Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
53
таңбаларының жалған байланысын жасау; 3) тіл нормаларының бұзылуы; 4)
аудармашының қатесі; айтылым – 1) таңбалар тізбегі; 2) хабарлама бірлігі; 3) сөйлеу
бірлігі; 4) мәтіндік шындықтың кіші бөлігі; 5) сөйлеу барысында рәсімделген аяқталған
ой, тұжырым; шығыс тіл – 1) аударма тілі (машиналық аудармада); 2) аударма жасалған
тіл; 3)
салғастырылушы тіл; 4) мәтін тілі және т.б.
6. Омонимия. Омонимдер
–
айтылуы бірдей, мағыналық жақындығы жоқ сөздер.
Омонимдердің пайда болу себебі әртүрлі: 1) көпмағыналы сөздердің арасындағы
семантикалық байланыс үзілуі арқылы жасалады; 2) сөздердің тарихи дыбыстық
өзгерістерге ұшырауы арқылы; 3) кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан
сәйкес келуі арқылы жасалады. Мысалы: сәйкестік І – бір-біріне сай үйлестік, ұқсастық;
сәйкестік ІІ – аударма жайындағы ғылымның ең негізгі категорияларының бірі.
Аудармадағы абсолютті сәйкестік бастапқы және аударма мәтіндерінің формалды,
мағыналық және ақпараттық құрамдас бөліктерінің сәйкес келуі арқылы сипатталады,
алайда іс жүзінде оған қол жеткізу мүмкін емес деуге болады. Сәйкестік категориясы
аудармада «сөзбе-сөздік аударма – еркін аударма» оппозициясында көрінеді. Сондай-ақ,
сәйкестік деп бастапқы мәтін бірлігін аудару нұсқаларының бірін айтады; түпнұсқа І –
алғашқы негіз, бастапқы; түпнұсқа ІІ – аудармадағы бастапқы мәтін, аударма осы
мәтіннен жасалады; бейімдеу І – жуықтау, жақындау, икемдеу; бейімдеу ІІ – 1.рецепторға
бірдей әсер ету мақсатында сипатталған жағдаятты өзгерту нәтижесінде сәйкестіктерге
қол жеткізу амалы. 2. мәтіннің түрлі өңделуі; 3. қажетті дәрежеде дайын емес оқырмандар
үшін мәтіннің әзірленуі; қабылдау І – адам миында болатын түсіну, сезіну процесі;
қабылдау ІІ – аудару барысында бастапқы тілде оқу немесе тыңдау іс-әрекетінің
бастамасын білдіреді; нақтылау І – дәлдей түсу, анықтау, айқындау; нақтылау ІІ –
бастапқы тіл бірлігіне қарағанда аударылған бірлік мағынасының нақты болуына
байланысты аударма амалдарының бірі.
Сонымен бірге, аударматану терминдік бірліктерінің материалы негізінде
салааралық терминдер-омонимдер түрлері де анық байқалады. Мысалы,
транслят –
транслят (аударматану – радио, теледидар);
селектор –
селектор (аударматану –
байланыс жүйесі) және т.б.
7. Синонимия. Тілде белгілі бір ғылыми-техникалық ұғымды бірнеше терминдермен
атау қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Мысалы, терминологиялық жүйе және терминдер
жүйесі т.б. Терминдер синонимділігі құбылысы автордың ғылыми сөз байлығын
көрсетуімен сипатталады. Ал мына аударматану терминдерінің концептуалдық мағынасы
бірдей болады:
бастапқы айтылым, бастапқы хабарлама – бастапқы мәтін;
кинетикалық тіл – ым, ишара тілі; когнитивтік-танымдық; конвенция – норма;
таңбаның коннотативтік мағынасы – таңбаның прагматикалық мағынасы; қисынды
предикат – қисынды баяндауыш; қисынды субъект – қисынды бастауыш; механикалық
аударма – нақпа-нақ аударма.
8. Антонимия. Антонимия құбылысы дербес және көмекші сөздер арқылы берілетін
семантикалық қарама-қарсылықты білдіреді. Антонимия көркем әдебиетте антитеза
сияқты
әртүрлі стильдік фигураларды жасап, экспрессия үшін қолданылады.
Антонимия құбылысы терминологияда терминологиялық өрістің шеткі нүктелерін
белгілеуге, сондай-ақ терминологиялық жүйенің қисынды мүмкіндіктерін сұрыптауға
жағдай жасайды. Мысалы:
кеңейту – тарылту, сәйкестік – сәйкессіздік, ауызша аударма
– жазбаша аударма, кіріс тіл – шығыс тіл, кіріс сөздік – шығыс сөздік, кіріс сөйлем –
шығыс сөйлем, лексикалық жайылма – лексикалық ықшамдау және т.б.
Терминдерді терминологиялық өрістен бөліп қарауға болмайды. Терминологиялық
өріс бойынша моносемантикалық термин жасалуы тиіс. Терминдерді талдау барысында
ұғымдық өріс ерекшелігіне басты назар аудару қажет. Бұл тілден тыс негіздемесіз