Лекция №11 Жазу және оның даму кезеңдері. Жазу және жазба тіл


Алфавит. Графика. Орфография



жүктеу 23,64 Kb.
бет6/9
Дата16.01.2022
өлшемі23,64 Kb.
#32918
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 11

3. Алфавит. Графика. Орфография.

Әдетте, сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады. Бірінен кейін бірі ретретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.

Ал графика дегеннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз.

Л.В.Щерба графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп те атайды.

Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселелерінің әріптерінің бірі-тілдің алфавитіндегі әріптердің құрамы туралы мәселе. Графикалық қағида бойынша, әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болуы керек. Екінші сөзбен айтқанда, графика белгілі бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді. Бұл қағида графиканың ең басты қағидаларының бірі болып саналады. Ал, егер әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбалана берсе, онда сауат ашу, оқыту ісі, емлені үйрену қиындай түсер еді. Алайда бұл айтылғаннан белгілі бір тілдегі фонемалардың саны өз ара тепе-тең болуы шарт деген ұғым тумауға тиіс. Графиканың транскрипциядан айырмашылығы сол, ол (графика) тілдің дыбыстық құрамын дәлме-дәл және түгел қамтып көрсетуді мақсат етпейді. Алфавиттегі әріптер транскрипциялық таңбалар емес, ол (әріп) басқа әріптермен түрлі-түрлі қарым-қатынаста бола отырып, әр түрлі фонемаларды таңбалануы мүмкін. Мысалы,орыс тілінде жуан дауыссыз дыбыстан жіңішке дауыссыз дыбыс қосымша таңба-жіңішкерткіш белгі(ь) арқылы ажыратылады. Орыс тілінде 35 дауыссыз фонема бар. Ал егер әрбір фонема өз алдына бөлек әріппен таңбаланған болса, онда орыс тілінің қазіргі алфавитінің құрамында бар әріптердің үстіне палаталь дауыссыздарды белгілейтін тағы да 15 әріп қосылған болар еді. Мұның өзі орыс алфавитінің құрамындағы әріптердің санын жасанды түрде ұлғайту болар еді. Орыс графикасына бір ғана жіңіркерткіш белгіні және дауысты дыбысты белгілейтін төрт әріпті (жіңішке дауыссыздан кейін келген е,о,и,а фонемаларын белгілейтін е,ю,е,я әріптері) енгізу арқылы палаталь дыбыстар таңбаланып, соның нәтижесінде орыс алфавиті ықшам және алфавит бола алды.

Графика мен орфография өз ара тығыз байланыста болады. Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Тілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен астарласып, өз ара байланыста болады. Осыған оарй фонетикалық жазу (әріппен жазу) тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйенеді, соларды негіз етіп алады. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты принципі бар. Олар мыналар:




жүктеу 23,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау