М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет60/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149
kulgildinov-kolik

БАқылАу СҰРАқТАРы
1. Машина детальдарының ұзақмерзімділігін көтерудің қандай 
әдістерін білесіз?
2. Машина детальдарының ТВ4 беттік шынықтырудың принцип-
терін түсіндіріңіз.
3. Қатты карбюратизаторлармен көміртектендіру процесі қалай 
жүргізіледі?
4. Детальдарды азоттау процесі жайлы айтыңыз. Азоттауға түсетін 
детальдарға мысал келтіріңіз.
5. Циандаудың көміртектендірумен салыстырғандағы артықшы-
лықтары қандай?
6. Машина детальдарын бытыра ағындарымен беріктендіру процесі 
қалай жүргізіледі?
7. Аунақшалармен аунату әдісі қандай детальдарды беріктеуге 
арналған?
8. Аунатуға арналған аунақшалар қандай материалдардан жасала-
ды?
9. Қатты қорытпалармен балқыту дегеніміз не?
10. Термиялық (беттік шынықтыру) және химия-термиялық 
(көміртектендіру, азоттау) өңдеу жайлы айтып беріңіз.
11. Жоңқасыз механикалық өңдеудің (аунақшалармен таптау) мәні 
неде?
12. Бринель бойынша қаттылық санын қалай анықтайды?


95
4-тарау. ТиПТІК дЕТАлЬдАРды өндІРу 
ТЕхнОлОГияСы
4.1. Білік және ось типтес детальдарды дайындау
Көлік техникасы конструкцияларында негізінен сатылы біліктер 
мен осьтер қолданылады, олардың дайындамалары ретінде дөңгелек 
прокат, еркін созумен алынатын соғылмалар және қалыптамалар пай-
даланылады (4.1-сурет).
4.1-сурет. Біліктерге арналған дайындамалар:
а – жапсырмалы қалыпта қалыпталған; ә – көлденең-бұрмалы 
илемдеумен алынған (массалы өндіріс үшін); б – горизонтальді-соғу 
машиналарында қалыпталған (ернемекті біліктер үшін)
Әртүрлі біліктерді (тегіс, сатылы, біртұтас және құбырлы) кон-
струкциялау кезінде негізгі белгілері ретінде олардың қаттылықтары 
алынады. Егер біліктің ұзындығының оның диаметріне қатынасы 
15-тен аспаса, онда білік қатты деп есептеледі, осы қатынас 15-тен 
асқан біліктер қатты емеске жатады, оларды сүйеуіштердің көмегімен 
өңдейді. Біліктер көбінесе болат 45 немесе болат 40-тан жасалады, ал 
кей жағдайда 40Х, 18ХГТ маркалы легірленген болаттардан дайында-
лады. Кішісериялы өндірісте осьтер мен біліктер әмбебап токарлық-
бұрандакескіш станоктарда, ал ірісериялы өндірісте көпкескішті және 
гидрокөшірмелі автоматтарда өңделеді.
Білік типтес детальды дайындаудың технологиялық жағдайларына 
төмендегі талаптар қойылады [20] :
– біліктер мен осьтер материалдарында жарықшақтар, сызаттар 
болмауы тиіс, аталған ақауларды пісіріп жөндеуге тыйым салынады; 
– 500 мин
-1
-ден жоғары айналу жиілігінде жұмыс істейтін біліктер-
дің статикалық жағдайда 1м ұзындыққа 0,1 мм-ге дейін, бірақ біліктің 
барлық ұзындығына 0,2 мм-ден аспайтын, ал 500 мин
-1
-ден төмен ай-


96
налу жиілігінде жұмыс істейтін біліктердің 1 м ұзындыққа 0,15 мм-ге 
дейін, бірақ біліктің барлық ұзындығына 0,3 мм-ден аспайтын шамаға 
майысуына рұқсат етіледі;
– егер біліктің өз ұзындығынан 0,016-ден жоғары майысуы болса, 
онда оны салқын күйінде де түзетуге болады, үлкен майысуларда білікті 
қыздыру арқылы түзетеді;
– білік осінің кілтектік ойықтарының параллельдіктен ауытқуы 
1:1000-ден аспауы тиіс.
Біліктер мен осьтерді механикалық өңдеу кезіндегі негізгі опера-
циялар төмендегідей: 
– кесу – дайындаманы кескіш станокта дискілі арамен кесу; 
– фрезерлік-центрлеу – дайындаманы өлшемі бойынша кесу және 
центрлейтін тесіктерді бұрғылау. Біліктің ұзындығы үлкен болса, опе-
рацияны горизонталь-кескіш станоктарда орындайды; 
– токарлық – припускімен ажарлайтын жерлерде шетмойын мен 
мойыншаларды өңдеу; 
– фрезерлік – оймакілтектерді өңдеу горизонталь-фрезерлік ста-
нокта бөлгіш жабдықтар арқылы фрезерлеумен немесе оймакілтектік 
фрезерлік станокта кесумен жүргізіледі. Оймакілтектер, сонымен бірге 
тарту, суық таптау, жону тәсілдерімен де жасалады;
– ажарлау – шетмойын мен мойыншаларды айналдырып-ажарлау 
станоктарында ажарлайды, ал оймакілтектерді оймакілтектік фрезерлік 
немесе жазықажарлау станоктарында ажарлайды;
– бұрғылау – біліктер мен осьтердегі қасбеттік тесіктерді бұрғылау 
горизонталь-кескіш немесе радиалды-бұрғылау (детальдар ұзындығы 
өте ұзын болмаған жағдайда) станоктарында бұрғыланады.
Біліктер мен осьтердегі майлау тесіктері мен арналар жоңқалар мен 
кірден тазаланып тұруы тиіс.
Біліктердің жанасқан цилиндрлік беттерін 6-шы немесе 8-ші квали-
тетке сәйкес дәлдікпен және беттің кедір-бұдырлығының параметрлері 
сәйкесінше 
R
a
0 63 1 25
, ... ,
мкм және 
R
a
1 2
5 2 5
, ... ,
мкм етіп орындала-
ды.
Орташа көміртекті болаттан жасалған біліктерді 230...260 НВ 
қаттылыққа дейін термиялық өңдеуден өткізеді. Тозуға қарсылықты арт-
тыру үшін төменкөміртекті болаттан жасалған біліктер мойыншаларын 
цементациядан, содан соң 50...60 НRC қаттылыққа дейін термиялық 
өңдеуден өткізеді. 

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау