатурасын ұсынды. Нәтижесінде Х.С.Мухамбетқалиев профессор ғылыми атағын иеленді. Доцент ғылыми атағын алу үшін университеттен Г.С.Умарова, Л.И.Мерғалиева, А.Б.Медешова, К.Кужаков, А.Б.Ниязбекова, З.Ж.Мүтиевтердің кандидатуралары ұсынды. Нәтижесінде Г.С.Умарова, Л.И.Мерғалиева, А.Б.Медешова, К.Кужаков, З.Ж.Мүтиев доцент ғылыми атағын иеленді. Осылайша, 2011 жылғы ғылыми кадрларды даярлау нәтижелері төмендегідей:


жүктеу 5,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау