References:
1. Carole A. Ames Motivation: What teachers need to know. Free electronic library - Abstracts, Thesis,
Dissertations. www.abstract.lib-ebook.com
2. Hattie, J. & Timperley, H. The power of feedback. Review of Educational Research 2007, 77 (1),
81-112.
3. Khassenova A.K. Newly qualified teacher of innovative school.
Сайт филиала акционерного
общества «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» институт повышения
квалификации
педагогических
работников
по
Западно-Казахстанской
области».
www.zkoipk.kz
4. Sharyn O`Neill Effective teaching. About Education. www.teaching.about.com
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДЫ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Курманова А.К.
(
п.ғ.м., ак. доцент, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті)
В этой статье рассматривается лингвистическая основа системы упражнении
в изучении лексического минимума в овладении вторым языком.
Философтар мен физиологтардың пікірінше, тіл мен сан, тіл мен ойлау өте тығыз
байланысты. Себебі адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табады, өз сөзін дұрыс құрау
арқылы тіл үйренуші өз ойын нақтылай түседі, оны дамытады. Адам ойы тілдік
материалсыз дами алмайды, мыңдаған сөздерді, грамматикалық форма жүйесін, оларды
қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы тіл үйренушінің ойлау жүйесі дамиды. Сондықтан
тілді оқытуда оқытушы тіл мен ойдың байланысын естен шығармау керек.
Жеке адамның сөйлеуінің өзі-оның білімі мен мәдениетінің, сауаттылығының
жалпы рухани дәрежесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Себебі, адамның сөйлеуінен
оның ішкі жан дүниесі ой толғанысы байқалады. Сондықтанда тіл дамыту
мақсатындағы лексикалық минимумды меңгерту- оқу үдерісіндегі ең басты мәселе.
Тіл арқылы адам ойын басқаға жеткізеді, қарым-қатынас жасайды және сол
арқылы басқаға әсер етіп, ой салады. Демек, тілді қатынас құралы ретінде пайдалану
үшін соған қажетті және жеткілікті мөлшерде тілдің фонетикалық, грамматикалық
және лексикалық икемділік пен дағдылары игертіледі. Ол туралы С.Ф. Шатилов: «Под
речевым умением понимается, следовательно, автоматизированное-правильное и
творческое употребление языковых явлений во всех видах и формах речи в их
естественной связи друг с другом в соответствий с целями и условиями
коммуникациями», – деген пікір білдірген [1, 23].
Лингвистикалық зерттеудің екі бағыты бар: біріншісі–тілдік жүйені зерттеу, ал
екіншісі – сөйлеуді қарастыру. Сондықтан лингвистика сөйлеу түрлерін, қатысымның
тілдік құралдарын қарастырады. Олай болса, тіл дамыту үшін тілдік құрылысты дұрыс
меңгертудің қажеттілігі анық мәселе болмақ. Бұл жөнінде А.И. Липкина мен
М.И.Оморокова: «... тіл үйренушілердің ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне, сондай-
ақ сөйлеу және есту қабілеттеріне зейініне көңіл бөле отырып, тілдік материалдарды
орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру негізгі мәселенің бірі болып отыр.
Мысалы, тілдің фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика тарауларын
оқыту арқылы тіл үйренушілердің сөздік қорын байытып, тілін дамытуға болады», –
деген [2, 27].
60
Себебі тіл үйренуші тілінің дамуы, сөздік қорының баюы тілден игерген білімнің
толысып, кеңейіп отыруына байланысты. Тілі дамыған адамның ойы да жақсы дамиды,
қоғам мен өзін қоршаған табиғат жайында күрделі ұғымдардың байланысын түсінуі,
тануы жеңілдейді.
Ал тіл дамытудың теориялық негізі халықтық педагогикада, соның қайнар көзі
халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ежелден –ақ өмірінің қызығы, бақыты бала деп
қараған ата-ана бала тәрбиесіне барын салып, бар қымбаттысы мен асылын соған
арнады. Ол кездегі тәрбие құралы-халық ауыз әдебиеті нұсқалары, халық қазынасы-
ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-тақпақтар ауызша жатталып, атадан балаға үлкен
мирас болып қалып, оның ой сезімін дамыту, тілін ширату, айналадағы қоғамдық өмір
шындығын таныту ісіне үлкен үлес қосып келеді.
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, ұлы педагог Ы. Алтынсарин тұңғыш
рет балалар ауыз әдебиетін жинап, бастырып, балаларды тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті
шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі
сөйлеу тіліне жаттықпайынша қай-қай тілде болса да, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»,-
дейді [3, 140].
Ғалым, халық ауыз әдебиетін зерттеуші М. Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз
әдебиеті» деген еңбегінде: «Мал бағып көшпелі өмір сүрген қазақ халқы өлең
жырларында өздерінің ізгі тілек, ақыл өсиеттерін жастар мен балалардың есіне салып,
құлағына құя бергенін, оларды болашақ өмірдің биік мұнарасына меңзеп, адалдық пен
адамдықтың асыл мұраларына тәрбиелеу мақсатын көздеген, ал мақал-мәтел,
жаңылтпаш, жұмбақтардың тіл ұстарту ісінде басты құрал болғандығын айтады» [4, 42-
88].
Ғалым А.Н. Гвоздев «Формирование у ребенка грамматического строя русского
языка» деп аталатын еңбегінде бала тілінің дамуын зерттей келіп 1 жастан 7 жасқа
дейінгі аралықтағы баланың тілі үнемі үздіксіз даму үстінде болатынын тілдің
фонетикалық, грамматикалық ережелерін меңгермей-ақ, сезінбей-ақ сөз тіркестерін
жасап сөйлемдер құрай алатындығын, ойын дамыта жеткізе алатындығын айтады.
[5,29-35].
Тілді меңгету туралы А.А. Леонтьев: «Әдетте сөйлеуші адам айтпақ сөзін айқын
пайымдап үлгерген тұста бір-ақ бастайды. Осының нәтижесінде сөздің ойдағы
нобайынан грамматикалық және лексикалық тұрғыдан жүзеге асу үдерісі ғана
зерттеледі. Алайда логикалық тәртіп бойынша бұдан бұрынырақ болатын құбылысты
зерттеу мәселесі тым сирек қолданылып жүр. Қалай айтуды білу үшін алдымен не
айтуды білу қажет», – деп көрсетеді [6, 29].
Тіл-адамзат мәдениетінің негізгі тұғыры, ұлттың ұлт болып жасай беруінің басты
шарты, қарым-қатынас құралы. Сондай-ақ тіл адам баласының санасын дамытады,
оның танымын жетілдіреді. Қатынас құралы ретінде тіл адамдардың бір-бірімен ой
алысуын, пікір алмасуын қамтамасыз етеді, сондықтан тілдің көп қызметтілігіне орай
ғалымдар тіл жөнінде әртүрлі пікірлер айтады. К. Аханов: «Тіл –ойды білдірудің, пікір
алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы», - десе
[7,
60], В.М. Солнцев тілдің қасиеттерін білу, оның теориялық жақтарын құру үшін
қажет екендігін атап көрсетеді: «Определение языка имеет существенное значение для
построения теории языка. В нем функционирует то или иное онтологическое
представление о языке, которое во многом определяет понимание обьекта или предмета
науки и методы изучение этого обьекта» [8,9].
Философиялық еңбектерде тілді адам баласының танымдық және қарым-
қатынастық міндеттерін, яғни қызметтерін атқарып тұр дейді: «Тіл-кез келген табиғи
құбылыстық адамның іс-әрекеті үрдісінде танымдық және қарым-қатынас міндетін
атқаратын белгілер жүйесі».
61
Ғалымдар тілдің әртүрлі қасиеттерін көрсеткенімен, мұның ішінде тілдің ең басты
қызметі оның қатысымдық қасиеті болып саналатынына назар аударады. Себебі,
қандай да пікірлесу, сөйлесім әрекеті болмасын ол тілдің қатысым әрекетінсіз іске
аспайды. Ол туралы ғалым Ф.Ш. Оразбаева: «Тілдің қатысымдық белгісі – оның
барлық ерекшеліктерінің ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы» деп тілдің ең басты
қасиетін дұрыс тұжырымдайды [9, 37].
Тіл-қарым-қатынас құралы болғандықтан, сол қарым-қатынас қатысымдық
тұлғалар негізінде жүзеге асады. Сондықтан орыс аудиториясында оқитын өзге ұлт
өкілдері студенттерінің тілін дамыту өте кең көлемде әрі жүйелі, мақсатты жұмыс
түрінде жүргізілуі тиіс.
Ал қазақ тілі сабақтарында жекелеген тілдік материалдармен үнемі байланыста
жүргізілген тіл дамыту жұмыстары тиімді нәтижесін береді. Тіл үйренуші грамматика-
лексикалық тұлғалар мен ережелерді тек жаттанды жалаң қағидаға айналдырмай,
олардың мағыналық мазмұнына қанық болуға тиіс. Сонда ғана тіл үйренуші тілдегі
заңдылықтармен ережелерді біліп, маңызын түсініп, күнделікті өмірде саналы түрде
пайдалана алады әрі олардың стильдік, экспрессивтік, эмоциялық, көркемдеу
қызметтерін де сезініп, түсініп пайдалана алады.
М. Балақаев «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» деп аталынатын еңбегінде:
«Мектеп оқушыларының тілін дамытудың ұштасқан, ұйтқы кестелерін морфологиялық
сөз топтарын, синтаксистік сөз тіркестері мен сөйлем мүшелерін, сөйлем құрылысын
оқытумен байланыстыру керек. Оқушы тіл дамыту әрекетіміздің нәтижесінде тілдің сөз
байлығын толық игеруде, тілдің фонетикалық, сөзжасам жүйесін жақсы меңгеруге
морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді жақсы біліп, оларды практикалық тіл жұмсау
дағдысында, дұрыс пайдалана білуге тиіс» -десе [10, 77], ғалым Р. Сыздықова: «Ең
алдымен, тіл мәдениетіне үйрету-тілді дұрыс қолдана білгізу деп ұқсас мектептерімізде
күні бүгінге дейін тілдің құрлымын теориялық тұрғыдан танытуға басты назар
аударамыз да, сол теориялық түсініктерді тәжірибе жүзіне асыра білу дегенді назардан
тыс қалдырамыз», -дейді [11, 21-22] .
Әрине, тілдің құрылымдық сипатын, яғни фонетикасы мен грамматикасын, тілдің
лексика жүйесін ғылыми негізде оқып үйрену керек, бірақ бұл осы пәнді оқытудың бір
мақсаты ғана болса, ал екінші мақсаты- тіл үйренушілердің тіл жөнінде алған түсінік
білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру. Осы ретте тіл дамыту жұмыстарын
пәнаралық байланыста, жеке тілдік материалдар арқылы жүргізудің маңызы зор.
Лексикалық материалдарды оқытумен байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде
тіл үйренуші сөз мағынасын, оның ауыс, тура мағыналығын, сининимдік, антонимдік
қатарлар жайында түсінік алумен бірге, оны өзінің сөйлеу әрекетінде ұтымды қолдана
білуге дағдыланады. Ол үшін лексикалық материалдардың сырын аша білген пайдалы.
Қазақ тілі лексикасын оқытудың лингвистикалық негізіне тұғыр болар
пікірлерді Ә. Болғанбаев, И. Ұйықбаев, А. Айғабыловтардың орыс тілін оқыту
әдістемесі бойынша Л.В. Щерба, В.В. Виноградов, С.Н. Ожегов, А.А. Уфимцова,
Ю.И. Шмелева, М.Н. Шанский, В.В. Степанова сияқты ғалымдардың зерттеу
еңбектерінен көреміз. Бұлар лексикадағы жүйелілік қатынасты бірінші қатарда алып
қарайды, яғни лексиканың зерттеу обьектісі болған сөз жеке дара қарастырылмай, оны
басқа сөздермен қатынаста, байланыста алып, екі жақты негізде зерттеуді алға қойған:
1.
Лексика бөлімінің білімдік, танымдық негізін ашу;
2.
Тілдің ең кіші бөлшегі сөзді, фонетиканы, грамматиканы, стилистиканы
түсінуге, сөйтіп бүкіл тілдік жүйені тұтас ұғынуға мүмкіндік беру.
Лексиканы оқытуда алға қойылатын бұл екі мақсаттың да тіл үйренушілер үшін
маңызы зор. Себебі ана тілінде сөйлей алған адамның барлығы сол тілдің
заңдылықтарын, қыр-сырын, сипатын, ерекшелігін толық біле береді деуге болмайды.
62
Лексиканы оқу арқылы тіл үйренуші сөз жүйесін түсінеді, әрі сөздің орынды
қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге қызмет ететін сан алуан мағыналы
сөздерді жете түсініп, талдап, таңдап қолдана білуге, көркем шығарманың әсерлілігін
түсінуге дағды алады.
Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрену бар да, әрі
оларды күнделікті қатынас құралы ретінде қолданудағы қажеттігінің қыр-сырын түсіну
бар. Бұл екі жағдайдың бір-бірінен өзгешелігі болғанымен, бірінсіз-бірі іске аспайтын
тұтас дүние.
«Тіл байлығын игеру- ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын
адамның әрекеті. Тіл арқылы айтылатын ой сөзге, сөз тіркесіне, солардан құралған
сөйлемдерге негізделеді. Тілдің бас қаруы- сөз»- дейді М. Балақаев [12, 5 б.].
Сондықтан да сөзбен жұмыс лексика тарауы бойынша жүргізілетін арнайы
сабақтарда да, басқа жұмыстар арқылы да жүргізілуі керек. Сонда лексикалық ұғымдар
тілдің өзге салаларын оқыту барысында қайталанып, жаңа материалды бекіту,
толықтыру мақсатында үнемі еске түсіріліп отырылады.
Себебі лексика бойынша берілген білім үнемі грамматиканы оқыту барысында
кеңейіп, оның тәжірибелік маңызы барған сайын ашыла түседі. Себебі жеке сөз
ешқашан өз бойындағы бар мүмкіндігін толық ашып бере алмайды. А. Айғабылов ол
туралы былай дейді: «Сөздегі сан алуан мағына тек грамматикалық байланыста ғана
көрініп жанды көрініске, қимылға ие болады» [13, 95].
Сөзді лексика тарауының негізгі бөлігі де қарастырудың өзі мына жағдайдың
басын ашуды міндеттейді:
-
Лексиканың жүйелілігін анық айқындайтын негізгі лексикалық ұғымдарды
айқындау;
-
Лексиканы оқытудың лингво-әдістемелік принциптерінің ерекшелігін ашу;
-
Лексикадағы сөз мағыналарының ерекшелігін ашып, оқыту барысында осыған
сай дидактикалық материалды пайдалану.
Мысалы, сөз белгілі бір заттың атын, түсін, белгісін, сынын,сапасын, үлкендігі,
кішілігін бір сөзбен айтқанда, соның табиғи пайда болуын, атаудың ұғымын білдіреді.
Яғни сөз жаңа зат пен әр түрлі құбылыстың атауын білдіретін функцияны, қызметті
атқарады. Бұл туралы А.А. Реформатский: «Тілдегі сөздің жеке функциясы деп біз
атаулық, ниминативтік функциясын айтамыз. Ал сөз арқылы заттарды, құбылысты,
болмысты танимыз, атаймыз» [14, 34] -десе, ғалым Ә. Болғанбаев: «Сөз заттың
таңбасы»-дейді. [15, 39]. Негізінде бүгінгі таңдағы лексикологияның саласында
лексиколог ғалымдардың сөзге берген тұжырымдамаларының ішінде Д.Н. Шмелевтың
анықтамасы тиянақты болып табылады: «Сөз –фонетика және грамматикалық жағынан
тұрақталған әрі тұтасталған белгілі бір атау бірлігі» [16, 335]. Себебі сөз өте күрделі
тілдік бірлік. Оның күрделі табиғатын ашып айқындап көрсету үшін, сөздің дыбыстық
жағы мен мағыналық жағының ара қатынасын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы
бар: оның бірі-сөздің дыбысталу жағы, екіншісі-сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу
сөздің мағыналық жағын құрайды, ал мағына әр сөздің ерекшелігін танытады. Екі жақ,
дыбысталуы мен мағына-сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың
бірлігі-сөздің өмір сүруінің, қызмет етуінің шарты. «Тілдің негізгі базистік бөлшегі
ретінде сөз әр түрлі (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) негізінде
қарастырылады және ол тілдің басқа бөлшектерін (фонема, морфема т.т) қарама-қарсы
қою арқылы зерттелінеді». [17, 565].
Тілдің лексика саласы қарастыратын сөзді оқыту-өте күрделі процесс. Тілде
олардың түрлері мен топтары өте көп. Сөздің осы көп саласының негізінде
қарастырғанда ғана, ол бізге өзінің идеялары әрі материалды негізінде көрінеді. Сөздің
көп жақтарының бірін білмеу-айтылуы, стилистикалық қасиеттері, тарихы, құрылымы,
63
лексикалық тіркесу қабілеті-сияқтылар сөзді тәжірибе жүзінде қолдануда белгілі бір
қателікке әкеледі. Сөз мағынасы-сөздің ажырамас бір бөлігі, ойлаудың жемісі. Сол
сөздердің өзі мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан алып қарастырғанда, әр түрлі
топтарға бөлінеді.
Мысалы: сөз затты (гүл, қала, оқушы), құбылысты (жел, суық, боран), қимылды
(көр, күл, жаз) білдіріп, белгілі ұғымның атауы ретінде қолданылса, мына жерде
(сабақтан соң, көпір арқылы) сөйлем сөз тіркесі өзара байланыстың мағынасын
білдіріп, грамматикалық мағынаға ие болып тұр. Енді бір сөздер тек адамның көңіл-
күйін білдіреді (қап, ой, пәле).
Яғни тіліміздегі сөздердің қызметі әр түрлі. Сондықтан олар атауыш сөздер,
көмекші сөздер, одағай сөздер болып бөлінеді. Осылардың ішінде атауыш сөздер
лексикалық мағынаға ие болатындығымен ерекшеленеді.
Лексика тарауын оқытудың лингвистикалық негізінің өзі атауыш сөздердің яғни
толық мағыналы сөздердің лексикалық мағынасының болатындығына қарай
белгіленеді.
Ал қазақ тілі мұғалімі лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық
мағынаға түсетінін естен шығармау керек. Егер лингвистикалық негізін ажыратып
алмай, оны тіліміздегі жалпы сөздердің жиынтығы деп түсіндіретін болсақ, берік дағды
беру мақсатында жүргізілетін жаттығу барысында, сөйлемдегі сөзге лексикалық талдау
жасау кезінде тіл үйренушілерге көп қиындық келтіреді. Тіл үйренуші жаттығуда
берілген тілдік белгіні таба алмай немесе ажырата алмай қалады.
Сондай-ақ лексикалық мағынасы бір сөздің өзін бір ғана мағынасымен шектеп
айту қиын. Себебі тіліміздегі сөздер әр түрлі мән-мағынаға ие. Олар белгілі бір мағына
бере отырып, айтушының әр түрлі көзқарасын, жай-күйін байқатуы да мүмкін.
Мысалы: сұлу, көрікті, әдемі сөздері мағыналары бір-бірімен мәндес, өзара жақын
сөздер болғанымен, қолданушы адамның мақсатына сай әр түрлі жағдайда қолданылуы
мүмкін. Сол себептен сөз мағынасын жете түсіну, лексикалық ұғым туралы білімін
тереңдетеді. Сөзді орынды қолдана білуге үйренеді.
Тағы бір айта кететін жағдай сөз және оның мағынасы туралы түсінік бергенде,
жоғарыда аталған әр түрлі сөз мағынасы тек сөйлем ішінде ғана белгілі болатыны, жеке
дара тұрғанда көп жағдайда аңғарыла бермейтінін ұғындыра отырып, жаттығу
жұмыстарын жан-жақты іздене отырып, сөйлемдегі мағынасы мен байланыста
жүргізген дұрыс. Тілші ғалым И.Ф. Филин: «Сөздің лексикалық бөлшек екендігінің
негізгі белгілері оның басқа сөзбен байланысы кезінде жан-жақты ашылады, өйткені
белгіл бір сөз басқа сөздермен байланысқа түсіп барып қана белгілі бір ойды білдіріп,
өмір сүреді»,-деген болатын. [18, 334].
Мысалы: тұтқа сөзінің лексикалық мағынасы есіктің ашу үшін ұсталатын жері деп
түсінгенімен «тірек» деген ауыс мағынада да жұмсалатыны сөйлемнен тыс келетін
болса, оны орыс тілді аудиторияда оқитын студент аңғара алмас еді. (Адам-өмір
тұтқасы)
«Лексика» тарауының ішінде әсіресе тура және ауыспалы мағыналы сөздер
жайында түсінік беру қиындық келтіреді. Сондықтан қазақ тілі мұғалімі лексиколог
ғалымдардың өзі басшылыққа алып жүрген жалпы тіл білімінде маңызы бар академик
В.В. Виноградов жасаған сөздің лексикалық топтамасын (класификациясын) білгені
абзал. Ол кісі сөз мағынасын:
а) тура мағына;
ә) фразеологиялық байлаулы мағына;
б) синтаксистік шартты мағына деп үш топқа бөлген болатын. [19, 66] .
Оқытушы сабаққа теориялық әрі практикалық тұрғыдан жан-жақты дайындалған
соң, оқытудың жеңілден ауырға қарай принципі бойынша сөздің тура және ауыспалы
64
мағынасы жөнінде түсінік беруі тиіс. Әрі мысалдар арқылы тіл үйренушілерді
қатыстыра, іздендіре және олардың оқу еңбегін ұйымдастыра отырып, сөздің бастапқы
мағынасы екендігін, ал қолдануынан кейін пайда болған мағынаның келтірінді немесе
ауыспалы мағына деп аталатындығы ұқтырылады.
Ал осы тақырып бойынша білімдік дағдының түсіндірме сөздікпен жұмыс істеу
арқылы берілгені дұрыс. Себебі тіл үйренушілер сөздіктегі сөздердің орналасу тәртібін
көріп танысып, сөздікпен жұмыс жасауға үйренеді әрі сөз мағынасын түсіне білуге
әрекет жасайды. Бұдан соң тіл үйренушілерге сөйлемдер мен көркем әдебиеттен
алынған шағын текстерден ауыспалы мағыналы сөздерді тауып, оның қолданылу
мақсатын түсіндірген жөн.
Сонымен қатар сөздің ауыспалы және тура мағынада қолданылу жолдарын
түсінгендіктерін байқау мақсатында көп мағыналы сөздерді өтіп болған соң, жазба
жұмыстарын жүргізуге болады.
Ал көп мағыналы сөздерді түсіндіру сөздің тура және ауыспалы мағынасы
тақырыбынан өтілгенді қайталаумен тығыз байланысты. Сабақтың негізгі мақсаты етіп
пән мұғалімі сөздің ауыспалы мағынасы, сол сөздің мағынасының кеңейюіне яғни көп
мағыналылыққа ие болуына әкелетіндігін ашуды, тіл үйренушілерге осы тұрғыдан жан-
жақты білімдік дағды беруді алу керек.
Ә. Болғанбаев көп мағыналылық жөнінде: «сөздің сапа жағынан дамығандығын
көрсететін бірден-бір белгі-сөздің көп мағыналылығы»,-деп көрсетеді. Сөздің көп
мағыналылығы негізгі сөздік қорға тән қасиет екені де ашылуы қажет, неге десеңіз,
бұлар-ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы
болып келе жатқан байырғы тума сөздер сондықтан да, сөздік қордағы сөздер сан
жағынан да сапа жағынан да ғарыштап дамыған, тұрақтанып әбден қалыптасқан.
Ал көп сағыналы сөздерді түсіндіруде өзіндік қиындықтар да кездеседі.
АА. Айғабылов ол үшін мұғалімге екі мәселені жақсы аңғарып алу керек екендігін
ұсынады;
1.
Тіліміздегі сөздердің жалқы мағыналы, әрі көп мағыналы болып бөлінетіндігін;
2.
Көп мағыналы сөздерді омонимдерден ажырату белгісі сөзге қосылған жаңа
мағына басқа жақтан келмейтіндігі белгілі, ол әр сөздің білдіретін мағынасының
айрықша қасиетінен, түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзін білдіретін затын,
құбылысын барлық қасиеттерімен толық қамтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз
өзінің білдеретін ұғымын оның барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден
көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада қолданылмас та еді, ал сөз ауыспалы
мағынада қолданылмаса, онда тілде көп мағыналы сөздер де кездеспес еді. Себебі
белгілі бір заттың бойындағы ерекше белгілерді біліп, танып болғаннан кейін ғана,
ұғым түсінікті болады. Оларды білмей, меңгермей тұрып, белгілі сөздер ауыспалы
мағынада қолданылмайды. Көрген заты, құбылысы туралы адам санасында басқа бір
затпен құбылыспен ұқсап, байланысып тұрады. Осының нәтижесінде заттардың
құбылыстардың не сапасында, не атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады.
Міне, сол ұқсастық негізіне сүйеніп, адамдар өзара ұқсас екі я бірнеше затты бір
атаумен атап жүре беретіндігі белгілі. Осыдан барып, тіл үйренуші сөздің көп мағынаға
ие болуы, әр түрлі ұқсас ұғымдардың атауына айналуынан екендігін әрі тіліміздегі
сөздік қорды байытатындығын аңғарады.
Ал тіл үйренушілер үшін көп мағыналы сөздердің омоним сөздермен ұқсастық
жағын ажырату өте үлкен қиындық келтіреді. А. Айғабылов оны тіл білімпаздары да
шеше алмай жүрген мәселе екендігін айтады. Дегенмен студенттерге көп
мағыналылықты түсіндірген уақытта омонимнің өзгешелігін танытатын бір ғана белгі
ұсынған жөн. Мысалы: омонимдер-біркелкі дыбысталып айтылатын бірақ мағынасы
басқа-басқа сөздер, олар әр түрлі сөз табына жата береді. Ал көп мағыналылықта бір
65
сөз түрлі мағына береді де, бір сөз табынан болады, бірақ мағыналарында жақындық
көрініп тұрады.
Сондықтан қосымша жаттығулар арқылы тіл үйренушінің тілін дамытып, өз
ойларын жеткізуде омоним, көп мағыналы сөздерді дұрыс түсіндіріп қолдана білуге
жаттықтырған жөн.
Сонымен қатар сөздің лингвистикалық негізін түсіндіруде, оны тәжірибе жүзінде
саналы түрде қолдана білуге үйретуде сөздердің бір-бірімен мағыналық жағынан әр
түрлі мақсатта, әр түрлі себептермен тығыз байланыста да болатынын, белгілі бір
жүйеде біріне-бірі бағынып, бірің-бірі толықтырып не мағыналарын ашып тұратынын
аңғарту керек екендігін де естен шығармаған абзал.
Әдебиет:
1.
Шатилов С.Ф. Методика обучения немецкому языку в средней школе М., 1986.
2.
Липкина А.И., Оморокова М.И. Работа над устной речью учащихся на уроках чтения. М.:
Просвещение, 1967, 224 с.
3.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. А, 1955, 140 б.
4.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А, 1974, 42-88 б.
5.
Гвоздев А.Н. Формирование у ребенка грамматического строя русского языка І, ІІ, М., 1949.
6.
Леонтьев А.А. Психолингвистика. Л, «Наука» 1967, 118 с.
7.
Аханов К. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. А., 1955.
8.
Солнцев В.М. Язык как системно-структурное образование. М., 1970. 278 с.
9.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. А.: Білім, 2000. 208 б.
10.
Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А, 1965, 4 б.
11.
Қазақстан мектебі. 1993, №5, 21-25 б.
12.
Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. А, 1989, 77-81 б.
13.
Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы, оның қазіргі міндеттері. Кітапта: Қазақ тілі
методикасы. А, «Мектеп», 1988, 94-123 б.
14.
Реформатский А.А. Ведение в языкознание М, 1960, 34 с.
15.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А, «Мектеп» 1988.
16.
Шмелев Д.Н. Современный русский язык. Лексика. Учебное пособие для студентов пед. инст.
М., Просвещешие, 1977, 335 с.
17.
Общее языкознание / Внутренняя структура слова / М, изд. Наука, 1972, 565с.
18.
Филин Ф.И. Очерки теории языкознания. М, Наука, 1982, 334 с.
19.
Виноградов В.В. Русский язык. Грамматиическое учение о слове, 2-ое изд. М, Высшая школа.
1972, 614 с.
ББК 81.63.24.я73
Қ 17
КӨПТІЛДІ ЖӘНЕ БИЛИНГВАЛДЫ КАПИТАЛДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Құрмашева Ж.М., Журсиналина Г.Қ.
(А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ)
Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында«Тілдердің
үштұғырлығы» - «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды
ұсынды. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, «Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы үш
66
Достарыңызбен бөлісу: |