Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу – әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым
Жоғарыдағы (1) - теңдеу бинарлы бір - бір зарядты электролиттерге
қолданылады, егер электролит молекуласы күрделі болса, онда теңдеу массалар
әрекеттесу заңына байланысты күрделенеді.
Электролиттік диссоциация теориясының қолданылуы
1. Электролиттік диссоциация Вант-Гоффтың изотондық коэффициентінің
мағынасын ашады.
Мына теңдеу бойынша
, мысалы
С үшін і=1+1(2-1) = 2
Na
2
SО
4
үшін і=1+1(3-1)=3
а
3
Р0
4
үшін і=1+1(4-1)=4
Сөйтіп, і - шамасы диссоциация нәтижесінде бөлшектердің саны неше есе
өсетінін көрсетеді.
2. Аррениус теориясы бейтараптану реакциясының мағынасын түсіндіреді,
теория бойынша бейтараптану реакциясы тек су молекуласының (Н
2
О) түзілу
жылулығымен сипатталады, ол шамамен 57-58 кДж/моль.
Теория қышқылдарды, негіздерді, тұздарды классификациялауға мүмкіндік
берді, ерітінділердің буферлік қасиетін түсіндірді.
3. Аррениус теориясы тек әлсіз электролиттердің сұйылтылған ерітінділеріне
қолданылады.
4. Теория рН ұғымын енгізді, бұл ұғым ортаны қышқылдық, сілтілік және
бейтарап орта деп бөлуге мүмкіндік берді.
Аррениус теориясының кемшіліктері
Аррениустың электролиттік диссоциация теориясын мойындап, оны ары қарай
дамытқан Оствальд, Вант - Гофф т.б. болды.
Д.И. Менделеев бастатқан орыс химиктері теорияның кейбір қағидаларына
қарсы болды. Мысалы, Аррениус еріткіш пен еріген зат арасындағы ион- диполдық
әрекеттесуді ескермеді. Электролиттердің диссоциациялануына қажет болатын жылу
энергиясы қайдан алынатыны Аррениус теориясында түсіндірілмеді.
Аррениус теориясында ион - иондық әрекеттесу де (иондар арасындағы
тартылыс не тебіліс күштері) ескерілмейді. Д.И. Менделеев өз кезінде иондардың
болатынына қарсы болған (бұл, әрине, қате көзқарас еді), электролит молекуласы
ыдырамайды, керісінше, ол еріткіш молекуласымен әрекеттесіп қосылады деп
есептеген.
Жоғарыда айтылған екі кемшілігі үшін Аррениус теориясы көп сыналды.
Д.И. Менделеевтің идеясын Курнаков, Коновалов, Кистяковский бірден
жақтады, олар электролиттік диссоциацияны мойындап, диссоциацияның болу себебі
электролит молекуласының еріткішпен әрекеттесуі деп түсіндірді.
Мысалы, аС1+
Н
2
О
nH
2
О а++(
- )Н
2
ОС -
Су молекуласы иондарға өзінің полярлы жағымен бағытталады, бұл кезде
байқалатын гидраттану (жалпы айтқанда, сольваттану) құбылысының әсерінен жылу
бөлінеді, бөлінген жылу энергиясы электролит молекуласындағы байланысты үзіп
иондарға ыдыратады. Егер бұл жылу байланысты үзуге жеткіліксіз болса, онда
|