Лист утверждения к методическим указаниям


Кафедра меңгерушісі ________________ Демесінова Г. Х



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/2
Дата18.12.2017
өлшемі0,5 Mb.
#4663
1   2

Кафедра меңгерушісі ________________ Демесінова Г. Х .

Шет тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдады

“_____”______________200_ж. хаттама №______________

ОӘК төрайымы __________________ Жуманкулова Е.Н.




Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.

  1. Мамандық бойынша тәжірибелік білімдерді бекіту мен кеңейту және оларды белгілі бір ғылыми мәселелерді шешуде пайдалану.

  2. Дипломдық жобада талданатын мәселерлерді зерттеу мен эксперименттік әдістерді меңгеру барысында өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Ғылыми- зерттеу жұмысының біліктері мен дағдыларын жетілдіру, зерттеу жұмысының тәртібін меңгеру.

  4. Түпнұсқалық материалдардарға сыни талдау жасап, деректерді өңдеу білігін дамыту.

  5. Ғылыми зерттеудің көкейкесті мәселелерін шешуде жаңашылдық танытуға бейімділікті дамытып, жетілдіру.



1. Дипломдық жұмысты орындауға қойылатын жалпы методткалық талаптар мен нұсқаулар.

“Аударма ісі” бакалавры академиялық дәрежесі алуға арналған жұмыс дипломдық жұмыс, дипломдық жоба немесе шығармашылық жұмыс түрінде орындалады.

Автордың көпшілк алдында қорғау үшін лайықтаған дипломдық жұмысы негізгі (фундаментальді) немесе жеке пәндердің бірі бойынша орындаған зерттеуі болып табылады.

Дипломдық жұмыс зерттеу сипатында болуы және қазіргі филологиядағы аударма саласының көкейкесті мәселерлерінің біріне арналуы керек. Дипломдық жұмыста таңдалынған тақырыптың көкесйкестілігінің негіздемесі, шешілетін міндеттер, қолданылатын әдістер, зерттеу пәнінің теориялық негіздері және эмпирикалық деректердің талдауы көрініс табуы тиіс.

Орындалған жұмыс студенттің тақырыпқа қатысты білімдерді еркін пайдаланғанын, зерттеу мақсаттарын, баяндалған құбылыстардың өзге жағдайлармен байланысын түсінетінін, қазіргі кездегі талдау әдістерін меңгергенін, қажетті қортындылар мен тұжырымдар жасай алатынын, қаралынып отырған мәселенің теориялық болашағын және оның қолданданбалы аспектілерін болжайтынын, ғылыми ситльді меңгергенін көрсете алуы тиіс.

Дипломдық жұмыс студенттік немесе жас ғалымдар конференцияларында, басқадай да бұқаралық талқыларда, соның ішінде шығарушы кафедра ұйымдастырған алдын ала қорғауда сынақталып, кафедраның қорғауға жіберген рұқсатын алуы керек.

Шығармашылық жұмыс көркем әдебиет немесе ақпараттық (ғылыми-техникалық, заңгерлік, дәрігерлік т.б. ) мәтін түпнұсқасының меңгерілетін бір немесе екі тілден қазақ (орыс) тіліне, немесе қазақ (орыс) тілінен меңгерілетін бір немесе екі тілге аудармасы болып табылады.

Шығармашылық жұмыстың құрамына аударма мәтін, автордың өзіндік аудармашылық шешімдерінің сипаттамасы, тұжырымдары, глоссарий немесе қысқаша терминологиялық сөздік және мазмұндық бет кіреді.

Дипломдық (шығармашылық) жұмыстың көлемі таблицалар, суреттер, пайдаланылған әдебиет тізімі мен мазмұндық бетті қоса алғанда, екі интервал арқылы мәшінкемен басылған 75 беттен аспауы керек.

ІІ Дипломдық жұмыстарды таңдауға қатысты әдістемелік нұсқаулар.

Дипломдық жұмыстарды орындауға дайындықты университеттің мамандандырушы кафедралары ұйымдастырады.

Мамандандырушы кафедралар дипломдық жұмыстардың тақырыптарын жыл сайын өзгертіп, жаңартып отырады. Тақырыптарды таңдауда оның көкейкестілігі, ғылым саласының қазіргі және болашақта даму деңгейінің талаптарына сәйестілігі ескеріледі.

Университеттің мамандандырушы кафедралары бекіткен дипломдық жұмыстар тақырыптарының мазмұны мен тұжырымдалуы жалпы бағыттау сипатында болады. Тақырыпты таңдаудың шарты – нақтылығы және оның салада әлі шешілмеген мәселелерінің болуы.

Кафедра студенке ұсынған тақырыптардың біреуін өз еркімен таңдау талап етеді. Бұларға ең алдымен тақырыптың актуальділігі мен сол ғылым саласының қазігі кездегі талаптарына сәйкестігі жатады. Өткізілетін зерттеу жұмыстарына міндетті түрде қойылатын талап – оның жаңалығы.

Студенттік дипломдық жұмыс түбегейлі ғылыми жаңалықтар ашуды көздемейді, олардағы зерттеулер, әдетте қарапайым болады, дегенмен диплом алушы ғылымның қазіргі даму деңгейі мен оның болашақ бағыттарын айқын түсінуі шарт. Бұл қарапайым болғанымен, өзбетінше жасалынатын, яғни бұрынғы шындықты қайталауға жатпайтын, зерттеу жұмысының орындалуы үшін қажет.

Сонымен бірге студентке ғылыми талдау, жинақтау, қортындылау жасай алу талабы қойылады.

Орындалатын зерттеулерге қойылатын келесі маңызды талап – зертеулердің тәжірибелік мәні, нақты қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жарамдылығы.


ІІІ Студенттің дипломдық тақырыппен жұмыс істеу әдістемесі.
Жетекшісінен тапсырма алған студент дипломдық тақырыппен жұмыс істеуге кіріседі. (А- қосымшасын қараңыз.) Тапсырма бойынша талданылатын мәселелердің тізімін ескере отырып, алдын ала керекті әдебиетпен танысудың, барлық мәліметтерді сараптаудың негізнде ол алда тұрған жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды, күнтізбелік жоспарын жасайды. Кезкелген зерттеудің мақсаты алға қойылған мәселені шешудің бағытын сілтейді, ал міндеттер осы мақсатты нақтылайды. Дипломдық жұмысқа қатысты айтатын болсақ, мақсат мен міндеттеріді айқындау арқылы оны орындаудың сенімді бағыты анықталады.

Күнтізбелік жоспар тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыстың жеке кезеңдерінің орындалуының қисыны мен реттілігін және мерзімдерін белгілейді. (Б- қосымшасы) Бұл мерзімдерді, әдетте, студенттер өздері шамлайды, жетекші қажетінше түзетулер жасайды. (Мерзім зерттеу тақырыбының, мақсаттың және міндеттердің, жалпы уақыттың жұмысты аяқтауға бөлінген мөлшері мен қажетті материалдардың жинақталуы, алдын ала істелінген жұмыс көлемі, орындалынатын тәжірибелік сынақтардың күрделілігі сияқты нақты ерекшеліктерімен байланысты шарттарға тіреледі.)

Күнтізбелік жоспардан басқа студент дипломдық жұмыстың мазмұнын және оны баяндаудың реттілігін көрсететін жоспар жасауы керек. Ол дипломдық жұмыстың жоспары немесе дипломдық шығарманың немесе диплом жұмысына түсінік жазбаның жоспары деп те аталынады.

Дипломдық жобаның жоспары да күнтізбелік жоспар сияқты жұмысқа кіріскенде немесе кей жағдайларда ең алғашқы кезеңде, әдебиет және басқадай көздерді таңдаумен қатар жасалынады.

Дипломдық жұмыс жоспарының бірінші нұсқасы бірнеше рет өзгертіліп, кейбір бөлімдері кеңейтіледі, нақтыланады немесе қосымша мәліметтермен толықтырылады және тақырыпты мазмұндаудың түрі (стилі мен синтаксисі) де өзгертіледі. Жоспар қажетті материалдарды жүйеге келтіруге көмектесетіндіктен, оны міндетті түрде құрып, кейіннен дипломдық жобаның ақтық мәтінін жазғанда негіз ретінде пайдалану керек., өйткені жоспарда тақырыптың барлық бөлімдері көрсетілген.

Дипломдық жұмыс зерттеудің қарапайым түрі болғандықтан, студенттің ғылыми-зерттеу әдістерімен таныс болып, оларды қажетті деңгейде меңгеруін талап етеді.

Дипломдық жұмысты орындауға қажетті негізгі әдістер: әдеби және мұрағаттық тағы сол тектес көздерді білу бақылау және өздігінен байқау, эксперимент, жұмыс тәжірибесімен танысу, әңгімелесу сауалнамалар мен сұхбаттасулар өткізу, сандық нәтижелерді математикалық әдістермен өрнектеу.

Аталған әдістерді кешенді түрде пайдаланған тиімді, бірақ пәннің ерекшелігі мен нақты жағдайларға қарай олардың кейбіреулері басымдырақ қолданылуы да мүмкін.

Дипломдық жұмыс керекті әдебиетті іріктеп алып, танысудан басталады. Дипломдық жұмыстың нұсқаларында әдебиетті (оқулықты, оқу құралдарын, монографиялар, мерзімді жарияланымдар, шетелдік журналдар, нормаландыру әдебиетін т.с.с.) терең зерттеп білу талап етіледі. Әдеттте, дипломға шыққан студенттер аталмыш мәселе бойнша бибилиография жасау, монографиялық және мерзімдік әдебиетпен т.б. көздермен жұмыс істеуде осыған дейін рефераттар жазу, курстық жұмыстар орындау немесе кафедра оқытушысының басшылығымен зерттеу жұмыстары барысында таныс дағдыларына сүйенеді. Өкініштісі – бұл дағдылардың жетік деңгейде болмауы, сондықтан дипломдық жобаның жетекшісі студентке жоғарыда айтылған мәселелер бойынша аса үлкен көлемді тапсырмалар мен нұсқаулар беріп, көп салмақ түсіруге мәжбүр ететіндігінде. Сондықтан тақырыппен жұмыстың ойдағыдай ұйымдастырылуы үшін қажетті әдебиет тізімінің дұрыс жасалуының маңызы бар.
ІҮ. Дипломдық жұмыстың ресімделуі және құрылуы.
Дипломдық жобаның ресімделуі мен құрылымы оның орындалуының маңызды бөлшегі және Мемлекеттік емтихан комиссиясының оны бағалауында негізгі факторларының бірі болып саналады.

Дипломдық жұмыс алдымен қаралай жазба түрінде орындалғаны жөн. Бұл оның мәтініне автордың өзі және жетекшісі тарапынан өзгертулер мен толықтырулар енгізуіне жол қалдырады. Қаралай нұсқадағы жұмыс та жоспарға сәйкес жазылуы керек.

Дипломдық жұмыстың көлемі үлкен болғандықтан, оны тұтас мәтінмен беруге болмайды. Әдетте ол жоспарға сәйкесетін параграфтар мен бөлімдер бойынша жазылады. Бөлімдерді рим цифрларымен, ал параграфтарды олардың алдында қойылған араб цифрларымен белгілейді. Параграфтар әрбір бөлімге немесе бүкіл жұмысқа бірдей реттілікпен нөмірленеді. Қаралай жазбаның көлемі екі интервал арқылы мәшінкемен басылған 75 беттен (кестелер, суреттер, әдебиет тізімі, мазмұны, қажетіне қарай қосымшасымен бірге) аспауы тиіс

Әбір дипломдық жұмыста келесі құрылым болуы тиіс:



  1. .Мұқаба бет

  2. Мазұндық бет ( дипломдық жұмыс жоспары)

  3. Кіріспе ( кіріспе бөлім)

  4. Жұмыстың негізгі мазмұны (әдетте 2-3 бөлім)

  5. Қортынды (қортынды бөлім)

  6. Пайдаланылған әдебиет

  7. Қосымшалар (қажеттілігіне қарай).

Мұқаба бетте: министрлік, жоо атаулары, студенттің аты-жөні, дипломдық жұмыстың толық аталымы, ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми лауазымы мен дәрәжесі дипломдық жұмыс орындалған жер және жыл.

Кіріспеде алынған тақырыптың көкейкестілігі айқын және бірізділікпен дәлелденеді, оның зерттеліну тарихы, мақсаты мен міндеттері тақырыптың хронологиялық және жағрапиялық шеңбері, көздердің талдануы (дипломдық жұмыстың базасы) орын алады.

Әдетте 2-3 бөлімнен құралатын дипломдық жұмыстың негізгі бөлігінде қарстырылған мәселенің теориялық негіздері мен қысқаша тарихы мазмұндалып, өзбетінше жианақтаған материалдың объективті және жан-жақты сараптамасы беріліп, жалпы тұжырымдар жасалынады. Әбір бөлімнің соңында автор қысқаша қортынды мен түйіндеулер бере алады, бірақ олар кейін қортынды бөлімде қайталанбауы тиіс. Мәтінге сызба және көрнекі бейне материалдар енгізуге болады, бірақ олардың саны шамалы ғана болғаны дұрыс, ал бірқатары қосымша бөлімде берілгені жөн.

Қортынды бөлімде жұмыстың жинақтық нәтижесі, автордың негізгі тұжырмдары беріледі. Қортындыға қойылатын аса маңызды талап – оның қысқаша түрде жеткілікті мазмұнды қамтуы және онда кіріспе мен негізгі бөлімдердің қайталнбауы.

Дипломдық жұмыста келтірілетін пайдаланылған әдебиет тізімі зерттелінген мәселе бойынша зерттеудің деңгейін, диплом жазушы студенттің әдеби көздерді қаншалықты толық қамтығанын көрсетеді. Пайдаланылған барлық әдебиеттің тізімі нөмірленіп тізімге төмендегідей реттілікпен жазылады:


  1. Мұрағат көздері

  2. Статистикалық жинақтар

  3. Құжаттар мен материалдар

  4. Энцилопедиялар

  5. Кітаптар

  6. Мақалалар

  7. Мерзімді басылым (Гәзеттер мен журналдар)

Пайдаланылған әдебиет цитаталардың енгізілу ретімен беріледі. Тізімде әдеби көздер (жеке тараулар бойынша емес) жалпы нөмірленеді.

Цитаталарды (немесе мысалдарды) пайдаланғанда олардың соңында тізімдегі әдебиеттің реттік нөмірін және цитата алынған бетті жақша ішінде көрсетсе жеткілікті, мысалы: (14,35). Егер көздің толық сипаттамасы берілсе, оның тізімдегі нөмірі ғана көрсетіледі, мысалы: (7).

Жоғары талаптар дипломдық жұмыстың тек мазмұнына ғана емес, оның сыртқы пішініне, жазылу стиліне де қойылады. Жұмыс сауатты. әдеби тілмен қисынды жазылуы тиісті.

Әрбір сөйлемнің мұқият құрылып, ойды қысқаша және түсінкті жеткізе алатындай болуына назар аудару керек. Дипломдық жұмыста бір сөзді немесе сөз тіркесін қайталап қолданудан аулақ болу қажет. Сонымен бірге тұрақталған терминдердің, шартты белгілердің, символдардың, қысқартулардың біркелкілігін сақтауға тырысу керек. Автордың өзі енгізген символдар мен сирек кездесетін қысқартуларға түсіндірмелер жасау керек. Олар туралы бірінші рет сөз болғанда атаулары толық жазылып, жақша ішінде қысқартылуы қатар беріледі, ал кейінгі жолдары тек қысқартулар пайдаланылады.

Дипломдық жұмыста бірінші жақта жекеше “ Мен ...есептеймін” немесе көпше

“Біздің байқауымызша” деген сияқты оралымдарды қолдануға болмайды. Дұрысы “Дипломдық жұмыс авторының пікрінше...”, “Мұрағаттық көздерді. зерттеу ... көрсетеді” сияқты үшінші жақтағы немесе жақсыз сөйлемдерді пайдалану.

Дипломдық жұмыс мазмұны бір стильмен, ешқандай емлелік қатесіз, қолданыстағы тілдік нормалар тұрғысынан синтаксистік және стилистикалық сауаттылықпен баяндалуы керек.

Ү. Мәтіндік материалды ресімдеуге қойылатын талаптар.
1. Дипломдық жұмыста әріптік-цифрлық белгі болуы керек. Оның ортаңғы бөлімі цифрлардан, алдыңғы және соңғы бөліктері әріптерден құралады. Мысалы:
ХХ 000000. 00. 00 . 00. ХХ

1 2 3 4 5 6


Цифрлар мен әріптердің мәндері:

  1. оқу құжатының түрі – ДЖ (дипломдық жоба немесе жұмыс)

  2. мамандықтың мемлекеттік шифры

  3. жоо-ның ішкі классификаторына сәйкес кафедраның нөмірі

  4. дипломдық жұмыстың бұйрыққа сәйкес реттік нөмірі

  5. жұмыстың орындалу жылы (соңғы екі таңба)

  6. оқу орнының шифры



Дипломдық жұмыстың құрамы


Дипломдық жұмыс келесі реттіліктегі элементерден тұрады:

  1. мұқаба бет

  2. аннотация

  3. мазмұн

  4. шартты белгілер, символдар, бірліктер, терминдердің қажетіне қарай) тізімі

  5. кіріспе

  6. негізгі бөлім, оның бөлімдері, кіші бөліктері мен ішкі бөлікшелері (қажетінше)

  7. қортынды

  8. пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімі

  9. қосымшалар (қажетінше)


1. Мұқаба бет

Мұқаба А-4 форматындағы бетке ресімделінеді. Онда:



  1. министірліктің атауы (бас әріптермен)

  2. жоо атауы (бірінші сөзінен басқалары кіші әріптермен)

  3. каферданың атауы (бірінші сөзінен басқалары кіші әріптермен)

  4. оқу жұмысының түрі – Дипломдық жұмыс ( Бас әріптермен) 

  5. дипломдық жұмыстың әріптік-цифрлық белгісі

  6. Тақырып (бірінші сөзінен басқалары кіші әріптермен)

  7. Жетекші (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, қызметі, қол қойған күні, айы, жылы). Дәреже мен лауазым атауларында тұрақты қысқартуларды пайдалауға болады. (В-қосымшасын қараңыз). Беттің сол жақ шетінде кеңесшілер мен рецензенттердің , ал оң жақта жетекшінің қолдары орналастырылады

  8. Норма бақылаушының қолы (аты-жөні, ғылми дәрәжесі, лауазымы, қызметі, қол қойылған күн)

  9. Студенттің қолы (аты-жөні, мамандығы, тобы және қол қойылған күні)

  10. Жазылған жылы (“жыл” сөзі немесе “ж” әрпінсіз).

Мұқабаның толтырылуын Г-қосымшасынан қараңыз.


  1. Аннотация

Аннотация – жұмыстың қысқаша сипаты және оның мақсаты. Онда оқу жұмысының түрі, нысаны (пәні) және сипаттамасы (жұмыстың мақсаты, тақырыптың негізгі түйіні және оны мазмұндаудың негізгі аспектілері), өзіндік ерекшеліктері (мәселенің қойылуы, жеке сұрақтың шешімі, ұсыныстар) қысқаша тұжырымдалынады. Аннотацияда жұмыстың мазмұнын бяндаудың қажеті жоқ.

Аннотацияның көлемі 0,5-1 бет көлемінде. “АННОТАЦИЯ” сөзі тақырып сияқты мәтінге үлесетін бас әріптермен теріледі, нөмірленбейді.




  1. Мазмұн. Кіріспе. Негізгі бөлім

3.1. Оқу жұмысының мазмұнына бөлімдердің, кіші бөліктер мен бөлікшелердің, қосымшалардың атаулары және олар басталатын беттің нөмірлері жатады. “МАЗМҰНҒА” кірген атаулардың бірінші сөзі бас әріппен, қалғандары кіші әріптермен теріледі. “МАЗМҰН” сөзі тақырып сияқты мәтінге үйлесетіндей бас әріптермен теріледі, нөмірленбейді. Мазмұнның толтырылуын Д-қосымшасынан қараңыз.

3.2 Кіріспе – дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі. “КІРІСПЕ” сөзі тақырып сияқты мәтінге үйлесімді бас әріптермен теріледі, нөмірленбейді. Кірспе жұмыста қаралынған ғылыми мәселенің қысқаша сипаттамасын беруі және оның мақсатын, көкейкестілігін, оған жаңа көзқарасты және теориялық – тәжірибелік құндылығын айқындауы тиіс. Кіріспені МАЗМҰННАН кейін жеке бетке ( беттерге) жазады.

3.3. Әдетте 2-3 бөлімнен құралатын дипломдық жұмыстың негізгі бөлігінде қарастырылған мәселенің тоериялық негіздері мен қысқаша тарихы мазмұндалып, өзбетінше жинақтаған материалдың объективті және жан-жақты сараптамасы беріліп, жалпы тұжырымдар жасалынады. Әбір бөлімнің соңында автор қысқаша қортынды мен түйіндеулер бере алады, бірақ олар кейін қортынды бөлімде қайталанбауы тиіс. Мәтінге сызба және көрнекі бейне материалдар енгізуге болады, бірақ олардың саны шамалы ғана болғаны дұрыс, ал бірқатары қосымша бөлімде берілгені жөн.
4. Қортынды. Пайдаланылған көздердің тізімі. Қосымшалар.

4.1. Қортынды жұмыстың тапсырмаға сәйкес жалпы нәтижелерінің бағасын беруі тиіс. Қортындының мәтіндік бөлігінде істелінген жұмыс лингвистикалық және лингво-әдістемелік тұрғыдан бағаланып, оның нәтижелерінің әлеуметтік және танымдық құндылығы атап көрсетіледі. Қортындыда жұмыстың немен аяқталғандығы (зерттеудің жаңа әдісі мен қағидалалары, тілдік құбылыстардың сапалық сипаттамаларының табылуы, ұсыныстардың, әдістердің жасалынуы, іс жүзінде, тәжірибеде қолданылуға тиімділігі) көрсетіледі. “ҚОРТЫНДЫ” сөзі мәтінге үйлесетіндей бас әріптермен жазылады, нөмірленбейді.

4.2. Библиографиялық сілтемелер мен пайдаланылған әдебиет тізімі құжаттың анықтамалық аппаратының құрамдас бөлігі болып табылады және құжаттар туралы библиографиялық ақпарат көзі ретінде пайдаланылады.

4.3. Библиографиялық сілтемелер мен пайдаланылған әдебиет тізімі кітаптар, нормаланған құжаттар, ғылыми жұмыстар мен дипломдық жоба орындауда пайдаланылған құжаттың құрамдас бөліктері үшін жасалынады.

4.4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ сөзі мәтінге үйлесетіндей бас әріптермен тақырып іспеттес теріледі, нөмірленбейді. Тізімдегі көздер олардан алынған цитаталардың мәтінде қолдану реттілігімен жазылады. Пайдаланылған көздердің тізімін жасау мысалы Е –қосымшасында берілген.

4.5. Библиографиялық тізімге енгізілген көзге сілтеме жасағанда, мәтіндегі цитадан соң тік жақша ішінде оның тізімдік нөмірі, керек болған жағдайда бетік нөмірі көсетіледі, мысалы:  18, 1-т, 345-б..




  1. 1: Көрнекті бейнелер мен қосымшалардың ресімделінуі

4.1.1. Дипломдық жұмыста орын алатын көрнекті бейнелердің саны мәтін мазмұнын айқындауға жеткілікті болуы тиіс.

Барлық көрнекілікті (графиктер, схемалар, сызулар, диагаммалар, фотосуреттер т.б.) суреттер деп атап, қара түспен беру керек. Көрнекілік ретінде ксерокөшірмелерді, сондай-ақ калькамен жасалынып, ақ қағазға жапсырылған схемалар мен графиктерді пайдалануға болады.

4.1.2. Көрнекіліктер араб цифрларымен бөлім ішінде ( бұл жағдайда алдында бөлімнің нөмірі және нүктеден кейін көрнекі құралдың нөмірі) жеке немесе жұмыстың жалпы мәтіні бойынша реттілікпен белгіленеді. Егер де сурет біреу болса, “1-сурет” деп белгіленеді.

Суретке сілтемені “ 1.2- суретіне сәйкес ....” деп жазу керек.

4.1.3. Қажетіне қарай көрнекі бейнелердің атаулары және түсіндірме мәтіні (сурет астындағы жазу) болады. Суреттің нөмірі мен атауы түсіндірме мәліметтерден төмен орналастырылуы тиіс. Диаграммалар мен графиктер анық болуы керек.

4.1.4. Иллюстрациялық материалдарды, кестелерді және көмекші мазмұндағы мәтіндерді қосымшалар түрінде де жасауға рұқсат етіледі. Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде жеке құжат етіліп те немесе жалпы жұмыспен бірге де нөмірленіп жасалынады. Олардың міндетті және қосалқы ақпараттық сипаттағы түрлері болады. Ақпараттық қосымшалар ұсыныс немесе анықтамалық болуы мүмкін.

4.1.5. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелер реттілігімен орналастырылады. Әрбір қосымшаны жаңа беттен бастау керек. Беттің жоғарғы жолының ортасында “ ҚОСЫМША” деген жазу және оның белгісі (нөмірі, атауы), астында жақша ішінде міндетті қосымша болса, “міндетті”деп, ал ақпараттық болса – “ ақпараттық” немесе “ анықтамалық” деп жазып қою керек. Қосымшаның тақырыбы жеке жолда мәтіннің шрифтына үйлесетіндей бас әріптермен жазылады.

4.1.6. Қосымшаларды орыс әліпбиінің бас әріптерімен А –дан бастап белгілейді, бірақ Ё, З,Й,Щ,Ч,Ь,Ы,Ъ әріптері қолданылмайды. Оны латын әріптерімен белгілеуге рұқсат етіледі ( І, О- дан басқаларымен).

Орыс және латын әліпбиінің әріптері жеткіліксіз болған жағдайда, араб цифрларын пайдалануға болады.

Егер дипломдық жұмыстың қосымшасы біреу ғана болса, оны “А-қосымшасы” деп белгілеу керек.

4.1.7. Қосымшалардағы суреттер, таблицалар, формулалар әрқайсысынша жеке араб цифрларымен нөмірленеді. Мысалы: А2-суреті (А қосымшасының 2- суреті), Б3- таблицасы (Б қосымшасының 3-суреті).

4.1.8. Дипломдық жұмыстың мазмұнында барлық қосымшалардың (егер олар бар болса) нөмірлері мен тақырыптары көрсетіліп аталынуы тиіс.
5.Дипломдық жұмыстың мәтініне қойылатын талаптар.

5.1. Дипломдық жұмысты орындау әдістері.

5.1.1. Дипломдық жұмыстың мәтіні қолжазба, мәшінке немесе компьютермен теріліп жазылады. Барлық түрі де А-4 форматындағы (210х297) ақ қағаздың бір бетіне жазылады. Қажет болған жағдайда үлкен таблицаларды А2 (420х594) форматында орындауға болады.

5.1.2. Мәтін жазылған беттер қоршалынбайды. МемСТ2 106-96 бойынша мөр басылып қоршаумен орындалынатын конструкторлық құжаттар бұл ережеден тыс.

Мәтін жазылған бет үшін жалпы шеткі жолақ өлшемдері:



  1. солында –30 мм кем емес

  2. оңында – 10 мм

  3. үстіңгі –15 мм ден кем емес

  4. астыңғы \– 15 мм кем емес

5.1.3. Егер мәтін мәшінкемен басылса, бірінші түпнұсқа данасы ғана беріліді. Мәшінкенің шрифті айқын, таспасы қара түсті ( қоюлаң) болуы керек.

Жолдардың арасы – 1,5 интервал. Тақырыптар мен таблицалардың жолдарын 1 интервалмен жазуға рұқсат етіледі. Мәтіндегі абзацтың орны бес таңба сиятындай ( 15-17 мм.) болуы тиіс. Мәтінде асты сызылған сөздер болмауы тиіс. Бір бетттегі баспа таңбалардың саны 2500 (аралық орындарды қоса есептегенде).

Компьютерлік мәтіндер “ Word 6.x1” редакторында Times New Roman” шрифтінің 12-14 өлшемімен теріледі. Интервалды шрифтке байланысты таңдағанда бір беттте 2500 таңбадан аспау ескеріледі.

5.1.4. Мәшінкемен шрифтері болмаған



  • таңбаларды, символдарды, әріптерді және басқадай белгілерді

  • формулаларды

  • шетел тіліндегі сөздерді мәтінге қара сия немесе тушпен қолдан жазу рұқсат етіледі.

      1. Ресімдеу барысында анықталған қателіктерді мәшінкемен немесе қолмен сызба шрифтпен қара сия немесе қара тушпен түзетуге болады. Бір бетте 5-тен артық түзету болмауы тиіс.

      2. Дипломдық жұмыс қолмен жазылған жағдайда көк, күлгін, қара түсті сиямен (пастамен) анық оқылатындай жазылуы тиіс. Егер студенттің жазуы анық болмаса, 2.304-68/ МемСТ бойынша биіктігі 2,5 мм.-ге дейін сызу әріптерімен орындалуы тиіс. Қолмен жазылған мәтіндегі жолдар арасы 10 мм-ден кем болмауы керек..Абзацтың өлшемі –15-17 мм.

      3. Дипломдық жұмыстың беттерінің нөмірлері басынан аяғынан дейін бір реттілікте қойылады. Бірінші бет – мұқаба. Келесі беттер жұмыстың құрылымына сәйкес қойылады. Бет нөмірі араб цифрларымен беттің оң жағындағы үстіңгі бұрышта тұрады, тыныс белгісі қойылмайды. Бірінші, екінші беттерде нөмір қойылмайды. Нөмірлердің түсіп қалуына, оларды литерлермен белгілеуге жол берілмейді.

    1. Дипломдық жұмыстың бөлімдері.

      1. Дипломдық жұмыстың мәтіні керек болған жағдайда бөлімдерге, кіші бөлімдер мен ішкі бөлікшелерге жіктеледі.. Мәтінді дұрыс қалыптастыру мысалдары Ж қосымшасында көрсетілген.

      2. Бөлімдер, кіші бөлімдер мен ішкі бөлікшелер араб цифрларымен нөмірленеді.

Бөлімдердің реттік нөмірлері бүкіл мәтін бойынша араб цифрымен нүктесіз жазылуы керек. Тақырыптары абзац арқылы бас әріптермен теріледі.. Тақырыптан кейін нүкте қойылмайды., ал тақырып ішінде тыныс белгілері сақталады. Ауқымды тақырыптарды бірнеше жолға жазады. Тақырыпта тасымал, астын сызу болмайды.

      1. Кіші бөлімдердің тақырыптары абзац арқылы кіші әріптермен жазылады ( басылады). Тақырыптың нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Кіші тақырыптан кейін мәтінді интервал жасамай жалғастыру керек.

5.2.4.Ішкі бөлікшелердің (болған жағдайда) тақырыптарының бірінші сөзі бас әріппен, қалғандары кіші әріптермен жазылады. Тақырыптың соңына нүкте қойып, осы жолдан мәтінді бастайды.

      1. Кіші бөлімдер мен ішкі бөлікшелерде санамалап жазылатын мәтіндер болуы мүмкін. Олардың әрқайсысынң алдында дефис қойылады, құжаттың мәтінінде олардың біреуіне сілтеме жасау қажет болғанда, кіші әріп алынып, жақшамен жабылады. Санамалауды одан әрі бөлшектеу керек болғанда, араб цифрларын (жақшамен) қолдану керек, жазу абзацтан басталуы тиісті. Мысалы:

а) –––––––––––––––––––––––

б) –––––––––––––––––––––––

1) –––––––––––––––––

2) –––––––––––––––––

в) ––––––––––––––––––––––---

Әрбір бөлім, кіші бөлімше мен ішкі бөліктер абзацтан басталады.


5:3. Мәтінді мазмұндауға қойылатын жалпы талаптар.
5.3.1. Дипломдық жұмыс мәтіні анық, түсінікті мазмұндалуы керек, екіұшты мағына болмауы тиісті.Міндетті талаптарды баяндаған кезде “тиісті”, “қажет”, “керек” және олармен байланысты сөздер қолданылғаны жөн.

Терминдер мен анықтамалар стандарттарға сәйкес бірегейлікті сақтау керек, ал ондайлар болмағанда, ғылыми әдебиетте тұрақталған сөздерді пайдалану керек.

5.3.2. Мәтіндегі материлдар бірінші жақтан (“қабылдаймыз”, “таңдаймыз”т.с.с.) көпше түрде баяндалауы керек.

Дипломдық жұмыс мәтінінде:



    • цифрсыз берілген физикалық шамалар бірліктерін қысқартуға болмайды

    • математикалық «- » белгіні шамалардың теріс мәндерінің алдына қоюға болмайды (“минус” сөзін жазу керек).

    • Сандық мәндерінсіз математикалық >,<, =, №, % т.б. таңбаларды пайдалануға болмайды

    • Тіркеу нөмірінсіз (МемСТ, ЖСТ, СТ, РК, СТП) стандарттар индекстерін пайдалануға болмайды жазу керек.

    • Диаметрді сызбалардан басқа жерде Ø таңбасымен емес, “диаметр” сөзімен жазу керек.

Қажет болған жағдайларда физикалық шамалардың стандартталған бірліктерін, атауларын және белгілерін пайдаланған жөн.

      1. Физикалық шамалары берілмеген сандарды сөзбен жазу керек (мысалы: “ екі есе”).

Көп таңбалы сандар цифрмен жазылады (125 жыл).1-ден тоғызға дейінгі санауда сөзбен, 10-нан бастап цифрмен жазылады.

      1. Формауларды жазғанда бір-бірінің және мәтінмен арлықтарында интервал қалдыру керек.

      2. Формуларларға сілтеме бөлім мәтінінде араб цифрларымен (3.4) белгіленеді. Олардың нөмірлерін жалпы мәтін бойымен де беруге болады. Формула нөмірі дөңгелек жақшаға алынып, беттің оң жақ шетіне фомуланың төменгі деңгейіндегі жолға жазылады. Мәтінде сілтеме жасалынған формуланың нөмірі жақша ішінде көсетіледі. Бірнеше формуланың нөмірлері жеке жақшаларда беріледі.

Қосымшада орналастырылатын формулалар араб цифрларымен әрбір қосымшада

жеке белгіленіп, алдында қосымшаның әріптік атауы жазылады. Мысалы: “Б1 формуласында....”.

5:3:6. Символдар мен сандық коэффициенттердің анықтамалары формулалардың астында жазылады. Әрбір символдың анықтамасы жаңа жолдан формуладағы реттілігімен беріледі. Бірінші жолы қос нүктесіз “мұнда” сөзімен басталуы керек.

Бірінен кейін бірі мәтінсіз жазылған формулалардың арасына үтір қойылады.

Формулалар мәшінке жазумен, компьютерлерлік және сызба шрифтермен биіктігі 2,5 мм-ден кем болмай жазылады. Бір формула екі түрлі шрифтпен (қолмен және мәшінкемен) жазылмауы тиіс.


    1. Таблицаларды құру.

5.4.1. Таблицалардың тақырыптары болуы мүмкін. Олардың бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады. Тақырыбы таблицадан жоғары орналастырылады. Тақырып таблицаның мазмұнын қысқаша ашып тұрады, асты сызылмайды.

Негізгі графалар мен жолдардың тақырыптарын бас әріптермен, ал ішкі бөліктерінің атауларын, егер бір сөйлемнің жалғасы болса – кіші әріптермен, жеке сөйлем болса – бас әріппен жазу керек. Негізгі және қосымша тақырыптардан кейін нүкте қойылмайды. Тақырыптар жекеше түрде беріледі.

Таблицаларды диагональ бойымен бөлуге болмайды. “Реттік нөмірі” деген графаны таблицаға енгізбейді., нөмірлер таблицаның жанына жазылады. Мәтіндегі сілемені және кестені келесі бетте жалғастыруды оңайландыру үшін графалар нөмірленеді. Таблицалардың оңы, солы, төменгі жақтары сызықпен шектелінеді. Таблица жолдарын аса қажетті болмаса, тік және көлденең сызықтармен жіктемей-ақ қоюға керек.


      1. Таблицаларды екінші бетке жолдар және графалар бойынша көшіруге болады. Бұл жағдайда келесі көшірілген бетке көлдеңнен басқы жол немесе графалар қайта сызылады, ал тақырып қайта жазылмайды, оның орнына “таблицаның (кестенің) жалғасы” деп жазылып, нөмірі көрсетіледі. Таблицаның бірінші бөлігіндегі ең төменгі горизонталь сызық көшірлмейді.

Таблицаны беттің ұзын бойымен құруға рұқсат етіледі.

5.4.4. Таблицалардың үстінде, сол жақ бұрышта олардың нөмірлері бөлім шеңберінде немесе мәтін бойынша бірізділікпен араб цифрлары арқылы белгіленеді (қосымшалардағыдан басқалары).Егер құжактта бір ғана таблица болса, ол “1-таблица” деп көрсетіледі. Оның атауы болғанда, нөмірден кейін сызықша (тире) арқылы сол жолға жазылады. Жұмыстың барлық таблицаларына мәтінде сілтемелер берілуі тиіс..Сілтемедегі “Кесте” деген сөзден кейін таблица (кесте) тікелей немесе тіпті болмағанда, келесі бетте орналастырылады.


Ү. Дипломдық жұмысты қорғауға әзірлену және қорғау.
Әзірленген дипломдық жұмыс жетекшіге мемлекеттік емтихан басталуға кем дегенде үш күн қалғанға дейін тапсырылуы тиіс. Тәжірибе аталған уақыттың дипломды дайындауға жеткілікті ең қысқа мерзім екендігін көрсетті. Сол қағидаға сәйкес жетекші орындаушыдан жұмысты қабылдағаннан кейінгі 10 күн ішінде тексеріп, құптаған жағдайда, ол туралы пікірін жазып, қолын қойып, кафедра меңгерушісіне көрсетуге дайын етуі тиіс.

Жетекші студенттің орындаған жұмысына барлық бөлімдері бойынша баға беріп, олардың жақсы және олқы жақтары атап, автордың өзбетінше теориялық және эксперименттік ізденістерінің, ғылыми әдебиетпен жұмыс дағдыларының деңгейлері, қол жеткізген нәтижелері мен қортындыларының дәлелділігі, құндылғы, олардың істе пайдалануға жарамдылығы туралы пікірлер жазып, оған диплом қорғауға рұқсат беру жөнінде ұсыныс енгізеді.

Мамандандырушы кафедраның құптауын алған дипломдық жобаны институт директоры (немесе оның келісімі бойынша кафедра меңгерушісі) реценциялауға жібереді. Кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша ірктелінген рецензенттер құрамын институт директоры бекітеді.

Реценцияда дипломдық жұмыстың көкейкестілігі, қойылған мәселенің толық және жан-жақты қаралуы, оның міндеттері мен мақсаттарының шешілуі, пайдаланылған әдістердің оңтайлылығы және тәжірибелік құндылығы мен жарамдылығы аталып өтіледі.

Дипломдық жұмыстар Мемлекеттік комиссияның мүшелерінің жартысынан кем емес құрамының қатысуымен институтта немесе жоба тақырыбына ғылыми- теориялық, практикалық тұрғыдан қызығушылық танытқан мекеме, ұйым немесе кәсіпорында ашық мәжілісте қорғалынады. Дипломдық жұмыстың қорғалатын орны, уақыты, тақырыбы, автордың аты-жөні туралы директорат алдын-ала хабарландыру арқылы студенттер мен оқытушыларды құлақтандырады. Дипломдық жұмыс қорғалынатын МЭК отырысында жұмыстың жетекшісі мен рецензенттері кеңесші дауысқа ие болады, оның үстіне рецензенттердің бұған қатысуы міндетті де емес.

Қорғауда студент 15-20 минуттік қысқаша баяндама жасайды. Онда дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау себептерін, алға қойылған мақсаттары мен мінеттерін, зерттеу объектісін, қолданған зерттеу әдістерін, ұстанған болжамын, алған нәтижелерін, жасаған қортындыларын, олардың теориялық- практикалық маңыздылғы мен пайдасын сипаттап береді. Бұдан соң жетекшінің пікірі және жұмыс бойынша жазылған рецензия оқылады, диплом қорғаушының қойылған сұрақтарға, рецензиядағы ескертулерге берген жауабы тыңдалынады.

Мемлекеттік емтихан комиссияларының дипломдық жұмыстардың бағалары, мамандық беру және (егер диплом қорғау басқа пәндерден мемлекеттік емтихандар тапсырылғаннан кейін өтсе) институтты бітіргені жөнінде диплом беру туралы шешімі МЭК-тің жабық отырысында комиссия мүшелерінің көпшілгінің ашық дауысымен ( “ қарсы” және “қолдап”дауыс берушілер тең болғанда, төрағаның дауысы шешуі болып саналады) қабылданады.

Егер дипломдық жұмыстың қорңғалуы қанағаттанарлықсыз деп танылса, Мемлекеттік емтихан комиссиясы осы тақырыпты қайтадан толықтырып, түзетулерден кейін екінші рет қорғау немесе студент басқа тақырып бойынша дипломдық жұмыс жазу мүмкіндігін қарастырып, сәйкес шешім қабылдайды

Диплом қорғауда қанағаттанарлықсыз баға қойылған студент, мамандықтың оқу жоспарына сәйкес белгіленген мемлекеттік емтихандарды тапсыру құқығынан айырылмайды.

Мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен “қанағаттанарлықсыз” баға алған студентке екінші рет диплом қорғауға мүмкіндігі институт бітіргеннен кейін 3 жылдың ішінде, егер ол мамандығына жанасатын жұмыс орнынынан оң мінездеме әкелген жағдайда ғана беріледі.

Кешірмді себептермен (гер олардың дәлелді құжаттары болса) диплом қорғай алмаған студенттерге, университет ректоры Мемлекеттік емтихан комиссиясының келесі кезеңдегі жұмысына дейін оқу мерзімін ұзарта алады, бірақ бұл уақыт 1 жылдан аспауы тиіс.

Теориялық және практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырған таңдаулы дипломдық жұмыстар баспасөзде (институт тың ғылыми жинақтарында мақалалар немесе журналдарда методикалық нұсқаулар түрінде) жарияланады, ғылыми конфернециялар менг конкурстарға қатыстырылуға ұсынылады.




ӘДЕБИЕТ

1.Карлинский А.Е Принципы, методы и приемы лингвистических исследований.Алматы, 2003.–184 б.

2. Арнольд И.В. Основы научных исследований в лингвистике. М.,1991. –156 б.

3. Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. – тМ.: Наука, 1975.– 312 б.


А-ҚОСЫМШАСЫ
МАМАНДЫҚ КВАЛИФИКАЦИЯСЫН АЛУ ҮШІН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС БОЙЫНША БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМА
Студент Иванова Мария Петрқызы
1. Жұмыстың тақырыбы Ағылшын-орыс ақпараттық аудармасындағы кең мағыналы лексемалардың парадигматикасы мен синтагматикасы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың 200- ж “----“ ----------- бұйрығымен бекітілген.

2. Студенттің орындаған жұмысын тапсыру мерзімі 200—ж. “-----“ -------------.

3. Жұмысқа қатысты көздер: мұрағаттық құжаттар, статистикалық жинақтар, құжаттар мен материалдар, энциклопедиялар, кітаптар, мақалалар, мезімді басылымдар (газеттер, журналдар).

4. Түсіндірме жазбаның мазмұны (талданылатын сұрақтардың тізімдемесі). “Синтагматика және парадигматика негіздерінің теориялық аспектілері”, “Аударма бірліктерінің парадигматикасы мен синтагматикасының талдауы”, “ Сәйкестіктер негізінде аударма ісін жетілдіру туралы нұсқаулар”.



5. Сызба материалдар тізімдемесі:

1- парақ: Парадигматика және синтагматиканың тероиялық аспектілері. Комьютер арқылы таныстыру (POWER POINT) –5 слайд.

2- парақ: Аударма бірліктерінің парадигматикасы мен синтагматикасының талдауы

Комьютер арқылы таныстыру(POWER POINT) –5 слайд.

3- парақ: Сәйкестіктер негізінде аударма ісін жетілдіру туралы нұсқаулар Комьютер арқылы таныстыру (POWER POINT) –5 слайд.


  1. Жоба бойынша кеңесшілер

Бөлім

Кеңесші

Қолы, айы, күні, жылы







Тапсырма берілді

Тапсырма қабылданды

































7. Тапсырманың берілген уақыты 200 ж “ .

Жетекшісі, доцент Л.И.Соловьева
Тапсырма алған дипломдық жұмысты орындаушы студент М.П.Иванова
Б – ҚОСЫМШАСЫ
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР


МКЖ кезеңдерінің атауы

МКЖ орындалуы мерзімдері

Ескертулер

1. Теориялық бөлім

200 ж “ “

Орындалды

2. Аналитикалық бөлім

200 ж “ “

Орындалды

3. Жобалық бөлім

200 ж “ “

Орындалды

4. Арнайы бөлік

200 ж “ “

Орындалды

5. Сызба материал және баяндама







Жетекшісі, доцент Л.И.Соловьева


Тапсырма алған дипломдық жұмысты орындаушы студент М.П.Иванова

В- қосымшасы
Қазақ тіліндегі шартты қысқартулар тізімі

авиациялық

авиац.

анатомиялық

анат.

араб сөзі

ар.

астрономиялық

астр.

атмосфералық

атмосф.

биологиялық

биол.

ботаникалық

бот.

географиялық

геогр.

грамматикалық

грамм.

дәстүрлік сөз

дәст.

диалект сөз

диал.

дипломатиялық сөз

дипл.

діни сөз

діни.

еліктеуіш сөз

ел.

ескі сөз

ескі.

есімдік

ес.

етістік

ет.

етістіктің қимыл аты

ет. қим. ат.

жаңа сөз

жаңа.

жергілікті сөз

жерг.

зат есім

зат.

зоологиялық

зоол.

иран (парсы) сөзі

ир.

кәсіби сөз

кәсіб.

көнерген сөз

көне.

кітаби лекция

кітаб.

қарапайым сөз

қарап.

қарғыс

қарғ.

лингвистикалық

лингв.

математикалық

мат.

медициналық

мед.

минералогиялық

мин.

мифологиялық

миф.

модаль сөз

мод.

монғол сөзі

монғ.

музыкалық

муз.

неологизм

неол.

одағай

од.

орыс сөзі

ор.

поэтикалық

поэт.

сан есім

сан.



Г- Қосымшасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ХХ.000000. 00.00.ХХ

Ағылшын-орыс ақпараттық аудармасындағы кең мағыналы лексемалардың парадигматикасы мен синтагматикасы

Кеңесші Жетекші

Аты-жөні ––––––––––––––––– Аты-жөні –––––––––––––––––

(қызметі, ғылыми дәрежесі) (қызметі, ғылыми дәрежесі)

қолы, айы, күні, жылы (қолы, айы, күні, жылы)
Рецензент Норма бақылаушы

Аты-жөні ––––––––––––––––– Аты-жөні –––––––––––––––––



(қызметі, ғылыми дәрежесі) (қызметі, ғылыми дәрежесі)

қолы, айы, күні, жылы (қолы, айы, күні, жылы)
Рецензент Студент (аты-жөні )––

(қызметі, ғылыми дәрежесі) Мамандық

қолы, айы, күні, жылы Топ
200
Д- Қосымшасы

(анықтамалық)


МАЗМҰНЫ





Шартты белгілердің тізімі

4




Кіріспе

5

1

Ақпараттық мәтін бірліктерінің ерекшеліктері

7

2

Ағылшын тілінің кең мағыналы лексемалары

9

2.1

Кең мағыналы лексемалардың синтагматикалық сипаты

10

2.2

Кең мағыналы лексемалардың парадигматикалық сипаты

14

3

Ақпараттық мәтіндерді орыс тіліне аударудағы эквивалентті бірліктер

17





Қортынды

36




Пайдаланылған әдебиет тізімі

40




А Қосымшасы. Ағылшын тілінің кең мағыналы лексемаларының синтагматикасы

42





Б Қосымшасы. Ағылшын тілінің кең мағыналы лексемаларының парадигматикасы

44



Е- Қосымшасы
Пайдаланылған әдеби көздердің тізімі

(анықтамалық)



  1. Закон Республики Казахстан “О языках в Республике Казахстан” от 11 июля 1997 г.// Казахстанская правда. - 1997г. - 15 июля. - С. 2, Глава I, статья 6 и Глава III, статья 16.

  2. Хусаин К.Ш. Идеал – многоязычие: [О гос. языке] // Новое поколение. – 2000. – 14 июля. – С.6.

  3. Вопросы развития государственного, русского и иностранного языков в условиях суверенитета Республики Казахстан: Материалы Международной научно-практической конференции, 5 дек., 2001 г. – 220 с.

  4. Загидуллин Р.З. Переводоведение в Казахстане: состояние и перспективы// Актуальные проблемы теории и практики перевода в контексте современности: Материалы межвузовской научно-практической конференции 3-4 февраля 2000 года. – Алматы, 2000. – С. 8 - 11.

  5. Карлинский А.Е. Концептуальные основы обучения неродному языку // Вестник КазГУМОиМЯ, 2000, No. 2. – С. 64-68.

  6. Козлов П. Г. Когнитивно-коммуникативное обучение иностранным языкам // Вестник КазГУМОиМЯ, 2002, No. 1(4). - С. 20-27.

  7. Таева Р., Озганбаева Р. К вопросу сопоставительного исследования фразеосочетаний и его лингводидактические ценности // Образование, 2001, No. 3 (5). - С. 84-85.

  8. Исаев М.К. Лингво-контрастивное исследование речевой деятельности в условиях искусственного двуязычия (экспериментально-фонетическое исследование на материале английского и казахского языков): Автореф. дисс … докт. филол. наук. - М., 1992. - 50 с.

  9. Исенгильдина А.А. Спектрально-рентгенологическое исследование сонорных согласных казахского и английского языков: Автореф. дисс. … канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1960. - 20 с.

  10. Меирбекова С.К. Структурные модели медиальных трехчленных комплексов согласных в казахском и английском языках // Сравнительно-сопоставительное изучение языков и интерференция: Сб. научн. трудов. - Алма-Ата, 1989. - С. 96-100.

  11. Утебаева З.У. Сопоставительный анализ канонических форм слов и слоговой структуры казахского и английского языков // Проблемы теории и методики преподавания иностранных языков и литературоведения. - Алма-Ата, 1977. - С. 22-27.


Ж-қосымшасы

(анықтамалық)



1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ


    1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті сөз тіркестері

Әрбір ағылшын және қазақ сөз тіркестері ...ххххххххххххххххх хххххх хххх хххх хххххх ххххххххх ххххххххх хххх хх х хххх.

1.2 Басыңқы және бағыныңқы компоненттердің байланыстырушы элементтері

1.2.1 Ағылшын септеуліктері. Септеулік –морфологиялық өзгерітерге ұшырамайтын сөздер тобы

1.2.2 Казақ тілі сөз тіркестерінің байланыстырушы элементтері хххххххххх

1.2.2.1 Кеңістік мағыналы септіктер хххххх

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

1.2.2.2 Септеулік шылаулар және көмекші есімдер ххххххххххххххх


1.3 Зат есім бағыныңқы компонент ретінде

Хххххххххх хххх хх ххххх ххххххххх ххххххххх хххххх хх хххх хх ххх ххх...


1.4 Етістік– синтаксистік тұрғыдан сөз тіркесінің басыңқы элементі

Ххххх ххх хххххх ххх ххх ххх хххх ххххх хххххххх ххххх ххххх ххххх ххххх хххх ххххх ххххххх...



1.5 Сөз тіркесі функционалдық-семантикалық категорияның негізі ретінде

Хххх ххх ххххх хх ххх хххх ххххх хххххххх ххх хххх ххххх хххххххх ххх хххх ххххх хххххххх...



Қортындылар

1. Хх х хххх хххххххх хххххххх хххх...

2. Хххх ххххххх ххххххх ххххххххх ххх...
2.СТАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛЫ СЕПТЕУЛІКТЕР.
2.1 Бағдарлау шегіне қатысты шектеулік мағынадағы септеуліктер хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх...

2.1.1 Интрапозициялық шектеу мағыналы септеуліктер ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх...



2.1.1.1 Предлог in хххххх хххххххххххх хххххххххххххххх ххххххххххх хххх...
жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау