Лекция №1 Студенттің оқу-танымдық іс-әрекетің ұйымдастыру



жүктеу 0,6 Mb.
бет3/4
Дата02.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#10985
түріЛекция
1   2   3   4

Тақырып 5.ЭКОНОМИКЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.
МАЗМҰНЫ:

1.Экономикалық талдау түсінігі, пәні.

2.Экономикалық талдаудың мазмұны мен міндеттері

3.Шаруашылық субъект-микродеңгейдегі зерттеу объектісі ретінде


1.Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.

2.Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:

• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;

• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;

• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;

• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;

• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;

• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.

Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.

Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.

3.Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.

Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.

Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс

Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.

Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.

Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.


Бақылау сұрақтары:

Талдау ұғымын қалай түсінесіз?

Экономикалық талдаудың бүгінде кәсіпорындар экономикасында алатын орны?

Экономикалық талдау қандай принциптерге сүйенеді?


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003 
4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004 
6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003
Тақырып 6.Аудиторлық іс-әрекетінің мәні және ұйымдастыру негіздері
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

—     ҚР Конституциясы;

—     ҚР азаматтық кодексі;

—     ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;

—     ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;

—     ҚР қылмыстық кодексі;

—     «Салықтар   және   бюджетке   міндетті   басқа   төлемдер туралы» кодексі;

—     ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;

—     ҚР бюджет кодексі;

ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция» туралы; «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.

Жоғарыда аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралык стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.

Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. «Ескі» заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі. Сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырак айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.

Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нүсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет кайталанды.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалық конференциясы болып, оның корытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылар қабылданды:

1.   ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңын іс жүзіне асыру бойынша    аудиторлар    мен    аудиторлык    үйымдардың міндеттері туралы.

2.   Аудиторлардың Республикалық палатасын қалыптастыру туралы;

3.   «Аудиторларды     аттестациялау     жөніндегі     біліктілік комиссиясы туралы» ережені бекіту туралы.

4.   Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы.

5.   Аудиторлар      Республикалық     палатасының     тексеру комиссиясын сайлау туралы.

6.   Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы.

7.   Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының ревизиялық комиссиясын сайлау туралы.

Бүгінгі танда Қазақстанның көптеген аудиторлык ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар. Бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқа да кәсіби кызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай кызметтердің арасында айтарлықтай салмағы басымдары мыналар: каржылық шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банктердің төлем қабілеттілігін, кредиттік кабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кеңес берулер және т.б.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудиторды жүзеге асырудың кұкықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бүрса, онда халықаралык келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.



Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары

«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдык, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен каржыландырылады.

Аудиторлық үйымның күрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылык капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлык ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.

Аудиторлардың республикалық және территориялык палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен үсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті қүжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.

Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлык қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жүмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер кызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізшде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстан аудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бүл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.

1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара карым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау — аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралык аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.

ҚР «Аудиторлық қызметтер туралы» заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген үйымдық-құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде үғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.

Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:

—     шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;

—     біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;

—     акционерлік қоғамдар мен компаниялар;

—     шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар; жекедара аудит және кеңес беру.

Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.

Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тэжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың түрақты клиенттеріне белгілі халықаралык біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.

Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен («Үлкен бестіктен» басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларга кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық үйымдардың катарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО International» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмапардың аудиторлық ассоциациясынатолыққанды мүше боп кірді.

1963 жылы негізі қаланған «ВДО International» 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002 жылдың басында «Артур Андерсон» атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация «Үлкен бестіктің» құрамына кірді.

Үшінші тип — бүл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдыктау және басқа да салаларға кызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық кызмет көрсетеді.

Ұйымдастыру формасының төртінші типі — кұрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық үйымдардың осы тобына НАК «Центраудит — Казахстан», ЖШС «Ержановтар және К°», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жаткызуға болады.

Ұйымдастыру формасының бесінші типі — жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып түрган жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жүмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет қүны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

Аудиторлық үйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мынадай құқықтары бар:

—    аудиторлық   тексерулердің   формалары   мен   әдістерін қолданыстағы    нормативті-қүқықтық    актілер,    нормалар    мен стандарттар және тапсырыс берушілермен жасалатын  келісім-шарттың   талаптары   немесе   «алдын   ала   тергеу,    прокурор, тергеуші,   сот   органы»   мемлекеттік   органдарының   тапсырма мазмұны негізінде өз бетінше белгілеу;

—    бухгалтерлік кітаптарды, басқа да қаржылық шаруашылық қызметтерінің құжаттамаларын, мүліктің бар екендігін, ақша сомасын,   қүнды   қағаздарды  тексеру,   шаруашылық  жүргізуші субъект басшысынан бақылау жүргізуді, өнім сапасын анықтау, орындалған жұмыс өлшемдерін,  құжаттарды тексеруді жүзеге асыруға қатысты құжаттарды талап ету;

—    тапсырыс   берушіде   де,   үшінші   түлғада   да   болатын аудиторлық тексерулердің мазмұнына қатысты кажетті құжаттар мен ақпараттарды, сондай-ақ тапсырыс берушінін басшылығынан және қызметкерінен жазбаша немесе ауызша түрде түсініктеме алу;

—    аудиторлық тексерулерді бірігіп жүргізуге дербес жүмыс істейтін     немесе    аудиторлық    фирмаларда    қызмет    ететін аудиторларды,    сондай-ақ    тексерілетін    объектілерде    жұмыс істейтін,   басшымен   қызметте,   тікелей,   туыстық   қатысы   бар немесе ортақ қаржылық мүдделері бірге болатын тұлғалардан бөлек басқа мамандарды келісімшарт негізінде шакыру;

—    тексерілетін заңды түлға есепшоттарының жағдайы мен операциялары  туралы  қажетті  мәліметтерді  банктен алу және т.с.с.

Аудиторлар қаржылык есептемелердің және басқа қүжаттардың заң талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сактауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құкыктық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.

«Аудиторлық қызмет турапы» заңға сәйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін түлғаны аттестациядан өткізеді. Комиссия «аудитор» атағын тиісті куәлік пен нөмірлік мөр береді.

Бірде бір заңды немесе жеке тулға, егер ол белгіленген тәртіп бойынша тіркелмесе, аудиторлык қызметпен айналысуға құқық беретін біліктілік комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді немесе езіне аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере алмайды.

Аудиторлық кызметтің кадрларын калыптастыру — бұл біздің елімізде ұзақ уакытты алатын күрделі процесс. 2010 жылға дейін аудиторлық фирма қызметкерлерінің санын 15 мың адамға жеткізу көзделіп отыр. Сөйтсе де ұзақ мерзімге елімізде тәуелсіз бақылау органдары мен нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін шамамен 30 мың аудиторлық бейіндегі (профиль) мамандары қажет болады. Бұл мемлекетаралық іске кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың институты мен бухгалтер-аудитор, сарапшы, бағалаушы, маркетолог, менеджер және қаржылық есептік-талдамалы, кұқықтык, т.б. бойынша бақылаушылар мен кеңес беруші сияқты жоғары білікті мамандарды дайындап шығаратын бірқатар жоғары оқу орындары өз үлестерін қосуы керек.

.
Тақырып 7. Бухгалтерлік есеп бойынша курстық жұмыстар тақырыптарын таңдау принциптері, курстық жұмыстарды орындаудың негізгі ережелері. Курстық жұмысты дайындау және рәсімдеуің ұйымдастыру негіздері
Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын негізгі талаптар – оның дербестігі және шығармашылық сипаты. Оқулықтарды, мақалаларды механикалық түрде көшіріп жазуға жол берілмейді. Курстық жұмыстының мәтінінде зерттеген қайнар көздерден сөздерді қолдануға болады, бірақ оған сілтеме көрсетілуі керек.

Курстық жұмыстың құрлымы келесі бөліктерден тұруы керек:



  • алдыңғы бет (титульный лист);

  • жоспар;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • тапсырмаларды шешу;

  • қолданған әдебиерттердің тізімі.


Негізгі бөлімде таңдалынып алынған тақырып бойынша жоспарда көрсетілген сұрақтарды қарастырады. Ол толық және нақты болуы шарт. Студент өзінің курстық жұмысында әртүрлі авторлардың теориялық мәліметтерін алып, олар бойынша құқықтық танымдар, мысалдар келтіре отырып, қорытындылар шығаруы қажет. Қарастырылған әрбір жаңа тақырыпты жаңа беттен бастап сұрақтың аталуын толықтай жазуы керек. Әрбір сұрақта студенттің қысқаша қорытынды пікірі болуы шарт.

Қорытынды бөлімде қарастырылған барлық сұрақтар бойынша негізгі қорытынды мен жұмыс нәтижесін шығарылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде ең алдымен реттік негізі бойынша құқықтық нормативті актілер, содан кейін тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер жазылып, жұмыста оларға сілтемелер көрсетіледі.

Өрескел қателіктермен орындалған, сонымен қатар басқа да өрескел кемшіліктер жіберіліген жұмыстар бағаланбайды, бірақ қателіктерді жою үшін немесе қайтадан орындау үшін жұмыс студеттерге беріледі.



Курстық жұмыстың құрылымы.

«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:


Кіріспе

  • Теориялық бөлім.

  • Аналитикалық бөлім.

  • Қорытынды.
    Қолданылған әдебиеттер тізімі.


Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)
Жинақталған мәліметтерге негізделіп, студент берілгін үлгілік жоспарға сәйкес курстық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырады. 
Әдістемелік нұсқаулықтарда берілген мазмұн (жоспар) курстық жұмыстың объектісіне, берілген материалдарға және оқу жұмысында алынған тәжірибеге сәйкес толықтырылуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары) барлық құрылымдық элементтер тізімімен рәсімделеді: кіріспе, сұрақтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және мәтіндегі бастапқы беттерінің номері көрсетілген қосымшалар.
жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау