жолақтың ені деп аталады. (10) формуладан жолақтар берілген және мәндері жағдайында жарық көздерінің ара қашықтығы неғұрлым кіші болса, соншалықты жолақтардың ені үлкенірек болады.
Интерференция жолағының енін интерференция апертурасымен байланысқан сәулелердің түйісу бұрышы арқылы өрнектеуге болады. Көп жағдайда бұрышы кіші болатындықтан, 8-суреті негізінде немесе деп жазуға болады. Сонда (10) формуласынан
(11)
(10) және (11) формулалары қалқаға дейінгі қашықтыққа тәуелді интерференция жолағының сызықтық ендерінің мәндерін сипаттайды. -ді үлкейткенде жолақ ені шексіздікке дейін өсе алады. Сондықтан жарық көзі орналасқан орыннан байқалатын көрші максимумдар арасындағы бұрыштық қашықтықты сипаттайтын жолақтың бұрыштық енін енгізу қолайлы. Осы анықтамаға сәйкес
(12)
я ғни жарық көздерінің ара қашықтығы неғұрлым кіші болса жолақ ені соғұрлым үлкен (интерференциялық бейне ірірек) болады.
Қалқаның жарықталуы максимумнан минимумға ауысқанда біртіндеп өзгереді. Жарықталудың (интенсивтіктің) өзгеру заңын (6) және (9) формулаларын пайдаланып алуға болады
(13)
тригонометриялық формула көмегімен (13) өрнегі былай түрленеді
(14)
(14) формула қалқадағы жарықталудың координатына байланысты өзгеруін көрсетеді (9-сурет), яғни қалқада жарықталудың периодты өзгеруі-жарық және қараңғы жолақтардың кезектесуі байқалады.
Бірақта атап өтетін нәрсе, кез-келген интерференциялық тәжірибеде кәдімгі жарық көздерін қолданған жағдайда қалқада болатындай жарықталудың периодтық өзгерісі байқалады. Сондықтан интерференциялық суреттің сапасын бағалау үшін көрімділік функциясы деп аталатын шама енгізіледі
(15)
Көрімділік функциясын табу үшін және өлшенеді, бұдан кейін (15) формула бойынша есептелінеді.
Сірә, интерференциялық сурет пайда болмайтын жарық көздері когерентті болмаған жағдайда, болады, демек, осыдан көрімділік функциясы . Ал когерентті жарық көздері жағдайында қалқада интерференциялық бейне байқалады, мұндағы интенсивтіктің өзгерісі синусоидамен бейнеленеді, яғни және болады. Аралық жағдайда да интерференциялық сурет байқалады, бірақ оның сапасы когеренттік жарықтандыруға қарағанда нашарлау болады: Осындай интерференциялық сурет беретін жарық көздерін толық емес когерентті деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |