Макроэкономика



жүктеу 0,56 Mb.
Дата21.12.2017
өлшемі0,56 Mb.
#5170

Мазмұны


Кiрiспе...........................................................................3

  1. Макроэкономиканың пәні және әдісі…………………………….5

1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.........5

1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар..............................................................7

1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары.....................................................................................................9

  1. Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi........................11

2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы............................11

2.2 Макроэкономикалың модельдерi........................................................15

2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер..................................................17

2.4 Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы........21

  1. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу..................................................................23

3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi............................23

3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары...........................................26

Қорытынды...............................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер......................................................................30

Кiрiспе

“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.

Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.

Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.

Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.



I.Макроэкономиканың пәні және әдісі

1.1.Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана құрамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кейнстік теорияның өмірге келуімен байланысты оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэкономика. Осыған байланысты қазіргі уақытта, экономикалық теория микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.

Экономикалық теория күрделі қоғамдық және әлеуметтік, әрі гуманитарлық ғылым болып табылады. Оның зерттеу аясында біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктер жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мәселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теория ғылымын микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. Сол үшін де макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. Микроэкономика ғылымын және оның қалай оқытылғаны жөніндегі мәселелерді еске түсіре отырып, оған мынадай анықтама беруге тырысамыз.

Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының және салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану және оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.

Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі проблемаларды зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.

Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм және физиократтар мектептерінен басталады. Ал қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген еңбегі негізінде макроэкономика өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Дж. Кейнс өзінің осы еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы мүмкін және осы кезде мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған және жоспарланған бюджет – салық және ақша – несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мәселелерді дәлелдеуге тырысты. Сәйкесінше, Кейнс біртұтас жүйе ретіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де дәлелдеді. Кейнстік экономикалық теория макроэкономика және экономикалық саясат салаларында аса басым бағыт болып саналады. Осыған сәйкес, біз мынаны ғана айта аламыз, яғни, макроэкономиканың ғылым ретінде дамуының бастапқы импульсі болып Дж.М. Кейнстің экономикалық идеялары табылады.

Соғыстан кейінгі жылдары және 60-шы жылдарға дейін макроэкономикалық саясаттағы кез келген талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің қалыптастырып кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың негізін салушылар – Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Рой Харрод, Евсей Домар сияқты ғалымдар әріқарай дамыта түсті.

Бірақта, уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар кейнстік экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. Кейнстік бағытқа аса салмақты түрде сын айтушы оппонент – монетаризм теориясы қалыптасты. Ал оның негізін салушы американ экономисі Милтон Фридмен (1912-2006) болды.

«Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Ал ол ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла бастады. Бірақта, жоғарыда атап өткеніміздей, макроэкономикалық талдау сұрақтары бірқатар ғасырлар бұрыннан-ақ маңызды түрде қарастырыла бастаған. Француз экономисі-физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Макроэкономикалық талдаудың маңызды жақтары ағылшын экономисі Д. Юмның төлем балансын зерттеу еңбектерінде де кездеседі. Қоғамдық ұдайы өндірісті макроэкономикалық тұрғыдан талдауды К. Маркс те өзінің моделінде қолданды, ол «Капитал» еңбегінің 2-ші томында (1885 ж.) жиынтық қоғамдық өнімнің натуралдық-заттық және құндық құрылымдар арасындағы сәйкестіліктер мен байланыстарды зерттеді.

Ал қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономикалық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де «жаңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Тіпті осындай көптеген алуан түрлі мектептердің бар болуына байланысты, олардың макроэкономикалық ой-пікірлері мен көзқарастарының бірдей еместігіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін әлемдік макроэкономикалық ғылымға ангосаксондық бағыт үстемдік жүргізіп келеді деген ой айтылады, соңғы онжылдықтарда осы ғылымның төңірегінде Германияның, Францияның, Италияның, Нидерландының, Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа да бірқатар елдердің ұстанымдары, көзқарастары мен беделдері кеңейіп, маңызды түрде дамып келеді.

Сонымен, макроэкономика экономикалық теория ғылымының негізгі бөлімі ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктері және шектеулі экономикалық ресурстар сияқты іргелі проблемаларды ұлттық экономика деңгейінде зерттейтін ғылым саласы. Макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
1.2.Макроэкономиканың зерттеу пәні және

негізгі макроэкономикалық проблемалар

Макроэкономика салыстырмалы түрде жас ғылым болып табылады, алайда жоғарыда атап өткеніміздей, экономикалық теорияның бұл бөлімінде көптеген бәсекелес мектептер мен бағыттардың пікірлері орын алатындығын мойындай келе, микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканы зерттеудің әлдеқайда қиын және күрделі екендігін айтқанымыз жөн. Көптеген ғылыми әдебиеттерде бұл ғылымға әртүрлі анықтамалар беріледі. Сондықтанда, макроэкономикаға жоғарыда аталған анықтаманы толықтыра отырып, тағы да мынадай анықтамалар бере аламыз.



Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін және төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы.

Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (іріленген, біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді зерттейтін ғылым.

Макроэкономика – әлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық проблемаларды және олардың кез-келген ұлттық экономикамен өзара байланысын және оған әсер етуін зерттейтін ерекше ғылым.

Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пәнін негізгі төрт макроэкономикалық проблемамен байланыстырады. Олар сол өзіне берілген негізгі анықтамасынан шығады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу және төлем балансы.



Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэкономикалық проблемалар төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт проблемамен ғана шектеліп қоймайды, оған тән басқа да проблемалар бар.

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:

  1. Тұрақты экономикалық өсу, оның қарқыны мен динамикасы;

  2. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;

  3. Жұмысбастылық деңгейі және жұмыссыздық мәселесі;

  4. Бағалардың жалпы деңгейі және инфляция мәселесі;

  5. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі және ақша айналымының мәселесі;

  6. Мемлекеттік бюджет жағдайы;

  7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесі және мемлекеттік қарыз мәселесі;

  8. Төлем балансының жағдайы және валюта бағамының мәселелері;

  9. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы және олардың сыртқы ортамен байланысы;

  10. Макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері.

Жалпы алғанда макроэкономика курсының мазмұны осы аталған макроэкономикалық проблемалардың мәнін ашуға негізделеді. Осымен бірге сол макроэкономикалық проблемалардың үнемі тұрақты түрде бір бірімен орын ауыстырып отыратындығын да есепке алған жөн, сол себепті микроэкономикаға қарағанда макроэкономиканың зерттеу пәні мен объектісі әлі толық анықталмаған ғылым ретінде деп санап, ылғи да өзгеріске ұшырап отырады. Қазіргі уақытқа дейін әртүрлі макроэкономикалық мектептер макроэкономика курсының мазмұны мен құрылымын әр қырынан түсіндіріп келеді. Көптеген макроэкономикалық әдебиеттерде негізгі макроэкономикалық проблемаларды қарастыру тәртібі әртүрлі болып табылады. Бірақта, біз бәрібірде макроэкономиканың зерттеу объектісіне тоқталуымыз қажет.

Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері және қоғамның байлығы.

Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруашылығы төрт макроэкономикалық субъектіден құралады:



  1. Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын және игіліктерге деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз шығын жұмсай отырып өз пайдалылықтарын максималдауға тырысады.

  2. Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін және игіліктердің ұсынысын жасайтын, әрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын белгілі бер елдегі барлық кәсіпкерлік сектордың жиынтығынан құралады, фирмалар ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі пайданы максималдауға тырысады.

  3. Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол әдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді және сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша ұсынысын қалыптастырады.

  4. Сыртқы орта – шет елдердегі экономикалық субъектілердің жиынтығынан және шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады және сол отандық экономиканың өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді, экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы әлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі.


1.3.Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары

Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады:



  • абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);

  • индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;

  • нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;

  • «әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;

  • экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б..

Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып табылады.

Экономикалық агенттердің мінез – құлықтарының және тәртіптерінің аса маңызды жақтарын айқындауға негізделген макроэкономикалық агрегаттау әдісі мынадай төрт негізгі макроэкономикалық агентті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олар:



  1. үй шаруашылықтары немесе тұтынушылар,

  2. фирмалар немесе өндірушілер,

  3. мемлекет немесе үкімет,

  4. шетелдік сектор немесе сыртқы орта.

Рыноктарды агрегаттау мынадай негізгі төрт макроэкономикалық рынокты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:



  1. игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер рыногы (нақты рынок),

  2. қаржы рыногы (қаржылық активтер рыногы),

  3. экономикалық ресурстар рыногы,

  4. валюталық рынок.

Макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық шамалар арасындағы өзара тәуелділіктерді түсіндіруге және экономикалық құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды танып білуге мүмкіндік беретін функциялардан, графиктерден, формулалардан, сызбалардан және кестелерден құралады. Ал макроэкономикалық үлгілерді құру үшін экзогендік және эндогендік айнымалылар қолданылады.

Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.

Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.

Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.



II.Макроэкономика – экономиканың негізгі бөлiгi.

2.1.Макроэкономикалық теорияларының пайда болуы.

Кез келген адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда барынша толық қанағаттандыруға тырысады. Бұл қажеттiлiктердiң негiзi ақша мен байлықта емес, адамдардың өздерiнде. Сондықтан экономика – адамдар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда туындайтын таңдауларды зерттейтiн қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жете бермейдi. Бұндай жағдайда сиректiлiк пайда болады. Сиректiлiк – кез келген адамның қажеттiлiгiн қанағаттандыруға ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Сондықтан да экономиканы терең зерттеу керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам – қандай тауарларды, қаншалықты мөлшерде өндiру керек деген сұрақтарға жауап беру. Бұл сұрақтарға жауап қазiргi экономиканың өзектi мәселелерi тиiстi жолмен шешуге зор әсерiн тигiзедi. Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады. Олар: еңбек, капитал, табиғи ресурстар. Бұл үшеуiн бiрiктiрiп өндiрiс факторлары деп атайды. Өндiрiс факторлары – тауарды немесе қызметтi өндiруде пайдаланылатын еңбектiң, капиталдың және табиғи ресурстардың негiзгi салымдары. Өз кезегiнде еңбек – адам өндiрiс үрдiсiнде жұмсайтын барлық дене және ой шығындарының жиынтығы. Капитал – өнеркәсiптiк құрал-сайман, жабдықтар мен инфрақұрылымды қоса алғанда адамның жасаған барлық өндiрiстiк құралдары. Табиғи ресурстар – өндiрiсте өңдеусiз табиғи түрде қолданылатын барлық заттар, мысалы, құнарлы жер, құрылысқа арналған бос орындар, тоғайлар, минералдар және т.б.

Жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың бөлiгі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.

Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады. Белгiлi бiр уақыт аралығында кейбiр фирмалар өндiрген өнiмдерiне бағаны өсiредi, кейде төмендетедi. Бағаның жиынтық өзгерiс талдау кезiнде зерттеушiлер көптеген баға өзгерiстерiнiң iшiнен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшiн баға индексi қолданылады. Макроэкономиканың негiзгi мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнiм, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексi, инфляция деңгейi, жұмыссыздық деңгей және өндiрiс көлемiнiң өзгеру қарқындылығы секiлдi көрсеткiштер экономиканың бiр бөлек элементiн ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкiндiк бередi.

Макроэкономика ғаламдық мәселелердi де зерттейдi белгiлi бiр уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өстi ме, әлде кемiдi ме? Қарастырып отырған мемлекеттегi халықтың қор жинағының мөлшерi қандай? Неге кейбiр мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы бiреулерiнде ол жоқ? Мiне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап бередi.

Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерiнiң нәтижесi болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзiмдегi динамикасы әлуеттi өндiрiс көлемiнiң динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзiмде экономика осы негiзгi траекториядан ауытқып отырады. Сол себептi тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн осы циклдiк толқуларды басқарып отыру қажет.

Ресурстардың толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өсуi мақсатында экономикалық циклдердi басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет-салық немесе қазыналық және ашқа-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкiмет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық банк арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегiмен мемлекет iшкi және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға және оны ұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшiн макроэкономикалық саясатын қатесiз анықтау, оны таңдалған бағытта дұрыс жүргiзу ең өзектi де басты мәселе болып табылады.

Макротеорияны зерттеушi ұлы макроэкономистер Джон Мейнард Кейнс, Нобель сыйлығының иегерi Милтон Фридмен, Массачусетс технологиялық институтынан Франко Модильяни және Роберт Солаз, Иель университетiнен Джеймс Тобин, одан кейiнгi жас буындар Харвард университетiнен Роберт Барро, Мартин Фелдстейн, Чикаго университетiнен Томас Сарджент, Джон Тейлор бiрлесе отырып мемлекеттiң баға жөнiндегi саясатына талдау жасайды.

Макроэкономикалық теорияның дамуы бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларға тiкелей қатысты. Кейнс экономикасы 1930 жылдарғы тоқырау тұсында дамып, сол тоқыраудан қалай шығу жолдарын көрсеттi. Ал монетаризм теориясы инфляция проблемасын шешу мақсатында 1960 жылдары кеңiнен өрiс алды, кейiн, 1980 жылдары пайда болған ұсынымды жақтайтын экономика бұл саладағы ретсiздiктi салықтарды қысқарту жолымен шешуге тырысты, бiрақ бұдан ешқандай нәтиже шыға қоймады. Роберт Лукас жетекшiлiк ететiн ойлау мектебi өте ықпалды.

Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.

Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.

Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.

Тағы бiр маңызды мәселе – халықаралық макроэкономиканың аумағына, әлемдiк экономиканың тұтастануына, Нью-Йорктегi қор биржасының сәтсіздiкке душар болуы себептi оның шұғыл түрде Лондонға, Токиоға, Франкфуртқа, Сиднейге, Гонгконгқа, Мехико қаласына, басқа қор биржасына таралуына қатысты болып отыр. Сол секiлдi өмiрлiк маңызы бар сұрақтың бiрi – еңбекақы не себептi тек бiр орынға “жапсырылып” қалған. Неге өзгеруi баяу, осы сұрақтардың жауабын iздеу – жұмыссыздықтың шығу төркiнiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.

Макроэкономикада екi негiзгi бағыт бар. Ойлау мектебiнiң пайымдауынша, мұның бiрiншiсi – нарықты өз еркiне жiберу, екiншi бағыт – бұл салаға мемлекет араласқан жағдайда экономика жақсарады-мыс дегенге сүйенедi. Сөйтiп 1970 жылға дейiн созылған осынау пiкiр таластар жаңа бiр топтың, яғни жаңа классикалық макроэкономистердiң пайда болуына жол ашты.

1970 жылдары дамыған жаңа классикалық макроэкономика 1980 жылдары да ықпалды болды. Бұл бағыттың жетекшiлерi Роберт Лукас, Томас Сарджзент, Роберт Барро, Едвард Прескот және Миннесота университетiнен Нейл Уолис өз ойларын Фридменмен бөлiседi. Егер жеке адам өзiн қамтамасыз ететiндей қызмет жасаса, жағдай өзгередi. Ал мемлекеттiң араласуынан өзгеретiн мәселе шамалы.

Жаңа классикалық мектептiң негiзгi үш болжамы бар:

- Экономикалық агенттiктiң өрiсi кеңейе түседi. Ауыл шаруашылықтары және фирмалар оптимальды (оңтайлы) шешiмдер қабылдайды. Бұны былай түсiнуге болады: белгiлi бiр шешiмге келу үшiн олар қолда бар ақпараттарды пайдаланады, ал осы шешiмдер өздерi тап болған әр түрлi жағдайларда өте қажет.

- Шешiмдер ұтымды ақпараттарды пайдалана отырып, болашақта жақсы болжаулар жасау көзделедi. Шындығында, жаңа классикалық мектептi кейбiр жағдайларда “ұтымды” күтулер мектебi деп суреттейдi. Бұл жерде халық мемлекет қолданып отырған саясатты түсiнетiнi, оларды ұзақ уақыт бойы ешкiм алдай алмағаны сөзсiз.

- Нарық тазалығы. Фермерлер мен жұмысшылар үшiн өздерiн байыта түсетiн еңбекақыларын реттеудiң негiзi жоқ. Өйткенi баға мен жалақы сұраным мен ұсынымды теңестiру үшiн реттеледi, яғни нарық тазаланады.

Қазiргi кезде оның маңызы зор. Жұмыссыз қалған әрбiр адам, егер ол шындығында жұмыс iстегiсi келсе, басқа жалдаушының назарын өзiне аудару үшiн аз жалақымен де жұмыс iстеуге келiсiм бередi. Осылайша артық тауары бар адам, тауарын тез өткiзу үшiн бағасын төмендетедi. Икемдi реттелген баға мен жалақы үшiн жұмыскер тиiстi жұмыс атқарады, фирмалар өзiне қажеттi керек тауарларын шығарады.

Ұтымды күтудiң мәнi – нарық әрдайым тепе-теңдiкте деген болжамға саяды. Iс жүзiнде жаңа классикалық макроэкономистердiң ұмтылыстары әлi де жеткiлiктi дәрежеде емес немесе олар жеке адамдар сауда жасау арқылы тұрмысын, жақсарта алады дегеннiң шешiмiн табла алмайды Мұны Лукас былай баяндайды: тротуарда 50 доллар жатпайды, яғни жеке адам өзiнiң материалдық жағдайын жақсартатын кез келген мүмкiндiктi қалт жiбермеуi тиiс.

Бүгiнгi таңдағы макроэкономикада аталмыш топтың ықпалы жоғары. Кейнс мектебiнде тәрбиеленген жаңа Кейнсшiлдер 1980 жылдары пайда болды. Бұл топтың өкiлдерi: Джордж Акерлоф, Жаннет, Иеллен – Калифорния университетiнен, Оливер Бланчард – Массачусетс технологиялық институтынан, Грег Манкив, Ларри Саммерс – Гарвард университетiнен, Бен Бернанк – Принсетон университетiнен. Олар нарық мазмұнына онша сене қоймағанымен, нарықтың не себептi сәтсiздiкке ұшырауын түсiндiруге тырысады.

Кейнсшiлдердiң пiкiрiнше, кейде жеке адамдар өз пайдасы үшiн қаншама әрекет еткенiмен, олар нарықты тазалауға ат салыспайды, ал осыған байланысты бағаның өзгеруi әдеттегiдей жалпы бағаның тұрақсыздануына әкелiп соғады да, ақырында өнiм өндiру мен жұмыспен қамтамасыз ету iсiнде макроэкономикалық ауытқулар туындауы мүмкiн. Мысалы, еңбек нарығында фирмалар еңбек бағасын азайту үшiн жалақыны қысқартпайды, Өйткенi олар сол арқылы жұмысшы күшiнiң сапасыздығын жоюға күш салады.



2.2. Макроэкономикалыє модельдер.

Макроэкономика териясының негiзi ретiнде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берiлген өлшем ретiнде қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секiлдi қабылдайтын шешiмдерiне әсерiн тигiзедi де, ал олар өз кезегiнде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста болады. Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажеттi алғышарттардан тұрады. Үлгi қисынның, графиктiң және математиканың көмегiмен құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түсiндiруге тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкiндiк бередi Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгеруi және сатып алынатын иiгiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз.

Экономикалық айнымалылар деп әртүрлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалық үлгiлер экономикалық шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әсерiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.

Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары көбiнесе болжамдар түрiнде көрсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептер мен салдардың көрiнiсi болып табылады.

Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.

Экзогендi айнымалылар – алғашқы ақпараттар, сырттан ендiрледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.

Экономикалық принциптер арқылы түсiндiрiлетiн айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын айнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогендi айнымалылардың өзгерiсiн экзогендi айнымалылар арқылы түсiндiру болып табылады.

Үлгiнiң көмегiмен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Үкiмет пен Ұлттыє банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Шеңберлi ағым үлгiсi, АD-AS, Кейнс кресi, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономикалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табылады. Бұл үлгiлер қандайда бiр ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пайдалылығымен бағалануы тиiс. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады:

а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғышарттармен қамтамасыз ету;

ё) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көрсетуi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кетуi де ықтимал.

Ал өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Үлгiнiң шамадан тыс жеңiлдетiлуi үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiлмеуiне әкелiп соғады, ал оның нәтижесiнде қабылданған шешiмдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрудағы басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi факторлар шеңберiн анықтау.



2.3. Макроэкономикалық көрсеткiштер.

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.

Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Үкiмет фирмалар мен азаматтардың экономикалық iс-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлешерiн, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер жүргзедi. Алынған деректер бойынша әртүрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.

Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көрнiстердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда көмек көрсетедi.

Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.

ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi. Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнiң 3 айда бiр есептеуi бойынша, экономикалық iс-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен беруге негiзделген. ЖҰӨ-дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:

1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. 2) Өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызметтердiң жалпы шығын көлемi.

ЖҰӨ – экономика жағдайын сипаттайды, себебi адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбiрек қалайды. Яғни өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет көлемi жоғарылаған сайын, өзiндiк қанағаттану дәрежесiнiң деңгейi, өндiрiстiк және мемлекеттiк тұтыну деңгейi жоғары болады.

ЖҰӨ – экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек.

Мысал ретiнде мынадай экономиканы алайық:

Ауыспалы көлем 2 түрге бөлiнедi – қор және ағын.

Ваннадағы судың көлемi – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзiмiмен өлшенедi, кран арқылы құйылатын су көлемi – бұл ағын, ол әдетте бiрлiк уақыт көлемiмен өлшенедi.

Кран арқылы келетiн су – ағын, ваннаға уақыт бiрлiгiнде келетiн су көлемi. Сондықтан, қор мен ағында өлшеу үшiн әр түрлi бiрлiктер қолданылады. Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбiр айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте бiз қор мен ағын арасындағы тәуелдiлiктi жиi кездестiремiз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегi тәуелдiлiк. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесiнде ванна толады. Қордың өзгеру үрдiсi ағында көрсетiлген. Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу кезiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелдiлiк бар ма?

Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.

Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.

Мемлекеттiк қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.

Көпшiлiгi ағын түсiнiгiне жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖIӨ), инвестиция, мемлекеттiк шығын, т.б.

Макроэкономикада маңызды деп есептелiнетiн қор-ағын

ұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.

1. Инвестиция және негiзгi капитал.

Экономикадағы капитал – бұл белгiленген, анықталған уақытта жинақталған тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың өсуiне бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан төмендегiдей қатынасты алуға болады.

К = К-1 + I

Мұндағы:


К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.

К-1 – қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры.

Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.

Егер инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңiрек қарастырсақ, онда төмендегi теңдеудi құрауға болады.


К= К-1 + I – DN

Мұндағы:

DN – кейбiр капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемi пайдалану нәтижесiнде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.

I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.

I – DN – таза инвестиция.
2. Қор және байлық.

Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастыруға болады. Қор Ұлттық табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.



W- W-1 = S

(W – W-1) – қор жинағының өсiмi қорға тең.

3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.

Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА) шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететiн тәуелдiлiк.



NIIP-1 + СА

4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз.

Бұл көрсеткiш мемлекеттiң таза қарызының мөлшерi Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелдiлiктi көрсетедi.
Dd – Dd-1 – DEF
Нақты өмiрде мемлекеттердiң ЖҰӨ-н есептеу күрделi мәселе. Сондай күрделi экономиканы өндiрiс пен қызметтерiн шығынын қоса отырып, тiкелей түсiнуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсiнiк алу үшiн, оның басты қалыптасу принциптерi туралы бiлу қажет.

Қор есебi: Мысалы, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндiрiсiн үлкейтсе, яғни нан өндiрсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейiн жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшемiне қалай әсер етедi?

Жауап өтпей қалған нанды не iстейдi, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемi ретiнде төленедi, - сонда фирма жалақы ретiнде үлкен сома төлесе, ал пайда ретiнде өзiне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлемiне және табыс деңгейiне әсер етпейдi. Сондықтан, ЖҰӨ өлшемi өзгерiссiз қалады (тек қана жалақыға тиесiлi бөлiгi аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейiнiрек сату үшiн, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципiне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебi нан фирма қорында сақталуда. Сол себептi ЖҰӨ көлемi көбейедi. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемi көбейедi.

Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемi қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енедi. Сол себептi, өндiрiс нәтижесiнде қор өсiмi пайда болады. ЖҰӨ көбейедi.

Көптеген тауарлар және қызмет түрлерi ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелiнедi, ал кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерi нарықта сипатталмайды, сол себептi нарықтық базасы жоқ. Дегенмен осы көрсетiлген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгiзiлу керек, сол үшiн оларды өлшеу керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелiнген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелiнген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретiнде қолданылады. Пәтердi уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын тјлеп, тұруға берген үйдiң шығындары, бәрi ЖҰӨ-дi есептегенде осы жалдау төлемiне есепке енгiзiледi.

Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және табыс көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.

Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:


  1. Тұтыну (С)

  2. Инвестициялар (I)

  3. Мемлекеттiк сатып алу (G)

  4. Таза экспорт (Хn)

Сонымен, ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi аламыз:
Y = С+ I + G + Xn
ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Бұл теңдiк өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Бұл Ұлттық есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:

  1. Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;

  2. Ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар;

  3. Көрсетiлген қызмет.

Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм және азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.

Ұзақ мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын машиналар, т.б. жатады.

Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.

Инвестиция мынадай топтарға бөлiнедi:

1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы жатады);

2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;

3) Қор инвестициясы.

Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi салудағы шығындар.

Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).

Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.

Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:



ЖҰӨ =С + I + G
Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн жоғарылатады Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда бiз әлемдiк нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза экспорт терiс мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады.

2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы.

Негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк табыс пен шығынның теңдiгiн көрсетедi.



Y = C + I + G + Xn (1)

Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдiктер пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-теңдiгiн төменгiдей көрсетуге болады. Талдауды жеңiлдету үшiн жабық экономиканы қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз, демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:



ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция (2)

Табыс бойынша:


ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну (3)
Жалпы өнiм өндiруге кететiн шығындар мен табыс бiр-бiрiне тең болғандықтан, (2) және (3) формулаларды теңестiре отырып, төмендегi теңдеудi аламыз.
С + I = S + С немесе I = S (4)
Бұл қарапайым тепе-теңдiк мемлекет пен шет мемлекеттi енгiзгеннен соң күрделене түседi.

Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.

Sp = Sp + Sq + Sr (5)

Жеке қор жинағы төмендегiдей бейнеленген:

Sp = (Y + TR + N - T) - C (6)

Мұндағы:

Y - табыс сомасы,

ТR - трансферттер;

N-мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесi;

Т – салық және С – тұтыну.


Мемлекеттiң қор жинағы төмендегiдей бейнеленген.

Sg = (Т - ТR - N) - G (7)

Sg > 0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg < 0 болса, онда бюджет тапшылығы болады.

ВD = -Sg (8)
Sr = IM - X Sr = - NX

S = Sp + Sr = (Y + TR + N – T) - C + (T – TR –N) –G + (-NX) = Y – C – G – X; S = I



Қорыта айтқанда:

1) ЖҰӨ-де елдiң барлық азаматтарының табысы, яғни елдiң өндiрiс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығын көлемi де көрсетiледi.

2) Атаулы ЖҰӨ көлемiнде тауарлар мен қызметтер құны ағымды бағамен өлшенедi, ал нақты ЖҰӨ көлемiнде тұрақты бағамен өлшенедi. Сол себептi нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер санының жоғарылауы нәтижесiнде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндiрiлген өнiм саны мен бағаның жоғарылауынан да жоғарылай бередi.

3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттiк және таза экспорт.

4) Тұтыну бағасының индексi (ТБИ) қарапайым тұтынушы тұтынатын белгiлi бiр тауармен, қызметтер жиынының баға деңгейiн көрсетедi. ЖҰө дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ көлемiнiң қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексi жалпы баға деңгейiн сипаттайды.

III. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу.

3.1. Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi.

Негiзiнен жеке экономикалық субъектiнiң әрекетiн зерттейтiн микроэкономикадан өзгешелiгi, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бiрлескен экономикалық қызметiнiң нәтижелерi мен зардаптары бiр уақытта зерттеледi.

Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зертейдi. Экономикалық талдаудың мәнi ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзiрлеу болып табылады. Соңғының негiзiнде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады оған қазынагерлiк, несие-ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады.

Макроэкономикалық саясаттың мақсаты мен құралдары.

Мақсаты:

1. Өндiрiс – жоғары деңгей, өсудiң жоғары қарқыны.

2. Жұмыспен қамтылу – жұмыспен қамтудың жоғары деңгейi жұмыссыздықтың төмендiлiгi.

3. Еркiн нарықтағы бағаның тұрақтылығы.

4. Халықаралық сауда – экспорт пен импорттың тепе-теңдiгi. Валюта бағамының тұрақтылығы.

Құралдары:

1. Қазыналық саясат. Мемлекеттiк шығыстар және салық салу.

2. Табыстар және шығыстар саясаты.

3. Монетарлық саясат. Ақшалық ұсыныстарды басқару.

4. Сыртқы экономикалық саясат.

Елiмiздiң экономикалық жағдайын талдау ұлттық шоттардың жүйесiне (ҰШЖ) негiзделедi. Ұлттық шоттар жүйесi – ұдайы өндiрiстiң шарттарын, процесiн және нәтижелерiн сипаттайтын өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесi болып табылады, бұл – елдiң негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн бағалайтын халықаралық стандарт.

Жалпы ұлттық өнiм ұлттық өндiрiстiң көлемiн өлшейтiн негiзгi көрсеткiш болып табылады. Жалпы Ұлттыє Өнiм (ЖҰӨ) – бұл ел азаматтары белгiлi кезеңде (бiр жыл iшiндегi) өндiрген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтерiнiң нарықтық бағасы.

Жалпы Ішкi Өнiм (ЖIӨ) – белгiлi кезеңде елдiң iшiнде өндiрiлген барлық түпкiлiктi тауарлар мен қызметтердiң нарықтық бағасы.

Таза Ұлттыє Өнiм (ТҰӨ) – бұл ЖҰӨ-нен амортизация сомасын алып тастағаннан қалған, жабдықтың тозу бағасы болып есептеледi.



ТҰӨ = ЖҰӨ - А

Ұлттық табыс (ҰТ) – бұл экономикада өндiрiстiң барлық факторларымен (жермен, еңбекпен, капиталмен, кәсiпкерлiкпен) өндiрiлген өнiмнiң бағасы.



ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

Немесе


ҰТ = бiр жылдағы барлық табыстардың сомасы = жалақы + пайда + капиталға пайыз (процент) + жер рентасы

Жеке табыс (ЖТ) –барлық үй шаруашылықтары табыстарының сомасы + трансферттiк төлемдер. Ол тұтынуға, ақшаны жинауға, салықтарды төлеуге кетедi.


ЖТ = табыстар + трансферттiк төлемдер

Қолдағы бар табыс (ҚБТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдердi төлегеннен кейiн шаруашылықтардың иелiгiнде қалатын табыс.



ҚБТ = ЖТ - салықтар

Жалпы Ұлттық өнiмдi екi түрлi әдiспен: қоғамның осы жылы өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге жұмсаған барлық шығындары жиынтығымен, немесе осы жылғы өндiрiстiң нәтижесiнде алынған өнiмнiң ақша табыстарын қосу жолымен өлшеуге болады.

Ұлттық өндiрiстiң макроэкономикалық көрсеткiштерi нарықтық бағалар арқылы көрсетiледi. Олар ағымдағы бағалармен өлшенген жағдайда, олардың мөлшерi атаулы шама түрiнде болады. Егерде тұрақты бағалар (базалық жылдың бағалары) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетедi. Атаулы ЖҰӨ өндiрiстiң көлемiнiң өзгеруiне де, бағалардың деңгейiне де тәуелдi болады. Нақты ЖҰӨ тек қана өндiрiс көлемiнiң өзгеруiне тәуелдi.

Атаулы ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң ағымдағы бағалармен көрсетiлген көлемi.

Нақты ЖҰӨ – тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң тұрақты бағалармен көрсетiлген көлемi.

ЖҰӨ дефляторы – ағымдағы бағалардың базистiк кезеңдегi баға деңгейiне қатынасын, яғни өндiрiс көлемiн емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруiн сипаттайды.

Қазақстан экономикасы үшiн 1991-2001 жылдар қайшылықты сипаттағы экономикалық түрлену және реформалар кезеңi деп белгiлендi. Жеткен нәтижелер тұрғысынан алғанда елiмiзде 1994-1998 жж. ешқандай алға басу болған жоқ. Қазақстанда 1994-1998 жж. ЖҰӨ-нiң өсуi терiс (-4,2%) қарқын алды. 1996 және 1997 жж. бұдан өзгеше болды онда ЖҰӨ тиiсiнше 0,5 және 1,7 %–ды құрады (өткен жылдың тиiстi кезеңiне шаққанда). 1998ж. ЖҰӨ көлемi 1994 ж. деңгейдiң 91,4 %–ын құрады. Экономистердiң есебi бойынша, 2001 жылы 1990 жылдың деңгейiне жету үшiн ЖҰӨ-нiң өсуiн жыл сайын 3,5-4 %-ға қамтамасыз ету қажет болды. Мұндай сәтсiз нәтижелер тек қана iшкi факторлардың емес, сонымен бiрге сыртқы факторлардың, ең алдымен Ресейдегi қаржы дағдарысы, мұнай бағасының төмендеуi және т.б. салдарынан туындайды.

1999 жылдан мұнайға және шикiзаттың басқа түрлерiне бағалардың өсуiне, теңгенiң құнсыздануына байланысты жағдай жақсарды. 1999 ж. ЖҰӨ 2,7 %-ға (1998 ж. салыстырғанда), 2000 ж. – 9,8 %-ға, ал 2001 ж. – 7 %-ға өстi. Болжанған мәлiметтер бойынша ЖҰӨ-нiң дамуы (өткен жылға есебiмен) 2002ж. –4,9; 2003ж. –4,2; 2004ж. –3,6% болды.









"Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. "

ҚР Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылыққа жету үшiн республиканың орта мерзiмдегi әлеуметтiк-экономикалық Стратегиясында келесi iс-шаралар белгiленген:



  • Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы

  • Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы

  • Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы

  • Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы

  • Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік кеңесін құру туралы

  • Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы



3.2. Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары.

Экономикалық даму – әлемнiң барлық елдерiнiң алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлiк қирағанын көрсетедi. Қазiр осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгiсi болып отыр.

Экономикалық өсу - бұл ұлттық өнiмнiң сандық көбеюi және сапалық тұрғыда жетiлуi.

Әрбiр елдiң үкiметi экономикалық өсу қарқынын iшкi ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншiк құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оны табыстылығының төмендеумен қосарлана жүредi. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседi. Сондықтан жиналған ақша үлесiнiң көбеюi алғашқы кезде жылдамдырақ дамуыға әкеледi де содан кейiн экономика капитал мен еңбек өнiмдiлiгi артуының ең жоғары деңгейiне жеткенде баяулай бастайды.

Экономикалық дамудың типтерi:

Қарқынды – ұлттық өнiмнiң техника мен технологияларды жетiлдiру есебiнен артуы.

Аралас (нақты) – ұлттық өнiмнiң пайдаланылған факторлар санының өсуi және техника мен технологияларды жетiлдiру есебiнен артуы.

Экстенсивтi – ұлттық өнiмнiң өндiрiске қосымша факторлар тарту есебiнен артуы.

Экономикалық өсудiң факторлары:

Сұраныс факторлары – жиынтық шығындардың деңгейi.

Ұсыныс факторлары – табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негiзгi капиталдың көлемi, технология.

Үлестiру факторлары – ресурстарды тиiмдi пайдалану.

Экономикалық өсудi өлшеудiң әдiстерi – нақты ЖҰӨ-нiң артуы, ЖҰӨ көлемiнiң халықтың жан басына шаққандағы өсуi.

“Қазақстан-2030” стратегиясында көрсетiлгендей, республиканың гулденуiн қамтамасыз етуде ұзақ мерзiмдегi басымдылықтардың арасында “жоғары деңгейдегi шетел инвестициялары мен iшкi жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негiзделген экономикалық өсу” ерекше маңызды болып саналады. Қазақстанда экономикалық өсу келесi мiндеттердi жүзеге асырумен тығыз байланысты:

- мемлекеттiң белсендi ролi жағдайында экономикаға араласуын шектеу;

- қатал қазыналық және монетарлық шектеулердi жүргiзу;

- шетелде қаржылық инвестициялар стратегиясын жасау;

- жеке меншiктi нығайту және заңды қорғау;

- аграрлық сектор мен әлеуметтiк саладағы жекешелендiрудi аяқтау;

- энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды әзiрлеу;

- либерал инвестициялық саясатты дайындау;

- еңбектi көп қажетсiнетiн өндiрiстерден капиталды, технологияны, ғылымды қажетсiнетiн, өндiрiстерге көшу яғни индустриалды технологиялық стратегияны дайындау;

- өндiрiстi әртараптандыру;


  • болашағы мол (бәсекеге жарамды) салаларды дамыту.



Қорытынды


Қорыта айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.

Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.

Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

Экономикалық өсудiң көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына шаққандағы көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей көлемiнде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелдi болады.

Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы ұлттыє өнiм (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.

ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi.

Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бүлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:



  1. Тұтыну (С)

  2. Инвестициялар (I)

  3. Мемлекеттiк сатып алу (G)

  4. Таза экспорт (Xn)


Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:
1. Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Бiлiм, 1997.

2. Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.

3. Крымова В. Экономикалық теория. Алматы. 2003ж.

4. Жүнiсов Б. Нарықтық экономика негiздерi. Алматы. 1994

5. Қазақстан экономикасын реттеу стратегиясы: ХХI ғасырға көзқарас. Алматы. 2000ж.

6. Дорнбуш Р. Макроэкономика. Алматы. 1997ж.

7.Мәдешев Б. Нарық экономикаға кiрiспе.- Алматы, 1993ж.

8. Нүрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi, Ақмола.1996ж.

9. Ермаков В. Қазақстан қазiргi дүние әлемiнде, Алматы. 2002ж.

10.Досмағанбетов Н. С. Оқу – әдістемелік кешен. АСТАНА .2009ж

11.Экономикалық саясат. Алматы. 2002ж.

12.Алшанов Р. Қазақстан және даму үрiсi. Алматы.2003ж.



13.Сәбден О. ХХI ғасырға қандай экономикамен кiремiз. Алматы. 1997ж. 14. Жалпы экономикалық теория. Жауапты ред. Шеденов І. Алматы,2002.



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау