Қҧрметті студенттер!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен құтықтаймын !
Біздің оқу орнын алғашқы рет аттап отырған студенттерге хош келдіңіздер демекпін.
Бүгін Сіздер ӛздеріңіздің студенттік ӛмірлеріңізге алғашқы қадам жасап отырсыздар. 4 жыл
бойына біздің оқу орнымыз Сіздер үшін туған үйлеріңіздей болады, мұнда сіздер есейесіздер
және кәсіби шыңдаласыздар.
Мен шын жүрегімнен ӛмірлеріңізде Сіздер үшін маңызды осы бір күнмен
құттықтаймын! Сіздерге табыс тілеймін!Ғылымға терең бойлап, таным рахатына
бӛленіңіздер және шаршамай, талмай жаңалықтарға ұмтылыңыздар. Ешқашан қол жеткен
жетістікпен тоқтамаңыздар!
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ мемлекеттік басқару мен халықаралық
қатынастар, экономика мен әлеуметтану, білім және ғылым, мәдениет және ӛнер саласында
білікті мамандар дайындауда еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі
болып табылады. Университет Қазақстанның ӛркендеп гүлденуіне үлес қосатын
бәсекелестікке қабілетті жоғары білімді жастарды дайындауда.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымның ірі
орталығы.
Кафедраларда, ғылыми – зерттеу институттарындажәне ғылыми орталықтарда 1500
дан астам штаттық оқытушылар сабақ береді, олардың 45% ғылым докторлары,
профессорлар,академия корреспондент мүшелері, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының
лауреаттары, ғылым кандидаттары, доценттер.Университеттегі кӛптеген ғалымдардың
есімдері тек біздің республикамызда ғана емес, кӛптеген шет елдерде танымал. Сапалы білім
беру үшін университетте барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда біздің университетте 16000-
нан астам студент білім алуда. Университеттің білім беру, тәрбие ісі, ғылыми және оқу –
әдістемелік бағытта жұмыс жасап жатқан факультеттері мен жоғарғы мектептерінде
бакалавриаттың 86 мамандығы бойынша болашақ мамандар дайындалуда.
Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстандағы білім беру, ғылым, мәдениет
саласындағы басты орталықтардың бірі. 2017 жылы QS World University Rankings шешімі
бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ әлемнің ең үздік 450+ университеттері қатарына енді.
Cybermetrics Lab Webometrics халықаралық ЖОО рейтингінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ
сайттар сараптамасы мен интернет қолданушылардың сұранысы нәтижесіне сүйене отырып,
Қазақстандық ЖОО – ның үздік бестігінің қатарына енді.
Біздің университетте оқу - үлкен мәртебе. М.Әуезов атындағы ОҚМУбітірушілері ірі-
ірі қазақстандық және халықаралық ұйымдарда жұмыс жасайды. Кӛпшілігі ӛз білімдерін
әлемнің алдыңғы қатарлы орталықтарында жалғастыруда. Сіздер университеттің ӛздеріңізге
берген мүмкіндіктерін мейлінше пайдаланасыздар және жоғары білікті маман болып, биік
шыңдардан кӛрінесіздер деп шын жүрегімнен сенім білдіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |