заманауи автомобилі 15-18 мыңдай бӛлшектен тұрады, олардың 7-9 мыңы жұмыс
барысында ӛздерінің алғашқы қасиеттерін жоғалтады, ал 3-4 мыңдай бӛлшектің
қызмет ету мерзімі автомобильдің қызмет кӛрсету мерзімінен аз. Сондықтан да
пайдалану барысында оларға аса назар аудару қажет. Олардың 200-400 бӛлшегі
сенімділік тұрғысынан нашар болып, басқаларға қарағанда жиі ауыстыруды талап
етіп, еңбек және материалдық шығындарды тудырады. Заманауи автомобильдердің
қосалқы бӛлшектер номенклатурасының 2-3%-ына қолданылатын қосалқы
бӛлшектердің жалпы құнының 40-50%-ы, 8-10%-ына 80-90%-ы, 20-25%-ына 95-
98%-ы сәйкес келеді. Сондықтан да автмообильдің техникалық күйі тәуелді
механизмдердің, бӛлшектердің, агрегаттардың сенімділігі туралы білу маңызды.
Пайдалану кезінде автомобиль қоршаған ортамен, ал оның элементтері ӛзара
әрекеттеседі. Бұндай әрекеттесулер бӛлшектердің жүктелуіне, олардың ӛзара орын
ауысуына, үйкелісіне, қызуына, химиялық түрленуіне және жұмыс процесінде
физикалық шамалар мен құрылымдық параметрлерінің: ӛлшемдердің, бӛлшектердің
ӛзара орналасуының, саңылаулардың, электрлік және басқа да шамалардың
ӛзгеруіне әкеліп соғады. Автомобильдің немесе агрегаттың техникалық күйі
құрылымдық параметрлердің (у
1
, у
2
, у
3
, .... у
n
) ағымдағы мәндерімен сипатталатын
ӛзгеретін қасиеттердің жиынтығымен анықталады. Мысалы, қозғалтқыш үшін оның
цилиндрлі-піспекті топ пен айналшақты-бұлғақты механизм бӛлшектерінің
ӛлшемдері, ал тежегіш үшін – тежегіш жапсырмаларының (накладка),
барабандарының және олардың арасындағы саңылаулардың ӛлшемдері.
Кӛптеген агрегаттар мен механизмдердің құрылымдық параметрлерін толық
немесе жартылай бӛлшектеу арқылы ӛлшеу шектелген. Сондықтан да бұндай
бұйымдардың техникалық күйін анықтау үшін құралымдық параметрлермен
байланысты жанама шамаларды немесе диагностикалық параметрлерді қолданады.
Мысалы, қозғалтқыштық техникалық күйі туралы оның қуатының ӛзгеруінен, май
шығынынан, майдағы тозу ӛнімдерінің пайда болуына т.б. қарап айтуға болады.
Автомобильдің немесе агрегаттың (қозғалтқыштың қуаты, автомобильдің тежеу
жолы) негізгі функционалдық қасиеттерін анықтайтын выходной жұмыс
процестерінің параметрлері; жалғаспалы процестер параметрлері (қызу, діріл, майда
тозу ӛнімдерінің болуы); агрегатттың немесе механизмнің бӛлшектерінің
арасындағы және жеке агрегаттар мен механизмдердің (саңылау, жүріс, қондырма
(посадка) түрі және басқалар) байланысын анықтайтын геометриялық
(құрылымдық) параметрлер болып ажыратылады.
Автомобильдің жұмыс процесі барысында оның техникалық күйінің
параметрлері бастапқы немесе номиналды мәндерінен у
н
бастап шекті мәндеріне у
n
дейін ӛзгереді. Ол сәйкес диагностикалық параметрлердің S
н
–нен S
n
-ге дейін
ӛзгеруіне себепші болады. Мысалы, тежегіштің жұмысы барысында тежегіш
жапсырмалары мен тежегіш барабандары арасындағы у саңылаудың артуы тежелу
жолының ӛсуіне әкеледі. Сағатпен немесе км жүріс арқылы ӛлшенетін бұйымның
жұмыс істеу ұзақтығы жұмыс істеу уақыты деп аталады. Техникалық құжаттамада
кӛрсетілген шекті күйге дейінгі жұмыс істеу уақыты ресурс деп аталады.
Мәндері техникалық құжаттамада белгіленген параметрлермен берілген
қызметті орындай алатын бұйымның күйі жұмысқа қабілеттілік деп аталады.
Бұйым ӛз қызметін орындай алып, бірақ техникалық құжаттаманың барлық
талаптарына жауап бере алмаса ол жұмысқа қабілетті, бірақ ақаулы болады (мысалы
автомобильдің шанағы майысқан жағдайда).
Егер автомобильді ресурс шегінен ары қарай пайдалануды жалғастыра берсе
автомобиль істен шығады. Автомобильдің техникалық күйінің параметрінің у
і
мәнімен сипатталатын жұмысқа қабілеттілік күйі у
н
≤ у
і
≤ у
n
шартына, ал істен шығу
у
і
> у
n
шартына сай келеді. Автомобильдің істен шығуы – кӛлік процесінің
тоқталуына әкеліп соғатын, жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы. Автомобиль мен
оның агрегаттарының техникалық күйінің белгіленген нормадан ауытқуы ақау
болып табылады.
3 тақырып. Автомобильдерді техникалық пайдалану. Ұғымдар мен
анықтамалар
Автомобильдерді техникалық пайдалану ғылым ретінде құрылымның
техникалы мүмкіншілігін толық жүзеге асыру және автомобильдің пайдалану
сенімділігінің берілген деңгейін, материалдық және еңбек шығындарын тиімділеуді,
автомобильдің техникалық күйінің персоналдарға, халыққа және қоршаған ортаға
тигізетін кері әсерінің мӛлшерін неғұрлым тӛмендетуді қамтамасыз ете отырып,
тасымалдаудың реттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомобиль
паркінің техникалық күйін аса тиімді басқару жолдары мен әдістерін анықтайды.
Автомобильдерді техникалық пайдалану практикалық әрекет саласы ретінде
- еңбек және материалдық ресурстардың тиімді шығындарында автомобиль паркінің
ақаусыз күйін ұстауды қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық, ұйымдастыру
шараларының кешені. Автомобильдерді техникалық пайдаланудың тиімділігін
инженерлік-техникалық қызмет (ИТҚ) – жылжымалы құрамның техникалық күйін
басқарумен айналысатын автомобиль кӛлігі кәсіпорны мен ұйымының бӛлімшесі
қамтамасыз етеді.
Автомобильді техникалық пайдалану автомобиль кӛлігінің маңызды қосалқы
жүйесі болып табылады. Егер ӛндіріс саласы кӛлік процесінің жүзеге асуының
потенциалды мүмкіншілігін қамтамасыз етсе, техникалық пайдалану ақаусыз және
жұмысқа қабілетті автомобильді тасымалдау процесіне бере отырып, потенциалдық
мүмкіншілікті нақтыға айналдырады.
Автомобильді техникалық пайдаланудың тиімділігі бұйымның сапасы мен
сенімділігінен тәуелді. Сапа дегеніміз мақсатты пайдалану барысында берілген
қызметті орындауға автомобильдің жарамдылық деңгейін анықтайтын қасиеттер
жиынтығы.
Жобалау және ӛндіріс барысында есепке алынатын автомобильдің негізгі
техника-экономикалық қасиеттеріне жатады: жүккӛтергіштік немесе сыйымдылық,
динимикалылығы, отын үнемділігі, жайлылығы, қауіпсіздігі, ӛнімділігі, сенімділігі
және т.б. Сапа бірнеше параметрлерден тұрады. Бұйымның әр қасиеті кӛрсеткіштер
деп аталатын, әртүрлі сандық мәндерді қабылдайтын, оның қызмет кӛрсетуін
анықтайтын параметрлермен (бір немесе бірнеше) немесе физикалық шамалармен
сипатталады. Мысалы, автомобильдің шыдам мерзімінің параметрлерінің бірі
күрделі жүріске дейінгі жүріс (ЗИЛ-130 автомобилі үшін 300 мың км – параметр).
Жүк автомобилінің ӛнімділігінің параметрі жыл (ай, ауысым) кӛлемінде орындалған
тонна-км немесе тасымалданған тонна сандық кӛрсеткішімен кӛрсетіледі.
Автомобиль қасиеттерінің кейбір кӛрсеткіштері (жүк кӛтергіштігі, сыйымдылығы)
пайдалану кезеңі бойында ӛзгеріссіз болады.