Маемиров асхат максимович



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет11/25
Дата12.06.2023
өлшемі1,12 Mb.
#42973
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
1.2
 
Ұлттық классикалық пьесаларды интерпретациялаудағы 
дәстүр мен жаңашылдық 
Қазақ ұлттық драматургиясының қайнар көзі – Ж.Аймауытов, М.Әуезов, 
Ғ.Мүсіреповтер есімімен тығыз байланысты. Қазақ театр өнерінің болмыс-
бітімінің кәсіби тұрғыда дамуына, тіпті көркемдік бейнесін былай қойғанда, 
ғылыми-әдістемелік тұрғыда келбетінің қалыптасуына аталмыш жазушы-
драматургтердің сіңірген еңбегі өлшеусіз.
Еліміздегі кез-келген театрдың репертуарынан авторлық тілі мен стилі 
айқын, кейіпкерлерінің мінезіндегі характерлік бояулары қанық, әлеуметтік 
шындығы басым Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов шығармалары 
құрайтыны белгілі. Бұл орайда өнертану докторы, профессор М.Кнебельдің: 
«Для того чтобы проникнуться стилем автора, почувствовать прелесть его 
индивидуального облика, нужно театру в выборе репертуара ориентироваться 
на драматургов с ярко выраженным своим лицом, со своим неповторимым 
почерком, со своим собственным видением жизни; чтобы за репликами 
драматургического текста проглядывал целый большой мир», - деген ойы осы 
пікіріміздің айғағы [13, с. 167]. 
Сондықтан Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов қаламынан туған қай 
туынды болмасын, барлығына биіктік пен тереңдік тән. Өмір-өнерге келген 
жүздеген кейіпкерлер, алуан бейнелер - бұл күнде ұлтымыздың асыл 
қазынасына айналды.
Егер өнер әлемі - дәстүрлі-нормативті тұрғыда және тәжірибелік-ізденіс 
бағытында жұмыс жасайтынын ескерсек, режиссерлер талай кезеңдер 
көрерменнің санасының сүзгісінен өткен туыныларды, жаңашылдық тұрғыда 
пайымдап, заманауи формалармен өзгеше сөйлете бастады.
Сонымен бірге, режиссерлердің бірнеше жылдар бойы көрермен 
санасының сүзгісінен өткен классикалық шығармаларды жаңа қырынан көрсете 
бастауын ерекше атап өтуге болады. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Абай», 
«Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан 
сері - Ақтоқты» сынды классикалық қойылымдар әр кезеңдегі өзекті 
мәселелермен біте қайнасып, заман үнінен сыр шертіп, театр тарихынан белгілі 
болғандай көптеген сахна шеберлерінің жолын ашып, өнердегі өз 
орындарының бекуіне ықпалдасты.
Бұл хақында көрнекті актер, КСРО Халық артисі, профессор А.Әшімов: 
«Әуезов, Мүсірепов пьесалары талай буынды тәрбиеледі. Бұлардың пьесасы 
ешқашан ортаймайтын қазына. Ондағы айтылған ой қай кезеңде де, қай 
ұрпаққа, қай буынға болмасын ортақ» деп, ұлы драматургтер туындыларының 
өміршеңдігін дәлелдейді [14, б. 111]. 
Жалпы, қазақ сахнасындағы классикалық драматургияның қойылу тарихы 
туралы ұлттық театртану саласында біршама зерттеулер жүргізілді. Әсіресе, 


28 
Б.К.Нұрпейістің 2010 жылы «Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен 
даму кезеңдері» (1915-2005) атты докторлық диссертациясы қорғалып, ал 2014 
жылы монографиясының жарық көріп, мұндағы тәуелсіздік жылдарындағы 
қазақ 
режиссурасы 
мен 
классикалық 
қойылымдардың 
бүгінгі 
интерпретациясына қатысты байыпты байлам, ғылыми жаңаша тұжырымдама 
қалыптастырғаны бәрімізге аян.
Яғни, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың бастапқы жылдары ұлттық 
және әлемдік классикалық мұраның Қазақстан режиссерлерінің жаңаша шешім 
табуы жөніндегі зерттеу мәселесі қалыпты жолға түсе бастады. Өзінің алтын 
бастауын халық ауыз әдебиетінен алатын, жазушы Ғ.Мүсірепов драматургияға 
айналдырған лиро-эпостық мұраларымыз «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш - 
Баян сұлу» сынды махаббат дастандарының сахнада жаңашыл шешімдермен 
көрініс табуы секілді мәселені ғылыми тұрғыдан зерделеу - диссертациялық 
жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі. 
Тамырын халық поэзиясынан алатын аталмыш халық дастандарының 
өміршеңдегі, жалпы қазақ фольклорының табиғаты мен сипаты туралы 
ағылшын тілінде Эстониядағы ғылыми басылымда жарық көрген импакт-
факторлық мақаламызда: «Kazakh folklore, deeply rooted in antiquity and ethnic 
history, is represented by heroic tales, lyrical and epic poems, tales, and legends, 
created mainly on the basis of historical events witnessed by people. Their primary 
sources could be short stories about the heroism of people, distinguished by military 
prowess, stories about the tragic love of unhappy young people who challenged 
injustice, active and proactive people’s imagination that revealed itself in the struggle 
against natural forces. They are deeply patriotic by content, poetic in presentation, 
imbued with a call for unity, fortitude, perseverance, and tenacity in pursuit of the 
goal. These stories like a drop of water reflect the fate of these people, their wisdom, 
and attitude toward the world. Kazakh folklore is unique; it includes more than forty 
genre varieties, many of which are typical only for Kazakh folklore», - деп, лиро-
эпостық шығармалардағы ұлттық болмыс, рухани құндылықтардың қайнар 
көздері мен өзегіне тоқталуымыз да тегіннен-тегін емес [15, р. 79.].
Авторлық стилі мен әдеби тілі, суреткерлік эстетикасы ерекше М.Әуезов 
пен Ғ.Мүсіреповтер тамырын ауаз әдебиетінен алатын лиро-эпостық 
шығармаларды қазақ ұлттық драматургиясына айналдыру жолында орасан зор 
еңбек етіп, театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық мұрасының ішіндегі шоқтығы биік 
дүниелердің бірі - «Қыз Жібек» сазды драмасы. Әрине, жанры - сазды драма 
аталғанымен, либреттосын - Ғ.Мүсірепов, ал музыкасын Е.Брусиловский 
жазған бұл дүние - қазақ ұлттық операсының алғашқы інжу-маржаны болып 
есептеледі. Себебі, Е. Брусиловский опералық туындыда халқымыздың 30-дан 
астам әнi мен күйiн пайдаланған. Шығарма партитураларының барлығы 
В.Затаевичтiң қазақ халық әндерінің жинағынан алынған.


29 
1934 жылы 7 қарашада жаңадан ашылған мемлекеттік музыкалық 
театрында (қазіргі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет 
театры) тұңғыш рет «Қыз Жібек» операсының тұсаукесері өтті.
Театр тарихына қатысты деректерде, опера сахнасында қойылған
спектакльде халық музыкасы мен халық поэзиясының ең үздік үлгілері кеңінен 
қолданылғаны 
жазылған. 
Опера 
театрында 
лиро-эпостық 
жырдың 
кейіпкерлерінің жаңаша болмыста сахнаға шығуы, сол 1930-шы жылдардың 
ортасындағы кеңестік кезеңдегі еліміздің мәдени өмірінде айтарлықтай 
жаңашылдық болды. Тек жаңалық қана емес, авторлар тарапынан батыл шешім 
де еді. Міне, осы жаңашылдық бағыты - «Қыз Жібек» қай кезеңде қойылса да, 
қойылымды тек сахна өнерінде жетістіктерге жеткізіп бірге жетелеп келеді. 
Туындының негізгі өзегі - Қыз Жібек пен Төлегеннің адал махаббаты, 
қазіргі жастар үшін де рухани тағылым мен құндылық болып отыр.
Бұл туралы академик С.Қасқабасов: «Қыз Жібек» эпосын махаббаттың 
өміршең гимні деудің әбден жөні бар. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық 
жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың 
ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел 
арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек. Төлеген - қазақ 
эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Жібектің бейнесі 
эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл 
қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал 
әйел», - деп талдау жасап, бес жүз жылдан астам бұрын пайда болған «Қыз
Жібек» жырының бүгінге дейін өзінің тарихи мәні мен мазмұнын, халықтық 
рухын жоғалтпағанын дәлелдейді [16].
1999 жылы белгілі режиссер Ж.Хаджиевтің режиссурасымен Ғ.Мүсірепов 
атындағы қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 
сахнасында қойылған Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклі қазақ ұлтына 
ғана тән философиялық тағылым мен психологиялық ерекшеліктерді дәріптеуге 
негізделген. Халықтық лиро-эпостық дастанда көркем тілде суреттелген 
Төлеген мен Жібектің махаббаты осылайша сахна өнеріне де жол тартып, 
мәңгілік тақырыпты арқау еткен сазды драма - Жанат Хаджиевтің суреткерлік 
болмысын айқындайтын режиссерлік төлқұжатына да айналды. Аталмыш 
классикалық шығарма қаншама жылдар бойы кәсіби режиссерлеріміздің ой 
елегінен өтіп, санамызда өз ізін қалдырғаны жасырын емес. Ал Жанат 
Хаджиевтің шығармашылығында классикалық туындылар жаңаша түрге ие 
болып, басқа да режиссерлерге ой салды.
«Режиссуре Ж.Хаджиева присуще огромный интерес к внутреннему миру 
человека на грани духовного потрясения, всплеска. Он умеет взметнуть героев 
(Кодар - Бегайдаров в спектакле «Абай»), утвердить красоту человеческой 
природы, как главное нравственное достояние (Енлик - Омарова в спектакле 
«Енлик - Кебек»), показать многогранно человеческие метания (Нарша - 
Булгакбаев в спектакле «Карагоз»). Его спектакли - это выражение 
человеческих позиций, режиссерской и художественной воли», - деп 


30 
театртанушы А.Н.Қадыров айтқандай режиссер Ж.Хаджиев бұған дейінгі 
қойылымдардағы жағымсыз бейнедегі кейіпкерлерді енді мүлдем жаңа 
қырынан, ел-жұрты мен махаббаты үшін қан төккен батыр кейіпінде бейнелеуі, 
олардың ішкі психологиясын зерттеп, көрерменге жан-сырын ақтаруы үлкен 
жаңалық болды [17, с. 355]. 
Қойылымдағы режиссер еңбегі жөнінде «Қазақ театр режисурасының 
қалыптасуы мен даму кезеңдері» атты еңбегінде өнертану докторы Б.Нұрпейіс: 
«Қойылымның режиссерлік шешімі өзгеше, бүгінгі күн талабына сай және 
ұлттық колоритте көрініс тапқан. Режиссер пьесаның идеясын тереңнен және 
де басқа қырынан ашады. Көбінесе әрекет арқылы уақыт пен кеңістікті 
пайдалануымен актер үшін ғана емес көрермендерге де ой тастауды көздейді. 
Оның спектакльдері психологиялық және психофизикалық күшке толы болып 
келеді. Қойылымның бойынан режиссерлік ой-тұжырым анық байқалып, 
кейіпкердің эмоцияларымен қатар сөз астарына үңіле отырып түпкі ойын 
айшықтап беруде алдына жан салмайды», - деп ғылыми сараптама жасайды [2, 
б. 465].
1986 жылы Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы қазақ 
музыкалық драма театрының сахнасында алғаш қойылған кезінде
Ж.Хаджиевтің адам мен әлеумет арасындағы тылсым байланыстарды таба 
білгендігімен ерекшеленген бұл спектакльді сыншылар қауымы қазақ театры 
тарихындағы жаңалық ретінде бағалаған еді.
Аталмыш қойылым туралы шет елдік «Folklore» ғылыми басылымына 
енген мақаламызда: «First of all, the performance is filled with deeply personal, 
philosophical, and psychological understanding of the national heritage to which 

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау