Магистірлік диссертация туралы ереже



жүктеу 123,42 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.02.2018
өлшемі123,42 Kb.
#10723



 

 

 




 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі 



 

Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Т.Г. Балова, Ю.А. Вайс  

 

 



МАГИСТІРЛІК  ДИССЕРТАЦИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 

 

магистірлік диссертацияны дайындауға, ресімдеуіне және мазмұнына 



қойылатын талаптар бойынша әдістемелік нұсқаулар 

 

 



 

 

 



Мамандықтар:  6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» 

                           6М070400 - «Есептеуіш техника мен бағдарламалық қамтамасыз 

ету» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Өскемен 


2014 


 

 

ГРНТИ 20-50.05 

 

Т.Г.  Балова.  Магистірлік    диссертация  туралы  ереже.  6М070300  - 

ақпараттық  жүйелер  және  6М070400  -  есептеуіш  техника  мен  бағдарламалық 

қамтамасыз  ету  мамандықтарына  арналған  магистірлік  диссертацияны 

дайындауға,  ресімдеуіне  және  мазмұнына  қойылатын  талаптар  бойынша 

әдістемелік нұсқаулар  

/ Т.Г. Балова, Ю.А. Вайс / ШҚМТУ. - Өскемен, 2014. - 12 бет. 

 

 

 



 

 

 



 

 

Магистірлік  диссертация  туралы  ереже  магистратура  бітірушінің 



қорытынды аттестаттауының мақсаты мен міндеттерін анықтайды, сонымен қатар 

магистірлік  диссертацияны  дайындауға,  ресімдеуіне  және мазмұнына  қойылатын 

талаптар бойынша әдістемелік нұсқаулардан тұрады. 

6М070300  -  ақпараттық жүйелер және 6М070400  -  есептеуіш  техника  мен 

бағдарламалық қамтамасыз ету  мамандықтарының магистранттары үшін/  

 

 



АТжЭФ оқу - әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілген 

 

 



№______ Хаттама _____ _____________________2014 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 

                      2014 



 

 

 



МАЗМҰНЫ 

 

 



1  Жалпы ережелер  

2  Мақсаты 



3 Тақырыбы 

4  Магистірлік диссертацияға қойылатын талаптар 



4.1 Мазмұнына қойылатын талаптар 

4.2 Құрылымына, көлеміне және ресімдеуіне қойылатын талаптар 



5  Диссертацияға  дайындық барысында жұмысты ұйымдастыру 

11 

6  Қорғауға дайындық 



11 

7  Диссертацияны  қорғау 

12 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



14 

А қосымшасы. Бірінші парақты ресімдеу  үлгісі 

15 

Б қосымшасы. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



17 

В қосымшасы. Суретті рәсімдеу үлгісі 

18 

Г қосымшасы. Кестені рәсімдеу үлгісі 



19 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

1.1  Берілген  Ереже  магистірлік  диссертацияның  құрылымына,  мазмұнына 

және көлеміне,  оны қорғау ретіне қойылатын талаптарды анықтайды. 

  1.2  Ереже  жоғары  оқу  орындарында  оқитындардың  қорытынды 

мемлекеттік  аттестаттауын  өткізу  ережелері  және  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген [1-4]. 

1.3  Магистірлік  диссертация  –  ғылыми  мазмұнды  қорытынды  біліктілік 

жұмыс.  Ол    ғылыми  жетекшінің  басшылығымен    магистранттың  өз  бетімен 

орындалатын ғылыми зерттеу немесе жоба. Магистранттың ғылыми жетекшісінің 

ғылыми дәрежесі  (доктор немесе ғылым кандидаты) немесе  пішін бойынша PhD 

докторының  академиялық дәрежесі болуы қажет,  ғылымның берілген саласында 

ғылыми  зерттеулермен  белсенді  айналысуы  қажет.  Қажетті  жағдайда  ғылыми 

кеңесшілер ғылымның шектес салалары бойынша тағайындалуы мүмкін. 

1.4  Магистірлік  диссертацияда  жалпы  ережелер,  қорытындылар  және  

кепілдемелер,  олардың  жаңашылдығы,  маңыздылығы  және  өзектілігі  толық 

көрсетілуі қажет. 

Магистранттың  диссертациялық  зерттеулер  нәтижелері  дайындықтың 

таңдап  алынған  бағыты  бойынша  (пішіндік  немесе  ғылыми-педагогикалық)  жете 

білулігіне сәйкес болуы қажет. 

Магистранттың  ғылыми  біліктілік  деңгейін    анықтау  үшін  диссертацияда 

көрсетілген нәтижелер нақты болуы қажет, оның өз бетімен ғылыми мақсаттарды 

шешу  барысындағы  іскерлігі  мен  дағдысын  растауы  керек,  және  де  6М070300 

ақпараттық  жүйелер  мен  6М070400  есептеуіш  техника  мен  бағдарламалық 

қамтамасыз ету  мамандықтары бойынша техника мен технологиялар магистрінің 

академиялық  дәрежесінің сәйкес келетіндігін бағалау үшін. 

1.5  Диссертацияның  мазмұны  ақпараттық  технологиялар  дамуына 

бағытталған  немесе  олардың  ғылыми-зерттеу,  жобалық-конструкторлық, 

өндірістік-технологиялық 

және 

ұйымдастыру-басқарушылық 



қызметінде 

пайдаланылуына 

арналған 

теориялық 

және 

қолданбалы 



зерттеулердің 

нәтижелерінен тұруы мүмкін. 

1.6  Магистірлік  диссертация  магистрантың  оқу  барысында  және  ғылыми-

зерттеу практикасы кезінде жиналған материаладрдан тұрады. 

1.7  Магистірлік  диссертацияның  негізгі  нәтижелері  бір  жариялымда 

немесе ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеуімен ұсынылуы мүмкін. 

Магистрант  магистрлік  диссертацияны  қорғау  барысында  мемлекеттік 

аттестаттау  комиссия  мүшелеріне  берілген  ретте  бекітілген  жариялым  тізімін 

ұсынуы қажет. 

 

2 МАҚСАТЫ 



 

 

 Магистірлік диссертацияны жазу және қорғау мақсаты: 




 

 

 



- лайықты магистірлік бағдарлама бойынша бітірушінің кәсіптік және жалпы 

білім беру дайындығының деңгейін растау; 

 

-білімнің  қажетті  саласында  әдеби  қайнарлар  ммағлұматтары  бойынша 



салыстырмалы талдау және қорытынды жасауын, меңгеруін көрсете алуы қажет; 

 

-  танымның  жүйелік  және  қиыстырылған  әдістерін  пайдалану  арқылы 



ғылыми  зерттеулерді  өз  бетімен  өткізу  қабілетін  көрсету,  диссертацияның 

практикалық  тарауында  экономикалық-математикалық,  статистикалық,  тиімділеу 

әдістерін,  басқа  математикалық  аппаратын  және  компьютерлік  тәжірибесін 

әзірленген бағдарламалық өнім түрінде көрсету; 

 

- өткізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша  шешімдер мен практикалық 



ұсыныстарды  өз бетімен  дәлелдеу іскерлігін  көрсету. 

 

3 ТАҚЫРЫБЫ 



 

3.1  Магистірлік  диссертация  тақырыптары  таңдау  барысында  келесі 

бағыттарды басшылыққа алу қажет: 

-  тақырып  өзекті  болу  тиісті,  ақпараттық  технологиялардың  қазіргі 

жағдайына және болашақта даму талабына сай болу; 

- магистратурада оқу барысында өткізілген ғылыми - зерттеу жұмыстарына 

негізделген болуы қажет; 

- оның әзірлеу деңгейін және әдебиетте орын алуын ескеру; 

-  диссертациямен    жұмыс  істеу  барысында  нақты  деректерді  алу 

мүмкіндігі; 

-  жұмыстың  қорытынды  материалдарды  бойынша  кәсіпорындар  мен 

ұйымдардың қызығушылығы мен қажеттілігі. 

3.2 Магистірлік диссертациялардың тақырыптары  шығарушы кафедрамен 

әзірленеді  және факультеттің ғылыми кеңесімен жыл сайын бекітіледі. 

3.3  Магистрантқа  магистірлік  диссертацияның  өз  тақырыбын  ұсынуға 

мүмкіндік  бар,  егер  тақырыптың  өзектілгі  немесе  кәсіпорындар,  ұйымдар, 

мекемелерден тапсырыс арқылы таңдалып алынса. 

3.4 Магистірлік диссертацияның  тақырыбы  және  ғылыми жетекшісі  ЖОО 

ректорының бұйрығымен бекітіледі. 

 

4 МАГИСТІРЛІК ДИССЕРТАЦИЯҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 



 

4.1 Мазмұнына қойылатын талаптар 

4.1.1 Магистірлік диссертация жалпы талаптарға сай болуы қажет: 

 

- өзектілігі және қойылған мақсатты шешу; 



 

 

- ғылыми зерттеу элементтерінен тұрады; 



 

 

- материалдың нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс құрылуы; 



 

 

-қазіргі 



CASE-құралдарынан-математикалық, 

ақпараттық, 

бағдарламалық және т.б. қамтамасыз ету түрлерін пайдалану арқылы орындалады; 



 

 

 



 

4.1.2 Магистірлік диссертацияның мазмұны: 

 

-  ғылыми  жаңа  материалдар  мен  теориялық,  қолданбалы  немесе  ғылыми-



әдістемелік маңызы бар жаңа нәтижелерді алу; 

 

-  ғылыми  конференцияларда  немесе  ғылыми  журналдар  мен  жинақтарға 



дайындалған  жариялымдар,  баяндамалар    түрінде    алынған  нәтижелер  мен 

қорытындыларды бекіту. 

 

Магистірлік  диссертация  тек  ғана  оқулық  түрінде,  рефератты  сипаттама 



түрінде болмауы керек. 

4.1.3  Диссертацияның  мазмұны  негізгі  ғылыми  ұғымдарда  төмендегідей 

берілуі қажет: 

-  мәселе  –бір  жиынға  жиналған  ғылыми  сұрақтар  зерттеудің  болашақ 

саласы; 

-  дәлел  –  магистірлік  диссертацияның  негізгі  элементі,  жағдайлар  немесе 

құбылыстар, гипотезаны растайтын немесе  негіздеме ретінде қызмет ететін, оның 

анықтылығы, жаңашылдығы, нақтылығы және маңыздылығы болуы қажет; 

    -  қағида  –  берілген  көз-қарастарды  дәлеледеу  үшін  пайдаланылатын  кез-

келген теорияның негізгі ережесі; 

            -  зерттеу  объектісі  –  ол  құбылыс  немесе  процесс,  зерттеуге  арналған 

мәселелі жағдайды тудыратын; 

     - зерттеу пәні – ол  объект шегінде болатын, объект және зерттеу пәні бір-

бірімен  тығыз  байланысты:  объектіде  зерттеу  пәні  болатын  жеке  бөлім  ретінде 

бөлініп шығады. 

Диссертацияның  әрбір  тарауы    жалпы  қорытындылармен    аяқталуы  тиіс, 

оларда тарау бойынша зерттеудің негізгі нәтижелері көрсетіледі. 

Диссертацияны 

жазу 

барысында 



мазмұндаудың 

ғылыми 


стилі 

пайдаланылуы қажет. Мазмұнды суреттеу құрылымдық және процесстік сұлбалар, 

диаграммалар, алгоритм сұлбалары, математикалық үлгілер және т.б.  түрлерінде 

жүйетехникалық шешімдермен берілуі қажет.  

Жазу тілі сауатты, баяндау 3-жақтан берілуі қажет. 

 

4.2 Құрылымына, көлеміне және ресімдеуіне қойылатын талаптар 

Магистірлік диссертацияның  ұсынылатын құрылымы: 

             - бірінші парақ (берілген Ережеге  1 қосымша); 

- реферат (қазақ (орыс) және ағылшын тілдерінде); 

- пайдаланылатын анықтамалар, терминдер және қысқартулар; 

- парақ  нөмірлері көрсетілген мазмұны; 

- кіріспе; 

- негізгі бөлім (бөлімдер және бөлімшелер); 

- қорытынды; 

- пайдаланылған әдебиеттер  тізімі; 

- қосымша. 




 

 

 



4.2.1  Бірінші  парақ  –  стандартты  түрдегі  бланк,  тақырыптың  аты, 

магистрлік дайындық мамандығының шифрі және академиялық дәрежесі (6N0703 

мамандығы үшін техника және технологиялар магистрі, 6N0704 мамандығы үшін 

есептеуіш  техника  мен    бағдарламалық  қамтамасыз  ету  магистрі)  көрсетіліп 

толтырылады. 

Тақырыптың аты нақты, қысқа және орындалған жұмыстың зерттеу пәні мен 

мазмұнына  сәйкес  келуі  қажет.  Тақырыпта  қысқартулар  (аббревиатуралар) 

болмауы қажет. 

4.2.2 Реферат келесілерден тұруы қажет: 

- диссертацияның көлемі бойынша мәліметтер (парақтар саны); 

- суреттер, кесетелер, қосымшалар, пайдаланылған әдебиеттер санынан; 

- маңызды сөздердің тізімі; 

- жұмыстың  қысқаша сипаттамасы. 

Магистірлік  диссертацияның  негізгі  мазмұнын  маңызды  сөздер  тізімі 

сипаттайды және бір жолда атау септікте бас әріппен үтір арқылы жазылған 10-15 

сөзді құрайды.  

Жұмыстың  қысқа  сипаттамасының  көлемі  бір  беттен  аспауы  керек,  онда 

диссертацияның  тақырыбы,  сипаты  және  мақсаты,  зерттеу  әдістері,  алынған 

нәтижелері  және  олардың  жаңашылдығы,  қолдану  саласы,  практикада 

пайдаланылу мүмкіндігі  көрсетілуі қажет. 

4.2.3  Қолданылатын  анықтамалар,  терминдер  және  қысқартулар  кесте 

түрінде  ресімделінеді,  қысқартулар  (аббревиатура),  аударма,  ұғымның  нақты 

ықшамды сурттелуі, оның көп мағыналы түсінігі болмауы қажет. 

4.2.4  Мазмұнында  тараулар  мен  бөлімшелердің  тақырыптары  араб 

цифрлерімен белгіленген  мәтіндегі парақтар саны шығарылады. 

4.2.5  Кіріспе  жұмыстың  жалпы  сипаттамасынан  тұрады,  оған  келесі 

элементтер енеді: 

-  тақырыптың  өзектілігі  –  мәселелік  жағдайдың  қысқаша  мазмұны  (1-2 

парақ); 

- зерттеудің мақсаты мен міндеттері- мақсатқа жетуге әсер ететін мақсаттар 

мен нақты міндеттерді анықтау; 

- зерттеу пәні – диссертацияның тақырыбымен анықталады; 

- зертету әдістері - қолданылатын аспап және математикалық аппарат; 

- ғылыми жаңашылдығы – (2-3 және көбірек пунктілер) – зерттеу барысында  

алынған теориялық сипаттағы жаңа нәтижелер (жаңа әдіс, тәсіл, үлгі және т.б.); 

-  практикалық  құндылық    –  (2-3  және  көбірек  пунктілер)  –  практикада 

пайдаланылатын қолданбалы сипаттағы жаңа нәтижелер (әдістемелер, ақпараттық 

технологиялар,  бағдарламалық  құралдар  және  т.б.)  және  де  (экономикалық  әсер 

ету,  материалдық  және  уақыт  шығындарының  төмендеуі,  мақсаттардың  кешенді 

шешілуі); 




 

 

-  қорғауға  шығарылатын    нәтижелер,  жаңа  нәтижелерді  талқылау  ғылыми 



жұмыстың маңыздылығы мен орындау сапасын бағалауға мүмкіндік береді;  

-  нәтижелерді  қабылдау-  семинарлар  мен  конференцияларда  (атап  шығу) 

жұмыстың  негізгі  жайлары  талқыланған  (ғылыми  грант  байқауларына  және 

конференцияларға  қатысып,  қорытындысы  бойынша  алынған  дипломдар  мен 

мақтау қағаздарын атап өту); 

-  жариялымдар-  негізгі  зерттеу  нәтижелері  бойынша  басылып  шыққан 

жұмыстардың санын көрсету. 

4.2.6  Негізгі  бөлім  (3-4  тарау)  мәселе  жағдайының  кризистік  талдауынан 

тұрады,  мәселені  шешуді  ұсыналған  тәсілдері,  практикалық  қосымшасымен 

зерттеудің рассталған нәтижелері. 

Тарауларда    диссертация  тақырыбы  қисынды  және  дәлелденген  түрде 

ашылады,  зерттеулердің  техникасы  және  әдістемесі  нақтылау  дәрежесімен 

көрсетіледі, алынған нәтижелер талқыланады және талдап қорытындыланады. 

Жалпы алғанда бөлім келесі құрастырушылардан тұрады: 

- аналитикалық шолу; 

- ғылыми (теориялық) құрастырушы; 

- ғылыми - практикалық құрастырушы; 

- қолданбалы құрастырушы. 

Аналитикалық шолу- тақырыпты зерттеуге таңдап алынған қазіргі жағдайы 

мен  әзірленген  деңгейін  анықтау,  бар  әдістері  мен  шешудің  құралдарын  сын 

бағалау. 

Шолу магистірлік диссертация тақырыбының өзекті екендігінің негіздемесі 

және мақсаттардың шешу қажеттілігі. 

Зерттеу мақсаттарына сәйкес нақты міндеттер қалыптастырылады. 

Ғылыми (теориялық) құрастырушы – міндетті шешуге  арналған әдістер мен 

көз-қарастардан,  әрекеттердің  жүйелілік  орындалғанынан  және  алынған 

теориялық нәтижелерден тұрады. 

Ғылыми  -  практикалық  құрастырушы  –  нәтижелердің  практикалық 

орындауын, өнімнің бағдарламалық әзірлемесін, ақпараттық жүйені немесе оның 

компонентін. 

Қолданбалы  құрастырушы  –  алынған  нәтижелердің  дұрыстығын    растау 

және олардың пайдалану тиімділігін, практикалық мәнділігі. 

4.2.7  Қорытынды  –  кіріспеде  атап  айтылған,  қойылған  міндеттер  мен 

мақсаттардың  қорытынды  нәтижесінің  логикалы  түрде  берілуі.  Қорытынды 

практикалық  ұсыныстардан  да  тұруы  мүмкін,  ол  материалдың  теориялық 

құндылығын арттырады. 

4.2.8  Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.  Тізімге  енгізілген  әдебиет 

диссертация мәтінінде көрсетілуі қажет. 

4.2.9  Қосымша.    Әр  қосымша  жаңа  парақтан  басталуы  қажет  және 

тақырыптық атауы болу қажет. Ресімдеу ережесі [6] қосымшада көрсетілген. 

 



 

 

4.2.10  Магистірлік  диссертацияның    көлемі  қосымшаларсыз  60-80  беттен 



тұратын авторлық мәтін. 

Графикалық  және  суретті  материал  көлемі  жұмыс  жетекшісімен, 

магистрантпен келісіледі және қосымшалар түрінде ресімделінеді. 

4.2.11 Диссертация мәтіні компьютерде теріледі, шрифт – Times New Roman, 

мөлшер – 14 немесе  12 (біреуі таңдалып алынады),  1 – интервал арқылы. 

Диссертация мәтінін ресімдеуге қойылатын талаптар берілген [6]. 

Диссертацияның  графикалық  бөлімі  (алгоритмдер  сұлбасы,  процесстік  және 

құрылымдық  үлгілер,  диаграммалар  және  т.б.)  бағдарламалық  құжатты  дайындау 

мемлекеттік стандартқа сәйкес орындалады. 

 

5  ДИССЕРТАЦИЯҒА  ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА ЖҰМЫСТЫ 



ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

5.1  Магистірлік  диссертация  –  магистранттың  ғылыми-зерттеу  немесе 



тәжірибелік-зерттеу  жұмыстарының  қорытынды  жұмысы,  оған  оқу  жоспарының 

11 несиесі беріледі.  

5.2  Магистрантқа  магистірлік  диссертацияның  тақырыбын  бекітуден  басқа 

диссертацияны дайындау барысында келесі кезеңдер орындалады: 

- тапсырманы құрастыру және зерттеу бағытын таңдау; 

- теориялық және қолданбалы зерттеулер; 

- зерттеу нәтижелерін бағалау және диссертацияны ресімдеу; 

- қорғауға дайындық; 

- диссертацияны қорғау. 

Кезеңдерді орындаудың жеке графигі магистрантпен келісе отырып ғылыми 

жетекшімен әзірленеді. 

5.3  Соңғы  оқу  жылының  магистранты  зерттеу  нәтижелерін  факультеттің 

семинар  отырысының  бекітілген  графигіне  сәйкес  біріктірілген  ғылыми 

семинарында баяндауы қажет. 

 

6 ҚОРҒАУҒА  ДАЙЫНДЫҚ 



 

6.1  Оқу  жоспарының  талаптарына  сәйкес  оқу  процесін  аяқтаған  және 

мамандық бойынша кәсіптік емтиханды тапсырған магистранттар диссертацияны 

қорғауға жіберіледі. 

6.2  Қорғауға  дайын    магистірлік  диссертация  ғылыми  жетекшіге 

тапсырылады,  ол  мамандық  бойынша  магистрлік  диссертацияға  қойылатын 

талаптарына  сәйкес  дәрежесін  көрсете  отырып,  жазбаша  пікір  береді  және 

алынған нәтижелердің деңгейі мен сапасына, орындалған зерттеулер сипаттамасы 

негізінде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген 

қорытынды беріледі. 

 



 

 

6.3  Содан  кейін  диссертация  ректордың  бұйрығымен  тағайындалған 



оппонентке  беріледі,  біліктілігі  қорғайтын  диссертацияның  бағытына  сәйкес 

келетін. 

Пікірде  жұмысқа  опонентпен  жалпы  баға  беріледі,  кемшіліктері  мен  басқа 

ескертулер 

көрсетіледі, 

бағасы 


айтылады 

(«өте 


жақсы», 

«жақсы», 

«қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») және сәйкес келетін мамандық 

бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі. 

6.4  Магистірлік  диссертацияны  қорғау  бойынша  жұмыстың  басталуына 

дейін  магистрант  магистірлік  диссертациясын  мемлекеттік  аттестаттау 

комиссиясына ұсынылады; ғылыми жетекшісінің пікірі; ресми түрдегі оппонеттің 

пікірі;  таратылатын  материалдар,  баяндаманың  негізгі  мазмұнына  тұратын 

слайдтар және буклеттер.  

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына басқа да материалдар ұсынылады – 

ресми  емес  пікірлер,  ұйымнан  жазбаша  қорытындылар,  орындалған  магистірлік 

диссертацияның  ғылыми  және  практикалық  құндылығын  сипаттайтын  ғылыми 

зерттеу нәтижелерін ендіру актілері мен анықтамалары.  

 

7 ДИССЕРТАЦИЯНЫ  ҚОРҒАУ 



 

7.1  Магистірлік  диссертацияны  қорғау  магистратура  бітірушілердің 

қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  бөлігі  болып  табылады  және  жоғары  оқу 

орындарында оқитындардың қорытынды аттестаттауын өткізу және ұйымдастыру 

тәртібі  туралы  ережелермен  реттеледі,    білім  беру  саласындағы  орталық  атқару 

органдарымен бекітіледі. 

7.2  Магистірлік  диссертацияны  қорғау  ашық  мемлекеттік  аттестаттау 

комиссиясының алдында өтеді. 

Комиссияның  негізгі  мақсаты  -  магистратура  бітірушінің  магистірлік 

диссертациясының  негізінде  алынған  ғылыми  білімдерін  және  практикалық 

дағдыларын кәсіптік әділ бағалау. 

7.3  Бір  магистрантқа  магистірлік  диссертацияны  қорғау    уақыты  100 

минуттан  аспауы  керек.  Магистрант  магистірлік  диссертациясын  қорғау 

барысында  мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясының  алдында  20  минуттық 

баяндамамен шығуы қажет. 

Магистірлік  диссертацияны  қорғау  барысында  мемлекеттік  аттестаттау 

комиссиясы  отырысында  ғылыми  жетекші  мен  ресми  оппоненттің  қатысу  және 

сөз сөйлеуі міндетті түрде.  

Магистірлік  диссертация  қорғау  кезінде  ресми  емес  опоненттер, 

ұйымдардан талқыланатын мәселе бойынша жұмыс атқаратын мамандар, және де 

сол сұраққа көңіл бөлген басқа адамдар қатыса алады. 

7.4  Қорғау  арнайы  компьютерлік  техникамен  жабдықталған  дәрісханада, 

бекітілген график бойынша өтеді. Қорғау реті – жұмыстың негізгі ғылыми-зерттеу 



 

 

нәтижелері туралы, бағдарламалық өнімнің және функционалды мүмкіншіліктері 



туралы таныстырма-баяндамадан тұрады.   

Магистранттың ықыласы бойынша диссертацияны қорғау қазақ немесе орыс 

тілінде өтеді.  

Кафедра    ұсынысы  бойынша  магистрант  диссертацияның  қысқаша 

мазмұнын басқа шет тілінде бере алады. 

7.5  Магистірлік  диссертацияны  қорғау  бойынша  бағалау  туралы  шешімді 

қабылдау 

«өте 



жақсы», 

«жақсы», 

«қанағаттанарлық» 

және 


«қанағаттанарлықсыз»,  және  де  магистрдің  академиялық  дәрежесін  және 

мемлекеттік  үлгідегі  (қалыпты  үлгідегі,  үзік  үлгімен)  диплом  беру  туралы  

мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясының  жабық  отырысында,  комиссия 

отырысында  қатысушылардың  ашық  дауысқа  салуымен  қабылданады.  Сол  кезде 

магистратура  бітірушінің  теориялық,  ғылыми  және  практикалық  дайындығының 

деңгейі, және ғылыми жетекшісі мен ресми оппонентінің пікірлері екеріледі. 

Дауыс  берушілердің  бірдей  саны  кезінде  комиссия  төрағасының  дауысы 

шешуші орынды алады. 

7.6  Магистірлік  диссертацияның  бағасын    жоғарылату  мақсатында  қайта 

қорғау рұқсат етілмейді. 

7.7  Магистірлік  диссертацияны  қорғау  кезінде  «қанағатанарлықсыз»  баға 

алған жағдайда, сол кезде мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен қайта қорғауға 

рұқсат етілмейді.  

Мемлекеттік 

аттестаттау 

комиссиясына 

қанағаттанарлықсыз 

баға 


алынғаннан 

кейін, 


денсаулығына 

байланысты 

ұсынылған 

құжаттар 

қарастырылмайды.  

Мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясы  магистрантқа  сол  жұмысты  қосымша 

өңдеу  арқылы  немесе  комиссия  анықтаған  жаңа  тақырыпты  ұсынады.  Қайта 

қорғау келесі қорытынды мемлекеттік аттестаттау кезеңінде өткізіледі. 

7.8 Бекітілген кестеге сәйкес қорытынды мемлекеттік аттестаттауға орынды 

себептермен  келе  алмаған  магистрант,  мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясы 

төрағасының  атына  қажетті  құжаттарды  тіркеп  өтініш  жазады,  төрағаның 

шешімімен келесі күні магистірлік диссертациясын қорғай алады. 

 

 



 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1  Правила  проведения  текущего  контроля  успеваемости,  промежуточной 

аттестации  и  итоговой  государственной  аттестации  обучающихся  в  высших 

учебных заведениях//приказ Министра образования и науки Республики Казахстан 

от 7 сентября 2006 года № 481 

2  ПОСЛЕВУЗОВСКОЕ  ОБРАЗОВАНИЕ.  МАГИСТРАТУРА.  Основные 

положения ГОСО РК 5.04.033-2008 

3    ГОСО  РК  3.09.331-2006  по  специальности  6N0703  –Информационные 

системы//  приказ  Министерства  образования  и  науки  Республики  Казахстан  от 

23.12.05 г. № 779 

4  ГОСО  РК  3.09.332-2006  по  специальности  6N0704  -  Вычислительная 

техника и программное обеспечение// приказ Министерства образования и науки 

Республики Казахстан от 23.12.05 г. № 779 

5  ГОСО  РК  5.03.005-2006  Профессиональная  практика.  Основные 

положения// приказ Министерства образования и науки Республики Казахстан от 

25 августа 2006 г. № 461. 

6  Петрова  Е.В.  Общие  требования  к  содержанию  и  оформлению  учебно-

методической  литературы  и  других  текстовых  документов.  Методические 

указания /Е.В.Петрова, Т.Н.Смирнова/ ВКГТУ. –Усть-Каменогорск, 2004.-34 



 

 

А қосымшасы 



УДК   

Д.Серікбаев атындағы Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік 

техникалық университеті  

Кафедра «Ақпараттық жүйелер»   

  

  

  



  

  

МАГИСТРАНТТЫҢ   ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ   

  

«Магистірлік диссертацияның тақырыбы»    

 

  



Шифр - Магистірлік дайындау мамандығының атауы   

 

  



академиялық магистра деңгейі бойынша магистірлік ізденіс диссертациясы  

 

  



  

Ғылыми жетекші:  

д.т.н. Сапарбаев А.И.   

         

___ ___________ 20   г.  

  

Кафедра меңгерушісі:  



к.ф-м.н. Денисова Н.Ф.  

         

___ ___________ 20   г.  

  

Нормоконтролер:  



к.т.н. Иванова А.А.  

         

___ ___________ 20   г.  

  

  



  

Өскемен қ. 

20 __   



 

 

Б қосымшасы 



  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  

1.  Аубакирова Г.Ж. Биология. Алматы.: Көктем, 2003. 216 с.  



2.  Пахомов В. И., Петрова Г. П. Логистика. М.: Проспект, 2006. 232 с.  

3.  Иванов И.И. Экология // Геоэкология и современность: сб. ст.: в 2 ч.  

     Спб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2007. Ч. 1. С. 215–228.  

4.  Ефимов М.Л., Васильева Г.С. Суточные биологические ритмы //Биология.   

     2011. Т. 103. № 2. С. 255-270.  

5.  Вычислительные  и  информационные  технологии  в  науке,  технике  и   

      образовании: межвуз. сб. науч. тр. / ВКГТУ; [под ред. Н.М.Темирбекова].  

     Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГТУ, 2013. 309 с.  

6.  Антонова Н.А. Стратегии и тактики педагогического дискурса   

     // Проблемы речевой коммуникации:  межвуз.  сб.  науч.  тр. /  под  ред.   

     М.А.Кормилицыной, О.Б.Сиротининой. Саратов: Изд-во Сарат. ун-та,  

     2007. Вып. 7. С. 230–236.  

7.  Патент №72931. СССР. Способ переработки сырья. Опубл. 21.02.03.  

8.  А.с. № 386018. СССР. Способ извлечения металлов. Опубл. 12.09.03.  

9.  Баженов Л.Г., Кулинская Л.Л., Сорочинская ИЯ. Сезонные изменения   

      содержания иммуноглобулинов в  крови  клинически  здоровых  лиц. Тез.    

     докл. Х научно-практ. конф. студ. и молод. ученых. Усть-Каменогорск,  

     2009. 320 с.  

10. Отчет № 81047478. ИМиО АН КазССР. Изучение кинетики и химизма  

      процессов. Алматы, 2003. 240 с.  

11. Свиногеева  Г.П.  Экспериментальная  терапия  саркомы  Т-1  в   

      зависимости  от  ее митотической активности. Автореф. канд. биол. наук:  

     04.03.04. М.: МГУ, 2004.16 с.  

12. Vachaspati T., Viderkin A. Evolution of cosmic nets // Phys. Rev. V. 46. №2.  

      Р. 1133-1140.  

 

13. Паустовский К.Г. Золотая роза // Собр. соч.: В 7 т. М., 1984. Т. 3. С. 287- 



     528.  

14. Ефимов  В.Г.  Геология  //Современное  развитие  Казахстана:  Тез.  докл.   

      междунар. науч. - практ. конф., 26-28 сент. 2012 г. /КарГТУ. –  

      [Электрон.ресурс]. – Караганда, 2012 г. – С.9-10.- Режим доступа:  

      

http://kargtu.kz



 


 

 

В қосымшасы 



  

Суретті рәсімдеу үлгісі 

  

  

  



Сурет 4. Өмірлік өнім циклі 


 

 

Г қосымшасы  



  

Кестені рәсімдеу үлгісі 

 

  

Кесте 1  



2011 -2013жж  АҚ «Туран» жұмысшылардың саны бойынша мәлімет.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

жүктеу 123,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау