Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 52-баптың 1-тармағынан қараңыз.
РҚАО-ның ескертпесi!
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 N 524-IV Заңына сәйкес Заңның бүкiл мәтiнi бойынша «бiрыңғай тiркеушi», «бiрыңғай тiркеушiнiң» деген сөздер «тiркеушi», «тiркеушiнiң» деген сөздер деп есептелсiн.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
1. Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.
2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберiнде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары - өтiнiш берушiнiң жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
2) бiрыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бiр қызмет түрiнiң шеңберiнде өндiрiс процесiнде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгiленген шара;
3-1) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4-1) лицензиардың электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгiзген мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнiң ажырамас бөлiмi;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;
7) лицензияланатын қызмет түрi (бұдан әрi - қызмет түрi) - айналысу үшiн осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
8) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (бұдан әрi - қызметтiң кiшi түрi) - тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;
8-1) лицензиялар тiзiлiмi - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;
9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);
9-1) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын, лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
9-2) лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрi – лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде генерацияланатын бiрегей код;
10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;
11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
12) өтiнiш берушi - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиiстi лицензиарға өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүргiзудi жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган;
14) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.
Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында белгiленедi.
3. Осы Заңда қызмет түрлерiнiң және қызметтiң кiшi түрлерiнiң егжей-тегжейлi тiзбесi белгiленедi.
4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
Осы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер үшiн осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген жағдайда, осы Заңда белгiленген тәртiппен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған құжаттарды тапсырған кезде қызметтi тиiстi лицензиясы болмаса да оны алғанға дейiн, бiрақ осы қызмет түрiне және (немесе) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары қолданысқа енгiзiлген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен асырмай, жүзеге асыруға жол берiледi.
5. Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнiмге қойылатын талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.
6. Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
7. Лицензияның күшi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
8. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға жатпайды.
Қызмет түрiнiң бiрыңғай технологиялық процеске кiретiнi және (немесе) оны қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементiне жатқызу туралы қорытындыны өтiнiш берушiнiң өтiнiшi негiзiнде лицензиардың сұрауы бойынша құзыреттi (салалық) орган бередi.
9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Кредиттiк серiктестiктер, орталық депозитарий, бiрыңғай тiркеушi, мемлекет қатысатын кредиттiк бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүргiзетiн қызметтi қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСI
5-бап. Мемлекеттiк лицензиялау жүйесiнiң құрылымы
Мемлекеттiк лицензиялау жүйесi:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен;
2) уәкiлеттi органнан;
3) лицензиарлардан тұрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;
2) лицензиарлар тiзбесiн айқындау;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетiн өтiнiш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн өтiнiш нысанын бекiту;
6) өндiрiлуi, өңделуi, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиiс улардың тiзбесiн бекiту;
7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
8) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың тiзбесiн бекiту;
9) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту;
10) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiне қол жеткiзу құқықтарын дамыту, белгiлеу процесiн, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;
3) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын әзiрлеу;
4) қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзiрлеу;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi
Лицензиарлардың құзыретiне:
1) жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын әзiрлеу және оларды уәкiлеттi органмен келiсу.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;
3) лицензиялау;
4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
РҚАО-ның ескертпесi!
5) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5) азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзу және оны ай сайын өзiнiң интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
лицензиардың атауы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;
дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;
заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;
лицензияның қолданылу мерзiмi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;
лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрiн (кiшi түрiн) жүзеге асыратын филиалдары, өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;
6) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу туралы мемлекеттiк органдарға сауал жiберу;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;
8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиат филиалын (өкiлдiгiн, объектiсiн, пунктiн, учаскесiн) құрған, оның орналасқан жерiн өзгерткен жағдайда он жұмыс күнi iшiнде – лицензиардың мекен-жайына, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкiлдiктiң, объектiнiң, пункттiң, учаскесiнiң) орналасқан жерi бойынша оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса хат жолдауға мiндеттi. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң тиiстi қызмет түрiне (кiшi түрiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлейдi. Ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда тиiстi деректердi лицензиялар тiзiлiмiне енгiзедi.
Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тiзiлiмiне филиал (өкiлеттiк, пункт) құру, оның орналасқан жерiн өзгерту туралы деректердi енгiзудi лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9-бап. Лицензиялардың түрлерi мен қолданысы
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша:
1. Субъектiлер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiн;
2) шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берiлетiн болып бөлiнедi.
2. Қызмет көлемi бойынша:
1) бас лицензия – қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға қолданыс мерзiмi шектеусiз берiлетiн;
2) бiржолғы лицензия – рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе саны шегiнде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрiмен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласында қызмет түрлерiмен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген көлем шегiнде үлескерлердiң ақшаларын тарту есебiнен тұрғын үйлердiң құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия – банк қызметiнде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметiнде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берiлетiн болып бөлiнедi.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия – кеден одағына мүше мемлекеттiң шешiмi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия;
2) ерекше лицензия – сыртқы сауда қызметiне қатысушыға жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретiн лицензия;
3) бiржолғы лицензия – сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және белгiлi бiр санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары
Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензиаттың санатын;
өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензияланатын қызмет түрi жүзеге асырылатын саланы көрсету үшiн енгiзiледi.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны
Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қызметтiң кiшi түрлерi көрсетiлетiн лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
11-бап. Лицензиялау салалары
Мынадай:
1) өнеркәсiп; P080080, P951894
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы; P070493, P070757
4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) көлiк; P070534
6) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
7) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; P070505
8) жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдар;
9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; P070692
10) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) бiлiм беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
14) ауыл және орман шаруашылықтары, геодезия және картография; P070449
15) денсаулық сақтау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; P070601, P070551, P070457, P070454, P070419, P070686,
17) ойын бизнесi;
18) ветеринария;
19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерi ескерiле отырып, сот-сараптама;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; V022062, V011532, V085256
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; қараңыз.P100607
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн дайындау;
24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
25) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы;
26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
27) тауарлар экспорты мен импорты;
28) тауар биржалары салаларындағы қызметтiң жекелеген түрлерi лицензиялануға тиiс.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
3-тарау. ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI
12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
электр энергиясын тұтынушыға дейiн беру және (немесе) тарату;
елдi мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;
2) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
3) минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда).
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық-химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, балқыту) тәсiлi;
құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын өңдеу;
4) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс iстеу қысымы 0,7 кг/см2–ден жоғары және жылу жеткiзу температурасы 115оС-ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2–ден жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бiрыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеудi қоспағанда);
5) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
6) заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және өткiзуi.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |