VBScript –тің кейбір ерекшеліктері
VBScript JavaScript-тен келесілермен ерекшеленеді:
Оператор соңына нүктелі үтір қойылмайды;
Теңдік белгісі әрі айнымалыларға мән меншіктеу үшін, әрі салыстыру операцияларын орындау үшін пайдаланылады;
Операторлар блогы фигуралық жақшамен емес, кілттік сөздер парасымен ажыратылады: if … endif, do .. loop, while…wend.
JavaScript тегі сияқты айнымалылар қажет болғанда ғана енгізіледі, ал олардың типі контекст бойынша анықталады. VBScript Visual Basic-тің барлық орналастырылған функцияларын қолдайды. Web – беттерде VBScript келесідей көрінеді:
тэгтері бұрынғы сияқты, ал тіл VBScript ретінде анықталады. тэгтері де бұрынғы, // түсіндірме белгілерісіз. VBScript –тің негізгі кемшілігі, оны тек Internet Explorer қолдайды. Бұл бір және сол беттің әрі пайдаланушылардың NetSpace Navigator-і үшін, әрі пайдаланушылардың Internet Explorer-і үшін қолданылуының барлық үмітін жоққа шығарады.
VBScript өзімен бірге, негізінде Visual Basic for Application танымал тілі, мысалы, Microsoft Office 97 – де қолданылатын, жатқан сценарийлерді сипаттау тілін ұсынады. VBScript – бұл VВА –ның толық нұсқасы емес, оны үлкен және қауіпсіз ететін оның ішкі жиыны. Сонымен, VBScript берілгендер типін қолдамайды: барлық айнымалылар Variant түрде сипатталады.
Дегенмен, сценарийлер өзімен бірге интерактивтіліктің дамуында алға басу қадамын ұсынады. Олардың белгілі бір шегі де бар. Мысалы, қарап шығу бағдарламаларының барлығы емес, тек әртүрлі тілдерді пайдаланатындары ғана сценарийлерді танып, өңдей алады. Бұл негізінен VBScript –ті танымайтын, бірақ, JavaScript - алғашқыда NetSpace Navigator үшін жасалған сценарийлерді сипаттау тілімен жұмыс істейтін NetSpace Navigator –ға тиісті. JavaScript функциональдылығы бойынша VBScript –ке өте ұқсас, бірақ бұл тілдер синтаксисі бойынша қатты ерекшеленеді. JavaScript –тің VBScript-тен өзгешелігі ол оқиғаларды өңдеу процедуралары концепциясын қолдамайды. JavaScript –тегі барлық процедуралар – бұл HTML тэгінде орналасқан оқиға атрибуттарының көмегімен шақырылатын функциялар.
Тек әртүрлі қарап шығу бағдарламаларында сценарийлерді қолдауы емес, бағдарламалаушы тілінен күтілетін (күтетін) барлық дамытылған функционалдықты сценарийлер қамтамасыз етпеуі де жаман. Сценарийлер әдетте тек өндірушілер пайдаланатын тілдердің ғана мүмкіндіктері жиынын ұсынады: базалық құрылымдары және операторлары- циклдар және тармақталу. Сценарий форманы серверге жіберу алдынан енгізілген берілгендердің дұрыстығын тексеру үшін ғана жарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |