Лекция Материалық нүктенің кинематикасы. Кіріспе. Физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Физикалық шамалардың өлшемділігі және өлшеу бірліктері



жүктеу 1,68 Mb.
бет2/50
Дата21.01.2022
өлшемі1,68 Mb.
#34023
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
№1 лекция кинематика docx-1

Материалық нүктенің кинематикасы.

1.Санақ жүйесі, қозғалыс заңдылығы, траектория, жол, орын ауыстыру.

Механикалық есептерді шешуді жеңілдету үшін көптеген жағдайларда зерттеліп отырған денелердің пішіндерімен мен өлшемдеріне назар аудармай, оларды материалдық нүкте ретінде қарастырады. Берілген есепте дененің массасы мен өлшемдері ескерілмесе, ондай денені материалдық нүкте деп атайды. Табиғатта материалдық нүктелер кездеспейтіндіктен, ол ойша алынған ұғым болып табылады. Бірақ механикада көптеген есептердің қойылымы абстракицялық ұғымды қолданып үлкен жетістіктермен оларды шешуге мүмкіндік береді. Шындығында, Тараздан Астанаға ұшатын ұшақтың ұшу уақыты қызықтыратын жолаушыға оның жеке бөлшектерінің қозғалыстарының сипаттамаларын білудің қажеті жоқ. Сонымен қатар ұшаққа ұшу, қону кезінде немесе белгілі бір биіктікте горизонталь бағыттағы қозғалысына ауа тарапынан әсер ететін күшті зертегенде, оның пішінімен мен өлшемдерін ескермеуге болмайды. Осыған ұқсас Күнді айнала қозғалатын Жер мен басқа планеталардың өлшемдері Күнге дейінгі арақашықтықтарынан едәуір кіші болғандықтан, оларды материалдық нүкте деп қарастыра аламыз. Керісінше, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысу себептерін анықтағанда оның өлшемдерін, ось бойымен айналуын, орбита жазықтығына айналу осінің көлбеулігін ескеру керек. Қорыта келгенде есептің шыртына байланысты, бір денені белгілі бір жағдайларда материалдық нүкте немесе материалдық нүкте емес деп қарастырауға 9 болады. Кеңістік біртекті және изотропты болғандықтан, онымен салыстырғандағы материалдық нүктенің орнын анықтай алмаймыз. Сондықтан бір дененің екінші денемен салыстырғанда орнын анықтауға толық мүмкіндік бар. Мысалы, бөлмедегі электр шамының орны оның еденнен және бөлменің ішінде өзара перпендикуляр қабырғаларға дейінгі қашықтықтарымен толық анықталады. Осы үштік сан арқылы бөлменің ішінде немесе сыртында орналасқан кез келген дененің орнын анықтай аламыз. Денелердің қозғалысы уақыт бойынша кеңістікте өтетіндіктен, оған сипаттама беру оның кеңістіктің қандай нүктелерінде немесе орындарында уақыттың қай мезеттерінде болғандығын білуді қажет етеді. Материалдық нүктенің орны қандай да бір еркінше алынған санақ денесімен салыстырып алынады. Санақ денесімен өзара перпендикуляр үш түзу арқылы координата осьтері байланыстырады. Осылайша, шартты түрде таңдап алынған тыныштықтағы денемен, байланыстағы координата жүйесі материалдық нүкте орнының санақ жүйесі деп аталады. Декарттық координата жүйесінде берілген уақытта М нүктесі үш координатамен x, y, z немесе координата бас нүктесінен нүктеге дейін жүргізілген r(t)  радиус-векторымен сипатталады. x(t), y(t),z(t) құраушылары нүктенің координаталары деп аталады. Радиус-вектор векторлық түрде төмендегідей жазылады:



Оның абсолют мәні мынаған тең:



Кез келген денені санақ денесі ретінде қарастыруға болады. Бірақ барлық санақ жүйелері пайдалануға бірдей қолайлы емес. Мысалы, автомобильдің қозғалысын Күн немесе Аймен байланыстырылған санақ жүйесінен гөрі Жермен байланысқан санақ жүйесінде қарастырған ыңғайлы. Керісінше, планеталардың қозғалыстарын Жермен немесе басқа планеталармен байланыстырылған санақ жүйелерінде емес, Күнмен байланыстырылған санақ жүйесінде қарастырған қолайлы. Евклид кеңістігінде қозғалатын материалдық нүктенің уақыт өтуіне байланысты координатасының өзгерісі жалпы жағдайда үш скалярлық немесе бір векторлық теңдеумен анықталады:




жүктеу 1,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау