Дәріс №2
Тақырыбы: Интернетті ұйымдастыру
Интернетті ұйымдастыру.
Интернет тораптар иерархиясы ретінде.
3. Желілерді тұрғызу технологиясы.
Интернет ауқымды компьютерлік желі болып табылады. Оның атының өзі “желі арасында” дегенді білдіреді. Бұл бөлек желілерді біріктіретін желі.
Интернет оған қосылған барлық компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Компьютердің типі мен ол пайдаланатын операциялық жүйе желіге қосылған әрбір компьютердің өз адресі болады, сол адрес бойынша оны әлемнің кез-келген нүктесінен абоненттаба алады.
Интернет желісінің маңызды ерекшелігі - әртүрлі желілерді біріктіре отырып, ешқандай иерархия тудырмайды, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқылы болып табылады.
Интернеттің тағы да бір ерекшілігі – бұл жоғарғы сенімділік. Компьютердің бөліктері және байланыс линиялары істен шыққандажелі жұмысын жалғастыра береді. Мұндай сенімділік Интернетте ешқандай басқару орталығының жоқтығымен қамтамасыз етіледі. Егер кейбір байланыс линиялары мен компьютерлер істен шықса, онда хабарламалар басқа байланыс линиялары бойынша беріледі, ақпаратты тасымалдаудың бірнеше жолдары бар.
Интернет коммерциялық ұйым болып табылмайды және ешкімнің құзырында емес. Интернет пайдаланушылары әлемнің кез-келген елінде бар.
Пайдаланушылар желіге Интернет қызметтерін жеткізушілер деп аталатын арнайы ұйымдардың компьютерлері арқылы қосылады. Интернетке қосылу үнемі немесе уақытша болуы мүмкін. Интернет қызметтерін жеткізушілерінің пайдаланушыларды қосуға көптеген линиялары және Интернеттің қалған бөлігімен байланысуға арналған жоғары жылдамдықты линиялары бар.
Бір-бірімен ең жылдам байланыс линияларымен қосылған ұйымдар желінің базалық бөлігін құрайды. Егер жеткізуші тікелей жотаға (хребет) қосылған болса, онда ақпаратты жіберу жылдамдығы максимальді болады.
Шын мәнінде, Интернет пайдаланушылары мен қызметтерін жеткізушілер арасындағы айырма шартты болып келед. Интернетке өзінің компьютерін немесе жергілікті есептеу желісін қосқан және қажетті бағдарламаларды орнатқан кез-келген адам желіге қосылу қызметтерін басқа пайдаланушыларға ұсына алады. Жеке пайдаланушы Интернетке тікелей жылдам линияның көмегімен қосыла алады.
Интернет желіге қосылған кез-келген екі компьютер арасында ақпарат алмасуды орындайды. Интернетке қосылған компьютерлерді әдетте Интернет түйіндері, немесе сайттар (ағл. Site – орын, орналасу) деп атайды. Интернет жеткізушілерінде орнатылған түйіндер оған пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ақпаратты көрсетуге мамандандырылған түйіндер де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |