М. Е. Лобашев к. В. Ватти


 ТҮР ІШІНДЕГІ ДИВЕРГЕНЦИЯ



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет228/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   275
Lobashev

2. ТҮР ІШІНДЕГІ ДИВЕРГЕНЦИЯ 
Түрдің 
пайда 
болуы 
туралы 
ұғым. 
Популяциялар 
арасында 
айырмашылықтар  туғызатын  және  түр  ішінде  жаңа  формалар-дың, 
нәсілдің,  түр  тармақтарының  пайда  болуына  жеткізетін  процестерге 
тоқталайық,  яғни  түрдің  пайда  болуының  бастапқы  кезеңдерін 
қарастырайық. 
Популяциялардың 
кеңістіктегі 
оқшау-лануларымен 
байланысты түрдің пайда болу процесін 
аллопа-риялық түрдің пайда болуы 
деп  атайды.  ал  кецістікте  оқшау-ланбай  жаңа  формалардыц  түзілуі 
симпатриялық түрдің 
пайда болуы деп аталады. 
Аллопатриялық  түрдің  пайда  болуы.  Кеңістіктегі  оқшаула-нуға 
байланысты  экологиялық  мамандануға  «шеңберлі»  деп  аталатын  түрлер 
мысал  бола  алады.  Батые  Европада  кек  шагала  (Larus  argentatus)  мен  боз 
шағаланың (L. fuscus) таралу ареалдары қосылып кеткен. Бүл екі түрдің бір-
бірінен  айқын  айырмашылығы  болады,  олар  өзара  шағылысқа  түспейді. 
Бірақ  олардың  батысқа  (Гренландия,  Канада,  Аляска)  және  шығысқа 
(Солтүстік  Европа,  Солтүстік-батыс  және  Солтүстік-шығыс  Сибирь) 
қарай таралған географиялық нәсілдері Мүзды мүхи-ты айналасында үздіксіз 
шеңбер  түзеді.  Мүнда  көршілес  географиялық  нәсілдердің  особьтары 
арасында  еркін  шағылысу  болып  түрады.  Н.  В.  Тимофеев-Ресовский 
шағалалардың тара-луы ең басында бір аралық ауданнан мысалы, Шығыс 
Сибирь-ден  басталып,  онан  соң  батысқа  және  шығысқа  қарай  ауысқан  деп 
санайды.  Ол  таралу  географиялық  нәсілдердің  маманда-нуымен  қоса 
жүрген  және  күшейе  түскен.  Ал  батыс  Европада  шеңбер  кайтадан 
тұйықталған  кезде  туыстас  формалар  (L.  аг-gen'tatus,  L.  fuscus)  бірін-бірі, 
«танымай» қалған, олар әр түрлі түр болып шыққан. 
Дивергенцияға  түсетін  формалардың  географиялық  жағы-нан  көзге 
түсерліктей  алшақтығы  болмайтын  бір-біріне  үласып  жатқан  аудандарда 


тіршілік еткен жағдайда  да түр ішіндегі  экологиялық маманданудың орын 
алуы мүмкін. Бүған ірі су қоймаларындағы эндемиялық  формалар айқын 
мысал  бола  алады. Мәселен,  Байкал көлінде  Cammaridae түқымдасына жа-
татын  шаян  тәрізділердің  300-ден  астам  түрі  өседі,  олардың  кебі  баска 
жерлерде  кездеспейді.  Бүл  эндемдердің  шығуы,  сірә,  экологиялық 
оқшауланумен,  бір  орында  тіршілік  етіп  бөлектен-ген  популяцияларға 
сұрыптаудың әр бағытта эсер етуімен қамтамасыз етіледі. 
Каралып  отырған  қүбылыстар  катарына  кебею  мерзімі  әр  түрлі  болатын 
маусымдық изоляцияны  да косу керек.  Мәселен, өсімдіктердің белгілі бір 
түрінің  жаздық  және  күздік  формала-ры  болады,  сондай-ақ  көктемде 
немесе күзде гүлдейтін эфемерлер-нәсілдер кездеседі. Барлық жағдайда да 
экологиялық  ма-мандануға  байланысты  жүретін  түр  ішілік  дивергенция 
популя-цияны  тіршілік  етудің  нақты  жағдайына  ыңғайлайды  және 
мекендеген  ауданның  территориялық,  азықтық  және  басқа  ре-сурстардың 
неғүрлым толық пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 
Географиялық  немесе  экологиялық  нәсілдердің  морфофи-зиологиялық 
ерекшеліктері 
бойынша 
алшақтауы 
негізінде 
оларды 
құрайтын 
популяциялардың  генетикалық  күрылымының  дивергенциясы  жатыр.  Егер 
мүндай  дивергенция  біршама  алыс  кетсе,  бүл  репродуктивтік  изоляция 
механизмінің  дамуына  жол  ашады,  ал  осындай  изоляция  түрлі  нәсілдерге 
жататын  особь-тардың  шағылысу  мүмкіндігін  белгілі  бір  дәрежеде 
тежейді. 
Репродуктивтік изоляцияның негізгі формалары мыналар: шағылысудағы 
және  ұрпақтанудағы  таңдау  сипатыныц  езгеруі,  будан  особьтар 
фертильдігінің төмендеуі, будандардың өмір-шеңдігінің төмендеуі. 
Шағылысу  кезіндегі  таңдау  сипатының  әзгеруі  (мінез-қү-лықтық 
изоляция)  әдетте  жануарларда  репродуктивтік  изоля-цияның  басқа 
формаларының  пайда  болуына  бастама  қалайды.  Бұл  особьтардың 
жыныстык  мінез-қүлқының  сол  түрлерге  ғана  тән  күрделі,  түқым  қуалай 
бақылауда  болатын  (шартсыз)  реак-циялар  комплексі  болып  табылады. 


Бүған  балықтың,  қүстың  және  сүт  қоректілердің  көптеген  түрлерінің 
шағылысу  алдында-ғы  ойындары  дәлел  бола  алады.  Осы  реакциялардың 
комплекс!  түрлер  арасындағы  шағылысуларды  болдырмайды,  яғни  репро-
дуктивтік изоляциянын орын алуын қамтамасыз етеді. 
Будандардың 
фертильділігінің 
және 
өміршеңдігінің 
темен-деуі 
генетикалық  айырмашылықтардың      алыс  кеткендігін,  двергенцияланған 
формалардың жеке түрге дейін жеткендігінің нәтижесі екендігін көрсетеді. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау