Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



жүктеу 233,21 Kb.
бет40/62
Дата17.09.2022
өлшемі233,21 Kb.
#39297
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
elektronn i konspekt lektsii

Лекция мақсаты: Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері, оны оқыту жолдарын қарастыру.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Әдебиет пәні—мектептегі негізгі эстетикалық пән. Ол оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытады, өнер туындысындағы табиғатындағы, адамдар қарым-қатынасындағы жарасымдылық пен әсемдікті тани да ұға білуге, дұрыс бағалауға, олардан жан ләззатын тауып әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді. Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық мұраттарын көркем талғамы мен қажеттіліктерін осы негізде қалыптастыруды көздейді. Демек, әдеби білім нәтижелілігі пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты деуге болады.
Қазақ орта мектептеріндегі әдеби білім мазмұнын құрайтын шығармалардың бірі-поэзия. Ол заңды да. Өйткені поэзия-көркем әдебиеттің негізгі бір саласы. Лириканы оқыту әдебиет пәнін оқытудың талабынан туындайды. Әдебиетті оқыту дегеніміз көркем шығармалардың өзін-өзі оқыту. Алайда күні бүгінге дейін оқушылар арасында оқулықты бас құрал етумен шектелушілер аз емес.
Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында. Әсіресе, 5-8 сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі, қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі бадырайып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі, прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілірек тиеді. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол өзіндік қасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі, нәзік сезімі, ұшқыр ойы болуы керек қой. Ал ондай сергектік, нәзіктік барлық адамда бола бере ме екен?! Лирикалық шығармаларды құлақпен емес, жүрекпен, сезіммен қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қарай меңгерді, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл күйде болды, оны тексеру де мұғалімге оңайға соқпайтын мәселелер. Міне, сондықтан да лириканы оқытудың күрделілігі осында жатыр.
Лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда мына мәселеелерге көңіл бөлу керек:
а/ Лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден, тереңдете беру. Яғни сабақтың алғашқы кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың өздеріне тән негізгі қасиеттері туралы сөз ету. Мысалы, 5-сыныпта, алдында өздері оқып өткен ертегі, өлең, мысал, әңгімелермен салыстыра отырып, лириканың өзіндік ерекшеліктерін тұжырымдап, қарапайым, ұғынықты, қысқа ғана түсінік беру.
ә/ Өлеңді үйде алдын-ала оқып, танысуға беру. Ол үшін үлестірме-нұсқау ұсынуға болады.
б/ Мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, өзі талдамас бұрын, оқушылармен жұмыс жүргізуі керек. Яғни олардан өздеріне ұнаған шумақтар, әдемі, сұлу деген бейнелі сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор. Себебі, лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі-оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен әдеби мәтінді талдауға да дағдыландырады.
в/ Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.
г/ Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару.
д/ Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа өнер туындыларын, көрнекілікті, үйлесімді, тиімді пайдалану.
ж/ Тиімді көңіл оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау.
з/ Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдер пайдалану.
и/ Әр түрлі сабақ үлгілерін іздену (мысалы, концерт сабақ, пәнаралық сабақ, пәнаралық байланыста өтетін сабақтар, т.б.



жүктеу 233,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау