1-зертханалық жүмыс
Адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының қүрылысын микроскоп арқылы зерттеу
Жұмыстың мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп аркылы карап, жасушалар және ұлпалар құрылысымен танысу.
Керекті құрал-жабдықтар: микроскоптар, әр түрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек, бірыңғай салалы бүлшық ет, эпителий (эпителийдің әр түрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.
Жұмыс реті
1. Әр түрлі ұлпа жасушаларының күрылысының дайын препараттарын қараңдар. элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін көрсетіп, жасушаның суретін салыңдар.
2. Микроскоп арқылы:
а) көлденен жолакты бұлшык ет; ә) көлденең жолакты жүрек;
б)тегіс салалы бұлшық ет; в) эпителий (өр түрлі эпителий);
г) сүйек;ғ) жүйке ұлпаларын караңдар.
Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдык бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналаскан ба?
Көрген үлпаларыңның суретін салындар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.
Дөптерлеріңе кестені толтырыңдар.
Ұлпалар және олардың қызметі
ұлпа атауы
|
Құрылысы
|
Қызметі
|
Организмде орналасуы
|
Көлденен жолақты
|
|
|
|
Бірынғай салалы
|
|
|
|
Дәнекер
|
|
|
|
Эпителий
|
|
|
|
Жүйке
|
|
|
|
Биология. 8-сынып. .2009.
Сабақтың тақырыбы: МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысымен таныстыру .
2. Оқушылардың мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысын ажырату және атқартын қызметтерін қысқаша сипаттау.
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Интерактивті
Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру
Мүшелер ұлпалардан түзіледі. Мүше дегеніміз — нақты пішіні бар, организмде белгілі орын алатын бір немесе бірнеше кызмет аткаратын дене бөлігі. Жүрек, өкпе, бүйрек, қол, кез — денеміздің, мүшелері. мүшенің түзілуіне ұлпалардын барлық түрлері қатысады, бірақ олардың біреуі ғана негізгі рөл аткарады. Мысалы, сүйектің негізгі үлпасы — сүйек ұлпасы, бездің негізгі ұлпасы — эпителий ұлпасы, бұлшық еттің басты ұлпасы — бұлшық ет ұлпасы, мидың негізгі ұлпасы — жүйке ұлпасы. Әрбір мүшеде дәнекер, жүйке және эпителий ұлпалары, қан тамырлары болады.
Мүше біртұтас организмнің бөлігі болып табылады, сондықтан организмнен тыс жұмыс істей алмайды. Мүшелер жүйелері. Белгілі бір физиологиялык қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әр түрлі мүшелер жүйе құрайды. Мынадай физиологиялық жүйелерді ажыратады: жабын (тері), тірек-қимыл, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары, тыныс, зәр шығару, эндокриндік, жыныс, жүйке жүйелері.
Тірек-кимыл жүйесі Ас қорыту жүйесі
Бұлшық ет Сілекей безі
Ауыз қуысы
Жұткыншақ
Өнеш
Бауыр
Асқазан Ұйқыбез
Ішек
Тыныс алу жөне зәр шығару жүйелері Жүрек қан тамырлары жүйесі
Мұрын қуысы
Эндокриндік жүйе
Гипофиз
Қалқанша без
Бүйрек үсті без
ұйқы-без
Жыныс бездері
Жабын ұлпалары жүйесіне тері және сілемейлі қабқк кіреді. Тері денені сыртынан жабады. Сілемейлі қабық ауыз қуысының, тыныс жолдарының, ас қорыту жүйелерінің ішкі жағын астарлайды. Тері мен сілемейлі қабық организмді сырткы әсерлерден — құрғап кетуден, температуралык өзгерістен, зақымданудан, организмге ауру туғызатын әр түрлі қоздырғыштар мен улы заттардыңенуінен сақтайды.
Тірек-қимыл жүйесі сүйектер мен бүлшык еттерден тұрады. Сүйектер өзара байланысып, дененің сәйкес белігінің қаңқасын құрайды.
Қаңңа ішкі мүшелер орналаскан қуысты қорғаныш кызметін де атқарады. Мысалы, қабырғала омыртқалар, төс сүйегі жүрек, өкпе сиякты мүшел орналасатын кеуде куысын түзеді. Қаңка мен бұлшық еттер дене қимылын камтамасыз етеді. Өзара байланысқан сүйектер бекітілген бұлшык еттердің жиырылуы арқы қозғалысқа келеді.
Ac қорыту жүйесіне ауыз қуысының мүшелері тістер, сілекей бездері, жұтқыншак, өңеш, ішектер, асқаза бауыр, ұйкыбез кіреді. Ас қорыту мүшелерінде ас майдаланып, сілекеймен шыланады, құрамында ас қорыт ферменттері бар ас қорыту сөлінің әсерінен химиялы ыдырайды. Нәтижесінде организмге қажет қоректік заттар түзіледі. Олар ішекте сіңіріліп, қан арқылы организмні барлық жасушалары мен ұлпаларына жеткізіледі.
Жүрек-қан тамырлары жйесі жүрек пен кдн тамырларынан тұрады. Жүрек жиырылып, қанды қан тамырлары арқылы зат алмасу үздіксіз жүретін мүшелер ме ұлпаларға айдайды. Осындай алмасуға байланыст жасушалар үнемі оттек пен басқа қажетті заттарды ал организмге зиянды заттардан айырылады.
Тыныс алу жүйесі организмді оттекпен қамтамасыз етді және одан көміркышқышл газын шығаруға қатысады. Ауа алдымен мұрын қуысына, одан мұрын-жұтқыншаққа (носоглотка), көмекейге, әрі қарай кенірдек пен өкпеге түседі де, өкпе және қан капиллярлары арасында газ алмасу жүзеге асады.
Зәр шығару жүйесі организмнен зат алмасудың сұйық өнімдері — организм тіршілік әрекетінің заттарын шығару қызметін аткарады. Бүйрек зәр шығару жүйесінін негізгі мүшесі болып табылады. Оларда несепағармен қуыққа ағатын зәр түзіледі. Зәр қуыққа жиналып, зөр шығаратын түтік арқылы сыртқа шығарылады.
Жыныс жүйесі көбею қызметін атқарады. Жыныс бездерінде жыныс жасушалары қалыптасады. Бұл жүйеге аталык жыныс безі — аталык бездер (семенник) және аналык жыныс бездері — аналык без (яичник) жатады. Жатырда ұрық дамиды.
Эндокриндік жүйеге ішкі секрецияның әр түрлі бездері жатады. Әрбір без табиғаты химиялық биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады. Бұл заттар барлық жасушалар, организм ұлпалары мен тұтас организм кызметін реттеуге катысады.
Жүйке жүйесі барлык жүйелерді біріктіреді, олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді. Жүйке жүйесі мен
Мүше арасындағы байланыстың бұзылса қалыпты қызмет тоқтатады. Жүйке жүйесі организмнің ортанның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына сезім мүшелері арқылы бейімделуін қамтамасыз етеді.Адамның психикалық іс-әрекеті, мінез-құлқы жүйке жүйесіне байланысты. Көптеген мүшелерден тұратын, жүйелер мен аппараттарға біріктірілген тірі организм біртүтас болып қызмет етеді.
ІІІ. Перфакартамен жұмыс.
ІV. §9.
V. Сұрақтарға жауап.
3. Көлденең жолақты ұлпа дегеніміз не?
4. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы дегеніміз не?
5. Жүйке ұлпасының құрылымдық бірлігі қалай аталады?
6.Жұйке ұлпасының қандай қасиеттері бар?
Биология. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |