Жоғары білім алу ҥрдісінде босаған білім беру гранттарын тағайындау тәртібі
Жоғары білім алу үрдісінде босаған білім беру гранттары ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23
қаңтардағы № 58 қаулысымен (
14.07.2016
№ 407,
26.07.2017 № 446
ҚР Үкіметінің
қаулысымен) үкіміне сәйкес реттеледі.
Жоғары білім алу үрдісінде босаған мамандықтар бойынша білім беру гранттары
конкурстық негізде М.Әуезов атындағы ОҚМУ осы мамандықтарда ақылы негізде оқып
жүрген білім алушыларға тағайындалады. Конкурс аралық бақылау нәтижелері бойынша
білім беру грантын тағайындау туралы куәлік беру арқылы жасалады. Босаған білім беру
гранттарын алу үшін конкурсқа түскендердің үлгерімнің орташа кӛрсеткіші бірдей болған
жағдайда тек А, А- («үздік») бағамен оқитындардың мүмкіндігі артықтау болады, сосын оқу
кезеңінің барлық кезеңінде А, А- («үздік») тен В+, В, В- («жақсы») дейінгілер де үміткер
бола алады. Босаған білім беру гранттарын тағайындау тӛмендегі тәртіппен жүзеге
асырылады:
1) М.Ауэзов атындағы ОҚМУ ақылы негізінде де оқып жүрген білім алушылар білім
беру гранттары негізінде оқуын жалғастыру үшін ректордың атына ӛтініш білдіреді
2) Жоғарғы оқу орны білдірген ӛтінішті конкурс негізінде қарап, Ғылыми Кеңесінің
шешімімен бірге ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін және 15 қаңтар мерзімінде уәкілетті
органға шешім қабылдау ушін жібереді. Ғылыми Кеңесінің шешімімен бірге білім
алушының ӛтінішіне сынақ кітапшасының үзіндісі, транскрипт, үміткердің жеке куәлігінің
кӛшірмесі және оқу орнынан шығарылған білім беру грант иесінің куәлігі (түпнұсқа) қоса
беріледі.
2-1) Нақты мамандық бойынша үміткер болмаған жағдайда жоғары білім алу кезінде
босатылған білім беру гранты конкурс негізінде ішкі бағыттағы жазғы және қысқы емтихан
сессияға дайындық қорытындысымен тағайындалады.
3) Білім беру саласындағы ӛкілетті ұйым мамандықтар бойынша тіркелген
құжаттарды оқу түрі мен ұзақтығы және қабылдау жылын ескере отырып, мәселенің оң
шешімі негізінде білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық шығарады.
4) Білім беру саласындағы ӛкілетті ұйым бұйрығы негізінде білім беру грантын
тағайындау куәлігі рәсімделеді.
5) Білім беру грантын тағайындау туралы берілген куәлігі негізінде М. Әуезов
атындағы ОҚМУ тіркеу бӛлімі білім беру гранты бойынша білімін жалғастыру туралы
бұйрық шығарады
.
Білім беру грантының бос орын ауыстыру процессі университет сайты http://ukgu.kz/
және «Профессор» http://www.portal.ukgu.kz/ порталында ашық және қолжетімді
Халықаралық
«Болашақ»
стипендиясы туралы мәліметтерді www.edu–cip.kz
сайтынан білуге мүмкіндік бар.
Университетте әлеуметтік қолдау бағдарламасы
бойынша дәрігерлік орталық және спорттық секциялар
жұмыс жасайды. Кӛп балалы отбасынан шыққан студенттер,
жетім студенттер мен асырап алушылардың қарамағындағы
жетімдердің тамағы мен жол жүру шығындарына ақшалай
жәрдем бӛлінеді.
|