белгісі бар өсімдіктер саны-ның аракатынасы 3 : 1 болады. Сонымен, буданның
бірінші үр-пағтында рецессивті белгі мүлде жойылып кеткен жок, тек түн-
шыктырылып қалған, ол екінші ұрпақта кайтадан көрінді.
Ғ
2
кезінде будандардың доминанттық пен рецессивті белгілердің белгілі бір сандық
қатынас түрінде
ажырауы
ажырау заңы
немесе
Мендельдің екіңші
' задыдеп аталады.
Тұқым қуалаушы факторлар. Егер екінші ұрпақ өсімдіктері
Ғ
2
өздігінен тозаңданса,
онда ақ гүлді (рецессивті белгі) есімдіктер келесі үрпақтарда — Ғ
3
және
Ғ
4
т. с. с. — ақ
гүлді өсімдік береді. Ал қара қошқыл гүлді өсімдіктер (доминантты белгілер) басқаша
қасиет көрсетеді. Өздігінен тозанданған ка-ра кошқыл гүлді өсімдіктердің 1/3 белігі
ғана Ғ
3
-те және одан кейінгі үрпақтарда қара қошқыл гүлді өсімдіктер береді де,
қалған 2/3 бөлігі
Ғ
2
кезіндегідей кайта ажырайтын болады, яғни әрбір 3 қара қошқыл
гүлді өсімдікке 1 ақ гүлді өсімдік келетін болады.
Сонымен, буданның бірінші үрпағында ата-аналардың біріне-бірі кері белгілерінід
біреуі ғана болады, ал екінші рецессивті белгі көрінбейді, бірақ жасырынған белгі
келесі, екінші ұрпақ өсімдіктерінің 1/4 бөлігінде жарыққа шығады. Осы фактілерден
Мендель мынадай қорытынды жасады: түқым қуалай-тын белгілердің өздері емес,
тұқым қуалау бастамасы,
оларды анықтаушы факторлар. Мүндай жағдайда
будандардың
Ғ
л
гүлдің ақ түсті белгісінің жоғалып кетуін және оның кейіннен екінші
ұрпақ
Ғ
2
өсімдіктерінің бір бөлігінде пайда болуын толық түсіндіруге болады. Мүны
былай деп топшылау керек:
Ғ\
өсімдіктерінде ақ түстің жасырын бастамасы болған
және ары қарай ұрпаққа (Ғ
2
) берілген.
Бұл бастамалар тұрақты және ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз түрде беріліп отырады.
Белгілі бір белгілердің дамуын анықтайтын тұқым қуалаушы факторлар
ген
деп
аталды. «Ген» деген термин организмнің жеке бір белгісінің немесе қасиетінің дамып
жетілуін анықтаушы тұқым қуалау бірлігі деп түсіну қажет. Тұқым қуалаушылық
құбылысын және тұқым қуалау механизмін талдап, оларға анализ жасау
тереңдеген сайын, ген табиғаты жөніндегі үғым да кеңейе береді.
Достарыңызбен бөлісу: