Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»



Дата19.11.2018
өлшемі64 Kb.
#20978


Маңғыстау облысының орта

білім беру ұйымдарындағы

психологиялық қызметтің

жұмыс істеу қағидаларын

бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу  қағидалары бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (З.Ж.Тастемірова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы

____________ З.Ж. Тастемірова

«____» _____________2015ж.


ЖОБА

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «____» _________

____ қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарында

психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары

  1. Жалпы ережелер


1. Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеуінің осы Қағидалары(бұдан әрі - Қағидалар) Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) реттейді.

2.Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының  Конституциясы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады. 3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.

4. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, келісім бойынша ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді.

2. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері


5. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбиелеу үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. 6. Психологиялық қызметтің міндеттері:

1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабылетін қалыптастыру;

2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыны жеке тұрғыдан қамтамасыз ету;

4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7) психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге (немесе оларлы ауыстыратын тұлғаларға) консультациялық көмек көрсету.




2.Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны


7. Психологиялық қызмет өз қызметін: психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық бағыттар бойынша жүзеге асырады.

8. Психодиагностикалық бағыттар:

1) олардың психикалық дамуын айқындау мақсатында білім алушыларды психологиялық диагностикалау;

2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

3) білім алушылардың қабылеттілігі, қызығушылығы және икемділігін психологиялық диагностикалау;

4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша тұжырымдамалар мен ұсыныстарды дайындау.

9. Консультациялық бағыттар:

1) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;

2) білім алушыларға, ата-аналар (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке консультация жүргізу;

3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;

4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

10. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:

1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

2) білім алушылардың бейімсізділігін алдын алу;

3) әдістемелік пен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету;

4) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дәрігерлерге, дефектологтарға, логопедттерге, тифлопедагогтарға және басқа) аралас-мамандармен өзара жұмыс жүргізу.

11. Түзету-дамытушылық бағыттар:

1) психологиялық-педагогикалық тренингтер өткізу;

2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру.

12. Психологиялық қызмет жеке немесе топтық негізде білім алушыларға, олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.

13. Психологиялық қызметтің жұмысы әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, медициналық қызметкерлермен, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен, ата-аналармен (немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.

14. Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын білім беру ұйымының басшысы үйлестіреді.



4. Педагог-психологтың құқықтары мен міндеттері

15. Педагог-психологтың құқықтары:

1) білім беру ұйымының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ білім бөлімі мен басқармасының ұсыныстарына сәйкес қызметтің басым бағыттарын таңдау;

2) білім алушылармен, олардың ата-аналарымен (немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен) және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, түзету-дамытушылық, ағартушылық-профилактикалық, ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстардың нысанын және әдісін таңдау;


 3) кәсіптік міндеттерді шешу жолдары мен құралдарын таңдау, жұмыстардың әртүрлі түрлерін өткізудің кезектілігін белгілеу;

4) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, мектептің білім алушылары мен педагог қызметкерлерінің жеке істерімен танысу;

5) кәсіптік міндеттерді орындауға байланысты дербес пәндер бойынша біліктілікті арттыру және жетілдіру жүйесінде мерзімдік даярлаудан (қайта даярлаудан) өту;

6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуында ауытқушылық (ақыл-ой, эмоционалды) деңгейін, сондай-ақ әлеуметтік дамуының әртүрлі бұзушылықтарын айқындау және оларды психологиялық-педагогикалық түзетуді жүргізу;

7) өзінің кәсіби құзыреттілігі мен лауазымдық міндеттері шегінде мәселелерді қарастыру және шешімдерді қабылдау;

8) өзінің құзыреттілігі шегінде әдістемелік және педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің (кафедралардың), медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдардың жұмысына қатысу;

9) Психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығу.

16. Педагог-психолог міндетті:

1) білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметті жүзеге асыруға;

2) жалпы әлеуметтік, практикалық, жастық және педагогикалық психологияда психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерімен танысады, жұмыста диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, түзету және профилактикалық жұмыстардың заманауи ғылыми-негізделген әдістемелерін ішінара қолдануға;

3) кәсіптік құпияны жария етпеуге, диагностикалық және консультациялық жұмыс нәтижесінде алынған мәліметтерді, егер олармен танысу білім алушыға немесе оның айналасындағыларға зиян келтірсе, сондай-ақ егер сыналатындарды тексеру нәтижелерінің анонимдік кепілдіктер берілген жағдайда таратпауға;

4) білім алушыларға, олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға), педагогтерге жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға;

5) тиісті біліктілік санатына аттестациядан өтуге және оны аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда алуға;

6) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алуға және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асыруға;

7) білім беру ұйымдарында қарым-қатынастарды үйлестіруді қалыптастыруға және білім алушылардың әлеуметтік бейімсіздіктің және аутодеструктивті мінез-құлқы туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға;

8) білім алушыларды, олардың ата-аналарын (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды) және педагогтерді психологиялық мәдениетке қалыптастыруға және дамытуға;

9) осы Қағидаларға сәйкес Психологиялық қызметтің жұмыс істеу құжаттамасын жүргізуге.

5. Психологиялық қызметтің жұмыс істеу құжаттамасы


17. Психологиялық қызметте мынадай құжаттамалар болуы керек:
1) Психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидалары;

2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген педагог-психологтың перспективалық жұмыс жоспары;

3) психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналы;

4) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын, психологиялық тренингтерді, дамыту және түзету жұмыстары;

5) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын, топтық психологиялық портреттерін;

6) психологиялық сабақтардың, тренингтердің, психодиагностикалық әдістемелердің және психологиялық жұмыстың басқа да нысандарының әдістемелік әзірлемелері;



7) Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептері (жарты жылдағы, оқу жылы);

8) психологиялық тексерудің нәтижелері, қорытындылары.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау