орнату;
Ішкі жарықтандыруды орнату жəне т.б.
Тағы да бір айта кететін жай, лицензия материалды емес актив ретінде
қарастырылмайды, өйткені құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға берілетін
лицензияның əрекет ету мерзімі 1 жылдан аспайды. Сондықтан да лицензия алатын (қайта
тіркелетін) шаруашылық субъектілердің техникалық аудиті бойынша қызметтерді төлеумен
байланысты шығындар, лицензиялық жинақтар жəне лицензия алумен (қайта тіркеумен)
байланысты басқа да шығындарды бухгалтерлік есепте болашақ кезең шығындары ретінде
қайта алынған лицензияның əрекет ету мерзімі ішінде алдыңғы кезең ішінде көрсетуі қажет.
Тақырып 2. Құрылыс саласындағы келісім.
1.1. Құрылыстағы ұйымдастырудың формалары жəне өндіріс түрлері, келісім-шарт
жасау тəртібі
1.2. Құрылыс кəсіпорындарындағы есеп саясаты мен құрылыстағы есепті
ұйымдастыру
1.1.
Құрылыстағы ұйымдастырудың формалары
жəне өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тəртібі
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының
арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің
халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген
түсім жəне мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тəртіпті анықтайды:
- біріншіден, түскен түсім келісім бойынша жəне байланысты болуы;
-
екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай
біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тəртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
2. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты
құбылмалы;
3. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен
анықтау.
Келісім əрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің
өзіне тəн ерекшелігінің болуына ьайланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік
тəсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық жəне адам ресурстарын бір шаруашылық
субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кəсіпорындарын мамандандыруға,
олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар
бас мердігерді бөлуге əкеліп соғады.
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кəсіпорындары жалпықұрылыстық
жəне мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының
сипатына байланысты құрылыс-монтажды кəсіпорындар бас мердігер жəне субмердігер деп
жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кəсіпорындар тұрақты
жəне жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кəсіпорындар
ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кəсіпорындар үнемі қозғалыста
болады. Осындай кəсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда
құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Құрылыс-монтаж кəсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы
өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
♦ құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
♦ жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ барлық жұмыстарды құрайтын жəне конструкциялар мен құрылыс материалдарын
өндіретін мекемелер.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тəн. Құрылыс кəсіпорындарының
өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:
♦ негізгі өндіріс – құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен қондырғыларды
капиталды жөндеу;
♦ қосымша өндірістер;
♦ өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала.
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау – негізгі жəне қосымша өндірістің,
əлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.
Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының
жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары –
«Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгі өндіріс», 8020 «Меншікті
өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер», 8040 «Үстеме шығыстар»
белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау жəне сараптау үшін оларды құрылыс
бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексіне сəйкес жазбаша түрде келісім-шарт жасай отырып, төмендегідей тəртіпте құжат
толтырады:
Мердігерлік келісім №
....................қаласы «....»..................жыл
(тапсырыс беруші)_______________________________________________
тапсырыс беруші кəсіпорын аты-жөні, қызметі
қолданылған жарғыға сəйкес________________________________, келесі
тұлғамен төмендегідей келісім жасалды:
1. Келісім.
Төмендегі шарттарды орындауды мердігер тапсырыс берушінің талабы бойынша орындай
отырып, көрсетілген уақытта жұмыс нəтижесін тапсыру, ал тапсырыс беруші нəтижеге орай
төлем жасауға міндетті.
2. Жұмыс түрі.
Мердігер тапсырушының талабына сай төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:
________________________________________________________________________________
____________________________________________________
3. Материалдар.
жұмыс_____________________________________________материалымен
(мердігердің немесе тапсырыс берушінің) орындалады.
4. Тапсырманы орындау тəсілі.
Тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау тəсілі
________________________________________________________________________________
____________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |