|
Лекциялық кешен (лекция тезисі) Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымыЕуропадағы шенеуніктер үшін этикалық стандарттар
|
бет | 16/57 | Дата | 08.10.2023 | өлшемі | 0,6 Mb. | | #43702 | түрі | Лекция |
| Лекция тезисі тақырыбы Сыбайлас жемқорлық ұғымы-emirsaba.org5. Еуропадағы шенеуніктер үшін этикалық стандарттар.
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика Еуропалық Одақ бастаған жоба енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асырудың салдары болып табылады. Латвия – мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің дамыған жүйесі бар, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытуда табысты мысалы бар елдердің бірі. Білім беру шаралары жүйенің ашықтығымен қатар жүреді, бұны Латвия тәуелсіз оқу орталығының мысалынан көруге болады.
Еуропалық Одақтың қолдауымен орталық сот жүйесінің ашықтығын дамытуға және оны азаматтардың, оның ішінде оқушылардың қабылдауына бағытталған бағдарламалар циклын әзірледі. Бағдарламалар сот қаулыларын жариялауға, куәгерлікті пайдаланудың сот жұмысында және сот жүйесіне интернеттік қолжетімдігіндегі маңыздылығына назар аударады. Жоғарыда аталған тармақтардан бөлек оларды әзірлеуге қатысқан сарапшылар танымал істер мысалында азаматтық және қылмыстық процестерде құқық қолдану туралы пікірталастар, сондай-ақ олардың талдауы жүргізуді ұсынды. Бағдарламалардың мақсатты аудиториясы – мектептің орта және жоғары сыныптарының оқушылары болды. Білім беру циклы дәрістерді, пікірталастарды, сот істерін көрініс түрінде көрсету және оларды талдауды қамтиды. Сонымен қатар Латвия орта мектептері оқушылардың арасында адалдықты насихаттауға және олардың сыбайлас жемқорлықтың және парақорлықтың зиянын түсіну және оларды азаматтық бақылауға дайындауға бағытталған жобаға қатысады.
Жобаға Латвияның барлық өңірлерінен үш жүздей мектеп тартылып, үш санаттарға – 1-4, 5-9 және 10-12 сыныптарға бөлінген жас шамасы әртүрлі топтардың бір мың жүздей оқушысы қатысты. 1-4 сыныптың оқытушылары оқушыларға тәртіпсіз қылық туралы ертегі айтып, оны балалармен талқылап, әңгімені бекітіп, өз жұмысын конкурсқа жіберуі тиіс. Орта және жоғары сыныптардың оқушылары жоба ұйымдастырушылары ұсынған 14 жобаның бірін таңдауы тиіс (немесе өз тәжірибесіне қарап, оларды өз бетінше ойлап табуы тиіс). «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» слоганымен арнайы оқу материалдары әзірленіп, мектептерге жіберілді. Бағдарламаның қатысушы сарапшыларының пікірі бойынша сыбайлас жемқорлықтың жайылып кету себептерінің бірі – бұл осы салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың жетіспеуі, Латвияда тек бір ғана Transparency International бөлімшесі жұмыс істейді. Оның қызметкерлері жыл сайын жеті ірі Латвия қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлардың ұйымдастырушылары болады, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық мәселесін ықтимал шешімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі мен оның нәтижелері талқыланады.
Семинарлық оқу әдетте, нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді құру, мысалы, Лиепаядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік және Латвиядағы алғашқы мамандандырылған веб-сайт жасаумен аяқталады. Латвияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро (KNAB) жүзеге асырады. KNAB 2002 жылдың қазанында құрылды және Министрлер кабинетінің қадағалауындағы мемлекеттік мекеме болып табылады. KNAB негізгі міндеттері болып табылады: – мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметіне және оларда көзделген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына бақылау жасау; – лауазымды тұлғаларды «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту; – саяси партияларды қаржыландыру, сондай-ақ сайлау алды үгітнасихатқа шектеу ережелерінің сақталуын бақылау; – «Саяси ұйымдарды (партияларды) қаржыландыру туралы» және «Сайлау алды үгіт-насихат туралы» Заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тарту; – мемлекеттік бюджетке заңсыз алынған немесе жұмсалған қаражатты төлеу туралы шешім қабылдау. KNAB консультациялық кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін біріктіреді, өз пікірлерін және ұсынымдарын жұмыс топтарында, жария пікірталас барысында білдіреді. Жалпы алғанда, Латвияны табысты елдің мысалы ретінде Еуропалық Одақтың қолдауымен барлық кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру практикасы кеңінен қолданылды.
Сонымен қатар заңның көмегі мен жұртшылықтың қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жан-жақты ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|