белгiлейдi.
Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын
шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың
нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау жөнiндегi
уəкiлеттi мемлекеттiк орган жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкi,
ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асыруға
арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық жəне кəсiби
аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау саласындағы уəкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлейдi.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының Президентінің
1995.08.31. N 2447
жарлығымен
, 1997.12.08. N 200
Заңымен
, 1999.07.16. N
436
Заңымен
, Республикасының 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап
қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен
, 2003.07.10. N 483
Заңымен
, 2004.07.07. N
577
Заңымен
, 2005.04.15. N 45
Заңымен
, 2006.05.05. N
139
Заңдарымен.
7-бап. Лицензия жəне басқа да құқық белгiлеушi
құжаттар
1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-əрекеттi (операцияларды)
жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер
учаскесiн бөлiп беру жəне басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн
берiледi.
Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi.
2. Мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру
қоғамдарының, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде
жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, қызметтi жүзеге асыруға немесе
лицензиялауды талап ететiн белгiлi бiр iс-əрекеттердi (операцияларды) жасауға
лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мəмiлелер жарамсыз деп есептеледi.
Егер лицензия алу талабы мəмiле жасалғаннан кейiн қойылса, заңда басқадай
көзделмегендiктен бұл мəмiленiң күшi сақталады.
Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе қайсыбiр өнiмдi
белгiлi бiр мемлекеттерге шығаруға эмбарго (тыйым) салу, егер заңдарда басқадай
көзделмесе, осыған дейiн жасалған мəмiлелерге қолданылмайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.10.08.
N
471
, 2005.04.15.
N 45
, 2005.07.08.
N 69
, 2005.12.23. N
107
(қолданысқа енгізілу
тəртібін
2-баптан
қараңыз), 2006.07.05. N
164
Заңдарымен.
8-бап. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаларға берiлетiн
лицензиялар
Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар
лицензияны, егер заң актiлерiнде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының
заңды жəне жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша жəне нақ сондай тəртiппен
алады.
2 тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға жататын
қызмет түрлерi
9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты жəне
(немесе) ерекше маңызды мемлекеттiк мəнi
бар қызметтi лицензиялау
1. Кəсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап
етiледi:
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-
дəрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру
шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, əскери техниканы,
босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ
монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді жəне сервистік қызмет
көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен
жабдықтарды əзiрлеу, өндiру, жөндеу жəне сату;
2) жарылғыш жəне пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды əзiрлеу, өндiру жəне сату;
3)
(алып тасталды - 1998.07.10. N 283
заңымен
)
4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде
ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс
iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу
кешенi, стендiлiк база жəне басқалар) пайдалану;
5) байланыс саласында телевизия жəне (немесе) радио хабарларын таратуды
ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау жəне көрсету, жалпы республикалық
магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен
жолдарын техникалық пайдалану;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сəйкес атом
энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерi;
7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол
берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау
жəне сату;
8) электр жəне жылу қуаттарын өндiру, беру жəне бөлу;
9)
(алып тасталды - 1998.07.10. N 283
заңымен
)
10) босаған əскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кəдеге жарату, көму)
жəне ұқсату;
11) жарылу-өртену қаупi бар жəне тау-кен өнеркəсiбi өндiрiстерiн, электр
станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық
құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды,
сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш
құбырларды жəне мұнай мен газ бақылау жұмыстарын жобалау жəне пайдалану.
Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi;
12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кəсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта
металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық
жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау жəне белгi беру аппаратуралары мен
жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн
қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жəне мұнай мен газ бұрғылау
жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау жəне жөндеу;
12-1) мұнай өнімдерін өткізу;
13)
(алып тасталды - 1999.10.08. N 471
Заңымен
)
14) азаматтық жəне қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік
қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар
мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын
жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;
15) тұрғын үй жəне коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу
жəне құрылыс жұмыстары;
16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау,
монтаждау, ретке келтiру жəне техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы,
жабдықтарды жəне өрттен қорғану құралдарын өндіру;
17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу жəне оларға күтiм жасау;
18)
(алып тасталды - 2005.04.15. N 45
Заңымен
)
19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын
аспаптар мен жабдықтарды əзiрлеу, өндiру жəне сату;
20) жолаушыларды жəне жүктердi темiр жол, өзен, теңiз, əуе көлiгiмен
тасымалдау; жолаушыларды жəне жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық
тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық
жұмыстар;
21)
(алып тасталды - 1998.07.10. N 283
заңымен
)
22)
(алып тасталды - 2005.04.15. N 45
Заңымен
)
23)
(алып тасталды - 1999.10.08. N 471
Заңымен
)
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық жағынан
қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң
қорғалған техникалық құралдарын əзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру,
пайдалану, сақтау, жөндеу жəне оларға сервистiк күтiм жасау жөнiндегi қызметтiң
барлық түрлерi;
25)
(алып тасталды - 2000.07.05. N 79
Заңымен
)
26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық жəне картографиялық жұмыстар
жүргiзу;
27)
(алып тасталды - 1998.07.09. N 277
Заңымен
)
28) фармацевтикалық қызмет: дəрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды
көтерме, бөлшек саудада сату;
29) минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн
тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда);