Дәріс 8.
Дәрістің мақсаты: гидросфераның химиялық экологиясымен; гидросфераның ластану негіздерімен, ластандырушы заттардың химиясымен таныстыру
Тірек сөздер: гидросфера, химиялық құрамы, құрылымы; ластану, қалдықтар
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Гидросфера туралы түсінік
Мұхит суының химиялық құрамы
Әлемдік мұхиттың ресурстары
Жерүсті суларының химиялық құрамы
Гидросфераның ластануы
Әлемдік мұхиттың ластануы
Жер үсті суларының ластануы
Хим. элементтер мұхитқа өзен суларымен түседі деп есептеледі.
Теңіз суының тұздық құрамының тұрақтылығы – бұл мұхиттің ең басты өзгешілігі. Соңғы 900 млн жыл арасында теңіз суының ионыдқ құрамы өзгермегені эвапориттердің анализі көрсетті.
Мұхиттің ресурстары екі топқа бөлуге болады: биохимиялық және физикалық.
Жер беттік суларда /өзен және көлдерде/ кальций мен магнийдің гидрокарбонаттары көп болады. Теңіз суындағы ери тін заттардың концентрациясы 175 есе көп. Көл мен өзендердің суларының химиялық құрамы топырақ пен тау жыныстарына байланысты болады; суды алатын орнына байланысты және уақытта өзгереді.
Гидросфераның ластануы – ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты сулардың ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.
Табиғи сулардың негізгі ластаушы көздері: атмосфералық сулар; қалалық ағын сулар; өнеркәсіптік ағын сулар; ауыл шаруашылығы
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Гидросфера деп нені атайды?
Мұхит суының негізгі химиялық компоненттерін атаныз
Әлемдік мұхиттың ресурстары қандай топтарға бөлінеді?
Жерүсті суларының химиялық құрамы қандай? Мұхиттың химиялық құрамы мен айырмашылығы неде?
Әлемдік мұхиттың ластануының негіздері қандай?
Жер үсті суларының ластаушыларына қандай заттар жатады?
Қазақстан Республикасының табиғи суларының ластану негіздері туралы айтып беріңіз.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 2, 5/.
Дәріс 9. Тақырып: ЛИТОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
Дәрістің мақсаты: литосфераның химиялық экологиясымен; литосфераның манызды компоненті – топырақ және оның ластану сұрақтарымен таныстыру
Тірек сөздер: лиосфера, химиялық құрамы, құрылымы, литофильды, халькофильды, сидерофильды, атмофильды элементтер; топырақ, гумус, гумин қышқылдары, микроорганизмдер
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Литосфераның құрылысы
Литосфераның химиялық құрамы
Жер қабығының элементтерінің геохимиялық жіктелуі
Топырақ – литосфераның манызды компоненті
Топырақтың негізгі компоненті – органикалық зат /гумус/
Топырақ организмдері
Топырақтың ластануы
Құрлықтағы литосфераның бетінде экожүйе дамиды. Жердің ішкі құрылысы, негізінен үш бөліктен тұрады; оған литосфера, мантия және ядро кіреді. Жер қыртысының қалындығы барлық жерде бірдей емес. Мұхиттің астында жер қыртысының төменгі шегі 5-10 км-ге, жазықтықтарда 35-45 км- ге, тау сілемдері астында 70 км-ге дейін жетеді. Литосфера әр түрлі минералдар мен тау жыныстарынан түзіледі.
Жер қабықшасы негізінен 8 элементтен құрылған: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, натрий және калий. 5 топқа бөледі: литофильды, халькофильды, сидерофильды, атмофильды және биофильды.
Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев қалады. Ол бірінші рет “топырақ” және “топырақ құрылымы” ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты. Докучаев анықтаған топырақ түзілудің бес факторына – бастапқы жыныстар, климат, жер бедері және уақыт, өсімдіктер, жануарлар организмдеріне кейіннен су /топырақ және грунт/ және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ ерітінділерінің жоғарыдан төмен қарай қозғалысы басым болатын топырақ құрылымында үш негізгі қабат жиі бөліп көрсетіледі – қарашірік жинақталған /қарашірінді/ қабат /А1/; элювийлік шайылған қабат /А2/; иллювийлік /жуылған/ қыртыс /В/. Одан төмен бастапқы /топырақ түзетін/ жыныстар орналасады. Биосфераның маңызды құрамды бөлігі – топырақ арқылы тірі организмдердің литосферамен, гидросферамен және атмосферамен экологиялық байланыстары іске асырылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Литосфера деп не айтылады?
Литосфераның химиялық құрамы қандай?
Литосфераның құрылысы қандай?
Жер қабығының элементтерінің геохимиялық жіктелуін беріңіз
Литосфераның манызды компоненті – топыраққа сипаттама беріңіз
Гумус деген не? Оның қызметтері қандай?
Топырақ организмдерінің ролі неде?
Топырақтың деградациясы неге байланысты?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 2, 9, 12/.
Дәріс 10. Тақырып: БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙНАЛЫМДАР
Дәрістің мақсаты: биогеохимиялық циклдер туралы түсінік беру; негізгі биогеохимиялық циклдермен таныстыру
Тірек сөздер: биогеохимиялық циклдер, резервті фонд, алмасу фонд, биологиялық айналым, геологиялық айналым; тұнбалық циклдер
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
Биогеохимиялық циклдер туралы жалпы түсінік
Газ тәрізді заттардың циклдері
Тұнбалық циклдер
Фосфордың айналымы
Ауыр металдардың айналымдары
Қорғасынның айналымы
Сынаптың айналымы
Биогеохимиялық цикл – химиялық элементтердің айналымы: бейорганикалық табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы қайтадан бейорганикалыққа оралу. Күн энергиясы және химиялық реакциялар энергиялары арқылы жүзеге асады. Әр бір биогеохимиялық циклде /әр бір элемент үшін/ екі фондыны ажыратады: резервті – жай жүретін элементтердің көбі, көбінесе абиотикалық компоненттің құрамында; алмасу – организмдер мен сырқы ортаның арасында жүретін тез алмасу.
Биогеохимиялық циклдерді екі түрге бөледі: газтәрізді және тұнбалық заттардың.
Газ тәрізді заттардың айналымдары тұрақты, өзгерістерге ұшырағанда атмосферлік н/е мұхиттік қозғалыс фондыларына байланысты бір қалпына келе алады. Ал тұнбалық циклдердің бір қалпына келуі қиын жүреді. Соңғы уақытта ауыр металдардың айналымдарын бөлек топқа ажыратады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Биогеохимиялық циклдер деген не?
Биогеохимиялық циклдерде қандай екі фондыны ажыратады?
Газ тәрізді заттардың циклдерінің тұнбалық циклдерінен айырмашылығы неде?
Заттардың үлкен және кіші айналымдарында қандай айырмашылығы бар?
Достарыңызбен бөлісу: |