2. Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары.
Бұл жаңашылдықты ғылыми пайымдау және талқылау үшін уақыт қажет болды және 2007 жылдың қаңтарынан бастап еліміздегі қылмыстық процесте сот алқабилерінің қатысуымен жұмыс істей бастады. Бұл ретте, оны құқықтық реттеу тиімділігін арттыру мақсатында, оның қызметіне тұрақты түрде құқықтық және ғылыми мониторинг жүргізіледі. Басқаша мысал келтіретін болсақ, 2007 жылдың мамырында Конституцияға кезекті конституциялық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Соның нәтижесінде, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап біздің елімізде қылмыс жасаған адамдарды сотта қамауға алу енгізілді.
3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға әсер етудің заңнамалық шаралары
Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық қудалау органдарының және соттың оны таңдауы үнемі еліміздің Жоғарғы Сотының және Бас Прокурорының тиісті түсіндірмелерін шығару арқылы түзетіліп отырады. Конституцияның ең басты миссиясы - қабылданатын заңдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауын және құқық қолдану процесінде оларды қорғауды тиімді қамтамасыз етуі болып табылады.
4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл.
Конституция – еліміздегі Негізгі заң. Оның анықтамасын ашып көрсетер болсақ, ең алдымен, Конституция – бұл мемлекеттік егемендіктің негізі, яғни мемлекеттік өз аумағында үстем болуы және халықаралық қатынастардағы оның тәуелсіздігін бекітеді. Конституция заң жүзінде белгіленген негізгі нормативтік құқықтық актілердің ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының жіктемесі жүйесінде бірінші орында тұрады.
Сонымен бірге ол барлық заңнамалық белгіленген нормативтік құқықтық актілер сатысында да бірінші орынды алады. Сәйкесінше, барлық қалған нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен ережелері Конституцияның нормалары мен ережелеріне қайшы келмеуі тиіс.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстанның жақын және алыс шет елдермен халықаралық ынтымақтастығы.
Бұдан басқа, Конституцияның өзінде оның жоғары заңдық күші бар екені және республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатыны көрсетілген. Бұл ретте, еліміздің ешқандай заңы бұндай заңдық мәртебеге ие емес екенін айта кету керек. Осы айтылғандардың барлығы түсінікті болса да, талдау барысында адамзат тәжірибесінде, азаматтарды қоса алғанда, барлық құқық субъектілері өздерінің істері мен дауларын шешу кезінде Конституцияның нормаларын пайдаланбайтыны анықталып отыр. Бұл біздің қоғам мен мемлекеттің құқықтық мәдениетіндегі салмақты кемшіліктердің бірін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, Конституция – Негізгі заң десек те, күнделікті тәжірибеде азаматтар оның нормаларын басшылыққа алмайды, Конституция әрбір азаматтың үстел үстінде тұратын негізгі кітабы болуы тиіс екенін ескермейді. Бұдан басқа, Конституцияның нормаларын пайдалануға негізделген соттық және өзге де құқықтық шешімдердің аз болуы жағдайды күшейте түседі. Еліміздің Президенті Қазақстан Республикасының Конституция Күнін белгіледі. Бұл күн әрқайсымыз үшін Конституция нені білдіретінін барлық қоғамға тағы бір рет түсіндіруге мүмкіндік береді. Аталған мәселені түсіндіруде еліміздегі заң қоғамдастықтары, атап айтқанда Конституциялық Кеңес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия да өз үлестерін қосуда. Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, ғылыми-педагогикалық орта және және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |