бағытталынған, мемлекет, партия және т.б. саяси институттардың саяси қызметті атқару
бағыттары мен тәсілдерін анықтайтын басты құжат болып табылады.
2007 жылы 16-мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының
«Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамның
жеделдетілген дамуы» атты бірлескен мәжілісінде Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік
басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын қазақстандық қоғамды әрі қарай саяси
дамыту мен жаңғырту міндеттеріне аударды. Стратегиялық маңызды «Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заңында
билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу, саяси партиялардың рөлін нығайту,
жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді
қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту сияқты жеті негізгі бағыт бекітілген болатын.
Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану
міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар
тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың
қоғам өмірінің барлық
саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050»
Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді
деп атап көрсетілген болатын, олар:
•
мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау;
•
әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау;
•
қоғамдық сананы қайта өзгерту.
Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму
кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз.
Қазақстан - 2050 Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді,
олар мыналар:
1. қуатты да табысты мемлекет;
2. демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі;
3. түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы;
4. ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;
5. қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз
еткен әлеуметтік саясат;
6. әлемдік қауымдастық таныған ел;
7. ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа
саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған
экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін
мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру міндеті ұсынылды. Мемлекеттік
басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар:
1.
мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;
2.
басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу,
3.
кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
4.
мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл
жүйесін құру;
5.
мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;
6.
мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш
болуға тиіс;
7.
құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру
2
.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан – 2050» Стратегиясын әрі қарай тарата
түсетін Жолдау болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан
халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру
тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік
институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды:
1. адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет
ахуалын қалыптастыру;
2. мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен
өзара іс-қимылының
жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;
3. сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше
алатындай болуға тиіс;
4. мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің
кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;
5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;
6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру .
«Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси
дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң
жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi
механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты
мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп
келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.
Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып
қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара
байланысының жиынтығы деп сипаттаған болатын. Демек, қоғамдағы саяси даму бүкіл
қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші
рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын
өзгертуде емес, оның іс-әрекеті мен қызметін жетілдіруде.
Сондықтан, саяси жүйені
жаңғырту мыналарға:
−
саяси институттардың жаңа проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға;
−
қоғаммен ашық сипаттағы қатынасын жетілдіруге;
−
саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн көтеруге;
−
талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi
механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттің
болашақ даму міндеттері мен саяси бағытын айқындайтын кешендік және жүйелілік
сипатқа ие тарихи құнды құжат.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл
объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс.
Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз
болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің,
өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана
емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және
жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: