ЛЕКЦИЯ №7. ТІЛДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АСИММЕТРИЯЛАР ТИПОЛОГИЯСЫ
Гендер (гендерлік жүйе) әлеуметтік нормалардан уақыт шеңберінде өзгеріп отыруына орай, әр қоғамда әркелкі көрініс береді, бірақ қай кезеңде болса да гендерлік асимметрия сақталып отырады.Мәселен, «ер адамдық» (мужское), яғни ерлерге тән (маскулиндік) белгілер жағымды, басым мәнінде түсіндіріледі де, «әйелдік» (женское), әйелге тән (фемининдік) белгілер екінші (реттік) және бағынышты мәнде ұғынылады.Гендердің құрылымдық табиғаты да осы қарама-қарсылықты қарсы қойып салыстыруға келіп саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |