2 модульдің аты: Интернетті ұйымдастыру. Интернеттің қосымшалары
8-ші апта
|
Тақырып. Электрондық пошта.
|
1. Электрондық пошта, SMTP және POPЗ протоколдары, пошталы сервер және клиент.
2.FTP протоколдарын, FTP ресурстары мекенінін пішінін.FTP сервер және клиенттерін белгілеу.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
9-шы апта
|
Тақырып. Telnet және NNTP протоколдары
|
Telnet және NNTP протоколдарын белгілеу. Чат, шұғыл поштаның қызметтері, IRC –желілері.
IP–телефония, видео –конференциялары, WAP протоколы негізіндегі мобильді интернет.
|
Видео лекция
|
1
|
10-ші апта
|
Тақырып. Web-қосым-шаларын құру технологиялары
|
Web-қосымшаларын құру технологиялары
DHTML, XHTML, XML – ерекшеліктері. Клиент және сервер жағында орындалатын технологиялар.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
11-ші апта
|
Тақырып. Web–сервер жұмысының механизмі
|
Статистикалық және динамикалық HTML –парақтар. 2.HTML-де СSS-ті қолдану технологиялары. Web–сервер жұмысының механизмі.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
12-ші апта
|
Тақырып. CGI технологиясы
|
CGI технологиясы, CGI бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары.
PHP, ASP, SSI–дің қазіргі сценарийлері.
|
Ақпараттық
|
1
|
13-ші апта
|
Тақырып. Java–script VB–script тех-нологиялары
|
Java–script, VB–script технологиялары
Web-қосымшаларындағы графи-ка. Flash технологиясы.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
14-ші апта
|
Тақырып. VRML технологиясы
|
VRML технологиясына шолу.
Клиент Web – сервер –мәліметтер базасының сервері көп деңгейлі архитектурасы негізінде қосымша-ларды құру технологиялары.
|
Ақпараттық
|
1
|
15-ші апта
|
Тақырып. Интернет дамуының болашағы.
|
Интернеттегі ақпаратты қорғау. Интернет дамуының болашағы.
Интернет технологияларын қолдану салалары мен перспективалары.
|
Электонды лекция презентация
|
1
|
Барлық 15 апталық сағат саны
|
Дәріс
|
15
|
Дәріс №1
Тақырыбы: Кіріспе. Интернет технология-ның базалық түсініктері.
Оқу тақырыбы және пәннің құрылымы.
Ақпаратты жіберу және өңдеудің интернет технологиялары туралы түсінік.
Интернет технологиялары дамуының тарихи мәліметі.
Интернет технологияларын қолдану, интернетке арналған қосымшаларды жетілдіру еркешеліктері мен байланысты сұраныстар жиынтығы.
Кіріспе
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан желілер) терминінен шыққан, яғни техникалық тұрғыдан қарағанда – бұл үлкен және кіші желілердің ауқымды қауымдастығы. Ал кең мағынада – бұл әлемдегі үнемі деректер алмасып отыратын миллиондаған компьютерлер арасында таратылған ақпарттық кеңістік. Интернет, сонымен бірге, аса қуатты және тәуелсіз ақпараттық ресурс, сенімді әрі жылдам (оперативті) байланысу құралы, бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың өз ойын жеткізудің ақпараттық технологиялары мен шығармашылығын дамытуға негіз болып табылады.
Интернеттің негізгі есебі – бұл тәулік бойы, жоғары сенімділікті байланыс. Бұдан қарай, “желі” сөзін Интернет сөзіне синоним ретінде пайдаланғанда, Желі деп нақты Интернет арқылы кез келген екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуін түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бөлігі.
Интернеттің туылған күні деп 1969 жылдың 2 қаңтарын айтуға болады. Бұл күні АҚШ қорғаныс министрлігінің бір бөлігі болып табылатын Болашақ зерттеулер басқармасы (Управление перспективных исследований (ARPA - Advanced Research Projects Agency), қорғаныс ұйымдарының компьютерлерінің байланысу жобасы бойынша жұмыс бастаған болатын. Зерттеулер нәтижесінде ARPANET желісі құрылған, бұл желінің жұмыс істеу негізінде кейінірек Интернет құрылған принциптер жатқан.
Интернеттің дамуындағы келесі этап – АҚШ ұлттық ғылыми қорын (NSF) құрылуы. NSFNET деп аталған желі Америка Құрама Штаттарының ғылыми орталықтарын біріктірді. NSFNET желісі ARPANET-тің орынын тез басты, соңғысы кейінірек 1990 жылы жойылған. Желінің дамуы оның қайта ұйымдастыруын талап етті, 1987 жылы NSFNET Backbon [Бэкбон] құрылды – бұл бір-бірімен жоғары жылдамдықты байланыс линияларымен байланысқан он үш (13) орталықтан құрылған негізгі бөлігі немесе желінің жотасы (хребет). Орталықтар АҚШ-ның әртүрлі бөліктерінде орналасты. Осылайша, Интернет желісі АҚШ-да пайда болды.
Алғашқыда басым көпшілік пайдаланушылар тек қана электрондық хаттарды қабылдап, ала алды, бірақ Интернетке қосыла және оның барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Соңғы кездері Интернет арқылы ақпараттың жаңа түрлерін тасымалдау бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Ауқымды желі селекторлық мәжілістер мен видеоконференцияларды өткізуге рұқсат береді. Интернеттің көмегімен көптеген қызметкерлер өздерінен мыңдаған километр алшақтағы әріптестерімен құжаттарды алмаса отырып, өз үйлерінде жұмыс істей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |