Үлгілік оқу жоспары



жүктеу 1,49 Mb.
бет5/5
Дата29.01.2018
өлшемі1,49 Mb.
#8074
1   2   3   4   5

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (Тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман)


Циклдің индексі

(пән)

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, шеберліктер мен дағдылар

Қалыптаса тын құзырет коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс)тілі Фонетика. Лексика. кәсіби терминдердің дұрыс қолданылуы.. Кәсіби қызметте тілдің айтылу мәдениеттілігі. Тіл этикеті мен кәсіби қатынас. Кәсіби мәтіндерді (сөздікпен) аудару техникасы.

Білімдер:

- морфология мен лексика бөлімдерінің құрылымы және олардың негізгі бірліктерін, қазіргі қазақ, орыс тілдерінің сөз таптары және жалпы сипаттамасын біледі;

Іскерліктер:

- анықтамалық лингвистикалық әдебиетті қолданадады және одан қажетті нақты ақпаратты ала алады.



БҚ 2.1


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Кәсіби шет тілі

Оқу: жалпы мәтін мазмұнын оқу, кәсіби бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас; мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері. Кәсіби лексика. Әлеуметтік іс маманы тіліндегі лексикалық бірліктердің қолданысы. Интернационалдық лексика.




Білімдер:

- фонетиканы: тіл жүйесіндегі әріп тіркестері мен алфавиттегі әріптердің дұрыс айтылуы және негізгі оқу ережелері мен сөзжасам моделін, терминдерін және лексикалық құрылымын біледі;

Іскерліктер:

-белгілі жылдамдықпен дұрыс және мәнерлеп, дауыстап оқи алады;

- жағдаятқа сәйкес ретті және Логикады ойын жеткізеді;

- жауапты сөздерді, шақыруларды, бұйрықтарды, өтініштерді, лепті үндерді, сұрақтарды қою арқылы әңгімелей алады.



БҚ 2.1

ЖІП 03

Дене мәдениеті

Дене тәрбиесінің ғылыми жаратылыс негіздері. Салауатты өмір салты негіздері. Қозғалыс белсенділігі және жұмысқа қабілеттілік тәртібі.

Болашақ мамандардың дене тәрбиесінің кәсіби- қолданбалы дайындығы. Жеңіл атлетика. Баскетбол.


Білімдер:

- спорт ойындары бойынша жарыс ережелерін, қауіпсіздік ережесін сақтайды;

Іскерліктер:

-бірінші медициналық көмек көрсетеді.




БК 2.2

БК 2.8



ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 05

Логика

Логиканың пәні және әдістері. Логиканың даму тарихы. Логика пәнінің заңгерлер үшін маңыздылығы.

Логиканың негізгі категориялары: ұғымы, пікір, ойқорытындысы. Ұғымның мәні және оның түрлері. Ұғыммен жүргізілетін негізгі операциялар. Ұғымды бөлу, қорытындылау, шектеу. Ұғымды анықтау. Пікірдің түсінігі. Ойқорытындылау және оның түрлері. Логиканың негізгі заңдары. Гипотеза. Дедукция. Индукция.


Білімдер:

- қисын пәні мен оның маңызын, даму тарихын біледі;

- логика пәнінің заңгерлер үшін маңыздылығын біледі;

- логиканың негізгі категорияларын: ұғым, пікір, ойқорытындысын біледі;

Іскерліктер:

- шектеу, қорытындылау, бөлу, анықтау түсініктермен негізгі операцияларды жүргізеді;

- ойқорытындысын жасай алады;

- логиканың негізгі заңдарын қолданады.



БК 2.5

БК 2.8



ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Қазақстан Республикасы мемлекетi мен құқығының тарихы

Пәннің негізгі бағыттағы мақсаты. Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттің құрылуы. Қазақстан Монғол шапқыншылығы кезеңінде. Ноғай Ордасының саяси құрылысы. Алғашқы қазақ хандығының және қазақ елінің құрылуы. XY-XVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып құқығы. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік- құқықтық жағдайлары. XIX ғ-ң 60-90 ж-ғы реформалар бойынша Қазақстанның әкімшілік құрылысы мен құқығы. Азаматтық соғыс жылдарында Қазақстанның қарсы тұруы. Қазақстанның автономия кезеңіндегі әкімшілік саяси жағдайы. КСРО-ның дағдарыс және таралу кезеңіндегі Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы. Қазақстан -демократиялы, тәуелсіз, егеменді, құқықты мемлекет.



Білімдер:

- пәннің негізгі міндеттерін, басқа пәндермен байланысын біледі;

- Қазақстан аймағындағы ежелгі мемлекеттің негізгі белгілерін ашады;

- Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың құқықтық жағдайын анықтайды;

- қазақ хандығындағы мемлекеттік ұйымдастырудың, қазақ қоғамындағы ханның ролін сипаттайды;

- тектік қауым мүшелерінің құқытары мен міндеттерін, билер кеңесінің негізгі қызметін анықтайды;

Іскерліктер:

- Қасым хан мен Есім хан заңдарын, Қазақстанның Ресейге қосылу сатыларын меңгереді;

- КСРО –ның құлдырауы кезеңіндегі Қазақстанның құқықтық жағдайын аша алады


БК 2.1

ЖКП 02

Мемлекет және құқық теориясының негіздері

Мемлекет пен құқық теориясының пәні және әдістері. Мемлекет ұғымына түсінік, оның пайда болу себептері. Басқару тұрпаты және мемлекеттік аймақтық құрылыс тұрпаты және мемлекеттік-саяси режим. Мемлекеттің қызмет ету бағыттары және-механизмі. Құқықтық мемлекет, оның негізгі ерекшелік белгілері. Құқық ұғымы, оның мәні мен мағынасы. Құқық нысандары, олардың құрылымы. Нормативтік -құқықтық актілер, оларды жүйелеу. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Жеке адам, құқық, мемлекет. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі. Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп.



Білімдер:

- мемлекет пен құқық теориясының негізгі терминдерінің жалпы сипаттамасын біледі;

- мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтарын біледі;

- құқық нормаларың түсінігі және оның элементтерін біледі;

- заңға сыйымды тәртіп түсінігіне және құқық бұзушылықты жою жолдарына бағдар береді;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастарын негізгі белгілерін анықтайды;

- құқықты жүзеге асыру нысандары мен әдістерін қолданады;

- басқару, құрылым және саяси режим нысандарын ажыратады;

- заңи терминдерді қолданады;

- құқық салаларын ажырата алады;

- заңдар мен заңға тәуелді актілерді ажырата алады.



БК 2.1

ЖКП 03

Конституциялық құқық

Азаматтықтың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі мен құзыреті. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі мен құзыреттілігі. Заң шығару процесі. Қазақстан Республикасы Үкіметтің мәртебесі мен құзыреті. ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.



Білімдер:

- конституциялық құқық жүйесін біледі;

- конституциялық құқықтың негізгі институттарын ажыратады;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастар субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


ЖКП 04

Әкімшілік құқық

Мемлекеттік басқару ұғымы, әдісі және басқару нысаны. Басқару актілері. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның қағидалары. Әкімшілік іс жүргізу, оның сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық және жауаптылық. Әкімшілік құқықтық санкциялар. Әкімшілік жаза қолдану.



Білімдер:

- әкімшілік іс жүргізудің субьектілерін, қағидаларын, түсінігін, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі белгілерін, әкімшілік құқық бұзушылық және оның құрамын біледі;

Іскерліктер:

- әкімшілік құжаттарды құрастырады.



КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.5



ЖКП 05

Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау қызметі және құқық қорғау органдары. Құқық қорғау органдары туралы заңдар. Әділсот ұғымы мен принциптері. ҚР сот билігі және сот жүйесі. Сот өкілеттілігі. ҚР әділет министрлігі. Прокуратура және прокурорлық бақылау.

Алдын ала тергеу жүргiзу және анықтау органдары, олардың өкілеттілігі. Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылымы мен құзіреті. Салық комитетінің қызметі. Заңи көмек көрсетуді ұйымдастыру. Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары.

Нотариаттық қызмет.



Білімдер:

- құқық қорғау органдарының құрылымын,

құқық қорғау органдары

қызметін реттейтін заң актілерін біледі;

Іскерліктер:

- құқық қорғау органдарды ажырата алады;

- сот жүйесі құрылымын және оның құзыреттілігін ажыратады;

- сот және әділесот қағидаларын талдайды;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасай біледі.


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.6


ЖКП 06

Экологиялық құқық

Экологиялық құқықтың жүйесі мен субъектілері. Экологиялық құқықтың нормалары. Экологиялық құқыққатынастар. Мемлекеттің экологиялық функциялары. Жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар әлемі – табиғат объектісінің сипаттамасы. Экологиялық сараптама мен аудит. Мемлекет пен қоғамның экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы. Экологиялық мониторинг және кадастр. Табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттік ұйымдар.



Білімдер:

- экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы мен экологиялық қылмыс үшін жауаптылықты біледі;

- экологиялық құқық пәнін, құқықтық реттеу әдісін, қағидаларын, жүйесі мен қайнар көздерін, табиғатты қолдану құқығын біледі;

Іскерліктер:

- экологиялық басқару органдарының жүйесін ажыратады;

- жер, су, жер қойнауын пайдалану, жануарлар дүниесі және атмосфералық ауаны қорғаудағы экологиялық- құқықтық тәртіпті анықтай алады;

- адам өміріндегі дүниежүзілік мұхитының ролін аша алады;

- халақаралық экологиялық құқықты қалыптастыру проблемаларын сипаттайды;

- экологиялық жауаптылықты біледі.


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.6


ЖКП 07

Бухгалтерлік есеп және есеп беру негіздері

Бухгалтерлік есептің мәні, маңызы және оның түрлері.

Бухгалтерлік баланс және есеп беру. Бухгалтерлік есеп шоттары, және екі жаққа жазу. Шоттар жоспары. Бухгалтерлік есеп құжаттары және олардың сыныптамасы. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есептің нысандары. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары түсінігі.

Ақша қаражаттарының, есеп айырысу мен несиелік операциялардың есебі.

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі. Еңбек және оның төлемақысының есебі.

Дайын өнім және оны сатумен байланысты шығыстардың есебі. Кәсіпорынның кіріс және шығыс есебі. Өндіріс шығысының есебі.

Қаржылық нәтиже және меншікті капиталдың есебі.

Шаруашылық субъектілердің есептік саясаты.

Субъектінің қаржылық есеп беруі.


Білімдер:

-бухгалтерлік есептің пәні, әдістері, қағидалары мен міндеттерін біледі;

-бухгалтерлік баланстың мәні, маңызы, мазмұны мен түрлері анықтайды;

- бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазуын біледі;

- бухгалтерлік есеп нысандары, есептік регистрлерді құрастырады;

Іскерліктер:

- шоттардың корреспонрденциясын құрастырады;

- шаруашылық операциялар құжаттарын толтырады;

- бухгалтерлік есеп нысандарын айырады;

- қаржылық және басқару есебіне бағдар береді.




БҚ 2.4

БҚ 2.5


ЖКП 08

Қаржы және салық құқығының негіздері

Мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметі. Қаржы құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Қаржылық құқыққатынастар, олардың субъектілері. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Ақша айналымы және валюталық реттеу. Бюджет және бюджеттік жүйе, бюджеттік құрылым және оның тәртібі. Мемлекетік кіріс және шығыс. Мемлекеттің салық қызметі. ҚР салық жүйесі. Мемлекеттік салық түсінігі, оның белгілері. Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі. Салық органдары қызметінің мәртебесі. Салық төлеушінің мәртебесі. Салық саласын басқару және салықтарды жоспарлау. Салық міндеттемесі және оның мазмұны. Салыққа әкімшілік жүргізу және оның түрлері. Салық салу саласындағы жауапкершілік. Салық дауларын шешу мерзімі мен тәртібі.



Білімдер:

- мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметін, әдістері және функцияларын біледі;

- мемлекеттік қаржыны қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудың әдістерін айыра алады;

- бюджеттік жүйенің негізгі қағидаларын, маңызын, түсінігін біледі;

- салық элементтерінің түсінігін, белгілерін, функцияларын, салық элементтерін, салық салу қағидалары мен олардың әдістері біледі;

Іскерліктер:

- ақша айналымын ұйымдастыру тәртібін реттейді;

- қаржылық бақылау және қаржылық жоспарлау саласын басқару, қаржы құрылысын игереді;

- бюджетке дәрежесіне байланысты кірістің түсуінің міндеттілігі мен кепілділігін айыра алады;

- салық төлеушілер мен салық органдарының мәртебесін айыра алады;

- салықтың түрлерін, төлем және төлемдерді айырады;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істейді, салықтарды есептейді.


БҚ 2.4

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.4

ЖКП 09

Іскерлік қатынастардың этикасы мен психологиясы.

Этика оқу пәні ретінде. Оның пәні мен жүйесі. Әлеуметтік мекеме жұмысшыларының құқықтық мәдениеті. Әлеуметтік жұмыс обьектісі және оның спсихологиялық сипаттамасы.



Білімдер:

- қызмет этикасының ерекшелігін, басқару стилдерін біледі;

- ұжымдағы әлеуметтік -психологиялық ахуалын түсіне біледі;

Іскерліктер:



- көпшілік алдында сөз сөйлеу құрылымын әзірлей алады;

- пікір-таласқа түсе алуды меңгереді.



БҚ 2.7

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.4

ЖКП 10

Ақпаратты автоматтандырып өңдеу

Информациялық қоғам және информациялық мәдениет туралы түсінік. Операциялық жүйелер. MS Windows операциялық жүйесі. Файлдық жүйеге амалдар қолдану. Компьютерлік желілер. Интернет. Әлеуметтік – экономикалық ақпаратты MS WORD текстттік процессоры көмегімен өңдеу. Электрондық кестелерді әлеуметтік – экономикалық есептерді шешеу мақсатында пайдалану. Іс жүргізуді автоматтандыру құралдары.



Білімдер:

- кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру барысында ДК маңызы мен орнын біледі;

Іскерліктер:

- ақпаратты өңдеу әдістерін және іс жүргізуді автоматтандыру құралдарын қолданады.




БҚ 2.5


ЖКП 11

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Мемлекеттік іс жүргізу және іскерлік корреспонденцияны ұйымдастыру. Құжат түрлері және оларды жіктеу. Іс қағаздарының тілі мен стилі. Жеке құрам құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Құжаттарды тіркеуге және есепке алу. Мекеме қызметін құжатпен қамтамасыз етуге компьютерді пайдалану.



Білімдер:

- іс жүргізу және коррсепонденция туралы түсінікті біледі;

- құжат туралы түсінікті, олардың қызмет түрлеріне қарай бөле алады;

Іскерліктер:

- қызмет құжаттарының тілі мен стилінің түсінігін меңгереді.


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Әлеуметтік қорғау құқығы

Әлеуметтік қорғау құқығының принциптері мен қайнар көздері. Әлеуметтік қорғау ұғымы және оны ұйымдастыру – құқықтық нысаны және түсінігі.Еңбек стажы. Зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Арнайы жәрдемақылар ұғымы, олардың түрлері. Міндетті медициналық сақтандыру. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін жәрдемақылар, олардың түрлері және сипаттамасы. Балалары бар отбасына берілетін жәрдемақылар.



Білімдер:

- әлеуметтік қорғауда құқықтық қатынастарды, зейнетақы туралы заң актілерінде қолданылатын негізгі түсініктерді біледі;

Іскерліктер:

- Орталықтан зейнетақы төлеу тәртібін есептейді,

әртүрлі жәрдемақыларын түрлерін ажыратады.


БҚ 2.1

БҚ 2.3


БҚ 2.7

БҚ 2.8


КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.5


КҚ 3.2.6



АП 02

Әлеуметтік қызмет көрсету

Әлеуметтік қызмет көрсетудің түсінігі мен принциптері. Үйде әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсету. Үйде тұрмыстық қызмет көрсетуге құқығы бар тұлғалар тобы. Үйде әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсетудің түрлері, шарттары. Тұрақты әлеуметтік қызмет көрсету. Тұрақты емдеу мекемелеріне ауыстырудың тәртібі және талаптары. Тұрақты емдеу мекемелерінде қызмет көрсетудің түрлері.

Әлеуметтік қызмет көрсетуге ақы төлеу шарттары. Балалар үйі және басқа балаларға арналған тұрақты емдеу мекемелері.

Жерлеу. Протезді-ортопедиялық көмек және мүгедектерді жылжымалы көлік құралымен қамтамасыз ету. Арнайы көлік құралдарының түрлері. Жалпы және жеңілдікпен ұсынылатын талаптары. Арнайы көлік құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету талаптары.



Білімдер:

- әлеуметтік қызмет көрсетудің мақсаттары мен міндеттерін;

- әлеуметтік қызмет көрсетудің нысаны мен принциптерін анықтайды;

- азаматтарға, мүгедектер мен қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету құқығын анықтайды;

Іскерліктер:

- мүгедектерге медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгереді;

- протезді-ортопедиялық көмек көрсету жағдайларын анықтайды;

- мүгедектерді жылжымалы құралдарымен және көлік құралдарымен қамтамасыз ету негізін анықтайды;

- дәрі-дәрмекпен көмек көрсету жағдайларын анықтайды;

- ҰОС- на қатысушылары мен оларға теңестірілгендерді, ардагерлерді әлеуметтік қорғау шараларын анықтайды;

- протезге тапсырысты, дәрі-дәрмек құралдарымен тегін қымтамасыз ету тапсырысын ресімдейді.


БҚ 2.3

БҚ 2.7


БҚ 2.8

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



АП 03

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру.

Әлеуметтік сала аясындағы әлеуметтік мәселелер және мемлекеттік саясат. Әлеуметтік қызмет ұғымы және оның негізгі функциялары. Әлеуметтік қызмет көрсету. Жұмыспен қамту қызметі. Өкілдік. Қоғамдық

қызметтер. Сенім білдіру қызметі. Заңгерлік қызмет. Денсаулық сақтау. Білім беру. Әлеуметтік қамсыздандыру органдары. Қазақстандағы әлеуметтік мекемелер. Қазақстан Республикасында қазіргі жағдайдағы әлеуметтік мекемелер жұмысын ұйымдастырудың маңызы.


Білімдер:

- халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айыра біледі;

Іскерліктер:

- халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айыра біледі.




БҚ 2.8

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.6


АП 04

Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының кұқықтық негіздері (МӘСК)

Халыққа көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтер. Әлеуметтік жұмыстың мақсатты параметрлері ретінде салауатты өмір сүру және денсаулық. Медициналық сақтандыру. Еңбекке жарамсыз тұлғаларды жұмысқа орналастыру. Отбасыларымен жүргізілетін патронаждық жұмыс. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қадағалау қызметі.



Білімдер:

- медициналық -әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібін біледі;

Іскерліктер:

- медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясынан өту үшін құжаттарды жинайды және ресімдейді.



БҚ 2.8

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6




АП 05

Қызмет көрсететін контингентпен орындалатын әлеуметтік-психологиялық жұмыстың ерекшеліктері

Психология құрылымы және оның басқа ғылымдармен байланысы.

Әлеуметтік жұмыстың объектілері және олардың психологиялық сипаттамалары. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық қамтамасыз етілуі. Халықтың әртүрлі топтармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың психологиясы. Әлеуметтік жұмыстың функциялары.

Оқу үрдісіне ықпал ететі психологиялық факторлар.



Білімдер:

- әлеуметтік-психологиялық жұмыстың міндеттерін, әлеуметтік жұмысты басқарудың негізгі бағыттарын, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін біледі;

Іскерліктер:

- әртүрлі әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктерін айыра алады;




БҚ 2.7

БҚ 2.8


КҚ 3.2.4

КҚ 3.2.6



АП 06


Азаматтық құқық

Азаматтық құқық пәні , жүйесі, әдістері және қайнар көздері. Азаматтық заңдардың уақыт, кеңістікте және тұлғалар арасында қолданылуы. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері және субъектілері. Мәмілелер туралы ұғым, түрлері, мәміле жасаудың нысаны мен шарттары. Мәміленің жарамсыздығы. Өкілдік және сенімхат. Сенімхат нысаны, тәртібі, мерзімі. Сенім ауысуы. Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі. Міндеттемелік құқық. Міндеттемелердің орындалуы. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Конкурстық міндеттемелер. Интеллектуалдық меншік құқығы. Авторлық және сабақтастық құқықтар. Мұрагерлік құқық.



Білімдер:

- міндеттеменің пайда болу ұғымын, түрлерін және негіздерін біледі;

- азаматтық құқық субъектілері мен объектілері ұғымын біледі;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді біледі;

Іскерліктер:

- заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын құрастырады;

- коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаның ұйымдастыру құқықтық нысанын ажыратады;

- мәміленің түрлерін, олардың жарамдылығы мен жарамсыздығын ажытады;

- меншік құқығы мазмұнын, пайда болу және тоқтату негіздерін айқындайды;

- міндеттемелердің жекелеген түрлерін құрастырады;

- мұрагерлік негізін, заң бойынша мұрагерлік кезегін белгілейді.


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



АП 07


Отбасы құқығы

Отбасы құқығының ұғымы, мәні, жүйесі, әдістері. Неке. Некеге тұру. Некені тоқтату, оның жарамсыздығы. Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары: жеке және мүліктік құқық. Отбасы. Баланың туу тегін белгілеу. Ата-аналармен балалардың құқықтық қатынастары. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу. Бала (ұл немесе қыз) асырап алу. Қорғаншылық және қамқоршылық. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеудің құқықтық тәртібі. Патронат. Алименттік міндеттемелер. Азаматтық хал актілері.



Білімдер:

- отбасы құқығының ұғымы, пәні, әдістері және принциптерін біледі;

- некеге тұру тәртібі мен шарттарын сипаттайды;

- ата-аналармен балалардың, ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарын біледі;

Іскерліктер:

- ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу негіздерін белгілейді;

- некеге тұру, тоқтату және оның жарамсыздығы туралы арызды құрастырады;

- нормативтің құқықтық актілермен жұмыс істейді;

- алименттік міндеттемелерді

есептейді.



КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



АП 08


Азаматтық іс жүргізу құқығы

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, қағидалары және қайнар көздері. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі, міндеттері мен оның түрлері. Азаматтық іс жүргізу құқықық қатынастары және олардың субъектілері. Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушылары.

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы. Сот өкілдігі. Талап мерзімнің түсінігі, маңызы, түрлері. Сот шығындары. Талап қою құқығы және талап беру тәртібі. Талап арыз. Бірінші сатыдағы сот өндірісі. Азаматтық істі қозғау және оны сотта қарау. Сотта іс қарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулылырына шағым және наразылық білдіру.


Білімдер:

- азаматтық сот өндірісінің түрлері мен сатыларын белгілейді;

- соттың құрамын анықтайды;

- соттылық және ведомстволық бағыныстылықтың ұғымына түсінік береді;

- сот дәлелдеу және дәлелдемелерінің мәнін біледі;

Іскерліктер:

- үшінші жақтарды және олардың құқықтық жағдайын айқындау;

- сот шығындарын есептейді;

- талап арыз элементтері мен түрлерін белгілейді;

- талап арыз құрастырады;

- сотта істі қарау бөлімдерін ажыратады;

- сот отырысы хаттамасын құрастырады;

- нормативтік актілермен жұмыс істейді;

- процессуалдық құжаттарды құрастырады.



КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



АП 09


Еңбек құқығы

Қазақстан Республикасында еңбекті ұйымдастыру. Еңбек құқығының субъектілері. Кәсіптік одақтар. Халықтың жұмыспен қамтылуын құқықтық реттеу. Ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу тәртібі. Еңбек шарты тараптарының материалдық жауаптылығы. Қызметкерлерді еңбегі үшін көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі. Еңбек және ұжымдық еңбек даударын қарау тәртібі.



Білімдер:

- еңбек құқығының жүйесін, негізгі принциптерін, әдістерін, еңбек құқыққатынастарының мазмұнын біледі;

Іскерліктер:

- еңбек дауларын қарауда құқықтық актілерді дұрыс қолданады.





БҚ 2.2

БҚ 2.6


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



АП 10


Заң қызметін ұйымдастыру. Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда заң қызметін ұйымдастыру. Заң қызметінің кадрлары, оларға қойылатын талаптар. Кінәрат қою жұмысына түсінік. Азаматтардың арыз-өтініштерін қарау тәртібі және кінәраттарын қарау мерзімдері. Сот арқылы қорғау және бұл жөнінде талап арыз беру құқығы. Халыққа құқықтық көмек керсетуді ұйымдастыру. Адвокатура және адвокаттың құқықтық мәртебесі. Нотариат қызметі. Заңи кеңес беру. Заң қызметін жаңа үрдіске байланысты жетілдіру, тәуелсіз аудиторлық және консалтингтік қызметтер.

Білімдер:

- сотқа талап арыз беру, шаруашылық шарт жасасу тәртібін және олардың ұғымын біледі;

Іскерліктер:

- азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастырады.




КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



КП 00

Кәсіптік практика

КП 01

Кәсіптік практика

Іскерліктер:

- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетеді;

- әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетеді;

- құқықтық, әлеуметтік және психологиялық консультациялар жүргізеді;

Дағдылар:

- құқықтық сипаттағы құжаттарды толтырады және ресімдейді.



КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2

КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4

КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6



Ескерту

1-кесте Базалық құзыреттер



Құзыреттер коды

Базалық құзыреттер Қ )

050101 3 - Әлеуметтік іс маманы

БҚ 1.1

БҚ 1.2
БҚ 1.3

БҚ 1.4

БҚ 1.5
БҚ 1.6


БҚ 1.7

Болашақ мамандықтың мәнділігі мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған аса орнықты қызығушылық туғызу.

Жеке қызметін ұйымдастыру, кәсіби міндеттерін орындау барысында ұтымды әдістері мен амалдарын таңдау, олардың тиімділігі мен сапасын бағалау.

Кәсіби және жеке даму міндеттерін өз еркімен анықтау, өздігінен білім алумен, біліктілігін арттырумен айналасу.

Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі сақталатын жұмыс орнын ұйымдастыру.

Қариялар мен науқас адамдарға жәрдемдесу мақсатында еңбек ұжымдарымен, қайырымдылық қорларымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау.

Әр түрлі топтағы халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша денсаулық сақтау, білім, мүгедектер қоғамдарымен өзара қатынасты жүзеге асыру

Өмірлік жетістіктер мен кәсіби мақсаттарға жету үшін салауатты өмір сүру, дене шынықтырумен айналысу.





050102 3 – «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман»

БҚ 2.1

БҚ 2.2


БҚ 2.3
БҚ 2.4

БҚ 2.5


БҚ 2.6

БҚ 2.7


БҚ 2.8


Әлеуметтік қорғау құқығының негізгі түсініктері мен мазмұнын меңгеру;

Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын жұмыс орнында ұйымдастыру;

Халықты әлеуметтік қорғау саясатын жүргізудін негізгі бағыттарын; әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибені білу;

Экономика және құқық негіздерін меңгеру;

Қызмет көрсетудің ең ұтымды әдістері мен құралдарын таңдау;

Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеруде оқыту тәжірибесімен алмасуды ұйымдастыру;

Тұрмыстық қызмет корсетуде этикалық және эстетикалық мәдениетті сақтау;

Халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен, мүгедектер қоғамдарымен өз ара байланысын жүзеге асыру.



2-кесте Кәсіптік құзыреттер

ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттер Қ)

3. Орта буын маманы

3.1. 050101 3 - Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

КҚ 3.1.1. Барлық әлеуметтік – тұрмыстық спекторын орындау:

КҚ 3.1.2. Әлеуметтік- медициналық қызмет көрсету.

КҚ 3.1.3. Әр –түрлі саладағы халықтарға әлеуметтік- педагогикалық көмек көрсету.

КҚ 3.1.4. Әр түрлі топ халықтарына әлеуметтік- психологиялық кеңес беру.

КҚ 3.1.5. Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік- құқықтық қызмет көрсету және нақты заңнамалар нормасын қолдану.

КҚ 3.1.6. қызмет көрсету контингентінің бос уақытың ұйымдастыру.

КҚ 3.1.7. әлеуметтік көмек қажет ететін отбасын анықтау

КҚ 3.1.8. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету қызметкерлердің қызметін бақылау және әдістемелік басшылық ету.






3.2 .050102 3Тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман


КҚ 3.2.1. Тәжірибелік кеңес беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды ресімдеуге көмектесу: қорғаншылық пен қамқоршылықты анықтау, кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушыларды қоғамдық қорға;

КҚ3.2.2. Неке және отбасы, бала асырап алу, әлеуметтік оңалту, жетімхана мәселелері бойынша заңды кеңес беру;

КҚ3.2.3. Әлеуметтік-медициналық, заңды, психо-педагогикалық және материалдық көмекке мұқтаж отбасы мен жеке тұлғаларды анықтау;

КҚ3.2.4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындар тобы бойынша әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен мекемелер бірлесіп қызмет көрсетуді үйымдастыру;

КҚ3.2.5. ҚР заңдарын, нормативтік актілер және нұсқаулықтарда көзделген талаптарды сақтау;

КҚ 3.2.6. Қазіргі заманғы проблемаларын шешуде тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша алған білімдерін қолдану.







жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау