Осы
жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
станциялары, авто газ құю пунктерінің бар болуына байланысты жақын орналасқан елді
мекендермен ғана емес, облыс орталығымен тығыз экономикалық байланыста.
Маңғыстау ауылы дамуының ағымдағы жағдайын талдау
І. Талдау
І.І Маңғыстау ауылының экономикасы және ауыл шаруашылығы
Ауылдың экономикасының негізіг басымды бағыттарының бірі шағын және орта
бизнес, және ауыл шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауылда 247-ге жуық шағын және орта
кәсіпкерлік объектілер орналасқан, 46 шаруа қожалығы әрекет етеді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауылдық округтің экономикалық саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Округ
аумағында 46 шаруашылық қожалық орналасқан, оның 28 мал шаруашылығымен
айналысады. Шаруа қожалықтары «Қызыл құм» аймағында орналасқан. Шаруа
қожалықтарында барлығы 159 бас ірі қара, 225 бас түйе, 398 бас жылқы және 3622 ұсақ
мал тіркелген. «Аудандық ветеринарлық станциясы» МКМ -нің бөлімшесі ауылдың шаруа
қожалықтары мен қосалқы шаруашылықтарды қажетті қызметпен қамтамасыз етіп отыр.
Ауылда мал шаруашылығы саласының қожалықтарына қажетті орын «Ынтымақ» мал
базар және мал сою пункті 2017 жылы іске қосылды. Маңғыстау -3 тұрғын үй массивінде
қымыз, саумал сатуға жылжымалы повильонынға рұқсат берілді.
«Қызыл құм» аймағының басым тұстарының бірі жер асты суларына бай, «Қосойық»
шаруа қожалығы «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құдық қаздыруға,
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 3 шаруа
қожалығына мал шаруашылығын жүргізу үшін жеңілдікпен несие беріліп 2017 жылы
қолдау алды.
Ауылда мал басын өсірудің дамуын тежеуші фактор жайылымдық жердің
жеткіліксіздігі және аулада мал ұстаудың шектеулігі болып табылады. Сонымен қатар ауыл
маңында жайылымның болмауы да тұрғындардың мал ұстауын тежеп отыр.
Шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылық кооперативіне бірігуі баяу жүруде. Әрбірі
дербестікті тиімді деп есептейді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға
және қолдау алу мүмкіндіктерін пайдалануына кедергісін тигізіп отыр.
Мал шаруашылығы саласы фермерлерінің жаңа технологияларды қолдануға
бейімдеу және білімдерін жетілдіру, тәжірибе алмастыру деген сияқты шаралар жүргізілу
қажеттілігі де бар.
Аудан орталығында орналасқан мал базар мен мал сою пунктінің мүмкіндігін ет
өнімдерін өндіру, теріні алғашқы өңдеу және жүн қабылдау бағытында кәсіпті дамытуға
пайдалануға болады. «Маңғыстау -құс» ЖШС жұмыртқа өнімін шығаратын құс
фабрикасының жобасы қолға алынып жатыр, облыстық индустриалды инновациялық
басқармасы жоба құжаттарын ҚР Ұлттық экономика және ауыл шаруашылық министрлігіне
дайындау жұмыстарын жүргізуде.
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
«Қызылқұм» аймағындағы жалпы көлемі 194,5 га (Маңғыстау ауылы
территориясының көлемі – 3063 га, соның тек 6,35 % ғана егін шаруашылығына бөлінген)
жер алаңында орналасқан егінмен айналысатын 18 ауыл шаруашылығына мемлекет
Осы жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
тарапынан субсидия бөлініп отыр. Шаруа қожалықтарының өсіретін бау бақша өнімдерінің
басым көпшілігі көкөніс (қызанақ, қияр, бұрыш, қырыққабат, баклажан) пен қауын –қарбыз,
асқабақ болып табылады. Тамшылатып суару технологиясын пайдаланады. Ауыл
тұрғындары да аулада көкөніс, жеміс өсіруді қолға алуда.
Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық өнімдерін ауданға жақын орналасқан Ақтау
қаласының көтерме сауда базарларына өткізеді. Сонымен қатар аудан орталығында,
ауылдың базарында сенбі - жексенбі күндері жәрмеңкеде, сонымен қатар наухан кезінде
аудан көлемінде 8 нүктеде нарық бағасынан төмен тұрғындарға ұсынады.
Ауыл тұрғындары аулада көкөніс, жеміс өсіруді қолға алуда. Сонымен қатар ауыл
аумағында мал шаруашылығын қол жетімді жеммен қамтамасыз ету бағытында
«Жамалбек» ЖШС –не жем дайындайтын цехқа 2017 жылы жері бөлінді, «құрама жем
фабрикасы нысанының 2018 жыл құрылысы басталады. Бұл өз кезегінде мал
шаруашылығын сапалы жеммен қамтамасыз ететін болады. Ауылда 50 га аумақты
«Жылыжай» шаруашылығы көкөністер өсірумен айналысады.
Көкөністерді ұзақ сақтауға қажетті арнаулы қоймалардың, өңдеу цехтарының
болмауы, тыңайтқыштардың жеткіліксіздігі егін шауашылығынан түсетін өнім мен табысты
кемітіп отыр. Ауыл шаруашылық саласына несие алу өте қиын. Кепілдікке салатын
жылжымайтын мүлік талап етіледі. Ауыл шаруашылық саласының кәсіби мамандары
жеткіліксіз, шаруа қожалықтары арнайы агроном мамандардың кеңесіне мұқтаж.
Тыңайтқыштардың қымбаттығы да бағананың өсуіне ықпал етіп отыр. Негізінен
тыңайтқыштардың дені Ресейден сатып алынады. Еңбек күштері дені шетел азаматтары.
Ауыл тұрғындары жалақының төмендігіне, жұмыс орнының наухандық сипатта болған соң,
әлеуметтік пакетінің жоқтығын, жұмыс уақытысының нормаланбағандығына байланысты
егінде жұмыс жасауға құлықсыз.
Егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың кооперативке бірігуі
мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына, жаңа технологияларды пайдалану арқылы
өнімділікті арттыруға, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік берер еді. Бау бақша
өнімдерін өңдейтін цехтардың ашу, өнімдерді ұзақ мерзімге сақтайтын қоймалар салу да
қажетті шаралардың бірі. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық өнімдерінің бағаларының
тұрақтылығына, ауыл халқын қажетті өнімдермен қамтамасыз етуіне, ауылдың ғана емес
ауданның экономикасын дамытуға септігін тигізеді.
«Жамалбек» ЖШС-і құрама жем фабрикасы нысаны 2018 жылдан бастап өз қызметін
бастайтын болады. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығын сапалы жеммен қамтамасыз
ететін болады. «Жылыжай» шаруашылығына қызығушылық бар.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Ауылда 247 шағын және орта бизнес субьектісі әрекет етеді, 1817 адам жұмыспен
қамтылып отыр. Қоғамдық тамақтандыру саласының- мейрамхана, тойхана, кафе,
супермаркеттер, сауда орталықтары, «Жібек жолы» базары, шаштараз, сұлулық
салондары, тігін шеберханалары, компьютерлік қызмет, көлік жөндеу және қызмет
көрсету, кондитерлік өнімдер, наубайхана, азық түлік және өнеркәсіп тауарлар, құрылыс
дүкендері, шағын типографиялық қызмет, фото салон, жалға берілетін бизнес
орталықтары, такси қызметі, жеке меншік бала бақша, оқу орталықтары, құрылыс
компаниялары, жихаз, пластикалық терезе жасау, қонақ үй және тағы да басқа салалар
бойынша шағын бизнес жақсы дамыған.