Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
91
жағдайларды сипаттауда қолданылатын оқыту техникасы. Ең алғаш «Кейс – стади» 1924
жылы Гарвард университетінде қолданылды. Кейс әдісіне моделдеу, жүйелі талдау,
проблемалық әдіс, ойша эксперимент, сипаттау әдісі, топтастыру, пікірталас, ойын әдісі
кіреді. Бұл
әдістерді, әсіресе, шет тілі сабағында көп қолданып жүр.
Модерация – латын тілінде «реттеу», «басқару», «жетекшілік ету» дегенді білдіреді.
Модерация оқытуда инновациялық және интерактивтік оқыту әдістерін қолдану арқылы
жүргізіледі. Модерация ең алғаш рет ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Германияда
экономика мен саясат саласына демократиялық жағдайларды енгізу мақсатында
қолданылды. Қазіргі кездері Еуропа елдеріндегі мектеп ісін ұйымдастыру мен басшылық
етуде қолданылады. Модерацияның негізгі элементтеріне жетекшілік және көмек
көрсетушілік, білімді жетілдіру курстары визуализация, білім беру үрдісінің
ұйымдастырылған құрылымы (дербес жұмыс, жұптасқан жұмыс, топтық жұмыс, кері
байланыс, ұжымдық жұмыс), шағын топтардағы жұмыс, кері байланыс орнату, жағымды
климат орнату жатады.
Заман талабына қарай әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі
тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс
пайдалана білуі керек. Сонымен қатар, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы
арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді
қажет етіп отыр. Сондықтан келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық
құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің қызметін жеңілдетіп, осы іскерліктің
ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жолдардың
бірі – педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту
үрдісін жетілдіру болып табылады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық мәселені шешуге
көмектеседі. Яғни, базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау
дағдыларын қалыптастыру, оқуға деген ынтасын арттыру, оқушыларға оқу
материалдарымен өздігінен жұмыс істеуге әдістемелік көмек беру, ақпаратты меңгеруін
тексеру. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір
ортаға жинақтауға көмектеседі. Сабақ уақытын үнемдеу, демонстрациялық материалдар
даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланудың қажеттілігі жоғары. Ол оқыту
мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030» бағдарламасы. – Алматы, 1998.– 140 б.
2. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологияларын
енгізудің тиімді жолдары. – Алматы, 2006. – 241 б.
3. Қадірқайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л., Әлдібаева Т. Оқытудың
педагогикалық жаңа технологиясы. – Алматы, 1999. – 196 б.
4. Оспанбекова Н.Ж., Чанбаева М.Қ. Болашақ мұғалімдерді дайындауда ақпараттық
технологияларды пайдалану. – Алматы, 2013. – 245 б.
5. Авдарсолқызы С., Авдарсолұлы М. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқыту. – Алматы, 2013. –198 б.
6. Қармысова Л. Интерактивтік оқыту // Қазақстан мектебі. 3/2011.