Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»


«ОРТА АЗИЯ МЕН ЗАКАВКАЗЬЕ МЕМЛЕКЕТТЕРІ»



жүктеу 152,26 Kb.
бет31/38
Дата03.11.2022
өлшемі152,26 Kb.
#39988
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
e. Азия-Африка ортағасыр-лекция

«ОРТА АЗИЯ МЕН ЗАКАВКАЗЬЕ МЕМЛЕКЕТТЕРІ»


Жоспары:
1.Орта Азия халықтарының этникалық құрамы.
2.Сасанидтар билігінің тарауы, түркілердің енуі.Эфталиттер, Саманилар.
3.Хорезм мемлекеті.Қарахандар.Газнауйлер.Селжуктер.
4.Әмір Темір мемлекеті.
ТМД территориясындағы жаңа, феодалдық формацияға көшу бәрінен бұрын Закавказьеде жүзеге асты. Біздің заманымыздың IY ғасырында мұнда феодалдық шаруашылық қалыптасты.
IY – Y ғасырларда Арменияда феодалдық жер иеленудің барлық негізгі түрлері: хайреник, хостак, паргевакан белгілі болды. Жер иеленушілердің өте күрделі иерархиялық сатылары болды. Оның ең жоғарғысы патша және жеке аймақтарды басқаратын князь тұқымынан шыққан аса ірі нахарарлар болды. Бұл сатының ен төменгі баспалдағында ұсақ жер иелері тұрды.
Едәуір көлемді жерлерді меншіктенген шіркеу феодалдары да үстем тапқа жатты. Қарапайым қауым мүшелері шинақандар егіншілікпен, жүзім шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды. Әрбір шаруаның отбасындағы адамның санына қарай қауымдық жерлер жыл сайын қайта бөлініп тұруға тиіс болды.Шинақандар көптеген феодалдық міндеткерліктерді канал қазу, жол, көпір салу, т.б.атқарды.Басқада елдердегі феодалдық қоғамдағыдай Арменияда да, IY – Y ғасырларда белгілі бір дәрежеде құлдардың еңбегі пайдаланылады. Бірақ құлдар енбегі қоғамдық құрылыстың феодалдық сипатын бұзған жоқ.Армян құл иеленуші мемлекеті бірте – бірте феодалдық монархияға айналды.
XIII ғасырдың бірінші жартысында орнаған монғол үстемдігі Орта Азия халықтарының өсіп өркендеуіне көп кедергі жасады. Онда егіншілік мәдениеті құлдырады. Қиратылған қалалар қиындықпен қалпына келтірілді.
Басқақтар бастаған монғолдардың әскери отрядтары мен алыпсатарлар халықты күйзелтті. 1224жылы құрылған Шағатай ұлысын 1251 жылы Батый мен Мөңке бөліске салды.Батыйға Мәуераннахр тиді. XIIIғасырдың 60 жылдарында Шағатай немересі Алға ұлысты қайта қалпына келтіріліп, Шағатайлар билігін орнатты. Алғанның мұрагерлері Мубарак пен Барақ Ислам дінін қабылдаған болатын. Ұлыстың астанасы Жетісудан Мәуераннахрға ауысты 1266. Кебек ханның 1318 – 1326 тұсында етек алған феодалдық қырқыстар ол өлген соң ұлысты ыдыратты. Асқақ Темір билігінің 1370 – 1405 орнауымен Мәуераннахрдағы Шағатай билігі жойылды.
Әр феодал тәуелсіз болуға, өз жерін шағын дербес мемлекетке айналдыруға ұмтылды. Армян феодалдарының ала ауыздылығын Иран мен Визиянтия пайдаланып қалмақ болды. Мұндай ала ауыздықтар Грузия мен Әзірбайжан феодалдары арасында да болды.
Армияндар грузиндермен одақтаса отырып, Иранға қарсы талай рет көтеріліске шықты.Римдіктер 391жылы Батыс Армениядағы патшалықты жойды. Ал Шығыс Армения Иранның қол астында болды. Ондағы өзін – өзі басқарушылық 428 жылы жойылды. Билікті Иран наместнигі марзпан жүргізді. Иран армяндардан христиан дінін тастап,зороастризмді қабылдауды талап етті. Армяндар 450 жылы Иран билігіне қарсы көтеріліске шықты. Оны Вардан Мамиконян басқарды. Ол алдында жеңіске де жетті. Арташата өз билігін жариялады. 451жылғы 26 мамырда Аварайда шайқас болды. Вардан қаза тапты. Армяндар партизандық соғысқа көшті. 571 жылы тағы көтеріліс болды. Оны Вардан Мамиконян Кармир басқарды. 572ж. Армян көтерісшілері Иран әскерін талқандады. Бірақ толық тәуелсіздікке жете алмады. Иран наместнигі армяндардың өз ішінен тағайындалатын болды.
Закавказьенің грузин тайпалары мекендеген батыс бөлігінде феодалдық қатынастар III – IY ғасырлардан бастап қалыптасты.Ол қатынастар YI ғасырда орнығып болды.Феодалдар азнаур деп аталды. Грузяда ерікті қауым мүшелері де, ерікті қызметкерлер де болды. Феодалдық қоғамның едәуір категориясы ерікті емес уазнолар болды. Жер YI ғасырдың өзінде – ақ сату, сатып алу обьектісі болды.IY ғасырда Картли патшасы Мириан христиандықты қабылдап, оны өз жерінде зорлық пен бекіте бастады. Картли патшалары сасанидтердің, ал Эгриси Батыс Грузия патшалары – Визатия императорларының вассалдары болды.
Сасанидтық Иранға қарсы күрес Y ғасырда Картлиде Вахтанг Горгасал қасқыр бас патша тұсында күшейді. 484жылы грузиндер мен армяндар иран билігіне қарсы бірлесіп қимыл жасады. Бірақ бұл күрес сәтсіздікпен аяқталды. 523 жылы жаңа көтеріліс басталды. Бұл көтерілісті талқандағаннан кейін сасанидтер Картлидегі патша өкіметін жойды.
Византиямен Иранның Закавказьеге ие болу үшін жүргізілген күресі YII ғасырға дейін созылды.YII ғасырдың орта кезінеде византиялықтар иран әскерлерін қуып шығып, Закавказьеде өз үстемдігін орнатты.
YII ғасырдың екінші жартысында Византияны қуып шығып, Завкавказьені арабтар жаулап алды. Шаруаларды қанау күшейе түсті. Шаруаның құлдан айырмашылығ – өз шаруашылығының болуында. Бірақ бас бостандығы мен еркінің құлдан көп айырмашылығ болмайды.
IY ғасырда Арменияда, Грузияда, Әзірбайжанның солтүстік бөлігінде христиан діні орнады. Арабтардың жаулап алуы нәтижесінде YIII ғасырдан бастап Әзірбайжанда ислам діні орнады. Ислам діні де, христиан діні сияқты, феодалдар билігін нығайтуға көмектесті. Арабтар, византиялықтар Завкавказьеге талай рет басып кірді. Арабтарға қарсы күресте Армения, Әзірбайжан, Грузия бір –біріне көмектесіп отырды Арабтар YII ғасырдан I X ғасырдың II жартысына дейін Закавказьеде, Орта Азияда билік жүргізді.Халыққа ауыр алым – салық салынды. Жер салығын ьөлеумен қатар, мұсылман еместер жан басына салынатын арнайы алым - салық төлеуге тиіс болды. Шаруалардың осы алым – салықтары бас тартпауы үшін олардың мойынына қорғасыннан белгі салып, Олардың тұрғы жерлерін жазып қоятын болды.
773 – 775 жылдары Армениядағы басталған шаруалар көтерілісі екі жылдан кейін әрең дегінде жаншып басталды. Әзірбайжанда 816 – 837 жылдары Бабек көтерілісі болды. Осы қозғалысқа қатысушылар қызыл жалаулылар немесе қызыл киім кигендер деген атпен белгілі қызыл түс – көтеріліс символы.
Бұл қозғалыс хурремиттер ілімінің діни жамылғысында болды. Әлемнің екі негізінің құдай мен жын – перінің, ізгілік пен зұлымдылықтың күресін мойындаған және жекеменшікпен әлеуметтік теңсіздікке негізделген қоғамдық құрылысты зұлымдық негіздің туындысы деп есептеген секталар хурремиттер деп аталған.
Көтерілістің ұрандары – жерді селолық қауымдарға беру және шаруаларды феодалдық тәуелділік пен міндеткерліктермен азат ету болды. Антифеодалдық шаруалар қозғалысы, сонымен қатар жат ел басқыншыларына қарсы бағытталған азаттық соғысы болды. Көтерісішілер араб әскерін бірсыпыра жеңіліске ұшыратты. Алайда жергілікті феодалдар көтеріліске опасыздық етті. Олар араб билеп – төстеушілеріне қарсы жер үшін болған күресте көтерілісшілерге қосылса, кейінен шаруалар қозғалысының кең өріс алыуынан қорқып, қайтадан араб халифтарының жағына шығып кетті.

жүктеу 152,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау