М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет100/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   149
kulgildinov-kolik

1.3. детальдар тозуы
Машиналар жұмыс істеген сайын детальдардың өлшемдері, мате-
риалдар құрылымы өзгеріске ұшырайды, сыртқы және ішкі, көрінетін 
және көрінбейтін ақаулар пайда болады. Сол себепті машиналардың 
қуаты төмендейді. Мұндай жағдайды машина тозу үстінде деп атайды. 
Тозу процесі – деталь бетінің материалының бұзылуы мен бөлінуі не-
месе үйкеліс кезінде қалдық деформациясының жинақталуы, мұның 
барлығы біртіндеп детальдың өлшемдері мен формасының өзгеруіне әкеп 
тірейді. Тозу процесінің нәтижесі тозық болып табылады. Ол сызықтық 
және массалық бірліктермен немесе детальдың физика-механикалық 
қасиеттерінің төмендеуімен (беріктігі, серпімділігі, т.б.) сипатталады. 
Тозу түрлері: жергілікті, рұқсат етілген және шекті тозулар.
Жергілікті тозу
– үйкеліс бетінің жеке алынған бөлігіндегі тозу.
Рұқсат етілген тозу
– детальдың әлі де болса өзінің жұмыс істеу 
қабілеттілігін (мүмкіндігін) сақтаған кезіндегі тозу:
шектік тозу
– детальдың жұмыс істеуі бұдан былай техникалық 
жағынан мүмкін болмайтын және экономикалық жағынан қажет те 
емес жағдайға жеткен тозу.
Көлік техникасының детальдарының жұмыс істеу мерзімін анықтау 
шектік тозуды және тозу қарқындылығын анықтауға негізделген. 
11–8708


162
Әртүрлі детальдар үшін тозудың сандық сипаттамалары бірдей емес. 
Шектік тозуды анықтау – бұл күрделі техника-экономикалық мәселе
бұл мәселені шешудің нәтижесі детальдарды уақтылы ауыстыру және 
жөндеу, оларды қайта қалпына келтіру тәсілдерін таңдау болып табы-
лады.
Шектік тозуды анықтау үшін негізгі 3 критерийді ұстанымға алу ке-
рек: техникалық, технологиялық (машинаның орындаған жұмысының 
сапасы) және экономикалық.
Машинаның беріліс детальдары және жұмыс органының детальда-
ры айналу моменті мен күштерді беруі тиіс. Олай болса, жұмыс істеу 
қабілеттілігінің негізгі шарты ретінде олардың техникалық жағдайын 
алу керек. Бұл детальдардың шектік тозуларын бекіту, яғни техникалық 
критерий болып саналады. Ал технологиялық критерий өңделетін бет 
сапасымен тығыз байланысты детальдарда қолданылатын болса, эко-
номикалық критерий кезінде мына көрсеткіштерге көңіл бөлінуі тиіс: 
машинаның нақты өнімділігі, жөндеу жұмыстары мен пайдаланудағы 
материалдар құнының өнім бірлігіне қатынасы.
Сонымен бірге детальдарды пайдалану кезіндегі тозулар пайда болу 
себептеріне, олардың өсу сипатына және біліну нәтижелеріне байланыс-
ты бөлінеді:
– жайлап өсетін (табиғи) тозу;
– жылдам дамитын (апаттық) тозу.
Жайлап өсетін тозулар үйкеліс күштерінің ұзақ уақыт жұмыс 
істеуінің, жоғары температуралардың әсерінің және т.б. факторлардың 
нәтижесі болып табылады. Жылдам дамитын тозулар кей жағдайда 
машина әлі көп жұмыс істемесе де пайда болады. Бұл оны жасау 
кезінде ақаудың болғандығын, техникалық қызмет көрсетудің сапасыз 
өткізілгендігін дәлелдейді.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау