Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
5В020300 - Тарих мамандығының студенттеріне арналған
«Деректану» пәні бойынша
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Павлодар, 2014 ж.
Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық
факультетінің деканы
__________Бегимтаев А.И.
20__ ж. «___»________
Құрастырушылар: т.ғ.к., доцент Жусупова Л.Қ. __________
Оқытушы Сулейменова Ш.Қ. __________
Қазақстан тарихы кафедрасы
5В020300 Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Деректану» пәні бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Батталов Қ.Қ. 20__ ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.Қ. 20___ж. «_____»___________
1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат
Пәннің атауы: «Деректану»
Таңдау компоненті бойынша пән
Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат
МӨЖ – 90 сағат
Оның ішінде МОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы жүктеме - 135 сағат
Бақылау түрі
Емтихан – 2 семестр
Пререквизиттер:
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: “Қазақстан тарихы”, “Мамандыққа кіріспе”, “Қосымша тарихи пәндер”, “Қазақстан тарихының деректері” және арнайы тарихи пәндер.
Постреквизиттері:
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Деректану. Шет елдерінің тарихының тарихнамасы.
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Жусупова Лаура Қуандықовна – Қазақстан тарихы кафедрасының тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Кафедра №539 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 13-26
3 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты: деректің табиғатын белгілі уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу.
Пəнді оқытудың міндеттері:
-деректерді іздеп табу, таңдау және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;
-тарихи зерттеудің өкілетті тарихи – ақпараттық негізін жасау;
-деректанудың ұғымдық – терминологиялық аппаратын меңгеру;
-деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу мүмкіндігін игеру;
-Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің деректерімен және олардың ерекшеліктерімен таныстыру.
4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар
Пәнді оқыту барысында студент білуі тиіс:
-деректерді деректанулық сыннан өткізу;
-тарихи деректерді жан – жақты талдау;
-тарихи құжаттарды бір – бірімен салыстыру;
-деректердің шынайылық дәрежесін анықтау;
-деректерді сыныптау жолдарын меңгеру.
Курсты оқытудың нәтижесінде студенттер мынандай теориялық ілімдерді игеруі тиіс:
-осы пәнді оқытуда студенттер деректанудың теориялық және методологиялық мәселелерін, әдіс – тәсілдерін, принциптерін.
қабілеттіліктер қалыптасуы қажет:
- оқу құралдарымен, монографиялармен, ғылыми мақалалармен жұмыс жасауға, оқытушы ұсынған еңбектерде конспект жасауға;
- шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріндегі материалдарды сыни талдаудан өткізе отырып пайдалануға;
- бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану.
Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны
|
МӨЖ
|
Дәріс.
|
Тәж.
|
Лаб.
|
Жалпы
|
Оның ішінде МОӨЖ
|
1.
|
Кіріспе. Деректану теориясы, тарихы және терминдері
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1
|
2.
|
Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың қалыптасуы және дамуы
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1
|
3.
|
Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары.
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1
|
4.
|
Тарихи деректерді талдау методикасы. Деректің пайда болуын сынау
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1
|
5.
|
Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1
|
6.
|
Ежелгі жазба тарихи деректер.
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1
|
7.
|
Жылнамалар және жылнаматану
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1,5
|
8.
|
Орта ғасырлық жазба ескерткіштер
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1,5
|
9.
|
Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі
|
2
|
1
|
-
|
6
|
1,5
|
10.
|
Іс – қағаздық құжаттар. Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процестерінің материалдары.
|
2
|
1
|
-
|
6
|
2
|
11.
|
Заң актілері – тарихи дерек көзі. Мерзімді басылымдар.
|
2
|
1
|
-
|
6
|
2
|
12.
|
Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Статистикалық деректер
|
2
|
1
|
-
|
6
|
2
|
13.
|
КОКП құжаттары
|
2
|
1
|
-
|
6
|
2
|
14.
|
Саяси қуғын – сүргін құжаттары.
|
2
|
1
|
-
|
6
|
2
|
15.
|
Қазақстан Республикасы тарихының деректері (1991 – 2001 жж.). Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерегі. Кино, фото, фоно және бейне фильмдер
|
2
|
1
|
-
|
6
|
2
|
Барлығы: 135 (3 кредит)
|
30
|
15
|
-
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе. Деректану теориясы, тарихы және терминдері .
Қазақстан тарихының деректанулық негіздері курсының пәні және міндеттері. Пәннің тарихшы мамандар даярлау және жастарды тарихпен тәрбиелеудегі орыны мен маңызы.
Деректанулық ұғымдар мен терминдер. “Ұғым” мен “терминнің” анықтамасы. Қазақ тілінде ғылыми ұғымдар мен терминдер жасау тарихынан. Алаш зиялылары: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов және Қ.Жұбановтардың қазақ тілінде ғылыми терминдер қалыптастырудағы қосқан үлестері. Деректанулық терминдер: “дерек”, “деректану”, “сыныптау”, “тарихи дерек”, “тарихи факт” т.б.
Әдебиеттер тізімі:
1 Атабаев Қ. Қазақстан деректанулық негіздері. Алматы, 2002.
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
Тақырып 2: Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың қалыптасуы және дамуы
Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізігі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы.
Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының және қалыптасуының алғы шарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шленцер (1735 – 1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер ( 1768 -1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766 – 1831), Л. Фон Ранке (1795 – 1886), француз тарихшысы П.Дону (1761 – 1840) т.б. деректану ғылымының негізін қалаушылар.
XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген әсері. Г.Ф. Фон Штейннің “Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын” құруы. “Герман тарихының ескерткіштері” сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813 – 1886) және оның “Германия тарихының деректануы”.
Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген қажеттіліктің артуы. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.
Э.Бернгеймнің (1850 – 1942) “Тарих ғылымына кіріспе” атты оқулығындағы: методология, методика, түсініктер және сыныптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863 – 1920) мен Ш.Сеньобостың (1854 – 1942) “Тарихи зерттеуге кіріспе” атты еңбектерінің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.
Әдебиеттер тізімі:
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
3 Бөкейхан Ә.Таңдамалары. Алматы. 1995.
Тақырып 3. Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары.
Ш.Уәлиханов – қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлының деректанушылық ойлары. Қазақ зиялыларының ұлттық деректерді іздеп тауып табу және жинау мақсатында жасаған әрекеттері.
Әдебиеттер тізімі:
1 Атабаев Қ. Қазақстан деректанулық негіздері. Алматы, 2002.
2 Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
Тақырып 4. Тарихи деректерді талдау методикасы. Деректің пайда болуын сынау.
Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы. А.Л.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізігі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский “филологиялық сын” және “фактілік сын” туралы. А.С.Лаппо – Данилевскийдің деректерді ғылыми сынның негізгі кезеңдерін және 14 Ережесін көрсетуі.
Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі – методология, методика және техника.
Деректердің сақталу формалары және олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дұрыс оқу – жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау.
Әдебиеттер тізімі:
1 Атабаев Қ. Қазақстан деректанулық негіздері. Алматы, 2002.
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
3 Бөкейхан Ә.Таңдамалары. Алматы. 1995.
4 Источниковедение: теория, история, метод. Источники Россииской истории: учебное пособие. М., РГТУ.1998.
Тақырып 5. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде.
Олардың түрлері. Фольклордың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы. Құрылымы. Фольклорлық туындыларды деректанулық талдау методтары: тарихи типологиялық, тарихи – генетикалық, тарихи – салыстырмалық. Ш. Уәлиханов, Ә.Марғұлан аңыз - әңгіме, жыр – дастандардың пайда болу, сақталу және деректік ерекшеліктері туралы. Ә.Бөкейхан “Қобланды батыр” жыры туралы.
Әдебиеттер тізімі:
1 Атабаев Қ. Қазақстан деректанулық негіздері. Алматы, 2002.
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
Тақырып 6. Ежелгі жазба тарихи деректер.
Қазақтар туралы ежелгі парсы, грек, қытай жазбаларындағы мәліметтер. Ежелгі жазба түркі ескерткіштері: пайда болуын сынау, мәтінін оқу және түсіндіру.
Орхон – Енисей жырлары. Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі, маңызы және орыны. Орхон жырларын тарихи дерек көзі ретінде зерттеудің негізгі проблемалалары.
.
Әдебиеттер тізімі:
1 Атабаев Қ. Қазақстан деректанулық негіздері. Алматы, 2002.
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
Тақырып 7. Жылнамалар және жылнаматану
Жылнаманың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Жылнама жазу тарихы. Негізгі кезеңдері.
Жылнаматану ғылыми проблема ретінде. Жылнамаларды жариялау. Жылнамаларды ғылыми зерттеу. А.А.Шахмановтың (1860 – 1920) жылнаматану ісіне қосқан үлесі мен пайдаланған тәсілдері.
Әдебиеттер тізімі:
4 Источниковедение: теория, история, метод. Источники Россииской истории: учебное пособие. М., РГТУ.1998.
5 Бекмаханов Е. XIX ғ. 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
Тақырып 8. Орта ғасырлық жазба ескерткіштер
Жүсіп Баласоғұнның “Құдадғу біліг”, Махмуд Қашқаридің “Диуани лұғат ат - түрік” (түркі сөздерінің жинағы), “Кодекс куманикус” – ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.
Рашид – ад – диннің “жылнамалар жинағы” қазақ тайпалары тарихының құнды дерек көзі. Мұхамед Хайдар Дулати (1499 – 1551) “Тарих – и Рашиди” тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері.
Әдебиеттер тізімі:
6 Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы: 1991.
7 Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері.// Қазақ тарихы. 1997, № 4.
Тақырып 9. Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі.
Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы, орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеу методикасы. “Абылай хан”, “Қабанбай батыр”, “Бөгенбай батыр ”, “Наурызбай батыр”, “Өтеген батыр” т.б. жырларға.
Әдебиеттер тізімі:
5 Бекмаханов Е. XIX ғ. 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
6 Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы: 1991.
Тақырып 10. Іс – қағаздық құжаттар. Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процестерінің материалдары.
XYIII – XX ғ. басындағы іс – қағаздық құжаттардың пайда болуы және дамуы. Оларды құрастырудың және тіркеудің ерекшеліктері. Іс – қағаздық құжаттарды деректанулық талдаудың жалпы принциптері және оларды сыныптау. Іс – қағаздық құжаттарды талдаудың кешенді методы.
Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және Санкт – Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қонысаудару басқармасының қорлары.
Қазақтардың ұлт – азаттығы үшін жүргізген күрес тарихының дерегі. Саяси қуғын – сүргін және сот процестерінің құжаттарының жалпы сипаттамасы. Ресей ішкі істер министрлігінің, Омбы губерниялық жандарым басқармасының т.б. қорлардағы құжаттардың деректік маңызы. Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихының деректерін сыныптауы және олардың сипаты, деректік ерекшеліктері, шынайылық деңгейі туралы.
Әдебиеттер тізімі:
5 Бекмаханов Е. XIX ғ. 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
6 Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы: 1991.
Тақырып 11. Заң актілері – тарихи дерек көзі. Мерзімді басылымдар.
Заң актілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы, орыны, ерекшелігі. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеу методтары. “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, “Жеті жарғы” – қазақ қоғамы тарихының дерегі.
Ресей империясының қазақтарға қатысты заң актілерінің қабылдануының негізгі кезендерін зерттеу. Оларға деректанулық талдаудың негізгі методикалық ерекшеліктері. Ресей заң шығарушылығының ерекшеліктері. Сібір кирғыздары туралы Устав (1822 ж. 22 июнь), Жетісу және Сырдария обылыстарын басқару туралы уақытша ереже (1868ж.), Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы 1891 жылғы 25 марттағы “Дала ережесі” 1885 ж. “Қарамола Ережесі”.
XIX ғ. соңы XX ғ. басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі. Мерзімді басылымдарды сыныптау. Оларды деректанулық талдаудың негізгі принциптері және проблемалары. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің пайда болуының алғышарттары мен тарихи жағдайлары. Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары.
“Түркістан уалаятының газеті” және “Дала уалаятының газеті” Ресейідің Қазақстанды отарлау тарихының дерегі. “Айқап” журналы және “Қазақ” газетінің деректік маңызы.
Әдебиеттер тізімі:
4 Источниковедение: теория, история, метод. Источники Россииской истории: учебное пособие. М., РГТУ.1998.
5 Бекмаханов Е. XIX ғ. 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
Тақырып 12. Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Статистикалық деректер.
Аңықтамасы. Сыныптау. Жеке адамдық құжаттар эволюциясы. Хаттар, күнделіктер, естеліктер және заманхаттардың деректік ерекшеліктері. Жеке адамдық құжаттарды дерек көзі ретінде талдау методтары. Қазан төңкерісіне дейінгі жеке адамдық құжаттардың негізгі топтары.
Статистикалық ұйымдастыру. Ф.А.Цербина дайындаған қазақтар шаруашылығының статистикалық мәліметтері. Щербина, Румянцев экспедицияларының қорытындылары. Статистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі жолдары. Толықтық және шынайылық деңгейі. Өкілеттілік проблемасы. Демографиялық статистика және оның деректік маңызы.
Әдебиеттер тізімі:
4 Источниковедение: теория, история, метод. Источники Россииской истории: учебное пособие. М., РГТУ.1998.
5 Бекмаханов Е. XIX ғ. 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
Тақырып 13. КОКП құжаттары
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен тоталитарлық жүйенің қалыптасу тарихының дерегі. XX ғ. басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі типологиялық өзгерістер. Кеңестік деректердің пайда болуы және ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі:
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
3 Бөкейхан Ә.Таңдамалары. Алматы. 1995.
Тақырып 14. Саяси қуғын – сүргін құжаттары.
Кеңестік кезеңде пайда болған саяси қуғын – сүргін құжаттарын сыныптау. Олардың пайда болуын сынау. Деректік орыны мен маңызын анықтау. НКВД, ОГПУ, КГУ құжаттарының тарихи дерек ретінде. Сот процестері мен үкімдері дерек көзі.
Әдебиеттер тізімі:
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
3 Бөкейхан Ә.Таңдамалары. Алматы. 1995.
Тақырып 15. Қазақстан Республикасы тарихының деректері (1991 – 2001 жж.). Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерегі. Кино, фото, фоно және бейне фильмдер 1. Империяны нығайту бойынша Диоклетиан мен Константиннің реформалары. Доминат жүйесінің пайда болуы.
Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі. Сыныптау проблемасы. Маңызы мен ерекшелігі.
Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені, түрлері және сипатындағы өзгерістер. ҚР конституциясы, ҚР Президентінің жарлықтары.
Олардың деректік ерекшеліктері мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде зерттеу проблемалары.
Мерзімді басылымдар және олардағы болған өзгерістер. Ресми басылымдар. Тәуелсіз басылымдар.
Әдебиеттер тізімі:
7 Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері.// Қазақ тарихы. 1997, № 4.
7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағат санындағы көлемі
Тақырып 1. Кіріспе. Деректану теориясы, тарихы және терминдері. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың қалыптасуы және дамуы.
Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдеудің негзідері және Қазақстан тарихының деректері туралы жалпы түсінік.
Тарихи деректер бейнелеу теориясы тұрғысынан. Деректердегі объективтілік пен субъективтілік туралы. Тарихи шыңдық пен деректің, дерек пен тарихшының диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи танымның ретроспективті сипаты. Тарихи дерек ұғымы ақпарат теориясы туралы білім тұрғысынан. Деректану және тарихи зерттеу.
Тарихи деректер эволюциясы. Қазақстан тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректердің дамуының негізгі тенденциялары.
Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымының ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктер туралы. А.С.Лаппо – Данилевскийдің (1863 – 1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану – тарихи деректер туралы біртұтас жүйелі ғылым.
Әдебиеттер тізімі: 1,12, 4
Тақырып 2. Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары. Тарихи деректерді талдау методикасы. Деректің пайда болуын сынау.
Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары. О.Сүлейменовтың “Азия” – сы және деректің түпнұсқалық проблемасы. Қазақтың деректанушы ғалымдары және олардың еңбектері. Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.
Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық принцип – деректану методикасының негізгі принциптері.
Деректермен жұмыс істеудің негізіг үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика).
Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.
Әдебиеттер тізімі: 2,4,10.
Тақырып 3. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Ежелгі жазба тарихи деректер. Жылнамалар және жылнаматану.
Шежіренің деректік маңызы, орыны, ерекшелігі. Шежіренің түрлері. Шежіренің тарихи дерек ретіндегі эволюциясы. Шежіренің пайда болуын сынау. Шежіредегі объективтілік пен субъективтілік. Шежіретану – кезеңдері мен қажеттілігі. Ш. Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы шежіренің деректік маңызы мен ерекшелігі туралы. Шежіренің қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында тайпалардың орналасуын, түркі халықтарының этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы. Шежіретану проблемалалары.
Араб деректері, IX – XIII ғғ. ал – Жазидің, ибн – Фадлан, ал Факихтың т.б. тарихи трактаттары, ал – Масудидің (“Ахбар – аз - заман”), Худун ал – Алемнің (Дүние шеңбері. X ғ.), Ибн – Хордабектің (“Шет аймақ кітабы ”), Ибн – Рустенің ( “Асыл алқалар кітабы”) т.б. тарихи – географиялық еңбектер мен географиялық карталардың деректік маңызы және оларға деректанулық талдау жасау жолдары.
Батыс Европа саяхатшылары Плано Карпиниди (1182 – 1252), Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбалары.
Қазіргі жылнаматану проблемалары: жылнама жазушылықтың бастапқы кезеңін қалпына келтіру, жылнаманың шынайылық проблемасы, жылнаманың өкілеттілік проблемасы.
Әдебиеттер тізімі: 5, 10,15.
Тақырып 4. Орта ғасырлық жазба ескерткіштер. Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі. Іс – қағаздық құжаттар. Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процестерінің материалдары.
Дулатитану ғылымының қалыптасуы. “Тарих–и Рашидидің” деректік маңызы. Қадырғали би Қосымұлының “Жылнамалар жинағы”. Деректанулық талдау. Әбілғазы Баһадурдың (1603 – 1663) “Түріктер шежіресі”, “Зафарнама” және “Бабурнама”.
Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы, орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеу методикасы. “Абылай хан”, “Қабанбай батыр”, “Бөгенбай батыр ”, “Наурызбай батыр”, “Өтеген батыр” т.б. жырларға.
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы жергілікті мекемелер: Батыс – Сібір шекара комиссиясының Орынбор облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының канцеляриясының, Түркістан генерал – губернаторының канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.
XX ғ. басындағы қазақ зиялыларына және “Қазақ” газетіне қатысты пайда болған бақылау және сот құжаттарының өткен ғасырдың басындағы еліміздегі азаттық үшін жүргізілген күрес тарихының деректері. 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс тарихының деректері.
Әдебиеттір тізімі: 6,7,18
Тақырып 5. Заң актілері – тарихи дерек көзі. Мерзімді басылымдар.
Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде.
РКФСР, КСРО және Қазақстан конституциялары. Кеңестік заң қабылдау жүйесінің ерекшеліктері. Кеңестік заңдар мен заң актілерінің деректік орыны мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде талдаудың методтары.
Большевиктік мерзімді басылымдардың пайда болуы, сипаты, бағыт – бағдары, мақсаты және ерекшеліктері. Кеңестік газеттер мен журналдардың деректік маңызы және оларды талдаудың методтары. “Ақ жол ”, “Еңбекші Қазақ”, “Социалды Қазақстан”, “Социалистік Қазақстан” газеттері, “Қызыл Қазақстан”, “Қазақстан Большевигі”, “Қазақстан Коммунисі” журналы.
Кеңестік кезеңдегі жеке адамдық құжаттарды сыныптау. Қоғам қайраткерлерінің хаттары тарихи дерек ретінде. Күнделіктер, естеліктер, заманхаттар. Сәкен Сейфулиннің “Тар жол, тайғақ кешуі”. Куәгерлер мәліметі Зұлмат тарихының дерегі ретінде. Жеке адамдық құжаттарды зерттеу методикасы.
Әдебиеттер тізімі: 10,2,25,26
Тақырып 6. Статистикалық деректер. КОКП құжаттары.
Кеңестік статистика жүйесінің қалыптасуы мен мақсаты. Статистикалық мәліметтердің жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп статистикасы. Демографиялық статистика және оның Қазақстан трагедиясының тарихының дерегі ретіндегі маңызы. Халық санағын алу статистикасының міндеттері мен методы. Статистикалық материалдар мен жұмыс істеу методикасы. Математикалық талдау тәсілдерін қолдану.
КОКП құжаттарын сыныптау. КОКП көсемдерінің еңбектерінің деректік маңызы. КОКП құжаттары мен көсемдерінің еңбектеріне деректанулық талдау жасау методтары.
Әдебиеттер тізімі: 4,10,16
Тақырып 7. Саяси қуғын – сүргін құжаттары.
Саяси қуғын – сүргін құжаттарын дерек көзі ретінде зерттеу жолдары. XX ғ. 70 – 80 жылдарындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес тарихының деректері.
Әдебиеттер тізімі: 4, 12, 17
Тақырып 8. Қазақстан Республикасы тарихының деректері (1991 – 2001 жж.). Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерегі.
Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі. Сыныптау проблемасы. Маңызы мен ерекшелігі.
ҚР заң шығарушы органдарының шығарған заңдарының тәуелсіз Қазақстан мемелекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі. Заң актілері еліміздегі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасу тарихының деректері.
Әдебиеттер тізімі: 7,14,21
Тақырып 9. Кино, фото, фоно және бейне фильмдер және олардың деректік ерекшеліктері мен маңызы.
Жеке адамдық құжаттар: Заманхаттар, естеліктер, хаттар. Жеке адамдық мұрағат құжаттары. Ш.Мұртаза мен К.Смайыловтың хаттары тарихи дерек ретінде.
Әдебиеттер тізімі: 5, 12, 28
Өзіндік оқуға арналған тақырыптар
1-тақырып. Деректану теориясы, тарихы және терминдері Деректанудың қалыптасуы және дамуы.
Деректанулық терминдер: “дерек”, “деректану”, “сыныптау”, “тарихи дерек”, “тарихи факт” т.б. Деректану және тарихи зерттеу.
Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы. Деректану – тарихи деректер туралы біртұтас жүйелі ғылым.
Деректанулық орталықтар.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 12, 14, 17.
2 тақырып. Тарихи деректерді талдау методикасы. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде.
Деректермен жұмыс істеудің негізіг үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика).
Шежіретану – кезеңдері мен қажеттілігі. Шежіренің қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында тайпалардың орналасуын, түркі халықтарының этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы.
Ұсынылатын әдебиет: 1,4, 8, 34
3-тақырып. Жылнамалар және жылнаматану. Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі.
Жылнаматану ғылыми проблема ретінде. Жылнамаларды жариялау. Жылнамаларды ғылыми зерттеу.
“Абылай хан”, “Қабанбай батыр”, “Бөгенбай батыр ”, “Наурызбай батыр”, “Өтеген батыр” т.б. жырлар.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 7, 8, 20, 22, 25, 31
4 тақырып. Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процестерінің материалдары. Мерзімді басылымдар.
Ресей ішкі істер министрлігінің, Омбы губерниялық жандарым басқармасының т.б. қорлардағы құжаттардың деректік маңызы.
Қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің пайда болуының алғышарттары мен тарихи жағдайлары. Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 15, 17.
5 тақырып. Статистикалық деректер. Саяси қуғын – сүргін құжаттары.
Статистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі жолдары. Толықтық және шынайылық деңгейі. Өкілеттілік проблемасы. Демографиялық статистика және оның деректік маңызы.
НКВД, ОГПУ, КГУ құжаттарының тарихи дерек ретінде. Сот процестері мен үкімдері дерек көзі. Саяси қуғын – сүргін құжаттарын дерек көзі ретінде зерттеу жолдары.
Ұсынылатын әдебиет: 4, 5, 6, 17, 21, 30.
тақырып. Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерегі.
ҚР конституциясы, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заң шығарушы органдарының шығарған заңдарының тәуелсіз Қазақстан мемелекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2
10. МОӨЖ кеңеснамаларының кестесі
(МОӨЖ МӨЖ-дың 25%-ын құрайды)
№
|
Оқу түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибе тақырыптары бойынша кеңес беру
|
|
|
12.35
13.25
|
|
|
|
3.
|
МӨЖ тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
4.
|
Рефератты орындау бойынша кеңес беру
|
16.00
17.00
|
|
|
|
|
|
5.
|
Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
14.20
15.00
|
|
|
Барлық сұрақтар бойынша кеңеснамалар ағымдағы семестрдің МОӨЖ кестесіне сәйкес іске асырылады
11. Студенттердің білімін тексеру кестесі
Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балл бағаланады
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Орындалу мерзімі
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Коллоквиум
|
Білім онтологиясы
|
|
3 жұма
|
|
3-ші жұма
|
2
|
Коллоквиум
|
Білім аксиологиясы
|
|
4 жұма
|
|
4-ші жүма
|
3
|
Межелік бақылау
|
Модуль 1,2
|
|
|
коллоквиум
|
8-шы жұма
|
4
|
Эссе
|
«Тарих пен саясат». Салыстырмалы, анализ жасау.
|
|
9 жұма
|
|
11-ші жұма
|
6
|
Межелікбақылау
|
Модуль 3,4
|
|
|
коллоквиум
|
15-ші жұма
| 12. Студенттердің білімін тексеру критерилері
Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.
Жіберу рейтингісі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, МӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.
Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалық жұмыстардың, МӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы) барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингісін алған (50 баллдан кем емес) магистранттар жіберіледі.
Әрбір пән бойынша магистранттардың білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішіндеМЕ қорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба) бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырып есептелінеді.
Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4
Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.
КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға көрсетілген білімге сәйкес және жетекшінің түйіндемесін есепке ала отырып қойылады.
Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингісі бойынша және де сонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияның қорытындысы магистарнттарға сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.
Магистранттың межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімінің қорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.
Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.
Студенттердің білімін бағалау.
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
Әрбір магистрант сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың алгиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.
Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алынып тасталынады.
Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық 11 балл қойылады, сөннымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 1 балл. Осы жіберілген сабақтарды магистрант қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 10 баллдың орнына 5 балл қатылады, алайда тәжірибе сабағында белгілі себептермен қатыса алмай қалған жағдайда 11 балл қоямын. Магистранттардың өздін жұмысы орындалса 1 балл, орындалған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.
Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.
Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан магистрант марапатына 3 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.
Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға не баласыз.
Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1 Атабаев Қ. Қазақстан деректанулық негіздері. Алматы, 2002.
2 Атабаев Қ. Қ азақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2000.
3 Бөкейхан Ә.Таңдамалары. Алматы. 1995.
4 Источниковедение: теория, история, метод. Источники Россииской истории: учебное пособие. М., РГТУ.1998.
5 Бекмаханов Е. XIX ғ. 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1992.
6 Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы: 1991.
Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері.// Қазақ тарихы. 1997, № 4.
Қосымша әдебиеттер
8 Субханбердина Ү. Қазақ халқының ата мұралары. Алматы, 1999.
9 Сейфуллин С. Тар жол тайғақ кешу. Алматы, 1992.
10 Қонаев Д. Өтті дәурен осылай. Алматы, 1992.
11 Мұхамед Хайдар Дулати. Тарих – и Рашиди.
12 Бернгейм Э. Введение в историческую науку. СПб., 1908
13 Ланглуа Ш.В., Сеньабос Ш. Введение в изучение истории СПб., 1898.
14 Лаппо – Данилевский А.С. Методология истории СПб., 1910 Ч.I.1913, Ч.II.
15 Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. М., 1983.
16 Ключевский В.О. Соч. В девяти томах. Т. VII. Специальные курсы. М., 1989. С. 7.
17 Источниковедение истории СССР. // Под ред. Ковальченко И.Д.М., 1981. С. 12.
18 Пушкарев Л.Н. Типологическая классификация русских писменных источников по отечественной истории. М., 1969. С. 474 – 478.
19 Татищев В.Н. История Российская. Т. I. – М – Л., 1982.
20 Шлецер А.Л. Русские летописи на древнеславянском языке. Ч.I. СПб., 1908.
21 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989. 216 – б.
22 Сүлейменов О. АзиЯ. – Алматы, 1992.
23 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985.
24 Лихачев Д.С. Текстология. М – Л. 1962.
25 Рашид – ад – Дин. Сборник летописей. Т. I. Кн. I. С. 47 – 48, 50, 68, 69, 75.
26 Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его “Дивану лугат ат - тюрк” // Сов.Тюркология. 1972, № 1, с. 3 – 17.
27 Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Балагунского “Благодатное знание”. В кн. Юсуф Балагунский. Благодатное знание. М., 1983, с. 495 – 517.
28 Кляшторный С.Г. древнетюрские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М.,1964.
29 Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX – XI вв. По арабским источникам. Алма – Ата, 1972.
30 Лихачев Д.С. Текстология. Л., 1983.
31 Малов С.Е. Памятники древнетюрской письменности. М – Л., 1951.
32 Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М – Л. 1952.
33 Пищулина К.А. Юго – Восточный Казахстан в середине XIV – начало XVI вв. Вопросы политической и социально – экономической истории. Алма – Ата, 1977.
34 Пронштейн А.П. Методика исторического источниковедения. Ростов – на – Дону. 1976.
35 Пушкарев Л.Н. Классификация русских письменных источников по отечественной истории. М., 1975.
Достарыңызбен бөлісу: |