операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын өзге де
операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк жəне есеп айырысу ұйымдарының қызметi;
2) аудиторлық қызмет;
2-1)
(алып тасталды - 2006.05.05. N 139
Заңымен
)
3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы жəне "жалпы сақтандыру" саласындағы
қызмет, қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi,
сақтандыру рыногындағы актуарийлiкқызмет.
4) депозитарийлiк қызметтi қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кəсiби
қызмет;
5) зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру
жөнiндегi қызмет;
6) - 8)
(алып тасталды - 2004.07.07. N 577
Заңымен
)
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995.08.31. N 2447
жарлығымен
, өзгерiс енгiзiлдi - 1997.06.19. N
134-I
Заңымен
, 1998.07.10. N 282
заңымен
, 1999.07.16. N 436
Заңымен
, 2000.07.05. N
79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен
, 2000.12.18. N
128
Заңымен
, 2001.03.02. N 162
Заңымен
, 2001.07.04. N 466
Заңымен
, 2003.07.10. N
483
Заңымен
, 2004.07.07. N 577
Заңымен
, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу
тəртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен
, 2006.05.05. N
139
Заңымен.
11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға
байланысты қызметті лицензиялау жəне валюталық
операцияларды лицензиялау
Лицензиялауға:
1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру жəне қолма-қол шетел валютасын алып
қызмет көрсету;
2) валюталық операцияларды жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.07.05.
N
79
(2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi), бап жаңа редакцияда -
2003.05.08. N 411
Заңымен
, 2005.06.09.
N 56
(қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан
қараңыз) Заңымен.
3 тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет)
экспорты мен импортын лицензиялау
12-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен
импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқықтық тəртiптi қамтамасыз ету айналадағы ортаны,
азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан алғанда лицензиялауға жататын
тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тiзбесiн, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын
жасауға лицензиялар беру мен ресiмдеу тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
2.
(алып тасталды - 1999.10.08. N 471
Заңымен
)
3. Лицензия өтiнiш жасаушыға əрбiр жекелеген мəмiле бойынша экспорт немесе
импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк бiр жыл кезеңге берiледi.
Лицензияның иесi лицензия берген органдарға ескерте отырып, одан бас тартуға
құқылы.
Бас лицензия бойынша белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбеге кiретiн жəне сол қызмет
түрiнде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер)
импортына (келiсiм-шарттар санына қарамастан жыл сайынғы импорттау көлемiне)
берiлетiн лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.
4. Өтiнiш жасаушының дəлелдi тiлегi бойынша бiр жолғы лицензияның қолданылу
мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
5. Бiр жолғы лицензия оларда көрсетiлген мерзiмде тауарлардың (жұмыс,
қызмет) экспорты мен импортына берiлген рұқсат болып табылады жəне өнiмдi кедендiк
ресiмдеу үшiн негiз болады.
6. Лицензия контрактыға енгiзiлген тауарлар атауларының санына қарамастан
тауардың ( жұмыстың, қызметтiң) бəр түрiне берiледi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің
1995.12.23. N 2720
жарлығымен
, 1999.10.08. N 471
Заңымен
, 2005.04.15. N
45
Заңымен
.
13-бап. Тауарлар (жұмыс, қызмет) экспортын
лицензиялау ерекшелiктерi
1. Экспорт операциялары мынадай жағдайларда лицензияланады:
1) экспортқа шығарылатын зат iшкi нарықта сатылуы (өткiзiлуi) лицензия
негiзiнде жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыс, қызмет) болса;
2) сол тауарды (жұмысты, қызметтi) өндiру мен сату мемлекет монополиясы
болса. Қызмет түрiн мемлекет монополиясына жатқызу Қазақстан Республикасының заң
актiлерiмен жүзеге асырылады.
2. Тауарлар (жұмыс, қызмет) экспортын өзге негiздер бойынша, соның iшiнде
iшкi тауар жəне азық-түлiк нарығын тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жəне соған
байланысты тапшы тауарларды шетелге шығаруды шектеу себептерi бойынша лицензиялау
тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзедi.
3. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр мемлекетке шығару үшiн берiлген
лицензияларды сол тауарды (жұмысты, қызметтi) басқа мемлекетке шығару үшiн
пайдалануға болмайды.
4. Белгiленген тəртiптi бұзып берiлген лицензия жарамсыз деп саналады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.10.08.
N 471
Заңымен
.
14-бап. Тауарлар (жұмыс, қызмет) импортын лицензиялау
Қазақстандық тауар өндiрушiлердiң iшкi нарықтағы мүддесiн қорғау мақсатымен
тауарлар (жұмыс, қызмет) импортын лицензиялау тəртiбiн енгiзудi Қазақстан
Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті, құқық тəртібін жəне
мемлекеттің жоғары лауазымды адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік
органдарды олардың құзыреті шегінде тауарлардың (жұмыстар мен қызмет
көрсетулердің) импортын лицензиялау тəртібінен босатуға құқылы.
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.10.08.
N 471
Заңымен
.
4 тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тəртiбi
15-бап. Лицензия беру шарттары
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтiң осы түрiне
қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сай келетiн субъектiге берiледi.
Лицензияланатын қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қоршаған ортаны қорғау, өнеркəсiп қауiпсiздiгi жəне мемлекеттiк
энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы
органдардың қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнiң осы Заңға сəйкес
лицензияланатын тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Лицензия берген кезде қоғамның, айналадағы ортаның, азаматтардың өмiрi мен
денсаулығының қауiпсiздiгiн, сондай-ақ өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс,
көрсетілетін қызмет сапасының кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн өндiрiс жағдайлары
ескерiледi. Субъектінің (өтініш берушінің жəне (немесе) лицензиаттың) біліктілік
деңгейіне сəйкестігі белгіленген тəртіппен тіркелген заңды, жеке тұлғалар
жүргізетін тəуелсіз сараптамалық бағалау негізінде белгіленуі мүмкін.
Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалана отырып қызметтер көрсету
жөніндегі кəсіпкерлік қызметке лицензиялар конкурс негізінде берілуі мүмкін. <*>
Банк қызметiн жүзеге асыруға жəне банк операцияларын жасауға арналған
лицензияларды беру үшiн қажеттi шарттар банк заңдарымен белгiленедi.
Лицензиялар берудің, олардың қолданылуын тоқтатудың тəртібі мен шарттары,
сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру
жəне валюталық операцияларды жүргiзу жөніндегі біліктілік талаптары валюталық
заңдармен белгіленеді.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң түрлерi бойынша лицензиялар берудiң
шарттары мен тəртiбi бағалы қағаздар рыногi туралы заңдармен белгiленедi.
Азаматтық жəне қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол
атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен
оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау,
өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру үшін қажетті шарттар жекелеген қару түрлерінің