Оқу жұмыс жоспары
|
мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты.
|
Аралық бақылау
|
білім алушылардың оқу жетістіктерін бір оқу пәнінің бөлімі (модульі) аяқталған соң бақылау.
|
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ)
|
студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.
|
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (БОӨЖ)
|
оқытушының басшылығымен жүргізілетін, ЖОО немесе оқытушының өзі анықтайтын жеке кесте бойынша жүргізілетін білім алушының жұмысы; білім алушылардың санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, оқытушының басшылығымен магистранттың өзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен докторанттың өзіндік жұмысы болып бөлінеді.
|
|