М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет82/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149
kulgildinov-kolik

6.3. Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс
қорабын жинау
Тісті берілістерді жинау.
Тісті дөңгелектер біліктің отырғызу 
мойыншаларына шамалы саңылаумен немесе баспақ және арнайы 
қондырғының көмегімен қолмен тарту арқылы орналастырылады. Бас-
палау тістегерішті қыздырумен немесе білікті салқындатумен жүзеге 
асырылуы мүмкін.
Тісті дөңгелектер басты шеңбер диаметрі бойынша соққыға 
тексеріледі, сондықтан да білікті центрлерге немесе призмаларға орна-
ластырады (6.2-сурет) [9].
Егер дөңгелектің орталық тесігінің осі бастапқы шеңбер 
осімен эксцентрикті болса, онда ілінісу кезіндегі радиалды соққы 
саңылаулардың әртүрлі болуына әкеп соқтырады. Мұндай осьтерді бас-
палау кезінде тісті тәждің қасбеттік соққысы пайда болады және тістің 
ұзындығы бойынша жанасу жеткіліксіз болады.
Цилиндрлік тісті дөңгелектердің дұрыс ілінуісіне қол жеткізу үшін 
біліктер бір жазықтықта және параллель орналасуы тиіс. Оларды 
түзетуді корпустағы мойынтірек астындағы ұялар жағдайларын реттеу 
арқылы жүргізеді. Сонымен бірге барлық тісті дөңгелектер корпусқа 
орналастырылып болған соң, саңылау, ілінісу және жанасу бойынша 
тексерілуі қажет. Жаңадан орналастырылған тісті берілістер үшін рұқ-
сат етілген бүйірлік саңылау 
D
б

bm
болуы тиіс, мұндағы 
b
= 0,02...0,10 – 
айналу жылдамдығы мен беріліс типі бойынша қабылданатын коэффи-
цент; m – модуль, мм.
6.2-сурет. Престелген тісті дөңгелектерді ауытқымаға тексеру: 
а – призмаларда; ә – центрлерде


134
Жанасу нүктесі сыртқы түсі немесе бақылаудың басқа құралдарымен 
стандартқа сәйкес тексерілуі тиіс (6.3-сурет).
6.3-сурет. Цилиндрлік тісті дөңгелектердің ілінісуі (а) және қалыпты
ілінісудегі тістің түйіс дағы (ә).
Конустық тісті дөңгелектермен беріліс сапасы беріліс біліктерінің 
осьтерінің дұрыс қиылысуымен, дөңгелек осьтері арасындағы 
бұрыштар дәлдігімен, бүйірлік және радиалды саңылаулар шамасымен 
анықталады. Конусты тісті дөңгелектер осьтерінің ауытқуы 
d
модуль m 
мәніне байланысты болады. 2...8 мм модульдері үшін ауытқудың рұқсат 
етілген шамасы (0,015...0,060) m болса, ал m = 8...14 мм модульдер үшін 

= (0,02...0,15) 
m
болады.
Конустық тісті берілістердегі радиалды және бүйірлік саңылаулар-
ды тексеру цилиндрлік тісті дөңгелектердегі берілістерді тексеру-
мен бірдей жүргізіледі. Конустық тісті дөңгелекті берілістердегі 
саңылауларды дөңгелек жұптарын білік бойымен біршама жылжы-
тумен реттеуге болады. Олардың шамаларын да цилиндрлік тісті 
дөңгелектердегідей етіп анықтайды.
Бұрамдық берілістер цилиндрлік және конустық тісті берілістермен 
салыстырғанда дәлірек дайындау мен жинауды талап етеді. Бұрамдық 
берілістің дұрыс жұмыс істеуі бұрамдық пен оның дөңгелегі осьтерінің 
орналасуына, жұмыс беттерінің арасындағы қалыпты саңылауға, жақын 
жатқан профильдердің жанасуына, жеңіл және бірқалыпты айналуына 
тығыз байланысты болады. Бұл берілісте бұрамдық бұрамалары мен 
тісті дөңгелек арасында бүйірлік саңылау, яғни дөңгелек жылжы-
майтын кездегі бұрыштық ығысу пайда болады. Мұндағы саңылау: 
D
б
= (0,015...0,03) 
m

m
берілістің модулі, мм.
Егер жылдам жүрісті берілістер үшін жанасу беті немесе жана-
су нүктесі тістің жұмыстық ұзындығынан 80%-дан кем болса, әрі ол 
көрсеткіш орташа жылдамдықты жүрістегі берілістерде 60% болса, 
онда берілістің жиналуы дұрыс деп есептеледі.
Жүрістің жеңілдігі мен жайлылығы қолмен, динамометрмен, 
тежегіш құрылғыларымен немесе басқа да бақылау аспаптарымен 
анықталады. 


135

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау