Тканьдер арасындағы индукциялық қатынастар.
Даму ба-рысында
гаструладан бастап тканьдер арасында индукциялық қатынастар, яғни бір
ткань екінші тканьнің даму сипатына ба-ғыт бере отырып әсер етеді.
Мысалы,
омыртқалыларда
гастру-ляцияның
барысында
хорданың
бастамалары эктодерманың бел-гілі бір ауданымен түйіседі, соның
нәтижесінде эпидермалық клеткалар барлық эктодерма сияқты терінің
эпителийлеріне емес, нерв системасына дифференцияланады. Индукция
меха-низмі мынадай: тканьнің клеткаларында арнаулы заттар «ин-дуктор»
түзіледі, ол көрші индукцияланатын тканьге ауысып, оның даму жолын
өзгертеді. Анығында, хорда бастамасы клеткаларының гендері қызметінің
өнімдері эктодерма клеткаларын-дағы нерв системасының дамуын
анықтайтын сондай гендердің орекетін активтендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |