4.Құстардың маңызы.
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, өсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың - ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау бақша, далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді.
Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияныны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбызды, картоп қауынды шоқып бүлдіреді, Соным қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарын да көп пайдасын тигізеді. Сол сияқты суық торғайлар да балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттарымен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақыпдармен қоректеніп, жеңіл әрі жылы болады. Жабайы құстардың жұмыртқасын пайдалану ертеден келе жатыр.
Үй құстары. Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығын өркендетудің үлкен бір саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар және т.б. өсіріледі. Көгершіндердің осы кездегі сан түрлі тұқымдары жабайы Көгершіндерден шығарылған. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы еті үшін өсіріледі. Әсемдік үшін өсірілетін Көгершіндердің түсі ала, әсем көрсетіп тұратын қауырсынмен жабылған дене пішіні болады. Бұған дұтыштар немесе алтын көгершіндер, трубачтар, үнді және тоты тәрізді көгершіндер жатады.
Етті тұқымдасқа кинг, исполинск, көгершіндері жатады. Бұлар ірі, салмағы 600 - 900 г болатын көгершіндер. Жақсы тұқымы жылына 14 - 16 балапан өсіреді. Олардың салмағы жарты жылда 500 - 700 г жетеді.
Почта көгершіндері негізгі екі топқа белінеді - шығыс және Белгия тұқымдары. Бұлар "ауа почтасын" тасу жөнінде өсіріледі. Шығыс Көгершіні ауада ұшқанда жерді өте жақсы бағдарлайды, бірақ денесі ауыр болғандықтан онша ұзаққа ұша алмайды. Белгия көгершіні - жеңіл тұқымдармен шағылыстыру арқылы алынған. Жерді жақсы бағдарлайды және ұмытпайды. Сонымен бірге алыс жерлерге ұша алады.
Достарыңызбен бөлісу: |