Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымы анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.
*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы «____»___________
№_____ бұйрығына 108- қосымша
0512000 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндердің циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны(орта буын маманы)
Циклдің, пәннің индексі
|
Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар
|
Қалыптаса
тын құзыреттердің коды
|
ЖББП
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
|
|
ЖГП.00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
|
|
ЖГП 01
|
Кәсіби орыс тілі:
сөздің функционалдық стилі мен көркем сөз стилі; ауызекі сөйлеу стилінің түрлері; ресми-іскери, ғылыми стилі, тілдің фонетикалық құралдарын стилистикада қолдану; грамматикалық лексика-фразеологиялық, синтаксистік құралдарды пайдалану; жай сөйлем түрлерін стилистикада пайдалану;
|
Білімдер:
- түрлі айтылатын стиль ерекшеліктерін;
- оқитын тілдер (қазақ, орыс) синтаксисін, тіл дамуын;
- жиі қолданыстағы фразеологизмдерді;
- жай сөйлемдердің стилистикалық қызметін
Іскерліктер:
- бір тілдік құралдың әртүрлі мағынада қолданылуын;
-синонимдік қатарларды, түрлі грамматикалық формалар мен құрылымдардың мағыналық сипаттарын ажыратуды.
|
БҚ 4,6,7
|
ЖГП 02
|
Кәсіби шетел тілі:
шет тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары; ауызша және жазбаша сөздің ұлттық – мәдени, жалпы кәсіби лексикалық, семантикалық, грамматикалық, прагматикалық аспектілері; фразеологиялық орамдар мен терминдері, сөздің негізгі айтылу формаларын (суреттеу, әңгімелеу, монолог, өзара әңгімелесу, пікірлесу, талдау).
|
Білімдер:
-оқитын шет тілдің жүйесін, түрлі қызмет аясында қолдану принциптерін: лингвистикалық, коммуникативтік, кәсіби-бағдарлық;
- қазіргі аударма ісі негіздерін;
Іскерліктер:
- қазақша, орысша және шет тілде тұрмыста, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста белгілі деңгейде оқу бағдарламасына сай маман екеуара әңгімеде, монологта сөзді қалпына келтіруді және өзгертуді;
- шет тілінің барлық қызметтерін біріктіре отырып қарым-қатынас жасау: танымдық, бағалы-бағдарлық, әдептік.
|
БҚ 1,6,7,8
|
ЖГП 04
|
Дене тәрбиесі:
дене тәрбиесі теориясы; дене тәрбиесі қазіргі қоғамның бір бөлігі; дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық негізі; салауатты өмір сүру; қозғалыс ережелер белсенділігі; еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы дене тәрбиесі; гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы тебу, жүзу, туризм; спорт ойындары, түрлері; Президенттік тестілеу.
|
Білімдер:
-қазіргі қоғамдағы дене тәрбиесінің рөлі және тұлғаның рухани тәрбиесінің рөлін;
- дене тәрбиесінің негізгі принциптерін;
- организмге табиғи және әлеуметтік – экологиялық факторлардың әсерін;
- дене шынықтыру мен ойлау қызметінің өзара байланысын;
- дене шынықтыру жаттығулары кезіндегі организмнің физиологиялық жағдайын;
- адам организмінің қоры және денсаулықты күшейту туралы;
- салауатты өмірді қалыптастыруын;
-қазақтың ұлттық ойындарын, дене тәрбиесі жүйесіндегі спорт ойындарының түрлерін;
Іскерліктер:
- күш пен ептілікті дамытуды;
- организмді жетілдіруді;
- өз денсаулығыңды ескере отырып дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезінде өз жағдайыңды болжауды.
|
БҚ 7,8
|
ӘЭП.00
|
Әлеуметтік экономикалық пәндер
|
|
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану:
мәдениеттану және оның қоғамдағы рөлі; мәдениет пен өркениет; мәдениеттің қалыптасуы; мәдениет түрлері; Батыс Еуропа мәдениеті және оның қазіргі әлемге ықпалы; Қазақстан мәдениет тарихына кіріспе; Қазақстанның көне мәдениет тарихы; ортағасыр, XVIII-XIX ғасыр мәдениеті, ХХ ғасырдың 50-90 ж. Қазақстан мәдениетінің дамуы; ұлттық мәдениеттің қазіргі мәселелері, ХІХ ғасыр кезіндегі қазақтардың мәдени әдет-ғұрыптары.
|
Білімдер:
негізгі түсініктерді;
ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Алла, Мекке ұғымдарын;
көшпенділер құндылығы және олардың тұрмысы туралы;
Қазақстанның орта ғасыр мәдениетіне түрік және араб мәдениетінің ықпалын;
Іскерліктер:
көшпенділер мәдениетінің рухани және материалдық ерекшелігін.
|
БҚ 7
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері:
философия пәні және оның адам өміріндегі рөлі; антиктік философия, ортағасыр философиясы; жаңа заман философиясы.
|
Білімдер:
әлем философиясының негіздерін; адам табиғаты және өмір сүру мәнін; адам мен табиғат арасындағы өзара байланысын, адам тұрмысының ерекшелігін; ғылым және оның рөлін; адамзат ғаламдық мәселелер алдында туралы;
Іскерліктер:
адам мінез-құлқының биологиялық және әлеуметтік, денелік және рухани, саналы және санасыз әдеті мен оның санасының маңызын анықтауды;
қоғамдағы адамдар қарым-қатынас нормаларының адамгершілік қағидаларын реттеуді;
адам және оның табиғат туралы білімін, оның тіршілік ету мағынасын жетілдіруді.
|
БҚ 4,7
|
ӘЭП 03
|
Саясаттану және әлеуметтану негіздері:
әлеуметтану пәнінің пайда болуы, дамуы және әлеуметтану әдістері; әлеуметтану ілімінің негізгі кезеңдері, Қазақстандағы әлеуметану ғылымының дамуы, болашағы; саясаттану пәні және оның әдістері; Қазақстанда саяси ойлардың пайда болуы, Қазақстандағы саяси партиялар; саяси сана және саяси мәдениет; Қазақсан мәдениетінің ерекшелігі, саяси үрдісі; саяси билік және биліктік қатынастағы саяси жүйе, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жүйе, саяси жаңғыру.
|
Білімдер:
ғылымның шығу тарихын, әлеуметтану пәнін, әлеуметтану әдістерін зерттеу ерекшелігін;
саясаттанудың қалыптасу кезеңдерін; саясаттанудың қоғамдағы рөлін; саясаттың шығу үрдісін және оның оның қоғамдық мәнін; саяси ойлар тарихын, Қазақстанда саясаттың пайда болуын; саяси үрдісін, Қазақстандағы саяси жүйе туралы;
Іскерліктер:
негізгі әлеуметтік концепцияларды салыстыруды, талдауды;
саяси концепциялар эволюциясын, үрдістерін, билік мәнін, оқиғаларын, саясат субъектісін талдауды (Қазақстанда, әлемде).
|
БҚ4,7
|
ӘЭП 04
|
Экономика негіздері:
пән, негізгі ұғымдар, қызметі, принциптері, мәні, әдістері; жекеменшік формалары мен түрлерін; жекеменшікті басқару, экономикалық жүйе түрлері; өндіріс және жаңа құн; еңбекақы, табыс; макроэкономикаға кіріспе; аймақтық экономикалық өсу, дүниежүзілік экономика және дүниежүзілік нарық; нарықтық инфрақұрылым; Қазақстанның халықаралық және экономикалық байланысы.
|
Білімдер:
ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды;
экономикалық жүйе түрлерін;
макро және микроэкономика негіздерін, салық, ақшанесиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясатты;
экономикалық басқару тәсілдерін;
Іскерліктер:
экономика жүйелерінің түрлерін сипаттауды, сұраныс түрлерін;
еңбекақы түрлерін, табысты, кірісті және жаңа технология жетістіктерін жіктеуді;
экономикалық жағдайды бағалауды.
|
БҚ 1,2,4
|
ӘЭП 05
|
Құқық негіздері:
«құқық», «жүйе», «көздер» ұғымы; Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқық жүйесінің негізі; адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы, жеке тұлға, құқықтық мемлекет, заңдық жауапкершілік және оның түрлері, құқық салаларының негіздері; Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.
|
Білімдер:
- адам бостандығы мен азаматының құқығын;
- кәсіби қызмет аясында құқықтық және әдептік нормаларды;
Іскерліктер:
- маманның кәсіби қызметіне қажетті құқықтық-нормативтік актілерді пайдалануды.
|
БҚ4,7.9
|
ЖКП.00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
|
|
ЖКП 0.1
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу:
техника құрылымдарына жалпы сипаттама; өндіріске енгізу, қолдану, құжат түрлерін, оларды топтастыру, ресімдеу ережелері; ресімдеу ерекшеліктері, құжаттар мен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін, іс қағаздарын компьютер арқылы ресімдеу; мәні, міндеті, келешегі, негізгі қағидалары, мемлекеттік тілде іс қағаздарын ресімдеу.
|
Білімдер:
- жеке компьютерді, ЭЕМ-нің құрылымдық-функционалды сызбасын, бағдарламалық құралдар нұсқауларын;
- жалпы техниканы;
- оларды өндірісте пайдалануды;
- құжаттарды рәсімдеу ережелерін және оның түрлерін;
- құжаттармен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін;
Іскерліктер:
ұйымдастырушылық-нұсқаулық құжаттар жүйесін бірыңғайлауды;
құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, құжаттар айналымын;
құжаттарды тіркеуді, сақтауды, бақылауды, есеп жүргізуді;
құжаттарды компьютерде ресімдеуді.
|
БҚ 3,5,8,
КҚ.3.1.5
|
ЖКП 0.2
|
Тіл біліміне кіріспе:
лингвистикалық пәні және объектісі, негізгі салалары, тіл білімінің мәселелері, тіл қызметінің даму заңдылықтары; тірі, өлі, табиғи, жасанды тілдер; дыбыстардың аспектілеріне сипаттама, лексикология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография, морфемика, грамматика; әлем тілдері және оның классификациясы.
|
Білімдер:
лингвистикалық пәндер құрылымы мен өзара қарым-қатынасын;
тілдің тарихи даму заңдылықтары мен тілдің ішкі аспектілерін;
сөз ұғымын және оның сөз құрылымындағы орнын;
грамматиканың негізгі бөлімдерін;
тіл түрлерін; графикасын, орфографиясын жазу;
Іскерліктер:
лингвистикалық негізгі терминдерді дұрыс қолдануды;
жалпы қолданыстағы сөздердің лексикалық мағынасына түсіндірме беруді;
оқылған тілдерден мәндес сөздерді табуды;
сөздердің шығу тарихын анықтауды;
бір тілді және аударма сөздіктерді пайдалануды.
|
БҚ.3,8
КҚ.3.1.3
|
ЖКП 0.3
|
Мамандыққа кіріспе:
қазіргі әлемде аударманың орны және рөлі, аудармашының түрлі тілдер мен мәдениет өкілдері арасындағы байланысты ретіндегі негізгі қасиеттері, тілдік құзыреттілік, психологиялық және тәндік дайындық, филология пәндері жүйесінде аударма теориясы және жалпы аударма ісі тұжырымдамасы, аударма түрлері, аударма бірліктерінің ұғымы, көркем аударма тарихы; аударма жаһандық, трансфор-мациялық ғылым, аудармашының кәсіби этикасы; аударма ережесі; келіссөз жүргізуге дайындық әдістері, принциптері мен тәсілдері, аударманың негізгі санаты; көркем аударма ерекшеліктері.
|
Білімдер:
- қазіргі әлемде аударманың рөлі мен аудармашының орны, түрлі тілдер мен мәдениет өкілдері арасындағы байланыс ретіндегі негізгі қасиеттерін;
- жалпы аударма ісінің тұжырымдылығын және филология пәндер жүйесіндегі аударма теориясын;
- аудармашының кәсіби этикасын;
Іскерліктер:
-істің, ғылымның көкейкесті мәселелері бойынша өз көзқарасын негіздеп, талдап айтуды;
- қазіргі жағдайда шет тілі тарихын талдауды; қазақ, орыс, шет тілінде тұрмыста, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас деңгейіне қарай екеуара сөйлескенде не әңгімелескенде мамандығы бойынша белгілі білім беру бағдарламасына сай әңгімелесуді.
|
БҚ.1,2
КҚ3.1,2,
КҚ3.2.4,
|
ЖКП 0.4
|
Компьютер технологиясының негіздері;
жеке компьютер құрамы, процессор, еске сақтауы және оған сипаттама, ақпарат түрлері, ақпаратты қабылдау, жинау, жіберу, ақпаратты өңдеу, ПЭЕМ туралы жалпы мағлұмат, есептеу жүйелері, ақпарат технологиясының элементтері, қолданбалы бағдарламалар пакеті, Интернет, Windows ақпарат жүйесінің негіздері; Microsoft Office пакеттері; Excel 9X электрон таблицасы; Access 9X деректер базасы.
|
Білімдер:
- ақпарат түрлері, ақпаратқа пән қасиет ақпарат үрдістерін іске асырушы техникалық құралдар; ПЭЕМ және олардың түрлері, есептеу жүйеі, қолданбалы бағдарлама пакеттері.
Іскерліктер:
- Интернетпен, Windows ақпарат жүйе негіздерімен, Microsoft Office (Word, Excel т.б.) пакеттерімен жұмыс істей алуды; ақпараттарды сақтау және оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
- дискеттерді және дискеттің жүйелі аймақтарын форматтауды.
|
БҚ.2,5,7
КҚ.3.1.5
|
ЖКП 0.5
|
Шет тілінің тарихы:
тіл тарихы мен халық тарихы арасындағы байланыс, тілдің ішкі, сыртқы тарихы, тіл өзгерістеріндегі мәселелер, оқытылатын тілде тарихи және лингвистикалық талапардың қалыптасуы, оқытылатын тілдің өмір сүру эволюциясының кезеңдеріне сипаттама, шет тілінің грамматикалық құрылысының негізгі даму тенденциялары мен сөздік қордың қалыптасуы;
|
Білімдер:
шет әдеби тілінің қалыптасуы мен жазудың дамуын;
шет тілі сөздігінің құрамы мен кірме сөздердің рөлін;
Іскерліктер:
-көне, орта, қазіргі шет тілінің морфологиялық ерекшеліктерін анықтауды, шет тілінің әлемге таралуын және қазіргі кездегі тарихи оқиғалар негізін анықтауды.
|
БҚ.7,9
КҚ 3.1.5
|
ЖКП 0.6
|
Лексикология
теориялық және практикалық лексикология; тіл біліміне кіріспенің басқа бөлімдері мен шет тіл қызметінің ерекшеліктері; сөзжасам құрылым, морфема әдістері мен принциптері; этимология, кірме сөздер, сөзжасам жүйесі, шет тілдің әдеби лексикасы; диалектизм, жасамның ұлттық – мәдени ерекшелігі, лексикалық бірліктердің үйлесімділігі, сөздік құрамның территориялық және әлеуметтік дифференциациясы.
|
Білімдер:
- қазіргі шет тілі; лексикология бірліктері негізін және түрлі тілдерде (қазақ, орыс, шет тілі) ұлттық мәдени ерекшеліктерін;
Іскерліктер:
-лексикология бірліктерінің қолдану дағдысын жетілдіруді;
- қазіргі шет тіліндегі кірме сөздер мен лексиканы пайдалануды;
- түбір, аффиксті және аралас антонимдерді ажыратуды;
-идеографиялық және стилистикалық синонимдерді.
|
БҚ 7,8
КҚ3.1.4
|
ЖКП 0.7
|
Стилистика:
стилистика туралы ұғым; стилистикалық норма; стилистиканың қызметі, әдеби тіл оның түрлі қызметі; қазіргі шет, қазақ, орыс тілдерінің стиль жүйесі, тілдік тіршіліктердің стилистикалық сипаттамасы, коды және нормасы, тілдің вариативтілігі, сөйлеу мәдениетінің нормативтік, коммуникативтік және этикалық деңгейі, шет, орыс, қазақ тілдерінің орфографиялық, пунктуа-циялық, орфоэпиялық, лексикалық грамматикасы, нормалары, стилистикалық өзара байланысы, сөйлеу мәдениеті және шешендік.
|
Білімдер:
тілдің экспрессивтік құралдарының қызметін, стилистикалық тәсілдерді, тілдің сөздік құрамын топтастыруды;
функционалды стильдерді топтастыруды;
түрлі функционалдық стильдердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын;
Іскерліктер:
-тілдің стилистикалық белгіленген лексикасын сәйкестендіруді;
соңғы буындар үндестігін анықтауды;
түрлі функционалдық стилдерді лингвостилистикалық тұрғыдан талдауды.
|
КҚ 3.1.6
БҚ.7,8
|
ЖКП 0.8
|
Маркетинг пен менеджмент негіздері:
басқару үрдісіндегі ұйымдастырушылық элементтер, басқару мектептері және оның өкілдері, басқарушылық шешімдер, нарықтық мүмкіндіктерді талдау; сұраныс жағдайы, мақсат, маркетинг түрі, өнімді жоспарлау және баға, менеджмент қызметтері және оларды топтастыру, маркетинг кешенін өңдеу, АҚШ және Жапония басқарушылығындағы тәжірибелер.
|
Білімдер:
маркетингтің әлеуметтік негіздерін, адам сұранысының қанағаттануын және жұмыс істейтін фирмаларды макроортадағы негізгі дәлелдерін;
басқару үрдісі және маркетинг бойынша басқару үрдісіндегі ұйымдастыру элементтерін және менджмент тарихын, басқару мектептерін және олардың өкілдерін;
басқару қызметтерін;
Іскерліктер:
нарық факторларын анықтауды;
жоспарланған және жоспардан тыс мәселелерді топтастыруды;
мәселелер шешімінің дұрыс кезеңдерін ажыратуды.
|
БҚ9,10
|
АП.00
| Арнайы пәндер | |
|
|
Аудармашы біліктілігі
|
|
|
АП 01
|
Қарым-қатынас психологиясы мен іскерлік қатынас:
қазіргі психология ғылымының құрылымындағы психологиялық қатынастар түрлері, қызметі, қатынас құрылысы; өзарақатынастың әлеуметтік – психологиялық аспекттері, басқарушылық қатынастағы психология және технология; шетелдік серіктестермен іскерлік қатынастағы психологиялық аспекттер; іскер адамның қатынастағы әдебі; қызмет аясындағы мәдениеті; іскерлік саладағы этикет.
|
Білімдер:
қарым-қатынастың жаңа түрлерін;
жеке тұлғалар арасындағы қатынасын, оның ерекшеліктерін;
өзара қарым-қатынастың негізгі түрлерін;
сөйлеу мәдениеті және сөйлеу әдебі;
басқарушылық қатынас ұғымы және оның негізгі заңдарын;
Іскерліктер:
қарым-қатынастың қызметін және базалық түрлерін жіктеуді;
өзінің коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыруды және оларды жетілдіру үшін бағдарлама жасауды;
аттракция тәсілдерін қолдануды;
тыңдау түрлерін анықтауды және оның тәсілдерін қолдануды.
|
БҚ 1,2.6,8
КҚ.3.1.2
|
АП 0.2
|
Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы мен практикасы:
мәдениетаралық қатынас үрдісін зерттеу әдістері; лингвистикалық, эксперименттік анкета жазу әдісі; қатынас ұғымы; бизнес мәдениеті және мәдениетаралық қатынас; аударма; аударма және мәдениетаралық қатынас; тіл мен аудармашының өзара әсері; аудармашылық және мәдениаралық құзыреттілік; әр түрлі жанрдағы мәтіндерге мәдени сипаттама және олардың аудармасы.
|
Білімдер:
- шет ел мәдениетінің тарихи көптүрлілігін, өркениетін, тарих мәселелерін, тіл мәдениетін және дінін;
- шет тілі елінің менталитетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын;
- қатынас мәдениеті туралы ұғымды және мәдениетаралық қатынасты;
Іскерліктер:
- аударма үрдісінде өзара әсер ететін мәдениаралық қатынасты анықтауды;
- мәдениаралық қатынастың этикалық нормаларын талдауды;
- таңдаған мамандықта еркін бағдарлауды және аударма ісінің әдістемелік мәселелерінің шетел тіл теориясының мәдениетаралық қатынасын.
|
БҚ.1
КҚ 3.1.1
|
|
«Гид - Аудармашы» біліктілігі
|
|
|
АП 0.1
|
Қарым-қатынас психологиясы және іскерлік қатынас:
қазіргі психология ғылымының құрылымындағы психологиялық қатынастар түрлері, қызметі, қатынас құрылысы; өзарақатынастың әлеуметтік – психологиялық аспекттері, басқарушылық қатынастағы психология және технология; шетелдік серіктестермен іскерлік қатынастағы психологиялық аспекттер; іскер адамның қатынастағы әдебі; қызмет аясындағы мәдениеті; іскерлік саладағы этикет.
|
Білімдер:
қарым-қатынастың жаңа түрлерін;
жеке тұлғалар арасындағы қатынасын, оның ерекшеліктерін;
өзара қарым-қатынастың негізгі түрлерін;
сөйлеу мәдениеті және сөйлеу әдебі;
басқарушылы қатынас ұғымы және оның негізгі заңдарын;
Іскерліктер:
қарым-қатынастың қызметін және базалық түрлерін жіктеуді;
өзінің коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыруды және оларды жетілдіру үшін бағдарлама жасауды;
аттракция тәсілдерін қолдануды;
тыңдау түрлерін анықтауды және оның тәсілдерін қолдануды.
|
БҚ 1,2.6,8
КҚ.3.1.2
|
АП 02
|
Мәдениетаралық қатынас теориясы мен практикасы:
мәдениетаралық қатынас үрдісін зерттеу әдістері; лингвистикалық, эксперименттік анкета жазу әдісі; қатынас ұғымы; бизнес мәдениеті және мәдениетаралық қатынас; аударма; аударма және мәдениетаралық қатынас; тіл мен аудармашының өзара әсері; аудармашылық және мәдениаралық құзыреттілік; әр түрлі жанрдағы мәтіндерге мәдени сипаттама және олардың аудармасы.
|
Білімдер:
- шет ел мәдениетінің тарихи көптүрлілігін, өркениетін, тарих мәселелерін, тіл мәдениетін және дінін;
- шет тілі елінің менталитетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын;
- қатынас мәдениеті туралы ұғымды және мәдениетаралық қатынасты;
Іскерліктер:
- аударма үрдісінде өзара әсер ететін мәдениаралық қатынасты анықтауды;
- мәдениаралық қатынастың этикалық нормаларын талдауды;
- таңдаған мамандықта еркін бағдарлауды және аударма ісінің әдістемелік мәселелерінің шет тіл теориясының мәдениетаралық қатынасын.
|
БҚ.1
КҚ 3.2.1
|
АП . 00
|
Арнайы пәндер
|
|
|
АП 01
|
Шет тілін ауызша және жазбаша машықтандыру:
Шет тілінің фонетикалық, орфографиялық, орфо-эпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормалары; ойды жеткізудегі негізгі сөйлеу формалары: хабарлау, суреттеу, ой таластыру, монолог, диалог, полилог, сөйлеу мәдениеті, сөйлеу этикеті.
|
Білімдер:
- сөйлеу қызметінің түрлі салаларында қолданылатын коммуникативтік-лингвистикалық, әлеуметтік мәдени және прагматикалық құзыреттіліктің дамуын ;
- тілдің туыстық байланыстарын және оның басқа тілдермен типологиялық өзара байланысын;
Іскерліктер:
-сөйлеудің коммуникативтік құрылысын және оны хабарлау амалдарын анықтауды;
- мәтіннің коммуникативтік тұтастығын, семантикалық және құрылымдық түрін талдауды;
- редакциялауды, келіссөз және іскерлік кездесулер жүргізуді;
- сөзге фонетикалық және синтаксистік талдау жасауды;
- шет тілінің барлық оның қызмет түрлерін пайдалана отырып қарым-қатынасты іске асыруды.
|
БҚ.1
КҚ.3.2.1
КҚ3.2.2
|
АП 0.2
|
Аударма теориясы мен практикасы:
аудармадағы адекваттік пен эквиваленттік арасындағы байланыс; аударма трансформациясының түрлері; сөйлеудің коммуникативтік құрылымы және аударма жеткізу амалдары; сөйлемдерді бөлу және қосу, қайталау және құбылту, аударма трансформациялары: дәлдік, басшылық, модулдеу; мағыналық даму орнын толтыру; қысқарту, аңдатпа жазу; сөздікпен анықтамалар, деректермен және түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс.
|
Білімдер:
- заңды сәйкестік теориясын, эквивалент деңгейін, жалпы және жеке адекваттікті; аударма үрдісін жаңалауды;
- аударманың мазмұндылық, стилистикалық, прагматикалық адекваттілігін;
- аударма трансформа-циясының түрлерін: орнын өзгерту, ауыстыру, қосу және қалдырып кету; грамматикалық және лексикалық ауыстырулар;
- тілдік және мәдениеттанулық лакундерін; айтудың коммуникативті логикалық құрылымы және оны жеткізу амалдарын;
Іскерліктер:
- тура, адекватты және еркін аударманы іске асыруды;
-аударма трансформацияларын қолдауды;
- антонимдік аударма, суреттей отырып аударуды, орнын толтыруды;
- аударматануда ана тілі мен шет тілінің түрлі функционалдық стилдерін пайдалануды.
|
БК.1
ПК.3.2.1
ПК3.2.2
|
АП 03
|
Іскерлік шетел тілі және іскерлік қатынастар:
іскерлік танысу, коммерциялық таныстық, сұрау; іскерлік аясындағы өзгеріс, сұранысты толтыру, көшбасшылық; өтініш, іскерлік құжаттарды жазу стилі, келіссөздер, банктермен хат алмасу; төлем талаптары, корпоративтік стратегия және жоспарлау; компанияларды басқару, жұмысқа арыз, мәміле, хат алмасу, жаһандандыру, телефон, телеграф, менеджер.
|
Білімдер:
-шет тілінің ресми-іскери стиль ерекшеліктерін; көшбасшылық; сұраныс түрлерін, формаларын, жауаптарын т.б.
- келіссөз жүргізуді жазбаша не компьютерде құжаттарды жазуды;
- несиелерді, есептерді,
төлеу түрлерін.
Іскерліктер:
-келіссөздер, тапсырыстар мен сұраныстар;
-техниканы меңгеру, редакциялауды;
-лексика-грамматика материалының базасында тұсау кесерде шығып сөйлеуді;
-компанияның тарихы мен қызметі туралы баяндама жасауды.
|
КҚ.4
АҚ.3.1.3
|
АП 04
|
Шет тілі фонетикасы:
негізгі фонетикалық бірліктер; теориялық және қолданбалы, жалпы және жеке фонетика; жазбаша және ауызша сөйлеу формасы; орфоэпия ұғымы; шет тілі фонетикасы және фонологиясы; шет тіл фонетикасының базасы және оның компоненттері, фонемдерді топтастыру принциптері; филологиялық оппозиция жүйесі; фонетикалық сөз құрылымындағы буын қызметі; синтагма және фраза; фонетикалық сөз, синтагма, сөйлеудегі екпінді түрлері және олардың қызметі; ырғақ компоненті және фоностилистка просодиясы; айтылу ұғымы және шығарма стилі; мәтін фонетикасы және дискурсы.
|
Білімдер:
- шет тілі фонетикасының құрылымын;
- фонетиканың лингвисти-калық пәндермен байланысын: лексикология, грамматика, стилистика және шет тіл тарихымен;
- көркем айтылу типтерін, айтылу стильдерін.
Іскерліктер:
- фонетика саласындағы зерттеу әдістерін пайдалануды;
- туған тіл мен шет тілінің сөзге түсетін екпінді салыстыруды;
-фонема мәселелерін анықтауды, оның қызметі мен фонологияның дамуын;
-оқылатын тіл екпінін сипаттауды, буынның негізгі түрлерін және оның варианттарын.
|
БҚ.1
КҚ3.1.3
|
АП 0.5
|
Шет тілі грамматикасы:
морфология мен синтаксис грамматиканың екі бөлігі; негізгі грамматикалық ұғымдар; формасы, мағынасы, қызметі; сөздерді топтастыру мәселелері, мағыналық және функционалдық сөз таптары; зат есімнің грамматикалық ерекшелігі; етіс категориясы, рай категориясы етістіктің тұйық формасы және оның грамматикалық ерекшелігі; сын есім, үстеу, сан есімнің грамматикалық ерекшеліктері, сабақтас құрмалас, сөйлем құрылымы.
|
Білімдер:
- шет тілінің грамматикалық құрылысын;
- грамматиканың негізгі тарауларын, олардың қатынасын, теориялық грамматиканың басқа пәндермен байланысын; сөз таптарын топтастыруды; синтаксистік деңгейдің негізгі бірліктерін;
Іскерліктер:
- мәтіннің семантикалық, құрылымдық, коммуникативтік тұтастығын және мәтін түрін анықтауды;
- сөйлем түрлерін және сөз таптарының грамматикалық категорияларын.
|
БК.1
КҚ3.1.5
|
АП 0.6
|
Қолданбалы компьютер бағдарламалар курсы:
жеке компьютер құрамы, процессор, еске сақтауы және оған сипаттама, ақпарат түрлері, ақпаратты қабылдау, жинау, жіберу, ақпаратты өңдеу, ПЭЕМ туралы жалпы мағлұмат, есептеу жүйелері, ақпарат технологиясының элементтері, қолданбалы бағдарламалар пакеті, Интернет, Windows ақпарат жүйесінің негіздері; Microsoft Office пакеттері; Excel 9X электрон таблицасы; Access 9X деректер базасы.
|
Білімдер:
- ақпарат түрлері, ақпаратқа пән қасиет ақпарат үрдістерін іске асырушы техникалық құралдар; ПЭЕМ және олардың түрлері, есептеу жүйесі, қолданбалы бағдарлама пакеттері.
Іскерліктер:
- Интернетпен, Windows ақпарат жүйе негіздерімен, Microsoft Office (Word, Excel т.б.) пакеттерімен жұмыс істей алуды; ақпараттарды сақтау және оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
- дискеттерді және дискеттің жүйелі аймақтарын форматтауды.
|
БҚ 4
КҚ.3.1.4
|
|
Біліктілігі «Аудармашы», «Гид-аудармашы»
|
|
|
АП 0.7
|
Елтану:
Шет тіл елінің географиялық жағдайы, мемлекеттің физикалық және экономикалық географиясы; ғылымның дамуы, экология, географиялық ерекшеліктері; тарихи даму кезеңдері, саяси жүйе, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның мәселелері, оларды шешу жолдары; сыртқы саясат; қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі шет елдің орны мен рөлі; халықаралық ұйымдағы мүшелік орны, Қазақстан Республикасымен арақатынасы және болашақ байланысы.
|
Білімдер:
-шетел елінің географиялық жағдайын; мемлекеттің физикалық және экономикалық географиясын және оның тарихи даму кезеңдерін;
- саяси жүйені және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, оның мәселелерін және оны шешуші жолдарын;
-сыртқы саясатты, сыртқы саяси қызметті;
-Қазақстан Республикасымен арақатынас жағдайын; рәміздерін; негізгі қалаларды, қоныс тебу жүйесін, ерекшелігін, климаты мен минералдық ресурстарын.
Іскерліктер:
- картографияны пайдалануды;
- Қазақстан, шет (оқытылатын шет тілінің) елдерінің географиялық жағдайын, ауа-райын, халқын, экономикасын, қоғамдық салыстыра сипаттауды;
- білім беру жүйесін талдауды.
|
БҚ 1
КҚ 3.2.3
|
АП 08
|
Аймақтану:
Қазақстанның экономикалық және саяси географиясы; олардың сипаттамасы; Қазақстан рельефтерінің ерекшеліктері, өзендер, теңіздер мен көлдер, жағалаулар; ауа-райы, ауа-райы, өсімдіктер мен аңдар; Қазақстан экономикасына сипаттама; пайдалы қазбалар және энергетикалық ресурстар; өнеркәсіп өндірісінің дамуы, ауыл шаруашылығы; Қазақстандағы әкімшілік-территориялық бөлу және жергілікті билік органдары.
|
Білімдер:
-Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясын және шет ел географиясын;
- әлеуметтік, территориялық бөлу және Қазақстан жергілікті органдарын;
Іскерліктер:
- өмірдің әр саласында кәсіби қызметті анықтауды (аймақтық және халықаралық туризм саласында);
- мәдениаралық қатынаста өзінің әлеуметтік, экономикалық және кәсіптік рөлін білуді.
|
КҚ.3.1.4
КҚ 3.2.1
|
КП.00
|
Кәсіптік практика
|
|
|
КП. 0.1
|
Оқу практикасы
Аударма ісінің оқу-теориялық негізі; оқу және тәжірибе дағдылары; оргтехникамен жұмыс істеу; аударма ісінің теория мен тәжірибе арасындағы байланысты дағдыландыру; аудармада мәдени бейімделу және заңдылық құбылыстарға теңделу; аударма трансформациясының түрлері; аударманың коммуникативтік және прагматикалық аспектері; ресми-іскерлік, ғылыми, газет және публицистикалық, жарнамалық, шығармашылық прозалар мен поэзиялардың аударылу ерекшкліктері.
|
Іскерліктер:
- оргтехникамен жұмыс істеу қауіпсіздігін сақтау;
-оқытылатын шет тілінің теория негіздері мен аударма теориясы, мәдениаралық қарым-қатынас теориясы, сол елдің тарихы мен мәдениеті;
-ана тілі мен шет тілінің тілдік жүйесі;
-аударма ісін ұйымдастыру, тіл этикетінің негізгі формалары.
Дағдылар:
-келешек аудармашының кәсіптік шеберлігін, аударма ісіндегі білімін және дағдыларын қалыптастыру;
-аударма ісі бойынша оқыту әдістері мен түрлерін тиімді қалыптастыру;
-жүйелі аударма ісінде техникалық жазба жұмыстарын жүргізе алу;
-жазбаша аударманың аударылу этаптарын айыра білу;
-қазіргі шет тілінің лексикасын, оның қолдану және шығу тегіне талдау жасай алу;
-әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар, дидактикалық материалдармен (ЭЕҚ) жұмыс жүргізу.
|
КҚ3.1.1
КҚ 3.1.3
КҚ3.1.4
КҚ3.1.5
|
КП 02
|
Оқу-технологиялық практика
Түйіндеме жасау (2 тіде), талдау, өздігінен істелінген жұмыстарына талдау жасау, сөздіктермен жұмыс істеу, әртүрлі жанрдағы аудармаларды жасау (жазбаша, ауызша, екі жақты), аударма өзгертулерін қолдану (орнын өзгерту, нақтылау, жіктілеу), аударманың грамматикалық негіздерін сақтау (синхронды, ілеспе, сөзбе-сөз, бірізді); аударманың функциялық стилін сақтау (ғылыми, сөздік, жазбаша, ауызша, ресми, іскерлік т.б.); бірізді аударманың, жазбаша аударманың этаптарын байқай алу; оқып-үйреніп жатқан заманауи шет тілінің қолдану және оның шығу жолдарын талқылай алу.
|
Іскерліктер:
- әртүрлі аударма іс-әрекеттерімен жұмыс жүргізе алу;
- тәжірибелі іс жүргізу, тілдің әртүрлі жанрлар мен стильдерін, принциптерін, ерекшеліктерін сақтай отырып жұмыс жүргізу.
Дағдылар:
-аудармада дұрыс лексикалық (яғни сөздік) мағынасын, баламасын тауып, керекті нұсқаларын қолдана отырып, аудару;
-ресми-іскерлік, ғылыми-техникалық, хабарламалар, публицистикалық материалдарды аудару.
|
КҚ3.1.1
КҚ 3.1.3
КҚ3.1.4
КҚ3.1.5
|
КП 03
|
Кәсіптік практика
Әртүрлі аударма іс-әрекеттерін ұйымдастыру; ауызша аудармада жазып алу техникасы, ауызша аударманың ережелерін сақтау. Салыстырмалы талқылау жасау, қолайлы мәтін вариантын талдау. Мәтіннің негізгі мағынасын жоғалтпай қысқарту, аннотациялау, әртүрлі жанрдағы мәтінді редакциялау. Қағаздан аудару: іскерлік іс-қағаз, хаттар, түрлі құжаттар, ақпараттық хабарламалар, газет-журналдардан мақалалар. Тәжірибелі жұмыс аударманың функционалдық стилі (ғылыми, ресми-іскерлік, публицистикалық сөздік).
|
Іскерліктер:
-Оқып-үйреніп жатқан шет тілімен сөйлеуші ана тілдерімен жұмыс істей алу; аудармада сөйлем мүшелерінің кейбіреуін ауыстыру, сөйлем структурасын толық ауыстыру; кез келген келіссөздерді, келісімдерді, тұсаукесер жұмыстарды жүргізе білу; ресми, ғылыми-техникалық, ғылыми суреттелген публицистикалық материалдарды аудару.
Дағдылар:
-жалпы қолданыстағы лексиканы термин сөздермен ажырата білу;
-мәтінді аударғанда мағынасын дәл жеткізе отырып, қысқартуға үйрену;
-ресми баяндамалар, сұхбаттар, келіссөздер, семинарларды екіжақты аудара білу;
-аудармашының аудармасында түсінуге қиын сөйлемдерді болдырмауға тырысу, сөйлеу екпіні тыңдауға жайлы, ритмикалы меңгерілген болуы тиіс.
|
КҚ3.1.1
КҚ 3.1.3
КҚ3.2.1
КҚ3.2.3
|
КП 04
|
Диплом алдындағы практика
Сөздікпен, негізгі жүйе мәліметтерімен және басқа да апараттық деректемелермен жұмыс істеу. ЭВМ, дидактикалық материалдарды топтау және қолдану, әдістемелік т.б. әдебиеттермен жұмыс жүргізу. Курстық-жоба жұмысына шығармашылық тұрғыдан ізденіс жұмысын жасау.
|
Іскерліктер:
- курстық-жоба жұмысының барлық құжатттарын білу;
- курстық-жоба жұмысының тақырыбын таңдай білу;
Дағдылар:
- құжаттармен жұмыс істеуге;
- курстық-жоба жұмысын қорғауға дайындық жұмысын жүргізуге;
- курстық-жоба жұмысына талдау жасауға.
|
КҚ3.1.1
КҚ 3.1.3
КҚ3.2.2
КҚ3.2.3
|
Ескерту 1-кесте. Базалық құзыреттер
Құзырет
тер коды
|
Базалық құзыреттер
|
БҚ 1
|
өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;
|
БҚ 2
|
кәсіптік жағдайға жүйелі әрекет ету қабілеті болу керек, өзінің іс-әрекетін талдап, жобалауға, белгісіз жағдайларда өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу керек;
|
БҚ 3
|
орындалатын жұмысқа жауапкершілік танытуға, кәсіптік іс-әрекет саласында проблемаларды тиімді шешуге дайын болу;
|
БҚ 4
|
әртүрлі ұйымдастырушы-құқықтық нысандағы мекемелерде кәсіптік міндеттерді шешу бойынша практикалық іс-әрекетке қабілетті болу; кәсіптік лексиканы меңгеру;
|
БҚ 5
|
өз еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіптік іс-әрекет саласында компьютерлік техниканы қолдануға дайын болу;
|
БҚ 6
|
әріптестермен өзара жылы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайын болу;
|
БҚ 7
|
үнемі кәсіптік жағынан өсуге, жаңа білім алуға дайын болу, творчестволық өзін-өзі жетілдіруге талпыну;
|
БҚ 8
|
Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін білу
|
БҚ 9
|
Ақпаратты өз бетінше іздеу және табу негізіне тәжірибелік міндеттерді шешу;
|
2 кесте Кәсіптік құзыреттер
|
3. Орта буын маманы
|
3.1 051201 3 Аудармашы
|
КҚ 3.1.1 – кәсіби әдептілікті сақтау;
КҚ3.1 2. – аударманың бастапқы мәтінінің мазмұнын өзінше түсіндіре алу, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып өзгерту;
КҚ3.1.3. – аударманың бастапқы мәтінінің мазмұнын сақтай отырып тұспалдап жеткізу;
КҚ 3.1.4. – ана тілінен шет тіліне рефераттық аудару, айтылған сөзді, пікірді қайта өзгерту және оның мәнін шығару;
КҚ 3.1.5. – ауызша дәйекті (ретті) аудару кезінде бір тілден екінші тілге тез қарқынмен ауысу;
КҚ 3.1.6. – Windows операциялық жүйесімен, Microsoft Office ақпараттық пакетімен, Promt бағдарламасымен, Jil Translator Otrano аудармашы сөздігімен жүйелік параметрлерді баптаумен, файлдарды басқару жұмысын істеу. ;
|
|
3.2 051202 3 – Гид аудармашы
|
КҚ3.2.1. – адамдармен қарым-қатынас кезінде әртүрлі дарашылдығын және жеке тұлға қасиеттілігін сақтау, сондай-ақ серіктестікте бір-бірінің ұлттық мәдениетінің ерекшеіктерін құрметтей отырып қарым-қатынас жасау;
КҚ.3.2.2- Тіл құбылыс білімін көрсетіп жұмыс жүргізу, тіл жүйесі мен оның жұмыс істеуін сипаттай отырып оқып, үйреніп жатқан шет тілінің мысалдарына сүйене отырып аудару;
КҚ3.2.3. – аудару ісін жүргізу кезінде сөйлеу дауыс ырғағын сақтау, оқып-үйреніп жатқан шетел тілінің дыбыстық құрылымын, олардың шетел тілде айтылуын оқып-үйренгенімен байланыстыру;
КҚ 3.2.4. –оқып-үйреніп жатқан шетел тілі мен ана тілінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтау, басқа ұлттың мәдениетін, географиялық жағдайын, климатын, экономикасын, өнеркәсібін, тұрғындық саласын, ұлттық-мәдениет ерекшеліктерін құрметтей отырып жұмыс жүргізу.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |